Мадинаева Ару 302Б.pptx
- Количество слайдов: 29
МЕББМ ҚАЗАҚСТАН - РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ НУО КАЗАХСТАНСКОРОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ СӨЖ Тақырыбы: Крупозды пневмония. Балалардағы ерекшеліктері Орындаған: Мадинаева Ару Тобы: 302“Б” Факультет: жалпы медицина Кафедра: Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы Тексерген: Абдраимова Э. Т. Алматы 2014 ж.
I. Крупозды пневмония II. Этиологиясы III. Патогенезі IV. Патологиялық анатомиясы V. Асқынулар VI. Зерттеу тәсілдері VII. Балалардағы ерекшеліктері, емделуі VIII. Құжаттық бөлім, науқастың даму тарихы мен ауру тарихы IX. Кеудені қарап тексеру X. Қорытынды XI. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Крупозды пневмония-пневмококтар пневмония қоздыратын өкпенің бір немесе бірнеше бөліктерінің және плевраның жедел фибринді қабынумен сипатталатын патология. Крупозды пневмонияны лобарлы немесе плевропневмония деп атайтыныда сондықтан.
Крупозды пневмонияны негізінен пневмококтардың 1, 2, 3 және 7 типтері қоздырады, ал өте сирек жағдайларда Фридлендердің диплобациласы, Афанасьев -Пфейфер бацилласы, стафилококтар да өкпеде жоғарыда айтылған өзгерістерді туғызады. Обада дамитын пневмония да лобарлы түр алатынын айта кету керек, бірақ ол жердегі қабынуда экссудатта фибрин болмайды.
Крупозды пневмонияның дамуында организм реактивтігінің маңызы зор. Әдетте бұл пневмония бұдан бұрын сау адамдарда өте тез басталып аз ғана уақыт ішінде өкпенің біраз бөлігіне таралады. Крупозды пневмония жедел инфекциялық-аллергиялық ауру түрінде өтеді. Өкпе қан тамырларының морфологиялық өзгерістері, фибринді экссудат организмнің пневмококтарға сезімталдығының өте жоғары екендігін көрсетеді. Ал салқындау, жарақаттану пневмококтарға сезімталдығы жоғары организм үшін крупозды пневмония дамуындағы шешуші фактор болады.
Крупозды пневмония Лаэннек дәуірінен бері 4 кезеңнен өтеді деп есептеліп келген. Оларға: 1)қан көп келу; 2)қызыл бауырлану; 3)сұр бауырлану; 4)шешілу кезеңдері кіреді. Бірінші кезеңде крупозды пневмония кішкентай серозды қабыну ошағы түрінде басталады да, кейін қабыну үрдісі суға түскен май тамшысындай тез таралады. Өкпе қан тамырлары қанмен толып, эритроциттер альвеолаға шыға бастайды, өкпе қызарып үлкейеді.
Екінші кезеңде эритроциттердің қан тамырынан шығуы (диапедезі) өте күшейіп, олар альвеолаларды толтыра бастайды. Аз мөлшерде лейкоциттер және фибрин жіпшелері көрінеді. Өкпе үлкейіп бауыр қаттылығының дәрежесіне жетеді, кесіп қарағанда қып-қызыл болады. Сол үшін бұл кезеңге өкпенің қызыл бауырлануы деген ат берілген.
Үшінші кезеңде нейтрофилді лейкоциттердің диапедезі (альвеолаға өтуі) күшейіп, пневмококтар жойыла бастайды. Өкпе капиллярларының өткізгіштігінің жоғарлауына байланысты лейкоциттер мен эритроциттердің арасында фибрин жіпшелері пайда болады. Эритроциттер гемолизге ұшырап, ыдырай бастайды. Альвеола экссудатқа толып, оның көлемі қалыпты жағдайға қарағанда 3 -4 есе үлкейеді. Өкпенің көлемі ауа жұтқандағыдай (демді ішке тартқандағыдай) дәрежеге жетеді. Қаттылығы бауырдай, кесіп қарағанда сұр түсті, кесіндінің беті түйіршікті көрінеді. Сондықтан бұл кезеңді өкпенің сұр бауырлануы деп атайды. Плевра күңгірт және оның бетінде фибринді қабық пайда болады.
