jas otbasi.pptx
- Количество слайдов: 19
Мазмұны Кіріспе I. ЖАС ОТБАСЫ ДАҒДАРЫСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ II. Жас отбасы дағдарысы феномен ретінде III. Тұлғаның дағдарыс кезіндегі ерекшелігі IV. Отбасы терапиясы тұлға дағдарысын алдын-алу жолдары II. ЖАС ОТБАСЫНДА ТҰЛҒА ДАҒДАРЫСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДІ ЗЕРТТЕУДЕН ӨТКІЗУ I. Жас отбасында тұлға дағдарысының қалыптасуын анықтау II. Жас отбасында тұлға дағдарысының алдын-алу жолдары III. Зерттеу нәтижесін жинақтау ҚОРЫТЫНДЫ ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Отбасы - жеке тұлға қалыптасуына, қоғамды рухани жағынан жасайтын және дамуына арнайы әсер ете алатын, басты фактор болып саналады. Отбасы табиғи топ, өмір сүру циклында біртіндеп өзара әрекет таптауырындары құралады. Таптаурын отбасы түрлерін, құрылымын, оның мүшелерінің қызметін, мінез-құлқын анықтап, басты міндет жекелігін (дене, рухани, физиологиялық, психологиялық ) сақтай отырып, бүтіндік деңгейге жататынын түсіндіру қалыптасады. Осыдан психологиялық жүйе «қоғам-отбасы-тұлға» қалыптасады. Отбасы күрделі әлеуметтік білім, нақты жүйеде ерлі-зайыптылар қатынасы, ата-ана мен бала қатынасы, шағын топ ретінде неке және туыстық қатынас деп, жалпы тұрмыстық және өзара адамгершілік деңгейде жауапкершілік алады.
Н. И. Олифирович. , Т. А. Зинкевич. Куземкина. , Т. Ф. Велента пікірлерінше дағдарыс процесі «кризис» грек сөзінің аудармасы «шешім» , «бұрылу нүктесі» өткір қиналу, күрделі ауыспалы кезең, жүйеде тепе-теңдік жағдайдың бұзылуы, деген мағынаны береді. «Дағдарыс» - өмірде кездесетін себепті және шұғыл күрделі жағдайға байланысты жеке адамдағы бедел өзгерісі. Г. Перри тұжырымдамасында «дағдарыс» сөзін төтенше жағдайларда стресс тудыру немесе қажетті уақытта маңызды шешімді шығару мезгілі-, деп анықтайды. Оның пікірінше дағдарыс құрамына жататындар: қобалжу, бастан кетпейтін ой, қашу, депрессия ( кейін кету) ашу, кінә және ұялу. В. С. Коволев теориясы барысында «дағдарысты» күшті белгісіне қарай үш топқа бөлді: когнитивті әсер, эмоционалды әсер және жалпы мінезқұлық әсері. Бұл әсерлердің пайда болуы , адамда жалпы бейімделу синдромына жеткені немесе күштің кері кету деңгейінде тұруы деп қарастырды
Дағдарыс процесі - «адамның өмірлік нақты мақсатын жүзеге асыруда кездесетін кедергілерді, күнделікті қарапайым құралмен шеше алмауы» дей отырып, оған табиғи бірқатар процестің өзгеруі немесе соққылардың кездесуімен ұғындырылады Жас отбасы дағдарысы – отбасы жүйелі қызметінде, ескі мінез-құлықты қолдануынан және жаңа жағдайға икемделе, оны меңгере алмауынан туындайды. Отбасы дағдарысын шамамен екі сызыққа бөле қарастырса болады. 1. Жас отбасы құрылымының бұзылуы; өмір сүруде қауіптілігі оның мазмұны мен қатынасының бұзылуы. 2. Жас отбасы қызметінде жаңа кезеңге өтуге мүмкіндігінің қарастырылуы. Отбасы - адамның эмоциясы, уайымы, көз-қарасы және қатынаспен байланысты емес, ол- феномен. Жас отбасы феноменінің бір жолы оның құрылымын, тарихи уақыт талабына сай өзгеруін және бір отбасының өмірлік циклын логикалық түсіндірілуі. И. А. Сапарова (1998) пікірінше отбасы феноменінде құрылымдық екі өрісте ерлізайыптылар қатынасы және ата –ана мен бала қатынасы деп қарастырады Жас отбасы дамуына әсер ету, әлеуметтік жағдайдың өзгеруі немесе отбасы бір мүшесінің өзгеруі, ол ішкі қатынастарды өзгеріске әкеледі. Отбасы дағдарысын екіге бөліп, қалыпты және қалыптан тыс деп қарастырылады. Жас отбасында «қалыпты дағдарыс» түсінігі, «жас отбасының өмірлік циклы» терминімен байланысты. Оны алғаш 1948 жылы «отбасы өмірі» туралы конференцияда, Ц. П Коваленко және Т. А. Донских пікірінше «Жас отбасындағы өзара қимыл динамикасы» баяндамасында қолданылды.
