Скачать презентацию Мал өсірудің негізгі даму кезеңдері және үй малының Скачать презентацию Мал өсірудің негізгі даму кезеңдері және үй малының

Селекция срс 1 Сапарова Айдана 315А топ.pptx

  • Количество слайдов: 32

Мал өсірудің негізгі даму кезеңдері және үй малының арғы тегі мен туыстары Орындаған: Сапарова Мал өсірудің негізгі даму кезеңдері және үй малының арғы тегі мен туыстары Орындаған: Сапарова Айдана 315 Тексерген: Сагинбаева М. Б

Малдың шығу тегі - малдың пайда болуы жөніңдегі зоотехнияның бір саласы. Малдың шығу тегі Малдың шығу тегі - малдың пайда болуы жөніңдегі зоотехнияның бір саласы. Малдың шығу тегі жөніңдегі ғылым қолда өсірілетін малдың зоологиялық жіктеуде алатын орны, қолға үйрету кезінде пайда болған өзгерістері және олардың дамып жетілуі, қолға үйретілген алғашқы мекені мен уақыты, оның таралуы, белгілі бір мал түлігінің нақтылы жабайы тегін анықтау мәселелерін шешеді.

Жануарларды қолға үйрету-күрделі әрі ұзаққа созылатын процесс. Бірақ жануралардың бәрін қолға үйрету мүмкін емес. Жануарларды қолға үйрету-күрделі әрі ұзаққа созылатын процесс. Бірақ жануралардың бәрін қолға үйрету мүмкін емес. Қазіргі кезде Жер бетінде тіршілік ететін сүтқоректілердің 8 мың түрінің 60—ы ғана қолға үйретілген. Ең алғашқы үй жануары ит болған (біздің заманымыздан 12 -15 мың жыл бұрын). Ол өзінің азығын өзі тапқан, адам тағамының қалдықтарын да жаксы пайдаланған. Олардың жабайы құсты іздеп табатын, баспананы күзететін қабілетін байқаған адам итті қолға үйретіп, кейін үй жануарына айналдыра бастады.

Ауыл шаруашылығы жануарларын қолға үйретудің негізгі 6 орталығы: vҚытайлық кіші орталық (Үндіқытай, Малай архипелагы) Ауыл шаруашылығы жануарларын қолға үйретудің негізгі 6 орталығы: vҚытайлық кіші орталық (Үндіқытай, Малай архипелагы) шошқаны, буйволды, үйректі, тауықты, қазды қолға үйрету орны болды. vҮнді(Үндістан). Мұнда буйвол, гаял, зебу, тотықұс, бал арасы қолға үйретілген. v. Оңтүстік-Батыс Азия (Кіші Азия, Кавказ, Иран). Мұнда ірі қара, жылқы, қой, шошқа, түйе қолға үйретілген. v. Жерорта теңізінің жағалауы. Мұнда ірі қара, жылқы, қой, ешкі, қоян, үйрек қолға үйретілген. v. Анд (Солтүстік Анд, Оңт. Америка)Мұнда альпактар, жұпар иісті үйрек, күркетауық қолға үйретілген. v. Африка (Солт. -шығыс Африка). Мұнда жабайы жануарлардың көптігіне қарамастан, олардың түйеқұс, есек, шошқа, ит, мысық және мысыр тауығы секілді түрі ғана қолға үйретілген.

Шығу түріне қарай ірі қара малды екі туысқа бөледі: бұқа тәрізділер (Bos) және енекелер Шығу түріне қарай ірі қара малды екі туысқа бөледі: бұқа тәрізділер (Bos) және енекелер (Bubalis dade lus). Бұқа тәрізділер: § Ірі қара мал (Bos Tamhis indicus) § Үнділік маңдайлы бұқалар-бантенг, гаур, гаял (Bos bidos) § Қодас (Bos poephogus) § Бизондар (Bos bison)

