
fermentter.pptx
- Количество слайдов: 27
Медицинада кең қолданылатын фермент препараттары Тексерген: Қайырманова. Г. К Орынаған: Каримова. Л Байсейіт. Б МБТ-202
ЖОСПАР: КІРІСПЕ Ферменттерге жалпы сипаттама. НЕГІЗГІ БӨЛІМ Ферменттерді бөліп алу Ферменттерді медицинада қолданудың бағыттары Дәрілік препарат ретінде Қорытынды
Кіріспе Қазіргі кезеңде, басқа да ғылым салаларымен бірге қарқынды дамып келе жатқан өзінің зерттеулерінің қолданбалы нәтижелері және жетістіктері жердегі бүкіл тіршілік иелері үшін аса маңызды биохимия ілімінің бір бөлімі ферменттер болып табылады.
Ферменттерді медицинада пайдалану адам ағзасындағы әртүрлі патологиялық қалыптың (аурудың) пайда болу себептері мен дамуы механизмдерін (этиопатогенезді), (бұл — энзимодиагностика), емдеу жолдарының стратегиясы мен тактикасын құруды және емдеуді (бұл сол мақсатта ферменттерді дәрілік препарат ретінде пайдалану — энзимотерапия), емдеу барысының тиімділігін бақылау тәріздес аса ма ызды проблемаларды шешуге ң жоғары дәлдікпен көмектеседі. Сонымен бірге, аурудың диагностикасы үшін маңызды, қазіргі қоғамда дені сау ұрпақ жалғастыру үшін алдын-ала болжауға мүмкіндік беретін саланың бірі – энзимопатология – тұқымқуалаушы және жүре пайда болатын аурулардың себептері мен даму механизмдерін ай ын дап, адамны қоғамдық және жеке қ ң басындағы мәселелерді шешіп бере алады.
Соңғы кездері медицина, фармация салаларында жасанды иммобилденген ферменттер кең қолданылады. Ферменттерді әртүрлі матери алдар ға (полиакриламид, шыны, силастик, полистерол) бекітіп иммобилдеу (байланыстыру) арқылы ерімейтін жасанды катализатор жасағанда ферменттер активтілігін сақтап, сонымен бірге, олардың әсерінің ұзақ ты ғын, мықтылығын, тұрақтылығын арттырады. Бұл технология қазіргі кезде өндірісте, тұрмыста кең қолданылуда.
Фармакокинетикасы Панкреатикалық ферменттер – ұйқы безі ферменттері тапшылығының орнын толтыратын, ақуыз текті заттар. Асқазан-ішек жолында панкреатикалық ферменттердің елеулі түрде сіңуі байқалмайды. Әсер етуін жүзеге асыру үшін олардың сіңуі қажет етілмейді. Керісінше, толық емдік әсер асқазан-ішек кеңістігінде жүзеге асады. Олар ақуыз молекулалары болғандықтан, әрі қарай асқазан-ішек жолымен жылжуына қарай, әзір пептидтер немесе амин қышқылдары түрінде сіңбей тұрғанда, ферменттер протеолитикалық қорытылуға ұшырайды. Биожетімділігі Асқазан-ішек пассажы үдерісінде асқазан сөлінің әсеріне төзімді таблетка қабығы қышқылға сезімтал ферменттерді асқазан қышқылының әсерсізденуінен қорғайды немесе олардың бұзылуын азайтады. Аш ішекте бейтарап немесе әлсіз сілтілік ортаға жеткен соң қабық ерігеннен кейін ферменттер босап шығады. Көптеген ферменттер р. Н 5, 5 жоғары болғанда in vitro босап шығады. Ең жоғары ферменттік белсенділік препаратты ішу арқылы қабылдағаннан кейін 30 -45 минуттан соң білінеді. Панкреатин сіңбейді, бірақ нәжіспен бірге көбіне ыдыраған денатурацияланған шырындармен немесе бактериялармен бірге шығарылады.
Гидролазалар — ферменттер тобы. Гидролиз реакциясын яғни органикалық қосылыстардың үзілген жеріне су молекуласын (Н+ ОН) жалғау арқылы ыдырауын жеделдетеді. Гидролиз байланысының түріне қарай гидролазалар екіге бөлінеді: күрделі эфир байланысына және пептид байланысына әсер ететіндер. Табиғатта белоктарды (протеазалар), углеводтарды (гликозидазалар), майларды (липазалар) және нуклеин қышқылдарын (нуклеазалар) ыдырататын ферменттер көп тараған.
