MAC OS.pptx
- Количество слайдов: 15
MAC OS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ APPLE КОРПОРАЦИЯСЫ
• Компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, дискжетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды. Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар — тұрақты сақтауыш құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің калған бөлігінің тек жүктеу программаларын ғана жазу. Мекемеде пайдаланылатын шағын компьютерлер, әдеттегідей, MS-DOS немесе ең соңғы OS/2 операциялық жүйесін пайдаланады. Ықшам машиналарда, дискжетектердің қажеттілігінен аулақ болу үшін, тұрақты сақтауыш құрылғыда жазылған операциялық жүйені пайдаланады. Миникомпьютерлерде UNIX немесе өте танымал емес жүйелер PICK немесе BOS (Ұлыбритания) сияқты операциялық жүйе пайдаланылады; сондай-ақ компьютердің нақты бір типіне арналып әзірленген операциялық жүйелер де кездеседі.
• Apple Inc— дербес және планшетті компьютерлер, аудиоплеерлер, телефондар мен бағдарламалар өндіруші американдық корпорация. Дербес компьютерлер жасау саласында пионер компания. Бас пәтері — Калифорния штатындағы Купертино қаласында. • Компанияның ең танымал өнімдері компьютердің Macintosh желісі, i. Pod, i. Phone және i. Pad. 2011 жылдың тамыз айында Apple компаниясы әлемдегі нарықтық капитализация бойынша ең қымбат компания болып танылған. 1976 жылы 1 сәуірде Калифорнияның Купертино қаласында негізі қаланған, 1977 жылдың 3 қаңтарында корпорация ретінде тіркелген. 30 жыл бойы компанияның атауы Apple Computer, Inc. болған, 2007 жылы 9 қаңтарда "Computer" сөзі алынып тасталады.
• Корпорацияның негізін Стив Джобс, Стив Возняков және Рональд Уейн салған. Возняков өзі құрастырып шыққан компьютер алғаш рет көпшілікке Homebrew Computer Club-ында көрсетілген. Бұл Apple I дербес компьютері болатын. Бұған дейін 1974 жылы «Альтаир 8800» компьютерлері шыққан еді, алайда олар жеке компьютер ретінде техникалық жағынан біліктілігі жоқ болған. 1976 -1977 жылдары бірнеше фирмалар алғашқы жеке қолданыстағы компьютерлерді шығара бастаған, 1977 жылдары Commodore және Tandy Radio Shack компанияларының компьтерлері мыңдап сатылған, дегенмен де 1970 жылдардың аяғында 1980 жылдардың басында Apple II компьютерлері әлем бойынша миллиондаған данасымен таралады. 1980 жылдары Apple тарихында Apple IIІ жобасына шығарылуына қатысты сәтсіз болады. 1981 жылы Возняк жол апатына ұшырап уақытша жұмысын ысырып қояды. Осы кездегі Apple IIІ-тің сатылымына қатысты шыққан қиыншылықтар үшін Джобсқа 40 қызметкерін жұмыстан босатуға тура келеді.
• 1984 жылы Apple фирмасы өзінің алғашқы жаға 32 -разрядты Macintosh компьютерін ұсынады. Ары қарай компания осы компьютердің серияларын шығарумен айналысады. Macintosh компьютерлері фирмалық операциялық жүйемен жабдықталған Motorola процессорлары негізінде шығарылған. 1985 жылы АҚШ-тың президенті Рональд Рейган техникалық үдерістің дамуына үлес қосқаны үшін Джобс пен Везнякты медалдармен марапаттайды. 2001 жылы 23 қазанда Apple i. Pod аудиоплейерін шығарады. Ол үлкен сұранысқа ие болып, портативті музыкалық плейерлердің нарығында көшбасшыға айналады. 2009 жылғы қыркүйек айында жүргізілген санақ бойынша 220 миллионнан астам i. Pod сатылған. 2007 жылдың қаңтар айында фирма сенсорлы i. Phone смартфондарын ұсынып, 2010 жылы нарыққа i. Pad планшетті компьютерін шығарады. Осы жаңа өнімдерді шығару арқасында Apple өзінің қаржылық жағдайын біршама жақсартып алып, 2011 жылы әлемдегі нарықтық капитализация бойынша, Exxon. Mobil мұнай компаниясын басып озып, ең қымбат компанияға айналған. • Фирманың атауы ағылш. apple ('алма) сөзінен шыққан, мекемнің логотипінде да алма қолданылады. «Apple» атауын Стив Джобс берген. Бұған дейін ол алма фабрикасында жұмыс істеп, жеміс диетасында отырған болатын. Джобс бұл сөзді құлаққа жағымды естіледі деп санаған, сонымен қатар фирманың атауы телефон кітабында «Atari» компаниясының алдында келеді. [3] Macintosh — АҚШ-та сатылатын алма түрі - Стив Джобс келгенге дейін Macintosh жобасының жетекшісі Джеф Раскиннің сүйікті алма түрі болатын.
