кафедра.ppt
- Количество слайдов: 20
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технология кафедрасы Дайындаган Аманкелди Самал
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті біртұтас еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға негіз болатын Университеттердің Ұлы Хартиясының тең мүшесі. Жарты ғасырдан астам уақытта еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің түрлі саласына 50 мыңға жуық жоғары білікті мамандар даярланды. Олар табанды еңбектерімен мемлекет экономикасын дамытуға лайықты үлес қосты және қосып келеді. Университет өз түлектерін мақтан етеді. Олардың арасында ҚР Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, елшілер, көрнекі ғалымдар, ғылым докторлары мен кандидаттары, облыс, қала, аудан әкімдері, ірі кәсіпорындар мен агроқұрылымдардың басшылары, халық шаруашылығы салаларының мамандары бар.
Оқу орны еліміздің білім-ғылым саласында ғана емес, шетелдік білім кеңістігінде жоғары беделге ие. Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Түркия, Италия, Израил, Қытай, Моңғолия, Малайзия т. б. елдердің бірқатар білім және ғылым орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Университет бүгінде көптеген көрсеткіштер бойынша елорданың ғана емес, жалпы еліміздің білім ордалары арасында көшбасшы болып табылады, ол еліміздің отыз техникалық оқу орындарының арасында үздік үштік қатарында.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технология кафедрасы «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технология» кафедрасы «Жеке мал шаруашылығы» атымен 1966 жылы ұйымдастырылған. Кафедраның бірінші меңгерушісі, доцент Шелепов Евгений Селиверстович (1966 -1972 ж. ж), Ставрополь қой тұқымының бірлескен авторы. Кафедра ұжымы бұрынғы кеңес өкіметінің әртүрлі бағыттағы мектебінен өткен қызметкерлерден құрылды. 1972 -1977 жылдары кафедраны ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Казыханов Рашид Қазыханұлы басқарды. Кафедраның ғылыми бағыты, мақсат – кроссбред қойларының типін, етті-майлы (құйрықты) қойлардың жаңа типін шығару. 1978 - 1986 жылдары дейін кафедраны доцент Әлімжанов Б. О. басқарды. Бұл жылдары кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағытына өзгеріс енгізілді. 1986 - 2003 жылдарда кафедра меңгерушісі ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Әлімжанова Л. В. болды. 2001 жылы 1601 – «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы ашылып, студенттер қабылдануына байланысты кафедраның аты «Технология және мал шаруашылығы өнімдерін стандарттау» болып өзгерді (№ 3 хаттама, 25. 01. 2012 ж). Осы жылдары кафедрада білікті мамандар қызмет етті, оның ішінде 2 ғылым докторы және а. ш. ғ. кандидаттары, доценттер болды.
2003 жылдан 2008 жылға дейін кафедраны жас ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Беккожин А. Ж. басқарды. Осы жылдары кафедраның қой шаруашылығы және сүтті бағыттағы мүйізді ірі қара шаруашылығы бағытындағы ғылыми жұмыстар жалғастырылды. 2007 жылы көпжылдық ғылыми ізденіс нәтижесінде сүтті бағыттағы «Есіл» қара ала ірі қара малының жаңа типі шығарылды (авторлары Әлімжанов Б. О. , Әлімжанова Л. В. , Беккожин А. Ж. , Бостанова С. К. , Абдраимов М. Т. , Жангуразов И. Д. , Сагинбаев А. К. , Сауэр И. А. ). 2008 жылдан кафедра меңгерушісі болып ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы профессор Шауенов С. Қ. тағайындалды. Қазір кафедра ұжымы, бітіруші кафедра ретінде екі мамандық бойынша: 5 В 050802 – «Мал шаруашылығы өнімдерің өндіру» және 5 В 072700 – «Азықтүлік тағамдары технологиясы» мамандар дайындауды жүзеге асыруда. Сонымен қатар кафедраның профессорлық-оқытушы құрамы студенттерді оқу-әдістемелік әдибиеттермен қамтамасыз ету және тәрбие жұмысымен де айналасуда. Қажғалиев Нұрлыбай Жігербайұлы –ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент. Қазіргі таңда кафедрада штатты кестеге сәйкес 18 оқытушы қызмет атқарады. Оның ішінде 6 ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, 1 техника ғылымдарың докторы және 8 ғылым кандидаты мен 1 магистр. Қафедраның ғылыми әлуиеті 90% қурайды. Оқытушылардың еңбек өтілімі 1 жылдан 40 жылға деін және оданда жоғары.


