неке шарты.pptx
- Количество слайдов: 13
МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ НЕКЕ ШАРТЫ МЕН ҚҰРСАҚ АНА ШАРТЫ Орындаған: Байболов А. Топ: 104 -Б Факультет: ЖМ Қабылдаған: Алпысбаева К. Алматы 2015 ж.
Жоспар: 1. Неке шарты 2. Құрсақ ана шарты Пайдаланылған әдебиеттер
1992 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Неке және Отбасы туралы» Заңында неке жасы еркектер мен әйелдер үшін 18 жас деп белгіленді. Дегенмен, неке жасын төмендетуге де болады, ол үшін некеге тұруға ниет білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын азайтуға қажетті тиісті құжаттармен расталған себептерді көрсете отырып, неке жасын азайту туралы арыз береді. Жалпы, неке жасын азайтуға тек некеге тұрушылардың, сондай-ақ неке жасына толмаған адамдардың ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың келісімімен рұқсат етіледі. Неке шарты тек еркін түрде ғана жасалынады. 14 -18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар атаанасының, қамқоршысының рұқсатымен мәміле жасай алады. Заңдарда шарт жасасудың бірнеше шарттары бар. Егер ол үйлену тойына дейін жасалса, некені тіркеу күні өз күшіне енеді. Неке шарты тек жазбаша түрде және міндетті түрде нотариалды куәландырылады. Неке шартын жасасу кезінде тараптар ретінде некеге тұрушылар және сонымен қатар ерлі-зайыптылар тұра алады. Бұл тұлғалардың әрекет қабілеттілігі бар болуы тиіс (18 жастан бастап). Көптеген мемлекеттерде неке жасы біркелкі 12 -21 жасқа дейін болып келеді. Мысалы, Испанияда 12 — әйелге, 14 – ерге; Швецияда, Швейцарияда 18 — әйелге, 20 – ерге; АҚШ-та 14 -18 — әйелге, 15 -21 – еркекке. Біздің мемлекетімізде кәмелетке толу мен толық әрекет қабілеттілігіне жеткен тұлғаның жасы неке жасы болып табылады. Мысалы, Францияда неке жасы 15 — әйелге, 18 – ерге, ал кәмелеттік жас – 21. Франция азаматтары кәмелетке толғанға дейін некеге тұрғысы келсе, некеге тұруға рұқсат етілген қағазын көрсетуге міндетті, ондай қағаз болмаса, неке тіркелмейді.
Некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органына келе алмайтын ерекше жағдайларда, неке мұндай адамның тұратын жері бойынша қиылуы мүмкін. Неке қию кезінде өкіл жіберуге болмайды. Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органдарына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай өткенге дейін неке қиюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге рұқсат етуі мүмкін. Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктілік, бала тууы, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) неке өтініш берілген күні қиылуы мүмкін. Неке қиюды азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Азаматтық хал актілерін жазу органдарының некені тіркеуден бас тартуына некеге тұруға тілек білдіруші адамдар не олардың біреуі сотқа шағым жасай алады. Неке шарты ол мәміле болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, «Азаматтық құқықтары мен міндеттерін өзгертуге не тоқтатуға бағытталған азаматтардың және заңды тұлғалардың іс -әрекеті мәміле болып табылады. »
1998 жылдың 17 желтоқсанында «Неке және отбасы туралы» заң Ко. БС Қазақ ССР заңын алмастырды. Онда толығымен бір бөлім ерлізайыптылардың мүліктік шарттық режиміне арналған. Осында бірінші рет неке шартына анықтама берген: «Неке шарты деп – некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім» . Осы анықтамадан кейін, неке шарты – ол неке қиюға дейін немесе некені құру кезінде жасалынады. Қазақстан Республикасындағы неке шарты некені мемлекеттік тіркеуге дейін және неке уақытында жасай алады. Некені мемлекеттік тіркеуге дейінгі жасалған неке шарты некені мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күшіне енеді. Жасалған неке шарты ұзақ уақыт немесе мүлдем өз күшіне енбейді. Бірақ бұндай шарт некеге тұрғанға дейін өмір сүре береді. Бірақ осындай жағдайдағы неке бірнеше жылдан кейін жасаса, оларға жиырма жыл бұрынғы неке шарты заңды күшіне ие болады. Жалғандықтың арқасында жасалған неке шарты (алдаушылық, зорлық, алдын-ала қорқыту және т. б. ) жәбірленуші ерлі-зайыптылардың біреуінің арызы арқылы жарамсыз деп танылуы мүмкін. Неке шартын жасауда ерлі-зайыптылардың екеуі де сыртқы әсерден еркін болуы керек. Ерлі-зайыптылардың бірінің екіншісіне (некеге тұрушының бірін) немесе үшінші тұлғалардың (мысалы, ата-анасының) әсерінен жасалған неке шарты Заңның қатаң сақталмағандығын көрсетеді.
