макроэк.ppt
- Количество слайдов: 9
МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ Мемлекеттік реттеу: маңызы, мақсаты, құралдары
n n Макроэкономика (грекше μακρός — ұзын, үлкен, οἶκος — үй және Nόμος — заң) экономикалық теорияның экономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі. Макроэкономикалық циклдік кезеңдер менэкономикалық өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін, жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді. Экономистер, әдетте, экономикадағы үдерістердің бәрін — жиынтық өндірісті, бағаның жалпы деңгейін, экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттерін, сыртқы сауданы, жұмыссыздықты, мемлекеттік сектордың жұмыс істеуін, т. б. зерделеуді “макроэкономикалық теория” деп атайды. Қазіргі заманғы экономикалық теорияны ерекше зерделеу ісі 20 ғасырдың 1 -жартысында басталды және ол америкалық экономист Дж. М. Кейнстің (1883 — 1946) есімімен, оның “Жұмыспен қамтудың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы” (1936) деген кітабымен байланысты болды. Нарықтық экономикаға көзқарастың жаңа жүйесі баяндалған бұл еңбек 20 ғасырдағы экономика ғылымының бетбұрысты кезеңімен тұспа-тұс келді және макроталдаудың дамуына қуатты серпін берді. Макроэкономика одан әрі Кейнстік идеяларды тереңдету бағытында да, оларды нарықтық экономика туралы классикалық түсініктер негізінде қайта қарау жолымен де өрбіді. Макроэкономиканың дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан ғалымдар: ағылшын экономистеріР. Харрод (1900 — 1978), Дж. Хикс (1904 — 1989), америкалық экономистер В. Леонтьев (1906 — 1999), М. Фридмен (1912 ж. т. ), Р. Лукас (1937 ж. т. ), т. б.
n n n Макроэкономикалық талдаудың негізгі әдісі — [макроэкономикалық үлгілер]. Үлгілерді жасау кезіндежалпы ұлттық өнім (жалпы ішкі өнім), ұлттық табыс, бағаның орташа деңгейі, т. б. сияқты жиынтық және біріктірілген көрсеткіштер пайдаланылады. Макроэкономика шеңберінде зерттелетін мәселелерге теориялық талдау жасалып қана қоймай, сонымен бірге, экономикалық саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірленеді. Экономикалық саясаттың стратегиялық және тактикалық міндеттерін айқындау, құралдарды таңдау, мақсаттарды үйлестіру — қазіргі заманғы макроэкономиканың аса маңызды құрамдас бөлігі; жан-жақты көрсеткіштерді бағалауға негізделген экономикалық талдау әдісі. Макроэкономикалық талдау нышандары саяси экономияның классикалық мектебінің өкілдерінде ғана кездесетін. Француз экономисі Ф. Кенэнің (1694 — 1774) экономикалық кестесі алғашқы макроэкономикалық үлгілердің бірі болып табылады. Макроэкономика өндірушілер мен тұтынушылардың ісәрекеттерінің мотивациясын зерттейді, сонымен қатар, ол бәсекеліктің әр түрлі болған жағдайындағы солардың (өндірушілер мен тұтынушылардың) тауар нарығындағы жоне өндіріс факторлары нарығындағы өзара әсер ету механизмін зерттейді. Макроэкономиканың тұтас болып қызмет етуін зерттейтін, экономикалық теорияның бөлшегі, тармағы болып табылады.
n Макроэкономикалық реттеу — экономиканы басқару тәсілі. Макроэкономикалық реттеу жалпы елдің экономикалық жүйесінің жұмыс істеуіне бағытталған. Макроэкономикалық реттеуде нарыққа қатысушылардың іс-қимыл ережелері белгіленіп, қажет болған жағдайда түзетулер енгізіліп отырады. Бұл мағынадағы нарықтық қатынаста макроэкономикалық реттеу мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзін-өзі реттеуі ұштастырылады. Макроэкономикалық реттеу экономикалық жүйені межеленген бағытта ұстауды көздейді және екі түрге бөлінеді: межелі бағыттан ауытқу бойынша реттеу және қайсыбір параметр жол беруге болмайтын мүшкіл деңгейге жеткенде реттеу. Бірінші жағдайда белгілі бір макроэкономикалық көрсеткіштердің белгілі бір кезеңге арналып межеленген бағдардан ауытқығаны байқалғанда мемлекет ахуалды түзету үшін шаралар қолданады. Мысалы, инвестицияның жетіспеуі себепті белгілі бір өндіріс тым қожырап, құлдыраған кезде жалпы өндірушілерге немесе тек инвестицияға ғана салынатын салықтың төмендетілуі, шетелден несие тартылуы, әлсіз кәсіпорындардың неғұрлым тиімді меншіктенушілерге жекешелендіріліп берілуі, өнімге сұранымның ынталандырылуы сияқты макроэкономикалық реттеу нұсқалары қолданылуы мүмкін.