А. Г. Шмелев. дағдарыстың төрт кезеңін жүйеледі: 1. Мәселеге байланысты алғашқы қысымның өсуі, шешім шығару жағдайында оның ынталандырылмауы 3. Қысым күшейе отырып, ішкі және сыртқы жаңару көздерін, білімді талап етуі. 2. Алдағы уақытта қысымның өсуі, одан жағдайдың нәтижесіз көрінуі 4. Мәселе деңгейінде жеке тұлғада даму жүйесінің бұзылуықобалжудың көтерілуіне, депрессияның айқындалуына, көмек пен үміт сезімі, алдағы кезеңде қолданылған әрекеттер пайдасыз болуына әкеліп соғады.
Отбасының қалыпты дағдарысы Ерлі-зайыпты міндетін алуы Ата-ана ролін алуы, жаңа адамның қосылуы (бала) Бала есейіп отбасынан бөлек кетеді Әлеуметтік құрылымға баланы енгізу Жеткіншек жас кезеңін қабылдау Екінші тұру некеге
Отандық психологиядан танымал Ю. Е. Алешина тұжырымдамасы бойынша жас отбасының өмірлік циклына қалыпты дағдарыс топтамасы бес кезеңге бөледі: 1. Жас отбасының құрылуы: некеге тұрғаннан, алғашқы сәби дүниеге келгенге дейін кезең; 2. Баланың туылуы мен тәрбиеленуі : бір бала болсын, еңбек әрекетіне араласқанға дейінгі кезең. 3. Жас отбасында тәрбие беру қызметінің қомқорлығынан барлық балалардың кетуі. аяқталуы: ата-ана 4. Ата –ана және баланың біреуінің жеке отбасын құрмай бірге тұруы. 5. Ерлі-зайыптылардың жеке немесе отбасын құрған балаларымен бірге тұруы.
Қазіргі таңда жастар-махаббат әлеміне сапар шеге отырып, шыдамсыздықпен ізденуде. Махаббатта бір заңдылық бар ма? Некеге бару жолдары қалай өтеді? Махаббат тағдыры жанұялық өмірде қандай деген сұрақтар оларды жиі мазалайды. Махаббат – некелік – жанұялық өмір факторы. Махаббат – адамды сезіммен түсіну, қорғау, қайғыру және сенім мен құрметке ие болу, екінші бір адамға бақыт слау болып табылады. Толыққан махаббат бірлескен түсінушілікті қажет етпейді. Өз махаббаттын өзгеге силай отырып, орнына еш нәрсе алмауы да, қажет етпеуі де мүмкін. Қазақтың кеменгері ұлы ақын А. Құнанбаев Махаббат - әуелі адамның адамдығы, ғылым деген нәрселермен байланысы дей келе «махаббат деген тілсіз тіл көзбен көрде іштен біл» -деп екі адам арасындағы тұнық сезім, құпиялық жанұя арқылы бақытқа баянды болған бөленіп. Махаббат түрлерін таза махаббат, ғажап махаббат, кейінгі кезде мазақ махаббат деген ой қарайтындылары қарастырады. Махаббат «Ескірмеген махаббат» , есі кірмеген махаббат жаңа, ескі, баянды-баянсыз, бұл өмір факторларынан алынуда.