Ферменттердің компартменттігі келесі түрде беріледі: — жасушаның ядросының ферменттері: НАД-пирофосфорилаза, ДНКполимераза, РНК-полимераза, оротидилатпирофосфорилаза, ури динкиназа, 5'-нуклеотидаза, УДФ-глюкозопирофосфорилаза, гликолиз ферменттері, аминоқышқылдарды активтеуші ферменттер, аминоқыш ылдар трансферазасы, аденозиндезаминаза, қ лейцинаминопептидаза, уроканиназа. Барлығы 13 фермент. — ядро қабығының ферменттері: цитохромоксидаза, глутаматдегидрогеназа, НАД·Н-цитохром-с-редуктаза, арилсульфатаза А және Б, АТФ-аза (Mg 2+), ацетилэстераза, метилбутириназа. Барлығы 8 фермент. — митохондрия ферменттері: АТФ-аза (Mg 2+, Na+, K+, Ca 2+), сукцинатдегидрогеназа, цитохромоксидаза, βоксибутиратдегидрогеназа, α-глицерофосфатдегидрогеназа, ацил-Ко. Аβ-дегидрогеназа, НАД·Н-дегидрогеназа, май қышқылын тотықтырушы ферменттер, май қыш ылдарын синтездеуші ферменттер, Кребс қ циклінің 5 ферменті, миокиназа, моноаминоксидаза, αкетоглутаратдегидрогеназа, сукцинатцитохром–С-редуктаза, аспартатаминотрансфераза, орнитинкарбомоилтрансфераза, НАД·Нцитохром-В 5 -редуктаза, НАД·Н-оксидаза, пируватдегидрогеназа, пролиноксидаза, липоамиддегидрогеназа, кинуренингироксилаза, аденилаткиназа, нуклеозиддифосфокиназа. Барлығы 28 фермент.
ДНК-полимераза
— лизосома ферменттері: барлығы 35 фермент — катепсиндер, коллагеназалар, β-галактозидазалар, β-глюкоуронидазалар, гиалурони даза, лизоцим, нейраминидазалар, ДНК-аза ж әне РНК-аза, қышқылдық фосфатаза, фосфолипазалар, қышқылдық пирофосфотаза және қыш ылдық АТФ-аза. қ — пероксисома ферменттері: каталаза, пероксидаза, уратоксидаза, D-, L- аминоқышқылдарының оксидазалары. — эндоплазмалық ретикулум ферменттері: НАД·Н-цитохром-сре дуктаза, глюкозо-6 -фосфатаза, нуклеотидтеріні дифосфатазасы, ң сілті лік фосфатаза, 5'-нуклеотидаза. Барлы 20 фермент. ғы — гиалоплазма ферменттері: гликолиз ферменттері, аденозиндезаминаза, гексозодифосфатаза, лактатдегидрогеназа, изоцитратдегидрогеназа, глутатионредуктаза, аспартатаминотрансфераза, аланинамино трансфераза, глюкокиназа, глюконфосфорилаза, альдолаза, аконитаза. Барлығы 18 фермент.
Ферменттерді бөліп алу. Тіндерде ферменттер өте аз мөлшерде кездеседі. Ферменттерді бөліп алу үшін әртүрлі әдістерді қолданады. Көптеген ферменттерді адам мен жануарлардың асқорыту сөлдерінен алады (ол ферменттердің концентратты сулы ерттіндісі). Тіндерді суықта ыдырату (ұсақтау, кварц, құмдарымен үйкелеу, гомогендеу) арқылы экстракциялап (спирт, тұзды ерітінді және т. б. ) ферменттерді бөледі. Адсорбция (Данилевский) тәсілі, ионалмасу хроматографиясы, центрифугалау, электрофорез әдістерін кең қолданады.
Ферменттерді медицинада қолдану үш негізгі бағыттармен (энзимопатия, энзимодиагностика, энзимотерапия) айқындалады. Энзимопатия — деп ферменттердің мүлде болмауы немесе оның белсенділігінің күрт төмендеуінің нәтижесінде ағзадағы өтетін метаболиттік процесстің бұзылуынан болған ағзадағы патологиялық қалыпты айтады.
Энзимопатия туындау жолдарына байланысты екі үлкен топқа бөлінеді: 1. Тұқымқуалаушы энзимопатия, (бірінші ретті); 2. Жүре пайда болған, (екінші ретті). Себебіне қарай тұқымқуалаушы энзимопатияны үш топқа бөледі: а) ферменттердің біреуінің немесе бірнеше түрлері жетіспеушілігі; б) ферменттердің бір немесе бірнеше топтарының жетіспеушілігі; в) ферменттердің бір немес бірнешеуінің құрылысының өзгеруі нәтижесінде. Мысалы, лактаза жетіспеушілігі гемолиттік анемия, гемофилияға әкеледі.