Ерлі-зайыптылар неке шартына өз қол таңбаларын қоюы керек. Нотариуста оны куәландыру ерлі-зайыптылардың өздерінің жеке бастарының келуімен куәландырылады. Неке шартын белгілі бір өкіл арқылы куәландыруға жол берілмейді. Нотариустың міндеті болып: 1. неке шартының мағынасын түсіндіру; 2. неке шартының мәнін ашу; 3. неке шартын жасаудағы заңды салдарының әсерін; 4. ерлі зайыптылардың заңдық ескертпеушіліктеріне байланысты кері салдардың қолданылмауын қадағалайды. Нотариус шартты куәландыруда оның заңға сәйкес екендігін тексереді. Неке шартын кез келген нотариалды конторда жасауға болады. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік салық туралы» Заңына сәйкес мәмілені нотариалды куәландырғаны үшін есептік көрсеткіштің 10 % құрайды. Неке шарты жасалғаннан кейін, ондағы ерлі-зайыптылардың ортақ мүліктерін пайдалану туралы келісімде айтылғандай: ерлі-зайыптылардың неке кезінде пайдаланған заттарына екеуі де бірдей құқылы болады. Әр түрлі факторларға қарамастан (әр ерлі-зайыптылардың үйдегі билік етуі т. б. ) ерлізайыптылар неке бұзылған кезінде олар өзінің жасасқан шарты бойынша тек мүлікке ғана таласуға құқылы. Ерлі-зайыптылардың мүлкінің заңды режимі неке шартын жасасу кезінде ерлі-зайыптылардың бір-бірімен ортақтай келісуі болып табылады. Егер неке шарты болмаса, онда ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары заңды түрде әрбір заңды нормативтік актілерінің нормаларымен реттелінеді.
Неке шартында көзделген құқықтар мен міндеттерді белгілі бір жағдайлардың туындауына немесе туындамауына қарай қойылуы мүмкін. Сәйкесінше неке шартында көзделген мүліктік құқықтар мен міндеттердің пайда болуы әртүрлі, соның ішінде жеке мүліктік емес әртүрлі мінездегі белгілі бір жағдайлардың туындауы немесе туындамауына қарай қойылуы мүмкін. Неке шарты кідірушілік немесе өзгертушілік шарттар негізінде құрастырылады. Егер екі тараптың құқықтары мен міндеттерінің пайда болуын туындататын немесе туындамайтын жағдайларға байланысты тәуелді етсе, онда шарт кідірушілік негізде жасалған деп есептеледі. Мысалы, ерлізайыптылардың неке шартында тұңғышы ер бала болған жағдайда неке өмірінің алғашқы жылдары бойына автокөлікті жүргізу құқығы әйеліне тиесілі болады деп көрсетілген. Егер екі тараптың міндеттері мен құқықтарының тоқталуының туындауы немесе туындамауы белгісіз жағдайларға байланысты тәуелді етіп қойса, шарт өзгертушілік негізде жасалған деп есептелінеді. Мысалы, ерлі-зайыптылардың неке шартында некені бұзушылық мотиві ерлі-зайыптылардың бірінің лайықсыз қылықтары болып табылса, онда неке өмірі барысында жинаған мүлікті бөлу үлестік емес бөлшектелген тәртіп түрінде жүзеге асады, және кінәлі жұбайға екіншісіне қарағанда аз үлес тиеді деп белгіленген.
Некеге тұрушы тұлғалар немесе некедегі ерлі-зайыптылар некені бұзу жағдайында неке шартында бір-бірінің құқығы мен міндеттерін реттеуге құқылы. Ерлі-зайыптылардың арасында пайда болған көп түрлі тұрғын үй мәселелері арасындағы ең өзектісі – тұрғылықты кеңістікті пайдалану мен онда тұруды тоқтатумен байланысты жайттар болып отыр. Неке шартынң объектісі – мүлікпен байланысты және мүлік бойынша пайда болатын ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері болып табылады. Ерлі-зайыптылардың мүлкі – неке өмірі барысында жинаған немесе әрқайсысының бөлек меншігінде тұратын мүлік. Ерлі-зайыптылардың жеке меншігі мен бірлескен мүлкін ажырату заңда бекітілген. Ерлізайыптылардың бөлектенген меншігі деп оның неке құрғанға дейінгі мүлкі және некеден кейінгі жинаған қорға алынған мүліік есептеледі. Бұдан басқа бұл қатарға ерлі-зайыптылардың сыйға алынған мүлкі, мұра және тағы басқалары сияқты ақысыз берілген мүлік түрлерін жатқызуға болады. Ал неке шартына келетін болсақ, көпшілік жағдайда ерлі-зайыптылар некеге өз мүліктік қатынастарының қай нұсқаға тәуелді болатындығын таңдауда еркін болады. Олар неке көмегімен жұбайылық мүліктік режимге белгілі бір елдің заңымен бекітілген, заңға қайшы келмейтін кез келген өзгерістерді енгізе алады.
