615879455a75eea4b3eb39d81928543f.ppt
- Количество слайдов: 21
М А Р С
МАРС n Марстың планета екендігі адамзатқа ертеден белгілі болған. “Ұлы қарсы тұрыс” кезінде Марс қызыл сары түсті ең жарық жұлдыз (– 2, 7 жұлдыздық шамада) болып көрінеді. Тихо Браге мен Иоганн Кеплердің Марсты бақылауы бойынша 17ғасырдың басында Күн жүйесіндегі планеталардың қозғалу заңы анықталды. Марстың физикалық қасиеттері телескоп жасалғаннан кейін 17 -ғасырдың ортасында зерттеле бастады. Марсты зерттеудің жаңа кезеңі Марсқа планетааралық автомат стансаларды жіберуден басталады. Осы стансалардың көмегімен планета бетіндегі мөлшері 1 км-лік заттар өте жақыннан зерттелді. “Марс-3” (1972) стансасы тұңғыш рет планетаға қонды. 2004 ж. АҚШ Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы (NASA) жіберген “Оппортунит” және “Спирит” марсоходтары Марсқа қонып, онда су қоймаларының болғандығына зерттеулер жүргізді.
Ішкі құрылысы n Сатурн атмосферасының түбінде қысым мен температура өсе түседі де, сутегі біртене-біртене сұйық түрге айналады. 30 мың. км тереңдікте сутегі метал түріне айналады (қысым 3 миллион атмосфераға жетеді). Металл сутегіндегі электротоктардың айналымы магниттік ортаны түзеді (Юпитерден біршама басым). Ғаламшардың ортасында ауыр заттардан тұратын массивті ядро бар.
n Орташа диаметрі 6800 км, массасы 6, 423. 1023 кг Бетіндегі ауырлық күшінің үдеуі 3, 76 м/с2 Күнді эллипстік орбита бойымен 24, 2 км/с жылдамдықпен айналады n Марстың осьтік айналу периоды (жұлдыздық күн тәулігі) 24 сағ 37 мин 22, 7 с.
Ғарыштағы орны n Марс планетасын және планетааралық кеңістікті зерттеуге арналған кеңестік планетааралық автомат стансалар. Массасы 893, 5 кг, ұзындығы 3, 3 м, диаметрі 1, 1 м, ең алғашқы “Марс-1” автомат стансасы 1962 ж. 1 -қарашада ұшырылды. “Марс-1” автомат стансасы ғарыш кеңістігін зерттеу, планетааралық қашықтықтағы радио байланысты тексеру, планетаны суретке түсіру жұмыстарын жүргізді. 1971 ж. “Марс-2” (19 -мамырда) және “Марс-3” (28 -мамырда) автомат стансалары ұшырылды. Оларда орбиталық бөлік және планета бетіне қондырылатын аппаратуралар болды. “Марс-2”, “Марс-3” стансалары 8 айдан астам уақыт Марс серігінің орбитасынан зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1973 ж. Марс планетасына бағыттап 4 автомат стансасы ұшырылды. “Марс-4” пен “Марс-5” Марстан 2200 км қашықтықтан ұшып өтті. “Марс-6” мен “Марс-7” 1974 ж. наурыз айының алғашқы жартысында Марс планетасының аймағына жетті. Олардың көмегімен Жер және Марс орбиталарының аралығындағы ғарыштық кеңістіктің физикалық қасиеттері туралы жаңа мәліметтер алынды;
n Марс атмосферасының құрылымы, топырағының химиялық құрамы мен физика-механикалық қасиеттері зерттелді. Автоматты стансалардан алынған суреттер арқылы планетаның оптикалық сығылуын анықтауға, рельефтің профилін салуға, Марстың түрлі-түсті кескінін алуға мүмкіндік туды. 2003 ж. 30 -желтоқсанда Европалық ғарыш агенттігінің Марс Экспресс стансасы “Beegle-2” робот-биологты Марс планетасына жеткізді. Марста тіршілік бар ма деген сұраққа жауап іздеген робот-биолог технологиялық есептеулердегі жіберілген қателіктерге байланысты істен шықты. 2004 жылдың басында АҚШ Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы (NASA) жіберген “Оппортунит” және “Спирит” марсоходтары Марс планетасына қонып, Жерге Марс туралы қажетті деректерді жібере бастады
n Марс —Күн жүйесінің Күннен бастап санағандағы 4 -ғаламшары n Күннен орташа қашықтығы 228 млн км
Күн Ғаламшарлар мен олардың серіктері 1. Меркурий 2. Венера 3. Жер Ай жердің серігі 4. Марс 5. Юпитер 6. Сатурн 7. Уран 8. Нептун
Марстың серіктері
• Марстың Фобос және Деймос деген екі серігі экваторлық жазықтықта планетаға жақын – 9, 37 және 23, 25 мың км қашықтықта қозғалады, периодтары 7 сағ 40 мин және 30 сағ 21 мин. ФОБОС • Бұлар планетаны оның өз осінен айналуынан гөрі тезірек айналады. Фобостың ұзындығы 26 км, ені 21 км. Деймостың көлденеңі 13 км. ДЕЙМОС
Зерттелу тарихы n Марстың планета екендігі адамзатқа ертеден белгілі болған. “Ұлы қарсы тұрыс” кезінде Марс қызыл сары түсті ең жарық жұлдыз (– 2, 7 жұлдыздық шамада) болып көрінеді. Тихо Браге мен Иоганн Кеплердің Марсты бақылауы бойынша 17ғасырдың басында Күн жүйесіндегі планеталардың қозғалу заңы анықталды. Марстың физикалық қасиеттері телескоп жасалғаннан кейін 17 -ғасырдың ортасында зерттеле бастады. Марсты зерттеудің жаңа кезеңі Марсқа планетааралық автомат стансаларды жіберуден басталады. Осы стансалардың көмегімен планета бетіндегі мөлшері 1 км-лік заттар өте жақыннан зерттелді. “Марс-3” (1972) стансасы тұңғыш рет планетаға қонды. 2004 ж. АҚШ Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы (NASA) жіберген “Оппортунит” және “Спирит” марсоходтары Марсқа қонып, онда су қоймаларының болғандығына зерттеулер жүргізді.
