Магия Орындаған: Таубаев Нурболат
Магия l Магия ( лат. magia гр. μαγεία — сиқыршылық) — алғашқы қауымдық дін формаларының бірі; іс-әрекеттердің (жеке дара немесе ұжымдық) символдық бейнесі. Магия алғашқы қауым адамы ойының көрінісі және жаратылыстан тыс күштерге сенімнің күшеюімен тікелей байланысты болды. Магиямен байланысты дүние туралы түсініктер ежелгі натурфилософиялық ілімд ер мен алуан түрлі “құпия ілімдер” негізінде алынды.
Түрлері l l l Өндірістік магия ежелгі адамның шаруашылық іс-әрекетімен — егін егу, аң, балық аулау, тағы басқа байланысты. Емдеу магияның мақсаты — дуалау, үшкіру, басқа да “сиқырлық” тәсілдер арқылы ауруларды емдеу. Сақтаушы (қорғаушы) магия тыйым салу (табу) жүйесінен тұрады. Магиялық тыйым салу жаман ниеттер мен бақытсыздықтардан сақтану үшін қолданылады. Зиян келтіруші магия — жануарларға зиян, залал келтіру үшін қолданылатын дуалар жүйесін білдіреді. Соғыс магиясында — жау әскеріне қарсы сиқырлық іс-әрекеттер жасалады. Ауа райы магиясында — шаруашылық өмірге қолайлы табиғат жағдайын туғызу үшін сиқырлық әрекет жасау орын алады.
Тарихы l Ортағасырлық алхимияда магиялық негіз айқын көрінді. Қайта өркендеу дәуірінде Дж. Делла Порта, Дж. Кардано, Парацельс сынды ойшылдардың еңбектерінде магиялық белгілер көрініс тапқан. Табиғат күштеріне бағынышты ежелгі адам күрделі мәселелерді шеше алмағандықтан құпия, тылсым күштерге арқа сүйеп, магиялық іс-әрекеттер жасады. Олар магияны табиғатпен қарым-қатынас формасы ретінде және өзара қарым-қатынас барысында қолданды. Магия көптеген тылсым құбылыстарды жұмбақ күштердің әсеріне жатқызуға негізделіп, адамдарға, жануарларға, рухтарға, тағы басқаға әсер ету мақсатын көздейтін салт-жоралар жиынтығынан көрінеді. Магия адамдардың өзінің немесе басқалардың бойында табиғатқа ықпал етудің табиғаттан тыс барлық мүмкіндіктеріне сенімін білдіреді.