Лекция 1 ВОП каз 2016-17.pptx
- Количество слайдов: 29
МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ № 2 ХИРУРГИЯЛЫҚ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫ БОЛЕЗНЕЙ № 2 НУО КАЗАХСТАНСКОРОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ КАФЕДРА ХИРУРГИЧЕСКИХ ЖҰА хирургиялық ауруларға көрсетілетін көмектердің ерекшеліктері Профессор ҚРМУ Қ. Ғ. Сапарова
Денсаулық сақтау жүйесінде негізгі максат - тұрғындардың денсаулығын нығайту, сақтау, қайтақалыптастыру. ЖҰД - амбулатория - емхана профильінде дәрігерлердің күнделікті жұмыстарының негізгі бір бөлігі хирургиялық көмек.
Хирургиялық көмектердің негізіне жатады: региондағы қолайсыз жағдайлардың адам денсаулығына, жұмысына, тұрмыстарына зиян келтіретін ерекшеліктерін зерттеп білу; региондағы тұрғындардың денсаулығына қатер тудыратын жағдайлардың сараптамасы арқасында медициналық бақылау және алдыналу жұмыстарының маңыздылығын анықтау; региондағы травматизм мен аурулардың жүйелі зерттеулерінің сараптамаларының анализі, олардың себептері, еңбек ету қабілеттіліктерінің жоғалуларының себептерін ашу.
ЖҰЕ дәрігерінің тұрғындарға хирургиялық көмек көрсетуі келесілерден тұрады: тұрғындарға хирургиялық көмектерді көрсету және оны ұйымдастыру; күндізгі стационарда және емхананың орталықтарында хирургиялық профильдегі науқастарды емдеу, амбулаторлық хирургиялық көмек көрсету; науқастарға жанұяда емдеуді ұйымдастыру; науқастарды тиісті хирургиялық стационар және басқа да емдеу орындарынан консультативтік көмек алуды, орналастыруды ұйымдастыру;
хирургиялық ауруларды, травма не оперативтік ем алған науқастарды дәрігерлік қадағалау; тұрғындардың денсаулығына медициналық бақылау, дәрігерлік-еңбекке жарамдылық экспертизалар мен диспансерлік бақылауды ұйымдастыру; регионда хирургиялық аурулар мен травматизмді төмендетудің амалдары мен оны жоғалтыудың жолдарына арналған жұмыстар жүргізу.
Емханада хирургиялық көмек көрсету үшін: таза операцияға таза байлам бөлмесі; іріңді операцияға арналған іріңді науқастарға тиісті байлам кеңсесі; жедел хирургиялық және терапевтік көмек көрсетуге арналған процедура кеңсесі; стоматология кеңсесі; офтальмологқа және отоларингологқа арналған кеңселер. терапевтік көмек, хирургиялық көмек, травмасы бар науқастарғада жедел дәрігерлік көмек көрсету.
ЖПД ХК науқастарды топтарға бөліп жүргізеді: жедел көмек қажет ететін науқастар; қосымша көмек, емханада, ауруханада тексеріп диагнозын анықтау керектері; емханада емін арықарай жалғастыратындар; күндізгі стационарда немесе амбулаторлық хирургия орталықтарында емделушілер; стационарда немесе мамандандырылған орталықтарда емделетіндер.
Емханадағы хирургиялық көмек келесілерден тұрады: беткейлі флегмоналар мен абсцестерді тесу-ашу; терісіндегі тігістерді алу және байламдарды ауыстыру; аса үлкен емес жараларға қарсы көрсеткіштері болмаса тігістер салу; жедел гистологиялық тексеріс қажет болмағанда жұмсақ тіндерде беткей орналсқан ісіктерді алып тастау.