Буйвол — сиыр тұқымдасына жататын қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануар. Буйволдың 3 түрі (анао, Буйвол — сиыр тұқымдасына жататын қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануар. Буйволдың 3 түрі (анао, азиялық Буйвол жәнеафрикалық Буйвол) бар. Буйволдар Оңтүстік Азия мен Африканың тау және жазық дала ормандарында кездеседі. Олардың дене тұрқы 100 — 290 см, құйрығының ұзындығы 15 — 90 см, шоқтығынан алғанда биіктігі 62 — 180 см, салм. 150 — 1200 кг. Буйволдың қолға үйретілген түрі — азиялық Буйвол (B arnee). Ол Б. б. з. б. 4 — 3 мыңжылдықтарда қолға үйретіле бастаған. Қазір азиялық Буйвол Үндістанда, Мьянмада, Оңтүстік Қытайда, Калимантан (Борнео) аралында мекендейді. Оның салмағы 1000 кг, биіктігі шоқтығынан алғанда 180 см, орақ сияқты мүйізінің ұзындығы 2 м-дей. Сүтінің майлылығы жоғары (8 — 9 %-тей). Сүтінен жоғары сапалы май, ірімшік (моцарелла), т. б. сүт тағамдарын дайындайды. Азиялық Буйволдың шаруашылық маңызы үлкен.

Ірі қараның арғы тегі ертеде Еуразия құрлығының далалы, орманды далалы өңірінде таралған жабайы тур. Ірі қараның арғы тегі ертеде Еуразия құрлығының далалы, орманды далалы өңірінде таралған жабайы тур. Ол бұдан 7 -10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген. Ірі тұлғалы, денесінің биіктігі 2 м шамасында, мүйізі алға қарай бағытталып, ұзын болып келеді. Ерте кездерде көп аулағандықтан, тұрлар саны азайып, XVII ғасырдың басында біржола жойылып кеткен.

Зебу (лат. Bos primigenius indicus) - өркешті сиыр, жабайы бұқаның (Bos primigenius) түршесі. Ғалымдар Зебу (лат. Bos primigenius indicus) - өркешті сиыр, жабайы бұқаның (Bos primigenius) түршесі. Ғалымдар б. з. б. 2 – 3 мыңыншы жылдары Мысырда және Кіші Азияда қолға үйретілген деп жорамалдайды. Үндістанда, Африканың, Американың тропиктік және субтропиктік аймақтарында, Таяу Шығыста, Балкан түбегінде тараған. Әзірбайжан мен Орта Азия республикаларында (Қазақстаннан басқа) өсіріледі. Әзірбайжанда зебуді, негізінен, жұмыс көлігі және етті мал мақсатында өсіреді. Ыстық ауа райына бейім, азық талғамайды. Зебудің ерекшелігі – шоқтығының үстінде салмағы 5 – 8 кг өркеші болады. Басы жеңіл, мойны қысқа, бөксесі, көкірегі қушық. Сиырының орташа салмағы 250 – 270 кг, бұқасының салмағы 300 – 350 кг, таза ет түсімі – 40 – 45%. Дәмі сиыр еті дәмімен бірдей. Сүттілігі орта есеппен жылына 500 – 600, кейде 1500 кг, сүтінің майлылығы 6 – 7%. Буаздық мерзімі сиырмен бірдей. Бұзауының туғандағы салм. 15 – 18 кг. Зебудің сиырмен буданы өсімтал келеді. Зебу бұқасын сиырмен будандастыру нәтижесінде арнайы ет бағытындағы тұқым алынды. АҚШ-та Браман Зебунің бұқасын шортгорн сиырымен шағылыстырып, сантагертруда тұқымы, т. б. шығарылды. Сондай-ақ Бразилияда жергілікті сиырларды Зебу бұқасымен шағылыстырып, сан-пауло тұқымы алынды. Зебу өсімталдығымен, ортаның қиын жағдайларына бейімділігімен ерекшеленеді. [1]

Жабайы бұқа немеесе Гаур (лат. Bos frontalis) - ірі, күшті бұқа . Bibos тұқымына Жабайы бұқа немеесе Гаур (лат. Bos frontalis) - ірі, күшті бұқа . Bibos тұқымына бантенг пен купрем кіреді. Жүні қысқа болғанмен, тығыз тұрады. Таулы ормандарда, бамбукты джунглилерді, Үндістан , Үндіқытайдың түбектерін және Малакка аралын мекендейді. Шөппен, бамбуктың өркендерімен және бұталарымен қоректенеді. Шомылуды ұнатады. Таңертең және кешке жайылады да, түнде, күндіз ұйықтайды. гаурлар топтанып жүреді. Үйірдің көсемі өте тәжірбиелі кәрі сиыр болады. Бұзауларды анасы қорғайды. Жауларына маңдайымен емес, бір жанымен шабуыл жасайды, басын төмен салып, аяғын бүгеді де бір мүйізімен соққы береді. Дене ұзындығы 3 м дейін. Шоқтығының үзындығы 2, 2 м дейін. Мүйіздері көлемді орақ секілді қайырылған, ұзындығы 83 см. Үндістанда , Непалда , Үнді-қытай аралшаларда мекендейді. 600 -1700 м дейін биіктіктегі таулы ормандарда үйір-үйір болып өмір сүреді. Саны азаюда, ұлттык саябақтарда ғана сақталып алған. ХТҚО Қызыл кітабына енгізілген. Гауырдың, Жабайы бұқаның үй пішіндесі, гаял