n Екінші жағдайда келешекке арналған жоспарда әлеуметтік дүмпу қатерін төндіретін жұмыссыздықтың белгілі бір күйзелістік шектегі деңгейін белгілеуге және осы көрсеткішке жақындаған кезде жұмыспен қамтылуды арттыру мақсатында шұғыл шаралар (жаңа жұмыс орындарын ашқаны үшін кәсіпкерлерді көтермелеу, шағын бизнестің қалыптасуына көмектесу, т. б. ) қолдануға болады. Реттеудің макроэкономикалық құралдарына салықтар, үлестемелер, фирмалардың рыноктағы әрекетін құқықтық реттеу, жалақы мен зейнетақы саласындағы шектеулер жатады. Ал нарықтық экономика жағдайындағы макроэкономикалық реттеудің негізгі құралдарына ақша саясаты құралдары (қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, орталық банктің несиелік эмиссиясы, коммерциялық банктерге қойылатын сақтық қор талаптары, бағалы қағаздар рыногіндегі алыс-берістер), қазыналық саясат (тікелей және жанама салық салу, бюджет тапшылығын басқару), ұлттық валютаның айырбас бағамы саясаты (айырбас бағамы жүйесі, валютаның айырбас бағамы) жатады.
n Макроэкономикалық саясат — экономиканы тиісті деңгейде ұстау, оның тұрақты жұмыс атқаруын қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттің экономиканы реттеуге бағытталған іс-әрекеті. n Макроэкономикалық тәсіл — экономикалық құбылыстарды зерделеу тәсілі. Мұнда объектінің ішкі байланыстары, ішкі құрылымдары ескерілмейді, тек экономикалық жүйенің тұрақты жұмыс істеуінің жалпылама, сыртқы көрсеткіштері ғана зерделенеді. Макроэкономикалық тәсіл экономиканы зерттеуге макроэкономикалық ғылым (жалпы экономиканың тұрақты жұмыс істеуін зерделейтін ғылым) тұрғысынан қарау дегенге саяды. Ол мемлекеттің жалпы елдің экономикасына ықпал ететін саясат ретіндегімакроэкономикалық саясаттың негізгі ұстанымын білдіреді. n Макроэкономикалық көзқарас - экономикалық құбылыстарды зерделейді. Микроэкономикалық көзқарастан өзгеше түрде зерттеу объектісі. Мұнда экономикалық жүйе сырттай біртұтас жүйе ретінде қаралып, объектінің ішкі байланыстары, ішкі құрылымы толық ескерілмейді, тек экономикалық жүйенің жұмыс істеуінің жалпылама көрсеткіштері ғана зерделенеді, онда да осы көрсеткіштер экономикалық жүйенің элементтерін құрайтын өзара әрекеттегі өнім екеніне қатыссыз тұрғыда зерделенеді. Микроэкономикалық көзқараста объект іштей қаралады, ішкі құрылым, оның элементтері арасындағы ішкі байланыстар зерделенеді.
n n n Экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР) нарықтық экономика жағдайында — бұл бұрынғы әлеуметтік-экономикалық жүйенің өзгеру жағдайына бейімделу және тұрақтандыру мақсатында заң шығару, атқару және бақылау сипатындағы белгілі шаралар. Экономиканы реттеудің мемлекеттік саясаты кез келген үкімет үшін, нарықтың немесе әміршіл – бөлу экономикасы екендігіне қарамастан объективті қажеттілік болып табылады. Қaзipгi жағдайдағы ЭМР ұдайы өңдірістің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол экономикалық өсу, жұмыспен қамтуды реттеу, салалық және аймақтық құрылымдағы ығысулар, экспортты қолдауды ынталандыру міндеттерін шешеді. Қазір ЭМР тетіктері дүние жүзінің дамыған елдерінде: Францияда, Германияда, Испанияда, Австрияда, Нидерландия, Скандинавия елдерінде қолданылды. Англия, АҚШ, Канада, Австрия т. б. елдерде ЭМР әлсіздеу дамыған. ЭМР әсіресе дамушы елдер мен бұрынғы социалистік мемлекеттер үшін, соның ішінде Қазақстан үшін маңызды болып саналады, бұл елдерде ЭМР-дің жаңа түрлерінің әлі өзіндік тәжірибесі жоқ. Сондықтан кемшіліктерді қайталамас үшін, экономиканы мемлекеттік реттеуді зерттеу және ic-тәжірибеде пайдалану тиімді. Мемлекеттік экономикалық саясаттан басты (стратегиялық) және нақты (тактикалық) мақсаттарды бөлуге болады. Басты мақсаттар- басым түрдегі экономикалық және әлеуметтік теңгермешілікке жету, ұлттық бәсеке артықшылығын, экономикалық қауіпсіздікті, нарық тетігінің әртүрлі жағдайларға бейімделуін қамтамасыз ету болып табылады. Нақты мақсаттар мемлекеттік реттеу объектілерімен бөлінеді, бірақ әрдайым экономиканың меншікті секторына сүйене отырып, қоғамдық және жеке мүдделер қажеттілігінен туындайды, мұны 13. 1 кестеден байқаймыз.
Пайдаланылған әдебиет n n Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ISBN 978 -601 -215 -003 -2 Қазақ энциклопедиясы 9 том Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы - Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965 -78320 -9 С. Әкімбеков, А. С. Баймұхаметова, У. А Жанандаров Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002. ISBN 9965 -408 -99 -8
Жасаған: n Абдрахманова Гульден n КТ-101 n 05. 12 n
макроэк.ppt