Жүре пайда болған энзимопатия — бұл ағзадағы белгілі бір мү шені патологиялық процессінің нәтижесінде пайда болған ң фермент жетіспеушілігі болып табылады. Олар үш топқа бөлінеді: 1. Токсикалық энзимопатия (уланудың нәтижесінде); 2. Алиментарлық энзимопатия; 3. Нейро-гуморальды энзимопатия. Токсикалық энзимопатия себептеріне байланысты келесі топтарға бөлінеді: а) фермент активтілігінің төмендеуіне байланысты; б) белок биосинтезінің фермент әсерін спецификалық төмендетуіне байланысты; в) белок биосинтезінің фермент әсерінің бейспецификалық тө мен де туіне байланысты.
Алиментарлы — бұл белгілі бір уақытта берілетін тағамдық ра ционны құрамдық катынасының бұзылуынан пайда болады. ң Алиментарлы энзимопатия келесі себептерге тығыз байланысты: а) тағамдағы витаминдердің тапшылығына (авитаминоз); б) микроэлементтердің тапшылығына; в) тағамдағы белоктың тапшылығына (белоктық аштық). Нейрогуморальдық реттелудің бұзылуынан болатын энзимопатия не гізіненжасушадағы процесстердің өзгеруіне тікелей жүйке қызметі мен гор мональды қызметтің сәйкестігінің бұзылуы және кейбір қ гормон бөлуші тіндердің қызметінің бұзылуына тікелей байланысты болады.
Токсикалық энзимопатия экология әсерлерінен, кейбір дәрілік пре параттарды әсерлерінен туындайды. Бұл улы заттардың әсерінен ң фер ментті белоктық бөлігінің конформациясын өзгертуі арқылы ң жүретін процесс. Мысалы, антихолинэстеразалық әсер көрсететін ингибитор мен субстратқа ұқсас құрылысты диизопропилфторфосфатты жатқы зу болады. ға Сонымен бірге, кейбір антибиотиктер де (актиномицин Д, пуромицин, хлорамфеникол және т. б. ) белок синтезінің белгілі бір стадияларын тежейді. Афлотоксиндер де канцерогендік әсер беретін улы зат тар ға жатқызылады.
Энзимадиагностика – бұл қан плазмасы, несеп, сілекей ферменттерінің активтілігін кейбір аурулардың диагностикассын анықтау мақсатында зерттеледі. Мысалы, лактатдегидрогеназа. Оның қан плазмасындағы активтілігін анықтау жүрек, бауыр ауруларында маңызы зор. Қан плазмасында және несептегі аамилазаның активттілігі асқазан мен сілекей безінің қабынуында байқалады.
Энзимодиагностика тәсілдері екі түрлі аспектіге бөлінеді: 1. Зертханалық диагностикада ферменттерді аналитикалық реагент ретінде пайдалану. Бұл жолдар арқылы глюкозаны, этанолды, зәр қышқылын және т. б. анықтауға болады. Анықтау кезінде иммобилденген ферменттерді (ферменттер ерітілген күйде болады) мембранамен байланысқан ферменттерді пайдаланады. Олар биохимиялық автомат тарды құрам бөліктеріне жатады. ң 2. Биологиялық материалдардағы ферменттердің белсенділігін анықтау. Энзимодиагностиканың теориялық негізіне ферменттердің ағзадан тысқары болғанда активтілігін тежеуі, субстраттық талғамдылық пен әсер ету талғамдылықтарының тежелуі жатқызылады. Жасушалардың әр т рлі мүшелері, тіндері мен органеллалары ферменттік және ү изоферменттік спектрлерімен сипатталады. Сонымен бірге кейбір ауруларда фермент активтілігінің өзгерісінің патогенетикалық өзгеруі де байқалады.
Әртүрлі ауруларда фермент белсенділігінің өзгеруімен бірге, белгілі бір мүшеге жатпайтын ферменттің, зақымданған жасушалардан шығып, басқа тін мен мүшелерден табылуы байқалады. Қанның ферменттік спектрін зерттегенде келесі өзгерістер байқалған: 1) қанда қалыпты жағдайда тұрақты түрде кездесетін ферменттердің белсенділігінің тө мендеуі ж әне мөлшерінің көбеюі; 2) гистогематикалық кедергі өткіз гіштігі бұзылуы себебінен сау ағзаның қанында кездеспейтін фер ментті пайда болуы. Бауыр ауруларында қанда фруктозо-1 ң -фос фа тальдолазаны, глюкозо-6 -фосфатазаның, ң гистидазаның, уро ки на за ны ң концентрациясының жоғарлауы байқалады.