Бантенг (лат. Bos javanicus) - бұқа туысының сүтқоректісі. Кейде гаур және купреймен Bibos туысына Бантенг (лат. Bos javanicus) - бұқа туысының сүтқоректісі. Кейде гаур және купреймен Bibos туысына жатқызады. Дене ұзындығы 2 м биіктігі 1, 5 м. Мүйіз ұзындығы 40 -50 см үстіне қарай қайырылған. Ареалы– Бирма– Үндіқытай– Малакка– Суматра аралдары– Ява– Бали– Калимантан. Көп. Жабайы түрінде тек Явада және Калимантанда сақталған. ХТҚО Қызыл кітабынаенгізілген. Бантенг бұдан 6 -5 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Үй түрі балии ірі қарасы

Қодас (лат. Bos grunniens) жұптұяқтылар отряды қуысмүйізділер тұқымдасы күдірлер туысына жататын сүткоректі. ЖиіPoephagus туысына Қодас (лат. Bos grunniens) жұптұяқтылар отряды қуысмүйізділер тұқымдасы күдірлер туысына жататын сүткоректі. ЖиіPoephagus туысына жатқызады. Шоқтығының биіктігі, 1, 9 м, салмағы 1 тоннаға жетеді. Шоқтығында өркеші бар. Түсі қара не қара-сұр. Тері жамылғысы калың, төбітті. Бауыры мен кұйырығы ұзын қылшықты. Н. М. Прежевальский ашып, сипаттаған. Тек. Тибетте, аласа тауларда мекендейді, мүмкін ертеде Алтай мен Саянда кездескен. Тау беткейлерінде тірішілік етеді. Шағылысуы қыркүйек-қазан айларында, маусым-шілдеде 1 бұзау туады. Қолға үйретілген қодас, жабайы түрінен біршама кіші. Түсі әр қилы, қара сұрдан ақ түске дейін.

Бизон (лат. Bison bison) — қуысмүйізділер тұқымдасының зубр туысына жататын жабайы сиыр. Бизон Солтүстік Бизон (лат. Bison bison) — қуысмүйізділер тұқымдасының зубр туысына жататын жабайы сиыр. Бизон Солтүстік Америкада көп кездескенімен, 19 ғасырда көп аулануына байланысты сиреп кеткен (қазір 500 -дей Бизон АҚШтың Йеллоустон ұлттық саябағы мен Канаданың Атабаски ауданында кездеседі). Бизон — өте ірі жануар, бұқасының дене тұрқы 3 м, биіктігі 2 м-дей (шоқтығынан алғанда), салмағы 720 — 750 кг-дай болады. Басы, кеудесі қара түсті, жүні жұмсақ, мойнының, кеудесінің, шоқтығының жүні қалың әрі ұзын келеді. Жауырынының үстінде көзге анық көрінетін “өркеші” бар. Бизон 2 — 3 жылда жыныстық жағынан жетіледі. Шілде — қыркүйекте күйлеп, 9 айдан соң аналығы жалқы бұзау табады. Бұзауын 7 айдай емізеді. Бизон табиғи жағдайда 20— 25 жыл тіршілік етеді. Бизон үйір-үйір болып жүреді. Алясканың орталық бөлігінде, Украинада Аскания-Нова қорығында, Беларусьте Беловеж нуында жерсіндірілген. Бизон ертеде терісі бағалы кәсіптік аңның бірі болған. [2]

Гаял (Bos bidos frontalis) – гаурдан тараған, ірі жануар. Гаялдың сүтінің өте майлы болуымен Гаял (Bos bidos frontalis) – гаурдан тараған, ірі жануар. Гаялдың сүтінің өте майлы болуымен ерекшеленеді. Вьетнамда өмір сүреді.