MACINTOSH • Macintosh (Мак) - АҚШ-тағы Apple фирмасының дербес компьютерлері тобы. Бұл топқа Power Macintosh, Macintosh AV, Quadra, LC және т. б. компьютерлер жатады. • i. OS (2010 жылдың 24 маусымына дейін: i. Phone OS) — Америкалық Apple компаниясымен құрастырылып, шығарылатын мобильді операциялық жүйе. 2007 жылы шығарылған; бастапқыда i. Pod touch және i. Phone құрылғыларына шығарылып, сосын i. Pad және Apple TV құрылғыларына да шығарылды. Windows Phone және Android операциялық жүйелеріне қарағанда тек қана Apple компаниясының құрылғыларына қондырылады. i. OS-тың қолданушы интерфейсі мультитач қозғалыстары арқылы тікелей басқару концепциясында құрылған. Интерфейсті басқару элементтері батырмалардан, сүйрегіштер мен тетіктерден құрылған. i. OS Mac. OS-тің негізінде құрылып, оның POSIX (орыс. )қазақ. -үйлесімді Darwin (орыс. )қазақ. -нің негізгі компоненттерінің жинағын қолданады. i. OS-та төрт абстракциялау қабаты (орыс. )қазақ. бар: Core OS қабаты, Core Services қабаты, Media Layer қабаты және Cocoa Touch қабаты. i. OS-тың қазіргі таңдағы версиясында (i. OS 6. 0) жүйелік бөлімге құрылғының 1, 5 — 2 Гб флеш-жады беріледі және бос орынға 800 Мб беріледі (құрылғының модификациясына байланысты өзгереді). 2013 жылдың 7 қаңтарына қараған таңда App Store бағдарламалар дүкенінде i. OS-қа арналған 755 мың бағдарламалар бар. Оларды жүктеудің жалпы саны 40 миллиардтан асып түсті.
• Ең алғашқы Мас 1984 жылы 24 қаңтарда шығарылды. Бұл компьютер пайдаланушының графикалық интерфейсін (алғашқы тышқанды құрастырып шығарған Дуглас Энгельбарт NLS (o. N Line System) 1967 жылы болды [1]) мен басқару жолағының стандартты интерфейсін қолданды. Осыдан соң қомпания Apple II компьютерлер тобын шығаруды доғарды. Себебі олар бәсекелестікке төтеп бере алмайтын еді. Қазіргі кезде Macintosh компьютерлері келесі өнімдерді ұсынады: бастапқы деңгейдегі Мас. Вооk ноутбуктерін, жоғарғы деігейлі Mac. Book Pro ноутбуктарын, ультрапортативті Mac. Book Air ноутбуктерін, компактты Mac mini үстел компьютерлерін, i. Mac интегрирленген дисплейімен моноблокты үстел компьютерлері, жоғарғы деңгейдегі Mac Pro жұмыс станциясы. Әрбір компьютер ішінде әртүрлі конфигурациялар болады. Macintosh бірінші компьютерлері Motorola (68000, 68020) процессорлармен базасын қолданып, одан кейін әлдеқайда күшті IBM Power. PC процессорларын ( Power. Mac моделді компьютерлерде қолданылды), соңында Intel процессорларымен жабдықталды.