9 -11 күндерде тура келеді. Бұл кезеңде лейкоциттердің әсерінде фибрин сұйылып ери бастайды. Лейкоциттердің өздері де ыдырап, көпшілігі майлы дистрофия күйінде көрінеді. Экссудат лимфа жолдарымен және бронхтар арқылы шығарылып өкпе тазара бастайды. Өкпенің қаттылығы және түсі көкбауырға ұқсап қалады (спленизация). Крупозды пневмония барлық уақыттарда өкпенің бір немесе бірнеше бөлігін алып жатпайды, көбінесе ол бір өкпенің 2 -3 сегментін қамтиды, кейде екі өкпедегі пневмония ошақтарының даму кезеңдері бір-біріне сәйкес келмейді.
Крупозды пневмонияның өкпелік және өкпеден тыс асқыну түрлерін ажыратады. Өкпелік асқынулар осы жердегі фибринге бай экссудаттың толық сорылып (жойылып) кетпеуіне байланысты. Экссудат қалдықтарында қан тамырлары көп жас дәнекер тін өсіп (организация), сол жерде ет тәрізді тін түзеді. Бұл құбылыс карнификация (латынша carno-ет) деп аталады. Қабыну ошағында лейкоциттер белсенділігі күшейгенде шекараланған іріңді ошақтар -абсцестер пайда болады. Абсцестің плевраға бұзып өтуі плевра қуысының қабынуына (іріңді плеврит), өкпе эмпиемасына немесе пиопневмотораксқа соқтырады.
Лабораториялық: қанның ортақ анализы – лейкоциттер санының көбеюі, эритроциттің шөгуінің жылдамдығы т. б. Қанның биохимиялық анализы: реактивті белок С-нің, фибриногеннің, глобулиндердің көтерілуі. Қақырықтың (қоздырғыштың түрі бойынша) бактериологиялық және бактериоскопиялық анализы. Зәрдің ортақ анализы: протеин, эритроциттер, цилиндрлар. Иммунологиялық анализы: иммуноглобулин G жоғарылап, иммуноглобулин А төмендеуі. Антибиотикограмма: қоздырғыштың антибиотикке сезімталдығы. Аспаптық зерттеу әдістері: кеуде аумағына жасалған ренгенография, ашық шекараларының қаранғылануы байқалады. ЭКГ – пішіні тығыздалған, үшбұрышқа ұқсас. Спирографияда – жүректің серпінінің өзгерісі, өкпенің өмірлік сыйымдылығының төмендеуі көрінеді.
Балалардағы крупозды пневмонияны көбінесе пневмококтар шақырады, сирек кезде – диплобацилла және басқада сырттан келетін қоздырғыштар. Нәрестелерде крупозды пневмония қаралмайды, ара тұра 2 -3 жас аралығындағы балаларда болады, бірақ ең типті пішіні көбіне 5 -15 жас аралығындағы балаларда байқалады. Бұл аурулардың пайда болуына қатты суық ауа және физикалық немесе психикалық жаралар қатысады. Крупозды пневмония үшін өкпенің фиброзды қабынуы немесе 2 -3 сегменттер арасындағы бөлшектердің қабынуы тән. Балалардағы крупозды пневмонияның емделу шаралары тек стационарда өтеді. Ол тек қана дәрігерлік бақылауды және қазіргі заманғы терапиялық емдеуді қолданады. Крупозды пневмонияның асқынуы балалардың өліміне әкеп соқтыруы мүмкін.
Ауырған балаларда крупозды пневмонияның белгілері іс жүзінде бірінші күннен бастайды. Ауру белгілері алдымен шұғыл дене қызуынан (Цельсий шкаласы бойынша 41 С дейін және одан жоғары), қалтыраумен, қатты токсикозбен, кей кезде құсу белгілерімен, сандырақтармен қоса беріледі. Өкпелік белгілерге жөтел рефлексі және тыныстың жетіспеушілігі, ентігуде кіреді, кейде емделу барысын қиындатады. Жас балаларда эквивалентті продромальды кезеңде қатты әлсіздік пен қайталама құсық болады. Крупозды пневмония белгілері ішекті инфекция белгілеріне немесе соқырішек белгісіне ұқсас. Кей балдарда құсық кезінде желке бұлшық еттер кернеулігі бірігіп, қатты сіңір тартылулар болады. Баланың тыныс алуы ылғалданып күшті жөтел басталады. Кейініректе кейбір өкпе бөліктерінің дем алу кезінде бірбірінен қалып отырады, беттің бір жақты бөлігінің қызарғаны байқалады. Аурудың бірінші күндерінде дауыс дірілінің күшеюі, бронхты дыбыстың өткізгіштігі, кейінірек бронхиалды дыбыс пайда болады.