Жас отбасы өмірлік цикл дағдарысы және кезеңдері Жас отбасы дамуының міндеттері. Күту кезеңі 1. Ұқсастықты қалыптастыру. 2. Ата –анамен біріге отырып, қаржы және эмоционалды жетістік жағынан тәуелсіздікке жету. 3. Жас адамның өзіне сай беделге ие болуы. 4. Серіктесіне деген қамқорлық пен күтімді дамытуды дағдыландыру. 1 -дағдарыс. Өзіне ерлі– Ерлі –зайыптылардың бір –біріне, отбасылық өмірге бейімделуі : зайыпты деген міндеті 1. Жас отбасында қарым-қатынаста туған-туыстар және жора –жолдаспен алуы ішкі шекараны белгілеу. 2. Жас отбасы және жеке қажеттілік арасындағы қақтығысты шеше білу. 3. Жақындық және алшақтыққа тепе-теңдікті қоя білу. 4. Жыныстық үйлесімді таба білу (жыныстық бейімделу). 5. Жеке мүлікке ие болу, яғни тұрғын үй мәселесін шешу. Жас отбасы 2 -дағдарыс. ЕрліЖас отбасының жаңа міндеттерді шешуде қайта құрылуы: зайыптының балалы 1. Нәрестеге күтім жасау. болуы, жаңа ата-ана ролін 2. Жас отбасына баланың келуіне байланысты, құрылымын қайта қарау. меңгеруі. 3. Балаға ұзақ мерзімде қамқорлық жасауға бейімделу. 4. Ата-ана баланың жетілуіне қолдау мен қамқорлық көрсету беделіне байланысты. 5. Жас отбасы және жеке бас даму мақсаттарын бөле білуге келісу.
Жас отбасында мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың болуы. 3 -дағдарыс. Балаларды сыртқы әлеумет тік құрылымға енгізу (б/бақша, мектеп) Жас отбасының жаңа міндеттерді шешуде қайта құрылуы: 1. Жас отбасында баланың бала-бақша мен мектепке баруына байланысты ролдерді қайта қарап бөлу. 2. Күнделікті туындайтын мәселеге қатыса білу (оқу пәндері, тәртібі, т. б) 3. Баланың сабаққа дайындығына көмек көрсетуді бөлісе білу. Жас отбасында жеткіншек жасындағы баланың болуы. 4 - дағдарыс. Жас отбасының жаңа міндеттерді шешуде қайта құрылуы: Жеткіншек жаста баланың 1. Ата –ана мен бала арасындағы бақылауды қайта бөлу. тәуелсіздік алуға деген 2. Ата-ана мінез-құлқы мен ролдер типінің өзгеруі. зерттеуін қабылдай білу. 3. Жеткіншекті үйден кетуге, дербес өмірге даярлау. Есейген балалардың ата-ана үйінен бөлек кету фазасы. 5 -дағдарыс. Жас отбасының жаңа міндеттерді шешуде қайта құрылуы: Есейген бала ата-анадан 1. Жас отбасынан бөлек оңашалануы. бөлек кетуі 2. Үйден сыпайы кету. 3. Оқу орнына түсу немесе әскери қызметке кетуі. Жас отбасында ата-ана негізгі қызметін толық орындаған ( «бос қалған ұя» ) 6 -дағдарыс. Ерлі-зайыпты Жас отбасының жаңа міндеттерді шешуде қайта құрылуы: бөлек жеке бірге қалады. 1. Ерлі-зайыптылар өзара қатынасын қайта қарауы. 2. Міндеттер мен ролдерді қайта бөлуі. 3. Зейнеткерлікке шыққанға бейімделу. Серіктесінің бірінің жалғыз қалуы( бірі қайтыс боллуы). 7 -дағдарыс. Жас отбасын қайта ұйымдастыру: Ерлі-зайыпты бірінің 1. Жалғыздыққа, серіктесінің жоқтығына бейімделу. қайтыс болуы фактысын 2. Жас тбасында жаңа байланыстар іздестіру. мойындауы 3. Жас отбасы мүшелері мен әлеуметтік ортадан көмек күтіп қабылдайды.