Құрсақ ана (суррогат ана) болу құрсақ ана (суррогат ана) мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойынша, сыйақы төлеп не онсыз бала көтерудi және уақытынан бұрын босану жағдайларын қоса алғанда, бала тууды бiлдiредi. Құрсақ ана (суррогат ана) болғысы келетiн әйел шарт жасасуға дейiн құрсақ ана (суррогат ана) болу әдiсiн қолдануға шешiм қабылдаған тұлғаларға өзiнiң дене, психикалық және ұрпақты болу денсаулығы, сондай-ақ медициналықгенетикалық тексеру нәтижелерi туралы толық ақпаратты беруге мiндеттi. Құрсақ ананың (суррогат ананың) медициналық, соның iшiнде медициналықгенетикалық тексеруден өтуiне байланысты материалдық шығыстарды онымен шарт жасасатын тұлғалар көтередi. Балалы болғысы келетiн тұлғалар мен эмбрионды имплантациялау әдiсiн қолдануға өз келiсiмiн берген әйел арасындағы келiсiм құрсақ ана (суррогат ана) болу шарты болып табылады. Құрсақ ана (суррогат ана) болу шартында: 1) балалы болғысы келетiн тұлғалардың және құрсақ ана (суррогат ана) болуға тiлек білдiрген әйелдiң деректерi; 2) құрсақ ананы (суррогат ананы) бағып-күтуге арналған материалдық шығыстарды төлеудiң тәртібi мен шарттары; 3)тараптардың құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлігі; 4) құрсақ ана (суррогат ана) өзi туған баланы өзiмен шарт жасасқан тұлғаларға беруден бас тартқан жағдайда оған қатысты, сондай-ақ осы тұлғалар баланы алудан бас тартқан жағдайда оларға қатысты шарттар мен шаралар; 5) тараптардың келiсiмi бойынша айқындалатын өзге де шарттар қамтылуға тиiс. Құрсақ ана (суррогат ана) болу шарты жазбаша нысанда жасалады және нотариаттық куәландыруға жатады, құрсақ ана (суррогат ана) болу туралы шарт құрсақ ана (cуppoгат ана) жүктілік режимiн әдейi бұзған жағдайда бұзылуы мүмкiн.
Құрсақ ана (суррогат ана): 1) жүктіліктiң ерте мерзiмiнде (он екi аптаға дейiн) медициналық есепке тұруға; 2) үнемi дәрiгердiң байқауында болуға және оның ұсынымдарын қатаң орындауға; 3) өз денсаулығының жай-күйiн үнемi қадағалауға; 4) өзiмен шарт жасасқан тұлғаларды жүктiлiктiң өтуi туралы хабардар етуге мiндеттi. Құрсақ ананың (суррогат ананың) өзi туған баланы өзiмен шарт жасасқан тұлғаларға беруден бас тартуға, сол сияқты баланы өзге тұлғаларға беруге құқығы жоқ. Құрсақ ана (суррогат ана) болу әдiсiн қолдануға шешiм қабылдаған тұлғалар оның қолданылуына, сондай-ақ құрсақ ананың (суррогат ананың) жүктiлiк, босану кезеңiнде және босанғаннан кейiн елу алты күн (асқынған босану немесе екi және одан көп бала туу жағдайында - күнтiзбелiк жетпiс күн) iшiнде сауығуына байланысты материалдық шығыстарды көтередi. Құрсақ анамен (суррогат анамен) шарт жасасқан тұлғалар баладан бас тартқан жағдайда өздерi құрсақ ананы (суррогат ананы) медициналық тексеруге, ұрпақты болудың қосалқы технологияларын қолдануға, сауықтыруға жұмсаған материалдық шығыстарды, өзге де шығындарды, сондай-ақ сыйақы болған жағдайда, оның сомасын құрсақ анадан (суррогат анадан) талап етуге құқығы жоқ.
Құрсақ анамен (cуppoгат анамен) шарт жасасқан тұлғалар баладан бас тартқан кезде және құрсақ ана (суррогат ана) баланы қабылдаған кезде бұл тұлғалар құрсақ анаға (суррогат анаға) шартта белгiленетiн мөлшерде және тәртiппен өтемақы төлеуге мiндеттi. Құрсақ анамен (суррогат анамен) шарт жасасқан тұлғалар баладан бас тартқан жағдайда аналық құқық құрсақ анада (суррогат анада) қалады. Құрсақ ана (суррогат ана) баланы оның ата-анасына бергеннен кейiн бұл балаға деген барлық құқықтарынан айырылады.
Пайдаланылған әдебиеттер 1. Азаматтық кодекс 2. Неке туралы заң 3. Құқық негіздері. Қ. И. Оспанов 2008 ж. 4. Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10 -сыныбына арналған окулық/А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. 5. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл.
неке шарты.pptx