Махатма Ганди म हनद स करमचनद (मह तम ) ग नध
Өмірбаяны `Қызметі: саяси қайраткер, философ Туған күні: 2 қазан 1869 Туған жері: Гуджарат, Британ Үндістансы Қайтыс болған күні: 30 қаңтар 1948 (78 жас) Қайтыс болған жері: Нью-Дели, Үндістан Әкесі: Карамчанд Ганди Жұбайы: Кастурбай Ганди Балалары: Харилал Ганди (1888— 1948) Манилал Ганди (1892— 1956) Рамдас Ганди (1897— 1969) Девдас Ганди (1900— 1957)
Мохандас Корамчанд Ганди /1869 -1948 ж. ж. / Үндістанның ХХ ғасырдағы ең ықпалды және көрнекті қайраткері ретінде танылды, үнді ұлтшылдығының символына, ұлт көсеміне айналды. Оның Үндістан саясатына, тәуелсіздік үшін күресіне қосқан ең маңызды үлесі қарапайым халық күшіне сенім еді. М. Гандидың саяси-құқықтың концепциясы діни-адамгершілік принциптеріне негізделді.
Гандизм деп аталған бұл идеялық-саяси концепцияның негізгі қағидалары Үндістанның тәуелсіздігіне бейбіт жолмен қол жеткізу, тәуелсіздік үшін күресте үнділердің діни, ұлттық, касталық, әлеуметтік ерекшеліктеріне қарамастан Үнді халықтық конгресінің басшылығымен бірігуі және тағы басқалар болды. Яғни, Үндістанның тәуелсіздігі үшін күресте үнді қоғамының әр түрлі топтары – брахмандар, шудралар, байлар мен кедейлер, индустар мен мұсылмандар, зиялылар мен шаруалар – барлығы бірлесіп қатысуға тиісті болып мәлімделді. М. Ганди жасаған саяси-идеялық концепция Үндістанның тәуелсіздік жолындағы күресінің ресми идеологиясы қызметін атқарды. Ганди тәуелсіздік үшін күресте сатьяграха (ақиқаттан айнымау) деп аталған күш қолданбау қағидасын ұсынды. Гандизмнің өзегін қалаған бұл қағида екі түрде болды: 1) ынтымақтаспау; 2) азаматтық бағынбау. Ынтымақтаспауға: ағылшын үкіметі берген шендер мен атақтардан бас тарту, үкіметтік мекемелерге, ұйымдарға бойкот жариялау, бейбіт демонстрациялар ұйымдастыру, ал азаматтық бағынбауға: отарлық өкіметтің кейбір заңдарын бұзу, кез-келген іскерлік белсенділікті тоқтату, саяси көтерілістер ұйымдастыру, кейбір жағдайларда салық төлеуден бас тарту әрекеттері жатқызылды
М. Гандидің негізгі принциптері: Ахимса, Брахмачария, Сатьяграха деген не? Ахимса - "күш көрсетпеу, ешкімге ешқашан да жаманшылық жасамау, біреуді жазықсыздан жазықсыз азапқа түсірмеу“ Брахмачария - " сөзбе-сөз аудармасы: Тәңіріге жақын келу“ Сатьяграха - "Ақиқатқа арқа сүйеу"
Әлемді өзгерткің келсе, алдымен өзіңнен баста