Македония Республикасы.pptx
- Количество слайдов: 11
МАКЕДОНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ Орындаған: Лесбек Абзал
Мазмұны: 1 Географиясы 2 Климаты 3 Тарихы. 4 Македония — ежелгі грек империясының орталығы 5 Экономикасы. 6 Пайдаланған әдебиет
Македония туы Македония елтаңбасы Ұраны: «Бостандық немесе өлім» Әнұраны: «Денес Над Македонија» Тәуелсіздік күні 8 қыркүйек 1991 (СФЮР) Ресми тілі македонша
Македония Республикасы — Еуропаның оңтүстігінде, Балқан түбегінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы 25, 7 мың км². Халқының саны 2 млн-нан асады (2001). Астанасы — Скопье қаласы. Ресми тілі — македон тілі. Халықтың 65%-ын македондықтар, қалған бөлігін албандар, түріктер, цығандар, сербтер мен босниялықтар құрайды. Діни сенімі бойынша халықтың басым бөлігі —христианправославтар, қалғандары — мұсылмандаp. Әкімшілік жағынан 30 ауданға бөлінеді. Конституциясы бойынша елді президент басқарады. Жоғарғы заң шығарушы органы — бір палаталы парламент (Жиналыс). Жоғарғы атқарушы органы — үкімет. Македония 1993 жылдан БҰҰ-ға, 1995 жылдан НАТО мен Евро одаққа мүше. Ақша бірлігі — денар.
Географиясы Географиялық жағынан Македония үш елдiң аумағында орналасқан - оның оңтүстiк бөлiгi - Эгей Македониясы, Греция құрамына кiредi; шығыс жерлерi - Пирин Македониясы - Болгария құрамында, Македония республикасының солтүстiк және батыс өңірлері Вардар өзенiнiң бойында сұлап жатыр. Республиканың көп аумағын Скопска-Црнның биiк тау жүйелерi, Пинд (жоғарғы нүктесі – Кораб(2753 м)) және Пирин таулары алып жатыр. Вардар және Струмицаның өзендері бүкіл ел аумағын қамтып ағады. Оңтүстiк-батыста Македонияға жартылай тәуелдi Охрид және Преспа iрi көлдері, оңтүстiк -шығыста - iрi көл Дойранское орналасқан. Биіктігі 2000 м -ге дейінгі тау беткейлерін аралас ормандар мен бұталар, одан жоғары жерлерді тау шалғындары алып жатыр. Аумағының 1/3 бөлігін орман алып жатыр.
Климаты Македония жерінің климаты — жерортатеңіздік. Қаңтардағы орташа темпрасы 5 — 7 °C, шілдеде 24 — 26 °C болады. Жылдық жауын-шашын мөлшшері 450 — 500 мм шамасында. Тау аралығындағы жазықтар түрлі дақылдар өсіруге қолайлы.
Тарихы. Б. з. б. 1 -мыңжылдықта Македония аумағында ежелгі Македония патшалығы өмір сүрді. Кейіннен Рим империясының құрамында болды. 6 — 7 ғасырларда Македония аумағын жергілікті иллирия — фракиялықтармен араласқан славян тайпалары мекендеді. 9 — 10 ғасырларда Македонияға христиан діні тарала бастады. Македония аумағы бастапқыда Батыс Болгар патшалығының, Византия мен Екінші Болгар патшалығының, Сербияның құрамында болды. 14 ғасырдың соңында Македонияны Осман империясы басып алды. Македонияға албандардың әсіресе түріктердің енуінен ислам діні тарала бастады. 1912 — 13 ж. Балқан соғысының нәтижесінде Македония Сербия (Вардар Македониясы), Грекия (Эгей Македониясы), Болгария (Пирин өлкесі) елдері арасында бөліске түсті. “Македония” атауы ресми қолданыстан қалып, сербтендіру саясаты жүргізілді. Әлеуметтік-экономикалық, саяси езгіге қарсы қозғалыс күшейіп, ол македон ұлтының бірігуіне жағдай жасады. 1918 жылдан Македония Сербияның құрамында сербтер, хорваттар мен словендер Корольдігінің (1929 жылдан Югославияның) бөлігіне айналды. 1945 — 92 ж. аралығында 6 республиканың бірі ретінде Югославия Социалдық Федерациялық Республикасының құрамында болды. 1991 жылы 20 қарашадан тәуелсіз мемлекет атанды.
