Скачать презентацию М Х Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Педогогика Скачать презентацию М Х Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Педогогика

Арестотель.ppt

  • Количество слайдов: 15

М. Х Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Педогогика » кафедрасы « Аристотель еңбегіндегі ағартушылық М. Х Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Педогогика » кафедрасы « Аристотель еңбегіндегі ағартушылық идеялары Магистрант: Блешбаев Н. А Меңгеруші: Байдалиев Д

Жоспар: 1. 2. Аристотельдің философиялық еңбектері. 3. Аристотельдің таным теориясы. 4. Қорытынды 5. 2 Жоспар: 1. 2. Аристотельдің философиялық еңбектері. 3. Аристотельдің таным теориясы. 4. Қорытынды 5. 2 Аристотельдің өмірбаяны. Пайдаланылған әдебиеттер

Аристотельдің өмірбаяны Аристотель (грекше: Aristotélēs) (б. з. д. 384 – б. з. д. 322 Аристотельдің өмірбаяны Аристотель (грекше: Aristotélēs) (б. з. д. 384 – б. з. д. 322 жылдар) – грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік Өнер, саясат, үкімет, этика, биология және зоология. 3

Аристотель Халкидика түбегіндегі Стагейра қаласында б. з. д. 384 жылы туған. Оның әкесі Македония Аристотель Халкидика түбегіндегі Стагейра қаласында б. з. д. 384 жылы туған. Оның әкесі Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды. Шамамен он жасында Аристотель Афины қаласына барып, Платон Академиясында білім ала бастады. Ол сонда шамамен жиырма жыл бойы, б. з. д. 347 жылы Платон қайтыс болғанға дейін қала берді. Содан соң ол Ксенократпен бірге Кіші Азиядағы Һермиас патшаның иеліктеріне сапар шекті. Азияда болған кезінде ол Теофрастпен бірге Лесбос аралына сапар шегіп, екеуі аралдың өсімдік және жануар әлемін зерттеді. Аристотель Һермиастың қызы (не қарындасы) Питияға үйленді. Ол туған қызды ол Пития деп атады. Һермиас қайтыс болғаннан кейін Аристотельді Македония патшасы Филипп өзінің ұлы Александрға тәлімгер болуға шақырды.

Аристотельдің философиялық еңбектері Аристотельдің (б. з. б. 384— 322 жылдары) философиясы, бір жағынан, барлық Аристотельдің философиялық еңбектері Аристотельдің (б. з. б. 384— 322 жылдары) философиясы, бір жағынан, барлық көне грек философиясының қорытындысы іспетті. Ал, екінші жағынан, Аристотель көзқарасы орта ғасыр мен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды. Яғни бұл ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген мәселелерге жан-жақты талдау жасап, өз заманындағы көкейкесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды. Ол, сондай-ақ, өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі де күн тәртібіне қоймаған мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті. Аристотель философиясында алғаш рет өткен дәуір көзқарасына терең талдау жасалды. Ол "Метафизика" деп аталатын кітабында философияның негізгі мәселелерінің бірі — болмысты жан-жақты анықтай отырып, өзіне дейінгі ойшылдарға, әсіресе, Платонның философиясына сын ескертпелер айтты. Бұл жерде біз Аристотель мен Платонның арасындағы сабақтастық байланысқа тоқталып өткеніміз жөн. Я, Аристотель — Платонның шәкірті. Ұстазының көзі тірісінде шәкірті, оның шығармаларына сын көзбен қарап, пікірлерін ашық айтпағаны рас. Бірақ кейін келе, өзінің философия жүйесін жасау барысында ол Платонның көзқарасына қарама-қарсы шықты.