ЖТД ЖҰЕ - орындалуы тиіс: сыртқы қанағуды толық немесе уақытша тоқтату; сынықтарды иммобилдеу және ауырсыздандыру; трахеостомя, интубация, тілді тігіп бекіту көмегімен асфиксиядан құтқару; ашық пневмоторакста герметикалық байлам салу; қысылған пневмоторакста, гемоторакста пункция, плевра қуысына дренаж жасау (қанның реинфузиясы);
жүрекке тікелей емес массаж жасау; көздің конъюнктивасындағы бөгде затты алу; қан тамыр ішілік трансфузиялық және емдік сұйықтықтарды жіберуді; тері-бұлшық етте орналасқан кіші көлемді жараларға ХБЗ; көрсеткіштеріне байланысты тері және т/а жараларына тігіс салуды; асептикалық байламдар салуды; танаудан қанағуда тампонада жасау.
Күндізгі стационарда келесі тексерістер мен емдеу, госпиталдық режимде дәрігермен тұрақты 10 тәулік бойы бақыланады. Бұлар: тері, теріасты, тырнақ және буын күбірткелері; теріастындағы тор қабатының флегмоналары мен абсцестері; қажалған, беткей орналасқан инфецирленген жаралар;
фурункулдер (бет фурункулдері мен танауда орналаспағандағы); стрептодермия мен пиодермиялардың локальді түрінде; 10 %-ке дейінгі I-II сат. күйіктер мен үсіктерді. Күндізгі стационарға орналастыруды талап ететін бірақ транспорттауға келмейтін, тек оның жағдайын түзеп барып қауіпсіз эвакуациялау.
Науқастарды үйінде емдеудің көлемі /ЖТД/ төменде көрсетілгендерден аспауы тиіс: жедел хирургиялық аурулар мен құрсақ қуысының ағзаларының жарақаттарының симптомдарын білу және оны диагностикалау; т/пункция, мүмкін болса – венесекция арқылы тамшылатып т/іне тездетіп емдік дәрмектермен, трансфузиондық заттар жіберу; сынған тұсқа және ұрық без бауына (Лори Эпштейн) новокаинді инфильтрациялы анестезиясы және н. футлярлық тосқауылдар жасау;
қысқа уақытқа беткейлік эфир наркозын беруді; жұмсақ тіндерге (беттен басқа) ХБЗ жасау; транспорттық иммобилизацияны; тампонадамен, жарада үзілген тамырды байлау, қанап тұрған тамырға қысқыш не жгут салу арқылы сыртқы қанағысты тоқтату; қолындағы медицина құжаттары бар қызметкерлер дәрігерлік құпияны сақтаулары қиын болғандықтан, аса ауыр, қийындық тары бар науқастардың жайын өте жоғары дәрежелі не емдеуші, меңгерушінің тек өздері туыстарына баяндаулары тиіс. Орташа деңгейдегі қызметкерлер мұндай информацияларды берулеріне тыйым салынады.
қуыққа катетер қою және капиллярлық пункция жасау; клапанды пневмоторакста плевра қуысына пункция жасап, дренаж қою; кеуде қуысына кіреген жарада окклюзиондық байлам салу; жасанды тыныс берудің әр түрін жасау; жүрекке тікелей емес массаж жасау;
Трахеостомия салу; I сатыдағы 10%- шекті күйіктерде, үсінуде, электротравмада емханада 1 ДК беріледі; тері, тырнақасты, тырнақ айналасындағы күбірткілерде, беткейлі абсцестерде, кіре өскен тырнақтарға, қатерсіз аз көлемді ісіктерге (атерома, липома ж т. б. ) операция жасау; емханада (сырылған, теріасты гематомалар), соғылулар және сүйектің асқынбаған жарақтарын байлам аппараттарымен емдеу.
Науқастарды стационарға не басқа емханада емдеуге аттандыру эвакуациясы жедел не байау көрсеткіштерімен атқарылады. ЖТД міндетті: науқатың алғашқы диагнозын және оның госпитализацияға қажет ететінін анықтай білу; транспорттауға болатынын және оны қауіпсіз жеткізудің амалдарын ұйымдастыру;
транспорт түрін, науқасты эвакуаиялауда қалай жатқызуды, жолда онымен бірге баратын мед. қызметкерін анықтауды; басқа мед-лық мекемеге жіберілетін науқатың құжаттарын дұрыс жазып, емханаға не стационарлық емге жіберуді анықтау; медициналық квалификациялы қызметкердің қажеттігін оны тасымалдау кезінде қаншалықты керектігін анықтау.
