Ескалиева Айгерим срс гигиена.pptx
- Количество слайдов: 27
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАГЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: жалпы гигиена және экология СӨЖ Тақырыбы: Тамақ статусы бойынша тамақтану адекваттылығын бағалау. Алиментарлық аурулар. Оларды алдыналу. Негізгі тағамдық азықтардың тағамдық және биологиялық құндылығы. Эпидемиологиялық маңызы. Орындаған: Ескалиева Айгерим 317 «а» тобы Ақтөбе 2015
Жоспары: Денсаулық кепілі – үйлесімді тамақтану Ақуыздың тамақтанудағы маңызы Көмірсудың маңызы және оның биологиялық рөлі Майлар, құрылымы, тамақтанудағы маңызы Витаминдер, құрылымы, маңызы Тағам гигиенасын сақтаудың негізі, астан улану
Тамақтану дегеніміз-клетканың физиологиялық қызметтерін және тірі жүйелердің құрылымдық ұйымдастығын сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті энергияны, көміртегі атомын және басқа элементтерді қоршаған ортадан алу әдісі болып табылады
Денсаулық кепілі-үйлесімді тамақтану Тағамда белоктың, майдың және көмірсулардың тек белгілі бір мөлшері болып қана қоймай, олар бір-біріне белгілі бір қатынаста болуы керек
Тағамдық заттар Көмірсу Ақуыз Май Минералды заттар Витаминдер Су
Ақуыздың үйлесімді тамақтанудағы манызы Астың құрамындағы ақуыз ағзадағы ұлпаларды қайтадан қалпыны келтіруге негіз болып табылады. Ақуыздан жасушалар мен ұлпалар құралады және ферметтер мен кейбір гормондар түзіледі. Жасушалардың орнына басқа заттар (майлар, көмірсулар ) колдана алмайды. Ақуыз асқорыту мүшелері жүйесінде аминқышқылдарға дейін ыдырайды және ол аш ішектен қанға өтеді. Осы әр түрлі аминқышқылдарынан жасушалар мен ұлпалардан адам ағзасына тән ескі ақуыз ағзада ыдырап отырады. Сөйтіп ағзада ақуыз үнемі жаңарып тұрады. Мысалы, бұлшықет жасушаларында – миозин, ал сүт бездерінде казеин деген ақуыз түзіледі. .
Ақуыз -клетка негізін құратын құрылыс материалы -қоректік заттар түзілуі, ферменттердің қатысумен жүреді Белоктар түзілуі бойынша бөлінеді: Өсімдіктік: күріш, соя, жарма, бұршақ, нан т. б. Жануарлық: ет, балық, сүт, жұмыртқа т. б.
Адамның күнделікті тамағында ақуыз мөлшері 30%тен кем болмағаны жөн. Белок-қуат қоры. 1 г белок тотықса, денеде 4. 1 ккал, яғни 17. 17 к. джоуль жылу пайда болады
Көмірсуларының биологиялық рөлі. Көмірсулар адам организміне тағам арқылы түсе отыра тіршілік үшин манызды бірнеше қызметтерді атқарады. 1. Көмірсулар жасушаның барлық тіршілік әрекетінде қозғалысқа, секрецияға, биосинтезге бөлінуге, т. б. жұмсалатын энергияның көзі болып табылады. . 2. Көмірсулар құрылыс материалының қызметін атқарады.
Көмірсу - энергия көзі 1 г көмірсу тотықса 4. 1 ккал энергия бөлініп шығады Ересек адамға қажет тәуліктік көрсеткіш 450 -500 г
Көмірсулардың классификациясы 1. Жай көмірсулар; -глюкоза -фруктоза -галактоза 2. Күрделі көмірсулар; Полисахаридтер: - крахмал - гликоген -жасунық Дисахаридтер: -сахароза -мальтоза
Көмірсуға бай өнімдер
Көмірсу түрлері: • Қанттар ( глюкоза, фруктоза, лактоза ): балда, жеміс-жидекте, сүтте, қантта, конфетта болады. • Крахмал: картоп, ұн, тары, жарма, макарон өнімдері • Клетчатка : кебек, орамжапырақ, сәбіз, баклажан т. б
Майлар-адам организмінде энергиялық және пластикалық рөл атқара отырып, жасушалардың құрамына кіреді. Маңызды функциялары: Май - су көзі. 1 кг май тотыққанда (ыдырағанда) одан 1, 1 кг-да су түзіледі. Қыста ұзақ ұйқыға кететін, сол сияқты сусыз шөлді жерлерде тіршілік ететін жануарлар ағзасындағы тотыға отырып ыдыраған майдың суын пайдаланады. Май - қорғаныштық қызмет атқарады. Май жылуды нашар өткізетіндіктен, тері астында қалың май қабатын түзіп, дене температурасын тұрақты сақтауға мүмкіндік береді. . Май– қорға жиналған заттар ролін атқарады. Жануарлар мен өсімдіктер әртүрлі мөлшерлерде жиналған май қорын тіршілік барысында біртіндеп жұмсайтын
- Классификациясы: түзілуі бойынша: vӨсімдіктік: күнбағыс майы, бүрген майы, зәйтүн майы, соя майы, т. б v. Жануарлық: сары май, шошқа майы, тауық майы т. б.
Негизгі қасиеттері бойынша Қаныққан май қышқылдары; Олар өте көп мөлшерде жануар майының құрамында кездеседі. Биологиялық қасиеті төмендеу. Қанықпаған май қышқылдары; Олар барлық тағамдық майлардың құрамына кіреді. Биологиялық белсенділігі жоғары. Оған: -олеин -линолен -арахидон жатады
Тағамда майды көп мөлшерде пайдалану организмде үшглицеридтердің жинақталуына, нәтижесінде зат алмасудың бұзылуына ақырында семіздікке алып келеді.
ВИТАМИНДЕР -организмнің иммунитетін жақсартады -органдардың жұмысын қадағалайды витамин жетіспеушілігі -ГИПОВИТАМИНОЗ витаминдердің көбейіп кетуі -ГИПЕРВИТАМИНОЗ витаминдердің болмауы - АВИТАМИНОЗ
Тағамнан улану Қазақ «ауру астан» демекші тағам гигиенасын сақтамау, яки көкөністерді жумай пайдалану, кун өткен тағамдарды қолдану, жеке бас гигиенасын сақтамау организмді ауруға шалдықтырады, тіпті ағзаның улануына да алып келуі мүмкін.
Бүгінгі таңда, әсіресе, Қазақстанның әлеуметтікэкономикалық жағдайында әркім өз басының денсаулығын ойлайтын болса, ең алдымен осы ұсынып отырған қағидаға үңілуіне болады. Ұсынып отырған тұжырымдаманың негізгі қағидалары бүгінгі өмір салтынан туындайды. Адам баласының салауатты өмір сүруі оның қоршаған орта мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен ғана шектеліп қоймайды. Қазақ деген халықтың қанында бар тазалық жүйесін сақтай білуіміз қажет. Салауатты өмір сүрудің негізгі шарттары бұдан гөрі кеңірек. Әр адамның өз денсаулығын ойлап, дұрыс тамақтанып, күйбең тіршілікте ауруға шалдықпауына бақылау жасап отырса, нұр үстіне нұр!
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: “Жалпы гигиена”оқулығы Торгаутов Б. К. , Сералиева М. Ш. Интернет көздері www. Google. kz www. Yandex. ru
Көңіл қойып, назар аударғандарынызға рахмет!!!
Ескалиева Айгерим срс гигиена.pptx