1991 жылы - егемендiк туралы декларациясы және Македонияның тәуелсiздiгi туралы референдумы, Югославия құрамынан бейбіт шығуға себеп болды. Македонияның бiрiншi президентi Киро Глигоров(1991— 1999 ) жергiлiктi партия тiзiмiнен шыққан. 1991 жылы - Болгария – әлемде Македонияның тәуелсiздiгiн бiрiншi болып мақұлдаған мемлекет. 1992 жылы – 21 ші ақпанда елдің жаңа президенті Киро Глигоровпен югославия әскерлерінiң елден шығарылуы туралы келiсiм шартқа қол қойылды. 1993 жылы - Македония республикасы БҰҰ-ға бұрынғы Югославияның Македония Республикасы болып қабылданды. 1995 жылы- мемлекет басшысының мiндетiн атқарушы Глигоровқа қастандық жасалғаннан кейін, қысқа мерзiмге Стоян Андов мемлекет басшысының мiндетiн атқарушы болып табылды. 1999 жылы - Косоводағы соғыстың нәтижесiнде, 360000 албандықтар Македония аумақтарына қашып келді. Босқындар елдердi көп ұзамай тастап кеттi, бiрақ кешiрек жергiлiктi албандықтар албандық тұрғыны бар республиканың аудандары үшiн автономияның талаптарын ұсынды.
Македония — ежелгі грек империясының орталығы Теңізге шығатын жолы жоқ бұрынғы Югославия республикасы — Македония б. з. д. IV—III ғасырларда құдіретті ежелгі Грек империясының орталығы болды. Македония Грекиямен, Болгариямен, Албаниямен, Сербия және Черногориямен шектеседі. Елдің көпшілік бөлігін тік жартастар, терең аңғарлар мен кең аумақты ормандары бар таулар алып жатыр. Македонияда биіктігі 2000 м-ден асатын 34 тау шыңы мен ішіндегі ең үлкені — Охрид болатын терт ірі көл бар. Елдің ең ұзын өзені — Вардар елді 301 км бойында кесіп өтеді. Вардар өзінің бастауын солтүстікбатыстан алып, Эгей теңізіне құйғанға дейін Оңтүстік Грекиямен ағып өтеді. Бұл өзенді мұнда Аксьос деп атайды. Вардардың жағасында елдің астанасы — Скопье орналасқан. 1963 жылғы апатты жер сілкінісінен кейін іс жүзінде қайта салынған Македонияның бұл ең ірі қаласы көршілес ауыл шаруашылығы облыстары үшін маңызды сауда орталығы, сондай-ақ индустриясының шешуші салалары—қара және түсті металлургия, машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсіп болып табылатын басты өнеркәсіптік ауданы болып есептеледі. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары — дәнді дақылдар (күріш, бидай, жүгері), темекі, мақта, көкнәр, жемістер, жүзім. Мал шаруашылығында қой мен тауық өсіру басым. Бал арасын өсіру дамыған — 80 мыңнан аса омарта бал мен балауыз береді. Бұрын Югославияның құрамына кірген Македония 1991 жылы тәуелсіздікке ие болды. Халқының 2/3 бөлігін македондық славяндар, 23%-ын албандықтар құрайды. Түріктердің, сербтер мен цыгандардың шағын диаспоралары бар. Елдің неғұрлым көкейкесті проблемалары — шиеленіскен ұлтаралық қатынастар мен басқа балқан мемлекеттерінен келетін босқындар легінің көбеюі болып табылады.
Экономикасы. Македония — аграрлы-индустриялы ел. Ұлттық жалпы өнімінің жан басына шаққандағы мөлшері 4110 АҚШ доллорына тең (1997). Қара және түсті металлургия, машина жасау, химия, тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдары, ағаш өңдеу кәсіпорындары дамыған. Ауыл шаруашылығында өсімдік шаруашылығы әсіресе күріш, жүгері, бидай өсіру басым. Мақта, арахис, күнжіт, анис, бау-бақша, көкөніс, жүзім өсіру, қой шаруашылығы дамыған. Негізгі сауда серіктестері — Евро Одақ құрамындағы елдер.
Пайдаланған әдебиет Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдықгуманитарлық бағытындағы 11 -сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. —Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. Қазақ энциклопедиясы 6 том
Македония Республикасы.pptx