хирургиялық стационарға жедел госпитализация жасауды талап ететін науқастар мен жарақаттанғандар келесі симптомдары барында: ішкі және сыртқы қанағуларда; магистральды қантамырлардың немесе нервтік баған мен тарамыстардың жедел жарақаттарында; ағза қуысына ене жаралануда; сынықтардың барлық түрлерінде; бас ми жарақаттарының шайқалуы мен соғылураында; шоктарда; омыртқаның жарақаттануында;
пневмоторакс, гемоторакстың бәрінде; зәр, ұрық жолдарының ағзаларының жаралануында; құрсақ қуысы ағзалары мен ішпердесі артының қуысы жараланғанда, тіпті солай-ау деген күдік болғанның өзінде (іштің жедел синдромында); панарицидің беткейлі не терең түрлерінде асқыну бар болса;
терең абсцестер мен флегмоналар, карбункулдардың кезкелген түрінде, беттегі фурункулда; жедел остеомиелиттер мен артриттерде; ағзаның қайсысында болмасын бөгде зат болса; қатерлі ісік қай ағзада орналассада; дисфагиянің барылық түрлерінде; гематурия, пиурия, жедел орхит, эпидидимит, простатиттерде; III-IV сатылы күйіктер мен үсулерде.
Хирургиялық емхана орталықтарында. Аса тығыз орналасқан тұрғындары бар жерде яғни ауданда (200 -400 мың тұрғыны бар) ЖҰЕ базасында стационарлық емдеу – профилак тикалық мекемелерінде емхана хирургиясы территориальдық принциппен, хирургиялық науқастарға ем емханалық квалифицирлі хирургиялық көмек кең көлемде көрсетіледі.
Осы орталықта басқа да ЖҰЕ-ның хирургиялық бөлімдерімен территориальдық активті түрде хирургиялық ауруларды табу, операцияға көрсеткіштерін және көлемін оның консервативті емін, оларды реабилитациялауды анықтайды.
геморроидэктомия; сүт безінің верифицирленген қатерсіз ісіктерінде; фимозда операция; эпителальды торсылдақтар мен қүймышақ тұсындағы жыланкөзде; Дюпютрен контрактурсы мен табанның бірінші бармағындағы қисаюда ортопедиялық операция; бұлшық ет аралық флегмоналар мен инъекциядан соңғы абсцестерде кесіп-ашу; күбіртілердің асқынбаған түрлерінде (сүйек, тарамыс, сүйек-буын, пандактилитте және т. б. ) операциялар жасау.
Операциядан соң науқас күндіз емдеу палатасына ауыстырылып, онда (операция көлемі мен жағдайына байланысты) 1 ден 6 сағатқа шекті бақыланылады. Орталықта тағы жүргізіледі: ЖҰЕ-ның хирургиялық орталықтарында прогрессивті патогенетикалық және экономикалық негізде хирургиялық аурулардың диагностикасы және емдеудің әдістері талданып енгізіледі;
емханалық жағдайда аса мұқиатты әдіспен анестезиологиялық көмек көрсетледі; емханалық аудандық мекемеде эксперттік және консультативтік көмек көрсетледі; аудандық медицина қызметкерлердің квалификациясын жоғарлату.
Диспансерлік тексеру барысында табылған ауруларды (жарықтар, жаңа түзілістер және т. б. ) операцияға дайындау, операциядан кейінгі науқастарды диспансерлік бақылауға алу, хирургиялық жұмыстың негізісі болып табылады. ЖҰЕ ЖТД эксперттік жұмысқа хирург ретінде алына алады. Бұл жұмыс тек басқарушылық білімнен де басқа да құжат тарды және клиникалық дайындықты талап етеді.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет
Лекция 1 ВОП каз 2016-17.pptx