Кеңес дәуірінің классик әдебиетшісі С. Л Рубинштейн тұжырымдамасында « Бақытты отбасылардың бәрі бірдей, бақытсыз отбасылардың бақытсыздығы әртүрлі» деп, қарастырылған. Осыған қарамай отбасы дағдарысы қалыпты түрден өмірде кездесетін қалыптан тыс көрсеткіштерге ауысады. Атап айтар болсақ: Жас отбасылық қалыптан тыс дағдарыс –отбасы өмірлік циклының кезкелген кезеңінде кездесетін дағдарыс, ол өмірдегі жағымсыз жағдайды қобалжу дағдарыс ретінде Дж. Хейли үш факторды жас отбасы шығатын дағдарысты бөліп қарастырды: сыртқы қиындық ( жеке тұрғын үй, жұмыстың болмауы ); күтпеген жағдай, стресстер (жас отбасы немесе бір мүшесі жол апаты , зорлау т. б. ); ішкі жас отбасы жағдайын тепе-теңдікте бағалай және жеңе алмауы қақтығысты немесе стрестік сапалардың қарастырылуы (күрделі ауру, өлім, ерлізайыптылардың опасыздығы, ажырасуы) Ерлі-зайыптылар арасындағы сатқындық( Витакер К. , Бамберри В. , . 1997) өз алдына қызметі төмендегідей: некені бұзуға және ерлі –зайыптылар қатынасының бітуіне әкелетін тәсіл; неке серіктесінің назарын, бір қажеттілігі бойынша қанағаттанбай жатқанына жолдауы; ерлі-зайыпты қатынасын сақтап қалу үшін, жетпей жатқан жерін сырттай қанағаттандыру құралы ретінде; өзінің бүтін емес сезінуін толықтыру, бағалауын жоғарылату мақсатында жүзеге асырады; жас отбасы сценарында ойнауы.
Жас отбасының ажырауына обьективті және субьективті себебтер әсер ететін анық, оның басты себебі ретінде қарым-қатынасқа түсу мен қақтығыс кезінде бір-бірімен түсіністікке келуге шешім қабылдамайтыны негіз болып табылады. Ажырасу кезінде көрінетін мінез-құлық стратегиясы: агрессиялық; манипулативті; мойындау; Ажырасу жағдайы түрлі жағдайларда әлеуметтік стереотив әсер етіп, дағдарыстың жоғарылауына әкелуі мүмкін. Әлеуметтік байланыстардың үзілуі мен жас отбасы қатынасы күрделеніп, адамда жалғыздық сезімі депрессия мен жұмысқа деген қабілеті төмендеп, психосоматикалық ауруларға әкелуі мүмкін. Ажырасу –ол дағдарыс барлық жас отбасы жүйесіне әсер етеді. Балалардың ажырасуға реакциясы жас ерекшелігіне байланысты. Онда келесі факторлар ажырасу санының көбеюіне әкеледі: • Әйелде әлеуметтік тепе-теңдіктің өсуі мен экономикалық дербестігінің бекуінен болады. • Ажырасуға көз-қарастың өзгеруінен. • Топтық, діни және ұлттық нанымдардан құтылу деңгейінде. • Өмір сүруді ұзарту мақсатында. • Ата-ананың жар таңдауға әсер етінің төмендеуі. • Некеге тұрғанда тепе-теңдік мотивациясының болмауы. (біреуінде немесе екеуінде де).
Біздің зерттеуіміз кешенді түрде отбасы дағдарысын анықтауда төрт деңгейде жекелік (20), микрожүйедегі отбасы(22), қарастырылды. Жас отбасылық мәселерді анықтауда қалыпты тестік әдістемелерді, жедел диагностикалар алынды. Сұрақнама «Жас отбасына бейімделу мен топтасу шкаласы» (FACES-3) Сұрақнама авторы А. Л. Пушкарев, В. А. Доморацкий, Е. Г. Гордеева. Бұл әдісті 1986 жылы М. Перре қолдануға бейімдеген, ал Ресейде Н. Ф. Михайлова қолданысқа енгізген. Сұрақнамада жас отбасы мінез-құлқын үш негізгі шамада: топтасуы, бейімделуі және коммуникациясы жинастыра дөңгелек моделі» деңгейінде қарастырылды.
