Презентация Microsoft PowerPoint.ppt
- Количество слайдов: 26
Маңғыстау облысындағы көз тартарлық жерлер.
l l l l l Ел: Қазақстан Статусы: Облыс орталығы: Ақтау Құрылған уақыты: 20 наурыз 1973 жыл Әкімі: Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов Ресми тілі: қазақ тілі Тұрғыны (2011): 524 175 адам (3, 1 %, 14 орын) Тығыздығы: 3, 1 адам/км² (13 орын) Жер аумағы: 165, 6 мың км² (6 %, 7 орын) Автомобиль коды: R
l Маңғыстау жерінің тумасы жазушы Әбіш Кекілбайұлы Маңғыстауды "Ұйқыдағы аруға" теңеген. Сонымен қатар ғарыштан түсірілген сурттерде Маңғыстау түбегінің контуры жас келіншектің профиліне ұқсайды.
l «Қазақстанның жеті кереметіне» үңілсек. 1. Оғыландыдағы Бекет-Ата жерасты мешіті (2124 дауыс берілген) 2. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі (1485) 3. Сауран қалашығы (594) 4. Қаратау жотасы (412) 5. Қазақстандағы ең терең Қарағия ойпаты (405) 6. Шерғала (369) 7. Астанадағы Бәйтерек монументі (284)
l l Бекет ата - ескерткіш ғимараттары - Маңғыстау, Үстірт, Жем бойындағы Бекет Ата есімімен байланысты жер асты ғимараттарының ортақ атауы. Олар туралы халық жадында сан алуан аңыздар сақталған. Бекет Ата Мырзағұлұлы (1750 - 1813) - әулие, халық батыры, абыз көреген, ағартушы, сәулетші. Туып, өскен жері Жем өзені бойындағы Ақмешіт Құлжан, Маңғыстау өңірі. Бекет Атаның білімдарлық, батырлық, әділдік, еңбексүйгіштік, абыз көріпкелдік қасиеттері өз дәуірінде ерекше танылған. Халық оны айрықша қадірлеп, әулие тұтқан. Адайлар өзінің ұранына айналдырған. Халық Бекет Атаның өмірін, қысылғанға жар болған ерекше қасиетін, әулиелігін ықыласпен әңгімелеп, ұрпақтан ұрпаққа ұластырған. Бекет Ата төрт мешіті бар. Оның бірі маңғыстаудан қашық емес, Оғыландыда, екіншісі Бейнеуде, үшіншісі Жем бойында, төртіншісі Арал жағасындағы Баялыда» дейді. Бекет Ата бүл мешіт-медреселерде құдайға құлшылық еткен, бала оқытқан. Бекет Ата ескерткішінің бірі - Жем өзені бойындағы Ақмешітте, Құлсары қаласына жақын жерде. Әктасты жартасқа қоржын там етіп ойып жасалған шағын ғимарат. Оның басына кейін қос кесене тұрғызылған. Екіншісі - Ескі Бейнеуде, ұлутасты шатқалға қашалған. Бөлмелері құлап, үгітіліп, байырғы қалпын жоғалта бастаған. Баялыдағы ескерткішғимараттың жай-күйі мәлім емес. Бекет Атаның Оғыландыдағы жер асты ғимараты жақсы сақталған. Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген бір тұмсығының үзіліп қалған шоқысына қашалған. Үш-төрт қанат киіз үй көлеміндей үш бөлме. Бекет ата мүрдесі осы бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Немересі Мұрынньң мүрдесі де осы бөлмеге қойылған. Кіреберіс бөлмеден жоғары шығатын есік арқылы жоғары бөлмеге баруға болады. Онда Бекет Атаның қызы жерленген.