• Соңғы үстел компьютерлері мен Power. PC базасындағы серверлер 64 -разрядты G 5 процессорларымен, ал ноутбуктер 32 -разрядты G 4 процессорымен жабдықталды. Жоғары жылу бөлгіштігі мен энергияны қажет ету жоғарылығына байланысты G 5 процессорларын IBM жаңалата алмады және оларды ноутбукке қолдану мүмкін болмады. IBM процессорларының тактілік жиілігінің төмен болуы және жоғарыда аталған проблема Apple компаниясына жаңа процессор қондырғыларын іздеуге мәжбүрледі. Жиілігі жоғары және шағын Intel процессорларына Apple 2006 жылдан бастап көше бастады. Сонымен қатар осы процессорды қолдану арқасында жаңа мүмкіндіктерге қол жетіп Rosetta технологиялары қолданылды. 2006 жылдың соңында барлық компьютерлер жаңа процессорға көшірілді. Сол уақытта Intel архитектурасы 32 -рахрядты Mac OS 10. 4 операциялық жүйесін қолдады. • 2010 жылы барлық шығарылған компьютерлер 64 -разрядты Intel Core 2 Duo және Intel Xeon процессорлырмен жабдықталды. Ал алдыңғы үлгі 64 -разрядты қалыпта Mac OS X 10. 5 қолдаса, 32 -разрядта Intel және Power. PC платформалары болды. Жаңа 10. 6, Mac OS X үлгісі, Power. PC-тен көшірме болса да, эмуляция тәртібі ссақтала тұра, тек қана Intel платформасында ғана жұмыс істеді, Көптеген қолданбалардағы секілді Mac OS X 10. 6 Snow Leopard толықтай 64 -битті болды. Соңғы уақытта Apple Windows ОЖ-сін және Boot Camp утилитін қолданды, тек қана бұл емес Macintosh платформасында Linux ОЖ-сі де қолданылды.
Mac OS тын Linux –інде инструменттердің жинағы қамтамасыздандырылған, осы инструменттер арқылы, сіз өзіңіздің жеке қолданбаларыңызды, құжаттарыңызды, WEB парақтарыңызды, презентацияларыңызды, сызбаларды, ойындарды және де компьютерлік графиктерге дейінде қатынас құра аласыз. Интернетте Linux жүйесі персоналды компьютерлерде жұмыс жасайтындарға негізгі тірек болып табылады. Интернетте жүріп саяхаттаудан тыс, Linux операциялық жүйесі интернет тораптарын және FTP – серверлерін құруға рұқсат береді. Осының арқасында басқа қолданушылар (мысалы, модемі компьютерге қосылған, сіздің достарыңыз) сіздің Linux жүйеңізге көп пайдаланушылар режимінде қосыла алады. Linux – Unix операциялық жүйесінің толық функционалды нұсқасы. Бұл операциялық жүйеге, Unix операциялық жүйесінің ең қуатты мүмкіндіктері кіргізілген, және де Linux–ке Unix операциялық жүйесінің қазіргі кездегі қолданбалары қосылған.
• Бұл қолданбалар GNU тізбегімен таралып өзіне кәсіби деңгейдегі қолданбаларды кіргізеді. Linux–те инструменттердің жинағы қамтамасыздандырылған, осы инструменттер арқылы, сіз өзіңіздің жеке қолданбаларыңызды, құжаттарыңызды, WEB парақтарыңызды, презентацияларыңызды, сызбаларды, ойындарды және де компьютерлік графиктерге дейінде қатынас құра аласыз. Интернетте Linux жүйесі персоналды компьютерлерде жұмыс жасайтындарға негізгі тірек болып табылады. Интернетте жүріп саяхаттаудан тыс, Linux операциялық жүйесі интернет тораптарын және FTP–серверлерін құруға рұқсат береді. Осының арқасында басқа қолданушылар (мысалы, модемі компьютерге қосылған, сіздің достарыңыз) сіздің Linux жүйеңізге көп пайдаланушылар режимінде қосыла алады.