Жас отбасылық социограмма» телімелі тесті Мақсаты : Жағдайды « қазір осы жерде» бірер минутта анықтауға болатын жедел диагностика. Субьекті отбасы коммуникациясына қалай түседі, тұлғааралық қатынастағы хал-ақуалы, оны тура және жанама түрінде анықтауға, мүмкіндік береді. Бұл әдіс түрі, суретті телімелі әдіске жатады Әдістеменің өтілуі: Зерттелушіге жауап беру ісқағазы берілді, онда шеңбер сызылған диаметрі 110 мм тұрады. Нұсқауды түсіндіру. Қағазда бірнеше шеңбер сызылған. Сол шеңберге алдымен өзіңді « Мен» және отбасы мүшелерін дөңгелекпенбелгілеңіз. Әр дөңгелекке аттарын жазып қойыңыз. Жас отбасы мүшелері бір-бірімен кеңеспей жеке дара толтыруды өтіну. Бірінші белгі бойынша бағалау: отбасы мүшелерін қатар қойып шынайы өмірмен салыстыру. Жас отбасы мүшелерінің бірімен қақтығыста жүрсе ол шеңберге кірмей қалады немесе бір жануарға теңей салады. Екінші белгі бойынша дөңгелектің көлеміне назар саламыз, егер үлкен шеңбер жаққа салынса ол адамның өзіндік бағалауы жоғары, ал дәл ортасына өзін немесе жақын адамын салса дарашыл тұлға бағытында. Ал төмен жағына салынса, өзіндік бағалауы төмен. Үшінші белгіде дөңгелектердің орналасу тәртібіне көңіл бөлеміз. Кім –кіммен жақын, маңызды орында деген сұрақтарға жауап аламыз. Төртінші белгіде бірінің үстіне салып, жаза берсе, отбасында дұрыс қатынастың болмауы туралы немесе өзара шекара жоқтығынан хабар береді. Жас отбасындағы өзара қатынас мұқият назар салып талдауды қажет етеді
«Жас отбасында эмоционалды қатынасты анықтау» . Әдістеме авторы – В. Бендер және И. Гнайст. Әдістеме отбасындағы баланың эмоционалды қатынасы мен көз-қарасын анықтауға арналады. Тест арқылы отбасы мүшелеріне деген баланың сезімін, қатынаста өзін қалай қабылдауын сандық және сапалық жағынан бағалауға мүмкіндік алады. Баланың қандай психологиялық қорғану типін қолданып жүргенін анықтауға болады. Әдістеменің екі түрі бар: 1) 4 - 6 (8) жас кіші балалары үшін. 2) 6 - (8) 10 жас және жеткіншек тер үшін. Кішкентай балалар үшін қатынас келесі мазмұнды береді: -баладағы жақсы сезім өзгеден алынатын жағымды сезім ретінде. . - балада жағымсыз сезімнің пайда болуы, өзгеден шығатын күйзелісті қайталау түрінде. -өзгеге тәуелді. Үлкен балаларға арналған варианты, қарым- қатынасты зерттеуге арналады: -Екі түрлі жағымды қатынастан тұрады : әлсіз және күшті ; әлсіз сезім достықты мақұлдау және қабылдаумен байланысады , ал күшті сезім жыныстық күйзелістен, ол жекелік жыныстық байланыс және айла –амалдан тұрады; -Екі түрлі жағымсыз қатынас; әлсіз және күшті: әлсіздігі достықты қабылдамау мен мақұлда маудан тұрады; күштілігі кектену мен қастасудан тұрады. Ол 20 фигурадан тұрады. барлық жастағы адамдардың түрін, мөлшерін, көлемін бейнелейді, себебі отбасы мүшелерін арнайы жасауға көмектеседі. Әдістеменің әрбір сұрағы бөлек жеке жолаққа жазылған. Балаға осы сөздер кімге арналады соны байқап сол фигурамен бірге жәшікке салыңыз деп өтінеді. Әдістеме міндеті –баланы келесі субьектіні көру эмоционалды реттелу арқылы жүргізіледі. Бала ыңғайлы дене күйінде отбасы мүшелерін көрсететін фигураларға жақын жерде орналасады. Бала фигураларды таңдайды, ал зерттеуші одан отбасы мүшелерінің қайсысын көретін сұрайды. Ол фигураларға қатынас жасағанда отбасы мүшелерімен жасағандай қарастырады. Әдістеме «жұбайыма менен хат» авторы М. Я. Словейчик (1998) психологиядағы танымал әдіс «сөйлемді аяқта» вариантына сай отбасылық кеңес беруге бағытталады. Бұл әдістеме ерлі-зайыптылар арасындағы түсінбестікті анықтауға, бір-бірін бағалау мен өкпелерін айтуға мүмкіндік береді.