Енді біз Аристотельдің Енді біз Аристотельдің "Метафизика" деген кітабындағы Платонға қарсы айтқан біраз пікірлеріне қысқаша тоқталайық. Өйткені, бұл пікірлердің ішінде Платонды сынау ғана негізгі мәселе болып отырған жоқ, сонымен бірге осы ойлар жаңа философияның іргетасын қалайтын келелі мәселелерді қозғады. Аристотельдің ойынша, Платон сияқты "идеяларды" өз алдына бөлек болмыс деп, оларды сезімдік заттар дүниесінен бөліп алудың таным теориясына ешқандай пайдасы жоқ. Негізіңде, сезімдік заттар мен идеялардың болмыс табиғаты бір ғой. Ендеше, Платонның бұларды екіге бөліп, сезімдік заттар дүниесі мен идеялар дүниесі деп атауы ешбір қисынға келмейді. Өйткені, сайып келгенде, Платонның ойынша, қарама-қарсы идеялардың өзі сезімдік заттар дүниесінің көшірмесі, егіздің сыңары сияқты емес пе? Олай болса, Платон екіге бөліп отырған заттардың өзі бірбірімен бірігудің орнына алшақ келіп, бізге ешқандай білімнің негізін бермейді. Аристотельдің өзінің ұстазына бағыттаған екінші қарсылығында, "Платон идеялар дүниесін жеке бөліп альш, оның сезімдік заттар дүниесі мен арасындағы байланысты үзіп жіберді" деп көрсетеді. Әрине, Платон олардың арасын қосуға да әрекетгенді. Сондықтан ол сезімдік заттар дүниесі идеяларға біршама "қатысы" бар деп есептейді. Оның бұл түсіндірмесі баяғы замандағы пифагоршылардың әдісін қайталағаны. Олар заттардың сандарға қатысы бар, яғни соларға еліктейді деген болатын. Мұндай ой желісі мәселені толық шешіп бере алмайды, қайта бұл екі дүниенің арасындағы алшақтықты қайшылыққа әкеліп ұрындырды. Аристотель Платонның идеяларын талдай келе, оның логикалық ілімінің қайшылығын да ашты.

Ендеше, бұл — Ендеше, бұл — "идеялардың" өзіне тән екінші дүние. Сөйтіп, Платонның идеялар дүниесін амалсыздан сансыз көбейте беруге болады. Яғни, Аристотель көрсеткендей, идеялар дүниесінен келіп, "үшінші адам" шықты деуге мәжбүр етеді. Ол қалай дейсіз ғой? Ол мынандай жағдайға байланысты: "Әуелі жеке сезімдік адам және оның идеясы бар". Одан соң, осылар бағынатын тағы да бір "идея" бар. Ендеше, бұл идея бірінші идея мен сезімдік адамның арасындағы ортақ жалпылықты қамтиды. Олай болса, ол — "үшінші адам". Сайып келгенде, Платонның идеялар туралы теориясы сезімдік заттар дүниесін түсіңдіре алмайды, оның қасиеттерін ашуға да дәрменсіз. Бұл идеялар заттардың шығу тегін, қозғалуы мен қалыптасуын, пайда болуы мен жойылуын түсіңдіріп, оның мәнін аша алмайды. Өз алдына бөлек тұрған идея заттардың қайдан пайда болып, не себептен қозғалып дамитынына жауап беруге дәрменсіз келеді. Платон идеялар дүниесі арқылы жаратылыстану саласыңдағы себеп-салдарлы байланысты аша алмады. Сондықтан Аристотельдің ғылыми ілімдерге жете көңіл бөліп, жаратылыстану саласымен кеңінен айналысуы Платон философиясындағы қайшылықтардан шығудың жолын іздегендігі деуге әбден негіз бар. Осы жерде бұл екі ойшылдың көзқарасын бір-біріне тым қарсы қойып, бірін — материалист, екіншісін — идеалист деуден аулақ болған дұрыс.

Аристотельдің таным теориясы Сөзіміз жалпылама, абстрактылы болмас үшін, мынандай мәселенің қойылуы және шешілуін алайық. Аристотельдің таным теориясы Сөзіміз жалпылама, абстрактылы болмас үшін, мынандай мәселенің қойылуы және шешілуін алайық. Жоғарыда біз Аристотель Платонға қарсы шыға отырып, мазмұн мен форма, ягаи материя мен форма мөселесін көтерді, олардың өзара байланысын ашпақшы болды дедік қой. Ал енді осы екі категорияның ("материя" мен "форманың") диалектикалық қатынасын талдай отырып, Аристотельдің философиялық жүйесіне көз жүгіртелік. Аристотельдің анықтамасындағы "материя" Платонның ұғымындағыдан әлдеқайда өзгеше. "Материя", Аристотельдің ойынша, "субстрат" (латын тілінде "негіз", "астар" деген мағына береді). Ол өзінің анықтаушысынан, формасынан айырылған процесс. Сайып келгенде, бұл материя, субстрат тек қана мүмкіндік күйінде қалады. Бірақ ол мүмкіндіктен шындыққа айналуға тиіс. Сонда бұл процесс қалайша бір— біріне өтеді? Ең алдымен материя белгілі бір формаға ие болады. Бұл процесс мүмкіндіктің жүзеге асуы, оның шындыққа айналуы. Ендеше, форма жоқтан бар болмайды, болмыс еместен тумайды. Өйткені болмыс еместен ештеңе де шықпайды ғой. Ал, екіншіден, форма болмыстан да тумайды екен.