Жылқы (лат. Equus ferus caballus) – тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, Жылқы (лат. Equus ferus caballus) – тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылықпен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының (E. caballus) шаруашылықта маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі. Қолға үйрету тарихы Қазба қалдықтары жылқының б. з. б. 7000 ж. бұрынақ Азия мен Еуропада қолға үйретілгендігін дәлелдейді. Жылқы тұқымдасыесек, құлан, зебр, жабайы жылқы болып 4 туысқа бөлінеді. Үй жылқысы жабайы жылқыға жатады, одан басқа оған керқұлан(немесе Пржевальский жылқысы) және қазір жойылып кеткен Тарпаң жатады. Соңғысы 19 ғ. дейін Батыс Қазақстан, Батыс Сібір, Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарын және кейбір Еуропа елдерін мекен еткен. Керқұлан үйірлері қазір Моңғолияда ғана кездеседі. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша үй жылқысының ең жақын тегі осы керқұлан. Жабайы жылқының сүйегі Францияның солтүстігінен көп табылған. Америкада жабайы жылқы болмаған, қолға үйретілген жықылар кейін тағыланып (мустанг деп аталады) кеткен.

Қазақстандағы тарихы Ежелгі дәуірлерде-ақ қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені болғандығын археологиялық қазбалар Қазақстандағы тарихы Ежелгі дәуірлерде-ақ қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені болғандығын археологиялық қазбалар дәлелдейді. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті энеолит дәуірінде (б. з. б. 4 -3 мыңжылдық), Арқайым ескерткіштері орта қола дәуірінде (б. з. б. 2 мыңжылдық), Қазақстанның барлық аймақтарынан кездесетін арий, сақ, ғұн кезеңдерінің ескерткіштері (б. з. б. 1 -мыңжылдық – б. з. 2 ғ. ) ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленіп, әдет-ғұрыптық рәсімдердің ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді.

Есек (лат. Equus africanus asinus) – жылқы туысына жататын сүтқоректі тақ тұяқты жануар. Жабайы Есек (лат. Equus africanus asinus) – жылқы туысына жататын сүтқоректі тақ тұяқты жануар. Жабайы африкалық есектеншыққан. Қолға бұдан 5 – 6 мың жыл бұрын үйретілген. Дене бітімі шымыр, шоқтығына дейінгі биіктігі 1 – 1, 2 м, түсі қоңыр, күңгірт, азық талғамайтын, құрғақшылыққа төзімді көлік малы. Есектің айғырын әңгі, биесін мәші, құлынын қодық деп атайды. Жабайы есек үйірлері Африкада (Сомали, Эфиопия) тіршілік етеді. Оның әр үйірінде бір әңгі, бір – екі жасар қодықғын ертіп жүретін бес – алты мәші болады. Жабайы есекті Сомали есегі және Нуби есегі деп аталатын екі түр тармаққа бөледі. Әр түрлі жабайы есектерді қолға үйреткеннен кейін ұзақ уақыт сұрыптау және оларды бір-бірімен будандастыру арқылы күш көлігі ретінде тиімді тұқымдары (Иранда хомад, Испанияда каталон, Орта Азияда бұқар) шығарылды. Есек үш жасында жетіледі. Көктем, жаз айларында үйірге түсіп, 12, 5 ай көтеріп, бір қодық туады. Қодығын алты ай сүтімен қоректендіреді. Есек он сегіз – жиырма жыл тіршілік етеді. Жылдан-жылға санының күрт азаюына байланысты жабайы есек Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген

Қой (лат. Ovis aries) – қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайыратын жұптұяқты мал. Қой неолит Қой (лат. Ovis aries) – қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайыратын жұптұяқты мал. Қой неолит дәуірінде қолға үйретіле бастаған жабайы қойлардан (арқар және муфлон) шыққан. Дүние жүзінің 170 -тен аса елінде 650 -дей қой тұқымдары мен тұқымдық топтары бар. Қойдың дене ұзындығы 60 – 110 сантиметр, шоқтығының биіктігі 55 – 100 сантиметр. 12 – 15 жыл тіршілік етеді.