Жөтел басында болмайды. Бірақ біраз уақыт өткеннен соң құрғақ жөтел басталады, кейін ол қақырық түсуімен жалғасады (түсі қоңыр). Кеуде аумағын ұрғылау кезінде – сол тұста қатты немесе баяулаған демді байқауға болады. Балаларда өкпе қабынуының крупозды формасының зақымдалу процессі өкпенің барлық бөлігін қамтиды. Сол диффузиялық күркілдің болған болмағандығын ауа тамырлық ағашта түсіндіреміз. Аурудың үшінші тәулігінде терең дем алу кезінде пышырлау (аяқтардың астындағы күркілдек қардың дыбысы)естіледі, бірақ алдыңғы және кейінгі демнің естілуі қиындайды. Арада кейде зағымданған өкпелік аймақта ұсақ көпіршікті немесе күркілдер естілуі мүмкін. Аурудың асқынуы кезінде оларда құрғақ жөтел пайда болады. Пышырлау жоқ болған кезде, онда плевраның бір-біріне қажалған (үйкелген) дыбысын естиміз.
Крупозды пневмонияның клиникалық көрінісі кезінде мынаны байқауға болады, яғни ондағы алғашқы формасын және үлкен крупозды пневмонияларды. Сонымен крупозды пневмонияның клиникалық көрінісін аурудың кезеңдеріне қарап бөлеміз. Алғашқы кезде фиброзды экссудат пен ұрғылау кезінде альвеоладағы демнің қалпына келуі төмендейді, бір қалыпты дем алу қалыпына келеді, аттамалы бронхиалды дем жоғалады және тағы пышырлау басталады. Экссудатты сіңіру процессінде бронхиалды дем қаттыға өзгеріп, кейін везикулярлыға, ұрғылау кезінде дыбысты сарынның қысқартылып бітеді, дауыс дірілі мен ауатамырлық дыбыс күшейеді. Кейде сол зонада қабыну процессі кезінде өкпе сыбағасында сығырлақ, ұсақ көпіршікті күркілдер естіледі. Сол кезде берік тахикардия қаралады, жергілікті тамыр соғысы минутына 120 -140 рет, әлсіз толады.
Қанның анализында лейкоцитоз, қанның формуласының солға жылжуы қаралады. Нейрофильдерде улы түйіршіктің пайда болуы. Эритроциттің шөгу жылдамдығы 20 -40 мм дейін күшейеді. Зәрді зерттеу кезінде аурудың тәуліктік көлемі азаяды, оның үлесті салмағы және толысуы, кейін аз мөлшердегі ақуыз. Апта өткен соң, аурудың алдындағы шипалы емнен кейін дененің температурасы төмендейді, бұл тек жаймен өтеді, кейін сауығу басталады. Осы кезде науқастың тез сауығуы және өкпелік қабыну ошағының кішіреюі. Жөтел ылғалды болады, ентігу кетеді, қақырықтың жабысқақтығы азайып, оңай ажыратылады. Дем шығару қалыпты болады. Өкпеніесту кезінде күркілдек құрғақ күрілдерді естиміз, нәтижесінде қақырық сұйылады.
Рентгенологиялық зерттеуде өкпелік қабыну ошағының кескінде күшеюі, үлкеюі байқалады. Өкпенің түбірінің кеңеюі, ал екінші күні ауруда – қабыну ошағында немесе сегменттерінде бірыңғай қараңғылануы болады. Рентгенологиялық қараңғылануда бірыңғай емес дақтар кеңейеді. Жай үрдіс бір ғана өкпеде болады, алайда 5 -10 пайызы екі жақты қабынуға әкелуі мүмкін. Көбіне қабыну ошағы өкпенің төменгі бөлігінде байқалады.
Балалардағы крупозды пневмонияның қазіргі ерекшеліктері: интоксикациялық, тыныс жеткіліксіздігі, бір немесе бірнеше сегменттердің қабынуы кездеседі, ыстық көтерілу кезеңі төмендейді. Екінші аптасында антибактериалды пневмония басталғаннан кейін температура төмендеуі мүмкін немесе солай субфебрильді болып қалады. Пнемония 6 ай өткен соң немесе 1 жылдан кейінде сақталады.