Егер ол болмыстан пайда болса, онда жаңадан болған нәрсенің бұрыннан да бар екендігі даусыз Егер ол болмыстан пайда болса, онда жаңадан болған нәрсенің бұрыннан да бар екендігі даусыз болар еді. Сонда Аристотельдің формаға берген анықтамасы, жалпы Платонның идеясын, яғни идеалдықты елестететін болды ғой. Бәрін былай қойғанда, жаңа замандағы К. Маркстің тауарды, құнды, қосымша құнды, тағы басқаларын әрі реалды, әрі идеалды деп анықтағанына ұқсас болып шықты ғой деген ойға келуіміз де мүмкін. Ол да рас. Шынында да, болмыстың болмауы және шын мәніндегі болмыс осы Аристотель айтып отырған форманы көз алдымызға елестетеді. Яғни Аристотельдің тілімен айтқанда, форма әуелгі кезде болмыс "мүмкіндігі". Ал оның мүмкіндікген шывдыққа айналуы форма болып шығады. Бірақ мәселе мынада. Қалайша болмыс емеске, одан керісінше айналады, ол ненің әсерінен болады? Оның қайнар көзі қайда жатыр? Аристотельдің айтуынша, шындық болатын болмыс формасы әуел басында өзінің бойына мүмкіндікгі сақтайды екен. Өзінің ойын Аристотель былай деп түсіндіреді. Адам әуелгі кезде сауатсыз еді, енді сауатты болды. Оның сауатты болғаны, бұрынғы сауатсыздығынан емес, керісінше, адамның сауатты болғаны, оның бойында сауаттылыққа деген мүмкіндіктің (қабілеттің) бар болғандығынан. Ендеше материяның, субстраттың бойында екі жағдай бар. Бірі — онда әлі "форма жоқ", ол кейін пайда болады, екіншіден, онда болашақта "формаға" айналатын мүмкіндік бар. Бұл бір процестің екі жағы. Бірі — теріс анықтама, ал екіншісі — оң анықтама.

Материя деген ұғым, Аристотельдің түсінігі бойынша, бір жағынан субстрат, яғни негіз, бірдеңенің ішкі астары. Материя деген ұғым, Аристотельдің түсінігі бойынша, бір жағынан субстрат, яғни негіз, бірдеңенің ішкі астары. Бұл шын мәніндегі таза мүмкіңдік қана деуге болады. Екінші жағынан материя мүмкшдік қана емес, ол іске асқан шыңдық. Айталық, егер біз "мраморды" алсақ, ол өз алдына жатқан "материя", яғни сезімдік зат. Оның осы күйінде химиялық, физикалық, биологиялық ерекшеліктері, қасиеттері бар. Оларды ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл, Аристотельдің тілімен айтқанда, "соңғы материя" болады. Жаңа заманда, капитализм дәуірінде ғана дүниеге, ойлау процесіне енген адамдардың қызметі туралы идея сонау көне грек дәуіріндегі Аристотельдің басына ұялағанына таң қаламыз. Амал нешік, жағдай солай болған соң? ! Көне грек философиясының жоғары шыңы болған Аристотель өз заманындағы саяси-әлеуметтік, экономикалық қатынастарға терең талдау жасай отырып, ол тіпті құн формасын зерттеуге дейін барды ғой. К. Маркс өзінің "Капиталының" I томында бұл жөнінде: "Ең алдымен Аристотель тауардың ақшалай формасы — құнның жай формасының тек келешектегі дамуы ғана, яғни бір тауар құнының Әйтеуір басқа бір тауардан көрінуі ғана деп мүлдем айқын керсетеді", — демей ме? ! Бірақ ол кезде, яғни көне грек заманында құн ұғымының болмауы Аристотельдің қайшылыққа тап болуына әкелді де, ол әрі қарай мәселені талдауды тоқтатады. Ал, шындығында, бір тауар мен екінші тауардың өзара алмасуының негізі бір нәрсеге байланысты ғой. Ол — адам еңбегі емес пе?