Үй қойларының ата-тегінің үш түрлі атауы бар. Олар муфлон, арқар (немесе аргал) және жабайы Үй қойларының ата-тегінің үш түрлі атауы бар. Олар муфлон, арқар (немесе аргал) және жабайы қыр қойлары болып табылады. Олардың ертеде қолға үйретілгендерінен үй қойларының түрлері пайда болған. Жабайы қойдың көз алды мен бақайының аралықтары безді келіп, басы құйқалы, жазық маңдайлы болады. Қошқарлары иір мүйізді, ірі, қылшық түкті, дөңгелек құйрықты, сида, ұзын сирақты. Олардың қысқы қоректері ағаш қабықтары мен көк шырпылар және құрғақ шөптер. Басқа түліктерге қарағанда, қой қолға үйретуге өте қолайлы келген. Жабайы қой тұқымдарын адам баласы көптеген уақыт алып, бағып-қағып қолға үйретті, үй қойы етіп, жерсіндірді, ауа райына көндіктіріп, дағдыландырды, содан қой түлігі атанды. Қолға үйренген үй қойларының да тұқымдары әр түрлі болып келеді. Солардың бірі — қазақы қой. Қазақы қойлар бертін келе тұқымдарына қарай, өскен жеріне, тұқымына, өсімталдығына, түр-түсіне, жүніне, құйрық, бас, құлақ, бітістеріне, жасына, мінез-әдеттеріне, тағы басқадай ерекшеліктеріне байланысты аталған.

Муфлон[1] – жабайы қойлардың жалпылама аты. Муфлондар Жерорта теңізі аралдарында (Корсика, Сардиния, Кипр), Солтүстік Муфлон[1] – жабайы қойлардың жалпылама аты. Муфлондар Жерорта теңізі аралдарында (Корсика, Сардиния, Кипр), Солтүстік Африка, Кіші және Орта Азияда, Кавказда таралған. Еуропаның кейбір елдерінде (Италия, Австрия, Германия, Ұлыбритания, т. б. ) жерсіндірілген. Муфлондар негізінен 2 түрге ажыратылады: 1) Еуропа муфлоны (Ovіs musіmon), 2) Азия муфлоны (Ovіs orіentalіs) Аргали-құйрықты қойдың жабайы тегі. Орта Азияның тауларында, Камчатка мен Аляскада тіршілік етеді. Бұл екі иірім жасайтын үлкен мүйізді ірі жануар. Салмағы 180 кг-ға дейін жетеді.

Арқар (лат. Ovis ammon) – жұптұяқтылар қатарының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын ірі аң; тау арқары Арқар (лат. Ovis ammon) – жұптұяқтылар қатарының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын ірі аң; тау арқары туысының сүтқоректі жануары. Таралуы: Жерорта теңізі аралдары алдыңғы орталық солтүстік шығыс Азияда. ТМД кеңістігінде арқардың 10 -нан астам түршесі таралған. Олар бір-бірінен көлемі салмағы мүйізінің пішіні мен құрылысы т. б. ерекшеліктерімен ажыратылады. Кейде арқарды бірнеше түрге бөледі: Еуропалық муфлон(О. musimon) үстірт арқары (О. orientalis); Олардың хромосом құрамы әртүрлі (2 n=54 -56 -58) бірақ олардың будандары тұқым береді. Кейде арқарға тек 2 n=56 жаткызады. Саны азаюда. 7 түршесі ХТҚО -(1) және КСРО (7) Қызыл кітаптарына енгізілген.

Шошқа, доңыз – жұптұяқтылар отрядына жататын сүтқоректі жануар. Адамның ең алғаш қолға үйреткен үй Шошқа, доңыз – жұптұяқтылар отрядына жататын сүтқоректі жануар. Адамның ең алғаш қолға үйреткен үй жануарларының бірі. Шошқаның шығу тегі Еуропа және Шығыс Азия жабайы қабандары болып саналады. Оның бітімі ірі, жұмыр, аяқтары қысқа, денесін ақ, қара, қоңыр, қызғылт, т. б. түстегі қатқыл әрі сирек түк басқан. Бас сүйегі сүйір, ұзын, төменгі жағында жер қопаратын сүйек өсіндісі бар, тұмсығы тақыр.

Өсіп-жетілу ерекшеліктеріне байланысты Шошқалар 4 топқа бөлінеді: кеш жетілетіндер (Еуропаның ұзын және қысқа құлақты Өсіп-жетілу ерекшеліктеріне байланысты Шошқалар 4 топқа бөлінеді: кеш жетілетіндер (Еуропаның ұзын және қысқа құлақты Шошқалары), өте тез жетілетіндер (сиам және ескі неополитан Шошқасынан тараған майда салмақты Шошқалар), тез жетілетіндер (ТМД елдерінде кең тараған Шошқа тұқымдары) және орташа қарқында жетілетіндер. [1]