Баладағы крупозды пневмонияны емдеуді нақты диагноз қойған соң, жаймен емдеуді бастау керек. Терапияны кең спектрлі антибактериалды тәсілінің мақсатынан бастайды. Кейінірек антибиотикке сезімталдығын анықтау үшін қақырықты анализ алады. Оған спецификалық антибактериалды ем қабылдайды. Бірінші күндерде аурудың алдын алуға адекваттық симптоматикалық терапия керек. Әрекет етуге тиіс шаралар: дене қызуының түсуі, тыныс жетіспеушілігінің алдын алу. Айрыұша ауыр жағдайдағы балаға жасанды тыныс алу аппаратын береді. Крупозды пневмониямен ауыратын балдарды емдеуде специализацияланған стационардың шараларымен емделеді. Үй жағдайында науқас баланы толықтай емдеу мүмкін емес.
Аты-жөні: Жасы: Жарқынбаева Жамал 5 Туған күні, айы, жылы: 13. 07. 2009 ж. Тұрақты мекен-жайы: Қазақстан, Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, үй 25 Дәрілерге аллергиясы: жоқ Диагноз: Крупозды пневмония
Шұғыл дене қызумен, қалтыраумен, құсумен, сандырақтаумен. Өкпелік: жөтел рефлексі, тыныс жетіспеушілігі, ентігу
Баланың жалпы жағдайы ауыр болып келді. Анасының айтуы бойынша алғашында баладан қатты әлсіздікті байқаған, кейін құсқан, дене қызуы көтерілген, өте келе жөтел пайда болып ентіге бастаған.
Науқас Жарқынбаева Жамал, Алматы қаласында 13 шілдеде 2009 жылы дүниеге келген. Отбасында тұңғыш бала. Баланың иммунитеті төмен және балада гиповитаминоз. Тұқым қуалайтын сырқаты жоқ. Егулерді уақытылы қабылдаған. Әкесі 25 жаста, анасы 23 жаста. Ата-анасының жағдайлары жақсы. Тұрмыс жағдайы орташа. Инфекциялық науқастармен байланысы болмаған.
Науқас әлсіз, есі дұрыс, тұрған жағдайы орташа. Дене температурасы жоғары. Бойы – 107 см, салмағы- 17, 6 кг. Бет әлпетінің қызаруы байқалады. Құжат бойынша жасы өз түр әлпетіне сәйкес келеді. Тері қабаты таза. Тері ылғалдылығы да өзгермеген, түктенуі қалыпты. Терінің майлы қабаты қанағаттанарлық. Лимфа түйіндері үлкеймеген, толықтылығы орташа, ауру сезімі бар. Қалқанша безі үлкеймеген, жұмсақ. Бұлшық еттері жақсы жетілген, бұлшық еттінің пальпациясында ауру сезімі байқалмайды. Артериалды қысымы – 110 -70 мм с. б, пульс – 90 рет соғады. Дене температурасы – 41 С. Дене бітімі нормастеникалық.
Пальпацияда: Дауыс дірілінің айқын күшеюі Перкуссияда: Өкпелік дыбыстың қысқарып тұйықталуы Аускультацияда: Альвеолаға ауа кіріп -шығу кезінде әлсіреген везикулярлық тыныс пен сықырлар естіледі.
Осы алған мәліметтерге сүйене отырып науқаста крупозды пневмония диагнозын анықтадық. Науқасқа осы аурудың белгілеріне сай күтім шараларын қолдандым.
1. 2. 3. 4. 5. Қаражанова Л. К. Ішкі аурулар семиотикасы негіздері, Семей. 2007 ж. Б. С. Калимұрзина Ішкі аурулар І, ІІ том Таточенко В. К. , Антибактериальная терапия пневмоний у детей. Фарматика, № 11, 2002 г Иммунопрофилактика-2007(справочник – 8 -у издание, дополненное) под ред. В. К. Таточенко, Н. А. Озерского. Москва: ИПК Контент-пресс, 2007, 95 Легкие. Энцеклопедический словарь Брокгауза и Ефрона: В 86 томах (82 т. И 4 доп. ). – 1890 -1907
Мадинаева Ару 302Б.pptx