Аристотельдің материя мен форманың арақатынасы, олардың диалектикалық өзара байланысы туралы қарастырған мәселесі жаңа замандағы Аристотельдің материя мен форманың арақатынасы, олардың диалектикалық өзара байланысы туралы қарастырған мәселесі жаңа замандағы көптеген философтардың ой желісіне арқау болғанын байқаймыз. Бірақ бұл мәселені тек адамдардың практикалық қоғамдық қызметі арқылы ғана түсіне аламыз ғой. Аристотельдің таным теориясындағы бір ерекшелік — ол Платонның философиясындағы тар өрістілігін сынай отырып, материя мен форманың басын біріктірмекші болды. Өйткені Аристотель жаңа дәуірде, әсіресе, көне грек мәдениетінің құлдырау кезеңінде мазмұн мен форманы, материя мен форманы біріктіре, өзара тығыз байланыстыра қарамайьшша дүниенің (табигат пен қоғамның) негізін аша алмаған болар еді. Сондықтан Аристотель Платонның тар өрістілігін ғылым саласымен жете айналыса отырып аңғарды. Аристотельдің даналығы — ол ешкім байыбына барып шеше алмаған философиялық мәселені шешіп отыр. Адам көзі екі функцияны атқарады, бірі — көру. Ол жан-жануарларға да тән қасиет. Екіншісі — адам көзі қоғамдық, материалдық, тағы басқа қатынастардың мәнін ашады. Диалектикалық тұрғыдан қарағанда көздің екі жақты қызметі бар. Бірі — ол көздің негізгі қасиеті көру екені айтылады. Бұл дүниені, ен байлықты, жақсылық пен жамандықты, адалдық пен арамдықты көру, сол арқылы санаға заттың түрін, түсін тағы басқа да қасиеттерін түсінуге жол ашу.

Көптеген адамдар, жалпы адамзат үшін көз тек қана көру қызметімен ерекшеленеді. Ендеше даңқты қолбасшы Көптеген адамдар, жалпы адамзат үшін көз тек қана көру қызметімен ерекшеленеді. Ендеше даңқты қолбасшы — Ескендір (яғни Александр Македонский) үшін де бас сүйек тек қана зат, жансыз дененің бір мүшесі. Оның ешқандай мәні жоқ. Олай болса қақпадан бұған қарай лақтырып тастаған бас сүйек үңірейген көздің бейнесімен мұны қорлауға арналған сияқты болып көрінеді. Ескендірдің қаһарлы ашуын, мәселенің мәнін түсінбегендігін, даньшшан Аристотель байыппен, сабырлы түрде айқындап берді. Бас сүйек бір қарағанда ғана зат, материя, ешбір мәні жоқ, қураған нәрсе. Ал енді оның адамдардың қолына тиюі, адамдық қатынасқа түсуі жаңа бір ойдың түйінін аша бастады. Бұл жай бас емес, Абайдың тілімен айтқанда "кәпір" дүниеге араны ашылған көз, дүние байлыққа тоймайтынкөз. Ендеше Аристагельдің диалекгикалық көзқарасы бойынша қу бас біресе материя, зат, ешбір бағасыз бірдеңе, ал, екінші жағынан, ол адамдар арасындағы қатынаста формаға айналып, белгілі бір менге ие болады. . .

Қорытынды Мыңмен жалғыз алысқан Абай көне грек философиясының алыбы — Аристотельге ерекше назар аудара Қорытынды Мыңмен жалғыз алысқан Абай көне грек философиясының алыбы — Аристотельге ерекше назар аудара отырып, өзінің зар-мұңын шағады, заманның тарылып бара жатқанын айтады. . . Сонау көне заманда көрнекті қолбасшы — Александр Македонскийге ұстаз болған Аристотель қазақтың данасы — Абайға дәл осы өзі өмір сүріп отырған дәуірде, адамдардың рухани дүниесі өзгеріп, әрі жұтаңдап келе жатқан кезенде, оларға "атаанадан мал тәтті" болып, ашкөздікке бет бұрып, "ғылымда жоқ, ми да жоқ, даладағы аңдарға" айналып бара жатқанда аса қажет еді. Сондықтан данышпан ақын: "Қу емір жолдас болмас, өлі-ақ етер, Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер! ятың мен арынды малға сатып, Ұятсызда иман жоқ-түпке жетер", —деп түйіндейді. . . Аристотельдің ғылымдағы, әсіресе жаратылыстану салаларына, философияға, этика мен эстетикаға, тағы басқа да мәселелерде ашқан жаңалығы мен даналық үлесі ұшан теңіз. Біздің еліміз — Қазақстан үшін, әсіресе қазіргі нарықтық экономикаға бет бүрған, сол салада айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп отырған кезеңде, халқымызға гректің данышпан ойшылы — Аристотельдің еңбектері баға жетпес рухани байлықтың қайнар көзі болып есептеледі. Тек сол мәңгі суалмас рухани байлықтан нәр ала білу

Әдебиеттер тізімі 1. Әбішев Қ. Ә, Әбжанов Т. Ы. Аристотель философиясы, Алматы: Жазушы, 2005 Әдебиеттер тізімі 1. Әбішев Қ. Ә, Әбжанов Т. Ы. Аристотель философиясы, Алматы: Жазушы, 2005 ж. 2. Аристотель философиясы. 3 т. / «Әлемдік философиялық мұра» сериясы. 2 томдық/. Алматы: Жазушы, 2005. - 564 б.

НАЗАР САЛЫП ТЫҢҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ! НАЗАР САЛЫП ТЫҢҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!