l l l l Қаратау жотасы – Маңғыстау түбегіндегі аласа тау жоталары. Батыстан шығысқа қарай 110 км-ге созылып жатыр, енді жері 12 км. Батыс Қаратау және Шығыс Қаратау жоталарынан тұрады. Ең биік жері – Шығыс Қаратау жотасында орналасқан Бесшоқы тауы (552 м). Үстіртті келген тау беткейлері сай, жыра, шатқалдармен тілімденген. Пермь кезеңінің метаморфтанған құмтас, әктас және конгломераттарынан түзілген. Беткейінде жусан, қараған, етегінде тасбұйырғын өседі. Аңғары – жайылым. Тау баурайларында бұлақтар (Сарыбұлақ, Жаманүшқұз) бар. Қаратау жотасының жер қойнауында темір, мыс кентастары, көмір, мұнай, газдыңмол қоры барланған. Батыс және Шығыс Қаратау аралығында Маңғыстау ауданының орталығы – Шетпе ауылы орналасқан.
Қарақия ойпаты l Оның тереңдігі кез келген мектеп оқушысына таныс – 132 м. Оның ұзындығы 50 километрге жуық. Қарақия ойпаты Үстірт шоқысының бөлігі болып табылады, ойпаттың сілемі неоген шөгінділерінен құралған. Ойпаттың жоғарғы жағы сарматтық берік ізбестен, орталық жағы – жұмсақ балшық, тез қирайтын тау жыныстарынан құралған. Жаңбыр суының ағындары, жел, өзеннің бұзылған жылғалары ойпаттың жер бедерін қалыптастырады. Ойпаттың биік басынан айналаны тамашалауға – алыста мұнарланған тұман, төселген көкжиек, ал жаныңда деміңді шығармайтындай тұңғиық шыңырау. Айналаның барқыт жамылған адыр төбесі жол-жөнекей өтетін жолаушылардың көзін тамсандырады. Қарақия ойпаты өткен алыс жылдарда Каспий теңізінің бір бөлігі болған, теңіз иірімімен толып Қарақия шығанағында бөлініп шығатын болған. Міне, осы күйінде Қарақия шығанағы Шығыс Каспийді зерттеуші-ғалым Александр Бекович-Черкасский құрастырған картаға түсірілген. Қарақия ойпатының солтүстік-шығыс ұшпасында тарихи ескерткіштер, ежелгі адамдардың қоныстанған мекені болған.
l Шерқала Маңығыстау облысының төсінде орналасқан тау түзілісі. Маңғыстау өлкесін шын мәнінде білгісі келген адам, міндетті түрде сұлу Шерқаламен көркемделетін тамаша таулы арнаға аяғын басып көрді. Кейбіреулер оны шөлін қандырған жолаушының төңкерген кесесіне ұқсайтындығын айтады. Басқа біреулер тауды бір жағынан киіз үйге, екінші жағынан жасырынып тұрған жануарға ұқсастырады.
Үстірт l Батыста Маңғыстау түбегі мен Қарабұғазкөл шығанағы, шығыста Арал теңізі мен Әмудария атырауы аралығын алып жатқан дөңесті аймақ. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытта 550 — 600 км-ге созылған, ені 300 — 400 км. Ауданы 200 мың км². Үстірттің орташа биіктігі 150 — 200 м, оңтүстік-батысындағы ең биік жері 341 м (Мұзбел жоны).
Каспий теңізі l Каспий теңізі (море Хвалийское, түрікм. Hazar deňzi, парсыша: —ﺩﺭیﺎی ﺧﺰﺭ Daryâ-ye Xazar, әз. Xəzər dənizi) — Еуропамен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Аты XVIғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Грузияда Каспи қаласы қазір де бар. . Каспий теңізінің жалпы ауданы 376 мың км 2. Оның беті теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созыла орналасқан. Жағалау сызығының Қазақстан Үлесіне 29% (2340 км), Ресейге - 16%, Әзербайжанға - 20%, Түрікменстанға - 21%, Иран Ислам Республикасы - 14% тиеді.
Слайд дайындаған: l Абдрахманова Гульден ТК – 201 l 06. 10. 12 жыл l
Презентация Microsoft PowerPoint.ppt