Энзимотерапия және коэнзимотерапия — ферменттерді, оның құрамдық бөліктерін белгілі бір ауруларға қарсы емдеу құралы ретінде қолданудың әдістері мен тәсілдері, механизмінің негізін қалайды. Қа зіргі кезе ңде көптеген ферменттер ауруға қарсы дәрілік препарат ретінде кең қолданылады. Мысалы, асқорытуды жақсарту үшін асқа зан сөлі құрамындағы пепсиннің мөлшерлерінің төмендеуінен болатын асқазан ауруларында, фестал, мезим препараттарын емдеу үшін қол данады. Ұйқы безінің жұмысының жетіс пеушілігінде оны ң протеолиттік ферменттері трипсин, химотрипсин ферменттері және ұйқы безінің құрғатылған сөлі панкреатин (липаза, амилаза, трипсин ферменттері қоспасы), химопсиндерді (химотрипсин, трипсин қоспасы) емдеуде қолданады. Трипсин жараның бетінен трофикалық жаралардан өлген тіндерден тазарту мақсатында және күйгенде емдеу үшін, қою секреттерді, экссудаттарды қан ұйымаларын сұйылту үшін және ісікке қарсы препарат ретінде қолданады. Мүйізді ірі қаралардың ұйқы безінен бөлінген коллагеназа, рибонуклеаза ферменттік препараттары да ісікке қарсы қолданылады. Буын ауруларын емдеуде гиалуронидазаны (лидаза немесе ринидаза, препараты түрін де), гиалуронқышқылының гидролизін үдететін, мүйізді ірі қараның ұрық безінен алынған ферментті қолданады.
Қан тамырларының тромбозын (бітелуін) емдеуде тромбаны ері ту ар қылы тромболиттік ферменттерді фибринолизин, тромболитин (трипсин мен гепарин комплексі) қолданылады. Дезоксирибонуклеаза (ДНҚ-аза) (мүйізді ірі қараның ұйқы безінен бөлінген) деполимерлендіруге және іріңді сұйылтуға қабілетті және көздің вирустық ауруларын, коньюнктивитті емдеуде вирустық нуклеин қышқылдарының ыдырауын тездету үшін қолданады.
Аспарагиназа лейкоздың (ақ қан қатерлі ісігі) кейбір формаларын емдеуге қолданады. Аспарагин лейкоздық жасушада синтезделмейтін діктен, оны қан сарысуынан алады. Сондықтан науқастың қанына аспарагиназаны қосқанда қан сарысуындағы аспарагин ыдырайды да лейкоз жасушасына қажетті аспарагин құрамды белок синтезделмейді, тоқталады, жасуша өледі.
Емдеу препараты ретінде кейбір коферменттер де кең қолданы луда. Мысалы, пирож үзім қышқылын және α-кетоқышқылдардың тотығып декарбоксилденуі процессіне қатысатын коферменттер кокарбоксилаза (тиаминпирофосфат) және липой қышқылы көмірсулар алмасуын жақсартумен бірге бірнеше ауруларда (атеросклероз, бауыр зақымдалулары, ацидозда, қан айналысы жетіспеушілігінде) айқын эффект көрсетеді. Қазіргі кезде витаминдер олардың коферменттік формалары да рибофлавин, рибофлавинмононуклеотид, никотинамид, кальций пантотенаты, пиридоксин, цианкобаламин препараттары түрінде ауруды емдеу үшін кең қолданылуда.
Основные ферменты сыворотки, используемые в медицине для диагностических целей Заболевание Фермент Аминотрансферазы: Аспартатаминотрансфераза Аланинаминотрансфераза Инфаркт миокарда Вирусный гепатит Амилаза Острый панкреатит Церулоплазмин Гепатолентикулярная дегенерация (болезнь Вилсона) Креатинфосфокиназа Заболевание мышц и инфаркт миокарда Гамма-глутамилтранспептидаза Различные заболевания печени Лактатдегидрогеназа Инфаркт миокарда Липаза Острый панкреатит Кислая фосфатаза Метастазирующая карцинома предстательной железы Щелочная фосфатаза Различные заболевания костей, закупорка протоков печени
Қорытынды Қазіргі кунде аурудың түрін анықтау үшін ферменттер, яғни энзимодиагностикалық әдістер кең пайдаланылады. Кейбір аурулар пайда болғанда белгілі ферменттің активтілігі немесе мөлшері өзгеруі мумкін. Сондықтан белгілі ферменттің активтілігін анықтау арқылы аурудың түрін, табиғатын анықтауға болады. мысалы, инфаркт миокарда болғанда қан сары суында аспартатаминотрансфераза деген ферменттің мөлшері көбейеді. Ферменттердің активтігінің өзгеруінің диагностикалық мағынасы өте жоғары және аурудың жазылуын бақылауға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер: www. google. ru З. С. Сеитов. Биохимия. Алматы 2007 У. Сайпіл. , С. М. Плешкова, С. А. Абитаева. Ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер. Алматы 2001
Назарларыңызға рахмет!!!
fermentter.pptx