• Қазақстандық астрофизик Габриил Тихов Марс планетасына жан-жақты зерттеулер жүргізді. Ол Марс бетінде қарапайым тіршілік көздері болуы мүмкін деген болжам айтты. Марста жанды заттар тұрады деген болжамдар температуралық және спектроскопиялық нәтижелермен дәлелденген жоқ.
Атмосферасы n Марста атмосфера бар екендігін оның дискісінің шетіне қарай күңгірттенуімен, планетаның тасасындағы жұлдыздардың бәсеңдеп сөнуімен, Марс бетіндегі заттардың айқындылығы жойылуымен дәлелдеуге болады. Марс дискісінің шетінде жеңіл түтін, өте жоғарыда жұқа дискреттік бұлттар, планетаның біраз бөлігін тасалайтын тозаң дауыл байқалады. Спектрлік бақылаудың нәтижесі бойынша Марс атмосферасының құрамында 50 -ден 100%-ға дейін көмірқышқыл газы (СО 2), су буының іздері және көміртек тотығы (СО) бар екендігі анықталды. 1000 км-ден жоғарғы биіктікте Марс атмосферасының басым көпшілігі сиреген (1 см 3 -де 104 атомдай) сутек атомдарынан тұрады. Марстың бірнеше қабаттан құралған ионосферасы бар
Температурасы n Күннен орташа қашықтықтағы Марс бетінен шыққан жылу ағынының (толқын ұзындығының 1 мм – 21 см) радиодиапазонындағы орташа температурасы 220± 10 К. Ол перигелийінде 10% жоғары, ал афелийінде сонша төмен болады. Марс бетінің әрбір нүктесіндегі инфрақызыл радиометрия әдісімен өлшенген температуралар: экватордағы талтүстен іле-шала кейін өлшеген температура 300 К, ол Күн батарда 220 К-ге дейін төмендейді. Түні бойы ол тағы да 50 К-ге төмендеп, таң атарда 174 К (– 100°С) болады.
Марстың шығысындағы дақтар Ғалымдардың ойынша әр көктемде Марстың шығыс бөлігінде пайда болатын дақтар марста тіршілік бар екендігіне белгі
Марста қатты климаттық өзгерістер болды, бірақ одан бұрын Марс жылы және ылғалды тіршілік болуы мүмкін ғаламшар болған еді
Мына суретте Марс мекендеушілерінің егін шаруашылығымен айналысқандығын көрсетеді
Дәл сондай сурет Перуде
Марс беті n Марс бетінде шартты түрде құрлық деп аталатын қызыл сары түсті дақтар көрінеді. Құрлыққа қарағанда теңіздер жарықты аз шағылыстырады, сондықтан ол қоңырлау болып көрінеді. Марс дискісінің солтүстік және оңтүстік полюстік бөліктері өте жақсы бақыланады. Бұл ақ дақтардың мөлшерлері марстық жыл ішінде өзгеріп отырады. Осы кезде Марстың қоңыр теңіздері негізгі кескінін сақтап, болар-болмас өзгереді. Осылардың негізінде Марс бетінің 1°-тық дәлдікпен түсірілген картасы жасалды. Америкалық “Маринер” сериялы стансалары түсірген фотосуреттен Марста Ай бетінің рельефіне ұқсас көптеген сақина таулар немесе кратерлер бар екендігі ашылды. Кратерлер құрлықта да, теңізде де кездеседі. Марста сөнбеген жанартау, планета қыртысының қозғалу белгілері байқалады.
Марсиандық сфинкс 7 км. пирамидалар
т! ме ах р за На ар рл зға ңы ы