Түйелер (лат. Camelus) — сірітабандылар отряд тармағына жататын сүтқоректі ірі жануарлардың бір туысы. Түйелер Түйелер (лат. Camelus) — сірітабандылар отряд тармағына жататын сүтқоректі ірі жануарлардың бір туысы. Түйелер шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Мұның екі түрі бар: қос өркешті түйе (Бактрия түйесі) — негізгі өсірілетін жерлері: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Астрахан, Сталинград, Сара тов және Чита облыстары, бұрынғы КСРО-да мұның Астрахан түйесі, Қазақстан түйесі, моңғол түйесі деп аталатын негізгі үш тұқымы өсіріледі; бір өркешті түйе (дромедар), —Түрікменстанда, көбінесе Тәжікстанда, Өзбекстанның оңтүстік аудандарында және Қазақстанның кейбір жерлерінде өсіріледі. Ең көп өсірілетін жері — Қарақұм. Қоспақ түрлеріне, пайдалануына, қанына қарай: аруана, желмая, нар деп аталады. Түйенің еті мол, жүні биязы болады. [1]

Бұғылар, бітеумүйізділер (лат. Cervidae) — жұптұяқтылар отрядына жататын жануарлар тұқымдасы. Бұғының отыз түрі бес Бұғылар, бітеумүйізділер (лат. Cervidae) — жұптұяқтылар отрядына жататын жануарлар тұқымдасы. Бұғының отыз түрі бес тұқымдас тармағына бөлінеді: құдырлар; мунтжактар; су бұғылары; нағыз бұғылар; Америка бұғылары. Бұғы Азия, Еуропа, Америка және Солтүстік Африкада тараған. Қазақстанда бұғы екі тұқымдас тармағына жататын төрт түрі (құдыр, елік, марал, бұлан) Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының орманды алқаптарын мекендейді. Бұғылардың көпшілігі орташа немесе ірі денелі, сымбатты келеді. Барлық түрінің дерлік (су бұғысын қоспағанда) еркегінің тармақтанған сүйекті, қуыс мүйізі болады. Ұрғашысында мүйіз тек солтүстік бұғысында ғана болады.

Қояндар (лат. Leporidae) – сүтқоректілердің бір тұқымдасы, 8 туысқа бөлінетін 50 түрі бар. Бұлардың Қояндар (лат. Leporidae) – сүтқоректілердің бір тұқымдасы, 8 туысқа бөлінетін 50 түрі бар. Бұлардың ішінде тез жүгіруге, ін қазуға, жүзуге, ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері кездеседі. Салмағы 0, 1 – 4, 5 кг, дене тұрқы 12 – 75 см, Мадагаскар аралы, Оңтүстік. Американың оңтүстік аймағы, Антарктидадан басқа барлық жерде таралған. Шөп, ағаш қабығын, бүршігін, бұтағын жейді. Жылына 4 рет 2 – 8 (кейде 15) көжек туады. Қазақстанда кездесетін 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор қоян) бар. Ақ қоян, негізінен, қалың қар түсетін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында сирек кездеседі.

Мал шаруашылығының даму кезеңдері Ø Алғашқы қауымдық құрылыстағы мал шаруашылығы Ø Құл иеленуші құрылыстың Мал шаруашылығының даму кезеңдері Ø Алғашқы қауымдық құрылыстағы мал шаруашылығы Ø Құл иеленуші құрылыстың мал шаруашылығы ØФеодалдық-крепостниктік құрылыстың мал шаруашылығы ØКапитализм тұсындағы мал шаруашылығы ØКСРО-дағы мал шаруашылығы ØҚазақстанның мал шаруашылығы

Алғашқы қауымдық құрылыстағы мал шаруашылығы Мал шаруашылығының жыл санауы тас ғасырындағы тағылық кезеңде адамның Алғашқы қауымдық құрылыстағы мал шаруашылығы Мал шаруашылығының жыл санауы тас ғасырындағы тағылық кезеңде адамның жануарларды қолға үйретуінен басталады. Тағылық кезеңнің ортаңғы сатысында адам шығыста жануарларды қолға үйреткен. Осы кезден жануарларды егіншілікке өте қажетті күш көлігі ретінде пайдаланған. Мал шаруашылығын жүргізудің ең ежелгі әдісі-оларды қоршауда бағу болған. Еділ, Жайық, Тобыл, Амудария , Сырдария секілді үлкен өзендер бойындағы жйылымдарға бай аудандарда бақташы тайпала пайда болып, олар негізінен алғанда, жануарларды қолда өсірімн шұғылданған.