7. «Некеде талаптану мен ролдік күту сұрақнамасы» . Әдістеменің авторы А. Н. Волкова (А. Н. Волкова. , Т. М. Трапезникова. , 1985) Әдістеме ерлі-зайыптылардың отбасы өміріндегі маңыздылықты : әрқайсысының ата-аналық міндеттерін, кәсіби қызығушылығын, күнделікті тұрмыстық – шаруашылық қызмет көрсету ін, серіктесінің сыртқы моральды және эмоционалды тартымдылығын қолдауы, әйелі мен ерінің жеке және ортақ әрекеттері жыныстық деңгейде түсінушілік қатынасты зерттеуге бағытталады. Бұл көрсеткіштер отбасы қызметінің негізін айқындап отбасы құндылықтар шкаласын құрайды. (О Қ Ш) Бұл әдістеме сондай-ақ ері мен әйелі ролдерді қалауынша бөлісуі, күту мен талаптану біріктіру шкаласы , ол ерлізайыптылардың жас отбасы қызметін жүзеге асыру мен бекітуге мүмкіндік береді. Ұсынылған әдістеменің нәтижесі жұбайлардың жас отбасылық құндылық иерархиясын (сатысын), ол ерлі-зайыптылардың әлеуметтік – психологиялық некеге сәйкестігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік –психологиялық ерлі-зайыптылардың некеде сәйкестігін анықтауболып табылады. Әдістеменің әр нұсқасында 36 пікірден құралған (ер адам және әйел адам нұсқасы) 7 шкаладан тұрады. 8. ПЭА ( түсіністік , эмоционалдылық және беделдік) сұрақнамасы. Әдістеме авторы А. Н. Волков. Некеде түсінушілік, эмоционалдылық пен беделдіктің (құрмет) деңгейін анықтауға арналады. Әдістеме мазмұны: Сұрақнамада 45 сұрақ , ол некеде тұрған адамдардың өзара қатынасын анықтауды көздейді. Сұрақнама мәтіні үш шкалаға түсірілген, оның орындары түсіністік, эмоционалдылық, беделдік әр қайсысына 15 сұрақтан берілген. Ерлі –зайыптылар жеке түрде өз алдына бөлек толтырды.
Бақылау экспериментін жүргізерде психологиялық диагностика даярлап, соны қолдану барысында біздің зерттеуіміздің мақсат-міндеттері толық жүзеге асқанын байқауды міндет еттік. Бақылау экспериментінде Некеге қанағаттану тесті қолданылды. Әдістеменің мазмұны – ерлі – зайыптылардың некеде тұрғандарына қанағаттану және қанағаттанбау деңгейін анықтауға арналған жеке түрде жүргізілетіндіктен өзінің неке жағдайын, өзге некемен салыстыру; өзінің некесіне сырттай баға беруі; зайыбына деген бұрынғы және қазіргі сезімінің тепе –теңдігі; барлық көрсеткіштер бойынша зайыбына беретін өз бағасы; зайыбының мінезқұлқын өзгертуіне белгі қоя білуі; некеге деген жалпы жағымды және жағымсыз көз-қарасы бағаланады. Некеге қанағаттануының жоғары көрсеткіші жас отбасындағы, ал орташа деңгейі жеткіншектері бар, төменгі деңгейі мектепке дейінгі балалары бар ерлерде де бірдей орын алады. Некеге қанағатану бағасы мен махаббат пен ұнамдылық топтар Ерлер Әйелдер Жас отбасы1 -3 ай аралығы 30, 2 Жас отбасы 1 жыл аралығы 28, 5 26 Жас отбасы 2 -3 жыл аралығы 32, 5 34, 5
Бұл тақырыпты таңдауымызға қазіргі таңда әлеуметтік ортадағы жағымсыз жағдайлар мен дағдарыстар бүгінгі психология саласында көкейтесті екені анық, адамдар өмірлік циклда кездесетін дағдарыс түрлеріне психологиялық білім мен мәдениеттің төмендігінен көптеген бөгеттерден шыға алмайәлсіздік танытуда, осы деңгейде кешенді зерттеу бүгінгі күн талабы екенін түсіне отырып қарастырдық Жас тбасы дағдарысы – жас отбасы жүйелі қызметінде, ескі мінезқұлықты қолдануынан және жаңа жағдайға икемделе, оны меңгере алмауынан туындайды. Қорыта келгенде тақырып мазмұны бойынша толық теориялық деңгейдегі тұжырымдар мен көз-қарастарды кешенді талдана отырып, алдымызға қойған мақсатымызбен, алдын-ала болжаған міндеттер шешіліп, зерттеу оң нәтижемен аяқталды.
Назарларыңызға рахмет!!!
jas otbasi.pptx