ТЕРМИНДЕР Free Software – еркін бағдарламалық қамтама (ЕБҚ), оны еркін қолданып және таратуға рұқсат ететін еркін лицензиялардың біреуі аясында таратылады. Open Source – бастапқы кодтары ашық бағдарламалық қамтама не ашық бағдарламалық қамтама. Маңызды ескерту: ашық – тегін дегені емес. Ашық пен еркін арасында айырмашылығы аз, тек керек кезінде оны ол туралы жеке айтамыз. GNU/Linux – Linux ядросына негізделген операциялық жүйенсінің атауы. Көбінесе осы сөз тіркесінің бірінші бөлігі айтылмайды, тек Linux (Линукс) деп айтылады. GNU/Linux құрамасы – ядро, командалық өндеуіш және бағдарламалық қамтаманың жинағы. Дистрибутив – бағдарламалық қамтаманың (операциялық жүйелер де) таратылу түрі, құрамында осы операциялық жүйенің орнатқышы мен минималды бағдарламалар жинағы болады. Linux дистрибутивтерінің мысалдары: Ubuntu, Debian, Slackware, open. SUSE, Archlinux, т. б. Консоль (командалық жол) – негізі, ол – операциялық жүйенің мәтіндік көрінісі, түрі. Мәтіндік командаларды енгізу-шығару құралы. GNU/Linux жүйелерінде командалық жол деп көбінесе Bash командалық өңдеуіші және оның графикалық кеңейтуі (Xterm, Gnome-terminal) аталады. «Терминал» ұғымына ұқсас болып келеді. Root (суперпайдаланушы) – GNU/Linux жүйелерінде шектеусіз әкімшілік құқығы бар пайдаланушысы. GUI (ағылш. «graphical user interface» ) – пайдаланушының графикалық интерфейсі. Яғни, терезелер, панельдер, батырмалар мен т. с. с. Window Manager – терезелердің орналасуын мен олардың әрекеттерін басқарады. Мысалы, Compiz – графиалық эффектілерді ұсынады. Desktop Environment – жұмыс үстелінің ортасы, негізгі үші түрі бар: KDE, GNOME, XFCE. Құрамында бағдарламалар жинағы болуы мүмкін. Мысалы, мәтіндік редактор ретінде Gnome ішінде gedit, ал KDE ішінде Kwrite болып келеді. Жай ғана бағдарламалар жинағы емес, өзара тығыз байланыстырылға болады, мысалы, медиаплейерде ойнап жатқа өлең атын жедел хабарламалармен алмасу бағдарламасы көрсете алады.
Десте – бағдарламалық қамтама файлы, құрамында бағдарламаның өзі, қосымша мәліметтер болады (лицензия мәтіні, мысалға). Десте атауы әдетте стандартты болады, бағдарлама аты, нұсқасы, архитектурасы көрсетіледі. Сонымен қатар, Linux әлемінде қолданатын дестелер түріне сәйкес дистрибутивтер екі үлкен топқа бөлінеді. Ең көп таралғандары deb және rpm дестелер түрлері. Алайда, кейбір дистрибутивтер өздік пішімдердегі дестелерді қолданады. Дестелер менеджері – БҚ дестелерін басқаруға арналған бағдарлама. Бағдарлама дестелерін іздеу, орнату, өшіру, жаңарту мен т. с. с. әрекеттерді орындайды Мысалы: dpkg, rpm. Archlinux үшін дестелер менеджері — pacman. Репозиторий – БҚ дестелері орналасатын жер. Ол интернеттегі серверде, жергілікті компьютерде, не компакт-дисктерде орналасуы мүмкін. Репозиторийден дестелер менеджері дестелер туралы ақпаратты оқып, оларды жүктеп алады. Бастапқы код – бағдарламаның «шикі» түрі, яғни, бағдарламалау тілінде жазылған код файлдары мен қосымша құрама (суреттер, құжаттама, т. с. с. ). Бағдарлама осы түрінде пайдасыз, қолдану үшін оны «жинау» керек, бұл үрдіс компиляция деп аталады. Скрипт – командалық өңдеуіш орындайтын командалар жазылған файл. Мысалы, командалар тізімін қайта-қайта тере бермеу үшін оны скриптке жинауға болады.
MAC OS.pptx