МАГНИЙ ЖӘНЕ КАЛЬЦИЙ
Магний
Магний (лат. Magnesіum) Mg, элементтердің периодтық жүйесіндегі ІІ топтың элементі, атам нөмері 12, атам м. 24, 312. Табиғатта үш изотопы бар: 24 Mg, 25 Mg, 26 Mg. 1808 ж. ағылшын ғалымы Г. Дэви (1778 — 1829) ашқан. Жер қыртысындағы масса бойынша мөлш. 2, 1%. Ол барлық қосылыстарында екі валентті. Магний күмістей ақ, өте жеңіл, берік металл; тығыздығы 1, 74 г/см 3, балқу t 650ӘС, қайнау t 1107ӘС. Ол қорғағышоксид пленкамен қапталғандықтан, құрғақ ауада 350ӘС-қа дейінгі температурада тотықпайды, бірақ 600 — 650ӘС-та өздігінен тұтанып, жарқырай жанып, Магний оксидін (Mg. O) және аздап нитридін (Mg 3 N 2) түзеді.
ТАБИҒАТТА ТАРАЛУЫ Магний табиғатта таралуы бойынша сегізінші орында, массалық үлесі бойынша 1, 9%. Ол 200 -ге жуық минералдың құрамына кіреді. Олардың маңыздылары: Магнезит Mg. CO 3, доломит Mg. CO 3* Ca. CO 3 , наллит KCL*Mg. CO 2*6 H 2 O, оливин Mg. Si. O, асбест 3 Mg. O*2 H 2 O*2 Si. O 2.
МАГНЕЗИТ
ДОЛОМИТ
ОЛИВИН
АСБЕСТ
Елімізде доломиттің және басқа минералдардың , әсіресе асбестің едәуір қоры бар. ТМД бойынша ең ірі асбест кен орны Жітіқара (Қостанай облысы) біздің республикамызда орналасқан. Магний көп мөлшері мұхит , теңіз және тұзды көлдердің суларында бар. Орташа есеппен 1 м 3 суда 1 кг шамасында магний болады. Магний шикізаты жоқ кейбір елдерде теңіз суынан магний өндіру жолға қойылған. Магний атомы-жасыл өсімдіктердегі хлорофилдің құрамды бөлігі. Оның қаысуынсыз фотосинтез процесі жүруі мүмкін емес, яғни біздің ғаламшарда тіршілік болмайды. Адам организміне магний өте қажет. Ол жеткіліксіз болғанда жүрек бұлшық еттерінің жұмысы бұзылады.
КАЛЬЦИЙ
КАЛЬЦИЙ Кальций IV период, II топтың негізгі топшасының элементі. Реттік немірі 20, ендеше ядросында 20 протон мен 20 нейтроны бар (Аr=40), электрондарының жалпы саны да 20. Кальцийдіңэлектрондық формуласы ls 22 p 63 s 23 p 64 s 2, валенттілік электрондары 4 s 2 болғандықтан кальций косылыстарында II валентті.
ТАБИҒАТТА ТАРАЛУЫ Кальций кең таралған элеметке жатады. Жер қыртысындағы құрамы бойынша ол бесінші орында, оның массалық үлесі 3, 4%. Табиғатта кальций қосылыстарын кез келген жерде кездестіруге болады: кальций тұздарынан таулы массивтер және сазды тау жыныстары түзілген , ол теңіз және өзен суларының , өсімдік және жануар организмдерінің құрамына кіреді. Адам организмінде сүйекие , тіс эмалінде , қанда 1 кг-ға дейын кальций болады.
Көп тараған қосылыстарының бірі- кальций карбонаты Ca. CO 3 әртүрлі минералдар түзеді: бор, мәрмәр, әктас, ұлутас, інжумаржандар, меруерттер және көптеген аралас минералдар , олардың көпшілігі өте бағалы болып табылады. Табиғатта , сонымен қатар бірге гипс Ca. SO 4*2 H 2 O , фосфориттер және аппатиттер Ca 3(PO 4) , флюорит Ca. F 2 және т. б. Түрінде кездеседі
МӘРМӘР
ӘКТАС
ҰЛУТАС
МЕРУЕРТТЕР
ГИПС
АППАТИТТЕР
ФЛЮОРИТ
Қазақстан аумағында кальций қосылыстары көп таралған. Фосфориттердің ірі кен орындары Қаратау тауларында және Ақтөбе облысында, ал бағалы қызғылт ұлутастың кен орны маңғыстауда орналасқан. Гипсті Жамбыл облысында , цементтік саздарды Шымкент және Семей маңында өндіреді, көптеген әктас шөгіндісі , отқа төзімді саздар басқа облыстарда да кездеседы