изафет.pptx
- Количество слайдов: 17
Майзельдің "изафет" теориясы
Изафеттік тіркес дегеніміз зат eciм мен зат eciмнің не матаса, не кабыса байланысқан тіркесі (тіл ғылымында түpiк изафеті деп аталады).
Изафеттік тіркес туралы ғылыми түсінік
Изафеттік тіркес немесе изафеттік құрылым жалпы туркі тілдеріне ортақ ерекшелік, құбылыс болып саналады. Қазақ тіл біліміне, туркі тілдеріне бұл аталым араб тiлi грамматикасы арқылы енді. Изафет арабша - қосу, үстеу деген сөз; осы тілдің аль-идафату (изафату) деген қолданысынан қалыптасқан, негізінен, иран, тypкi тiлдepiндeгi аныктауыштық кұрылымдардың үлгісін түсіндіретін аталым. Tyркi тілінде, оның ішінде қазақ тілінде, изафеттік тіркестің жоғары такырыпта баян етілген түpi таныл-ды. Атап айтқанда изафеттік тіркес екі сыңары да зат есімнен болатын, аралық байланысы Анықтауыштық қатынасты сөз mipкeci болып табылады
Изафеттік тіркесқазақ тілі сөзжасамы үшін өнімді де үнемді амал, аналитикалық тәсіл жемісі
Қазақ тіл білімінде изафеттік тіркесті зерттеп танытқан ғалымның 6 ipi -М. Балақаев Ол қазақ тілінде изафеттік құрылымды тіркестерді екіге бөледі: қабыспалы және матаулы
1. Егер екі зат есім еш жалғаусыз, алдыңғысы екіншісінің сынын білдіретіндей анықтауыштық қатынаста байланысса , ондай тіркес қабыспалы деп аталады: күміс қасық, қамыс құлақ, қазақ тілі 2. Екі зат есім бірі ілік септігі жалғауында, екіншісі тәуелдік жалғауда қиюласып байланысқан, алдыңғысы кейінгісін меншіктеп тұрса, матаулы: қойдың жүні, баланың киімі, колхоздың малы
Изафеттік тіркестердің аралығындағы қатынас тек аныктауыштық катынас делінсе, мұндай ерекшелік қазақ тілінде басқа тіркес түрлері аралығында да бар. Мәселен: [сын eciм - зат eciм], [есімше- зат eciм], [сан eciм - зат eciм], [сілтеу есімдігі- зат eciм], [белгісіздік есімдігі- зат eciм]. Бул құрылымдағы тіркестерде де изафеттік тіркеске берілетін талап, сипат көрінеді. Тек басты ерекшелік - изафеттік құрылым үшін тек зат eciм мен зат есімнің тіркесімi қажеттілігі. Зат eciм мен зат есмінің байланысы немесе тіркесі барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септк жалғауларымен де көрінеді, 6 ipaқ мундай байланысты тіркес аралыгындагы катынас аныктауыштық болмағандыктан, изафеттік құрылымга жатпайды.
С. Майзель изафетті анықтауыштық қатынасты үш түрлі мәнмен танытады: : 1) меншіктілік (поссесивтік); 2) қатыстық (релятивтік); ; 3) сапалық (идентивтік)
1 -Tүpi екі қосымшалы; 2 -Tүpi 6 ip қосымшалы; Үшінші түpi еш қосымшасыз, яғни орын тәртібі арқылы : 1) С 1+М 1; 2) С 0+М 1; 3) СО+МО
ІІІ изафет - Зат eciм мен зат есімнің іліk септігі мен тәуелдік жалғаулары аркылы матаса тіркесуі: баланың ойыны. II изафет - Зат eciм мен зат есімнің ілік cептігінсіз, тек тэуелдік жалғауы арқылы матаса тііркесуі: уй құрылысы, мал шаруашылығы, т. б I изафет - Зат eciм мен зат ешмнің еш жалгаусыз кабыса тіркесуі: қағаз қалта, темір еік, т. б.
Изафеттік құрылымның немесе тіркестің мынадай басты белгілері көрсетіледі: 1. • Сөз тіркесінің ерекше түpi 2. • Сыңарлары зат есімнен не тек заттанған сөздерден болады 3. • Бұл тіркесте екі сыңарларының аралық қатынасы тек анықтауышық қатынаста болуы 4. • Құрамындағы сыңарлары біріне тек бағына, сабақтаса байланысады.
• ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалгаулы сөздің аралығындағы мағына- меншіктік мағына; мұнда сонымен 6 ipre тәуелдік қатынас та бар. ІІІ ІІ І • Меншіктілік мағына жоқ, тек тәуелділік байланыс, катынас бар. • Екінші түрінде тәуелділік қатынас тәуелділік жалғауы аркылы танылса • , үшінші • түрінде екі сөздің тү 6 ip күйіндегі кабыса байланысуы тәуелділік катынас түрін білдіреді. Жалпы қабыса байланысқан изафеттік тіркестің аралығындагы байланысты тек қатыстық байланыс деп көрсетуге де болады.
Typiк изафетінен басқа парсы изафеті деген де түсінік бар. Бул изафеттік тіркесте алдыңғы сыңар зат eciм мен кipмe -и жұрнағы арқылы жасалған туынды сын eciм болады, eкіншi сыңар зат eciм сақталады: ғылыми жұмыс, мәдени шара, тарихи өлке, т. б. Алайда осы түрдегі тіркесті кей ғалым (Қ. С. Қамзаева) казак әдеби тілінде кеңінен орын алған жоқ деп есептейді.
Жалпы түркі тіл білімінде изафеттік тіркес немесе құрылым туралы, оның қалыптасуы жөнінде ғылыми пікірлер әр түрлі. Туркітанушы А. М. Щербактың пікірінше, изафеттік тіркестің III Typi соңғы дәуір жемісі. Н. А. Баскаков изафеттік тіркестің I түрінің көне екенін мойындай келе, кейіннен даму барысында нөлдік изафеттіктің негізінде оның толық грамматикалық формантты түpi - изафет. III - пайда болғанын айтады.