пед лайд.pptx
- Количество слайдов: 5
М. А Даниловтың көрсетуінше педагогикалық процестің ішкі серпілісі оның негізгі, басты өзегі тәрбиенің мақсаты болады. Педагогикалық процестің зандылықтары «ұстаздар — оқушылар» жүйе байланысының бейнесі: жүйенің өзінің ішіндегі кейбір жеке қосымша жүйелердің және сыртқы басқа одан жоғары сатыдағы жүйелер байланысы (мектепті қоршаған әлеуметтік орта, қоғам).
Педагогикалық процестің негізгі мынадай зандылықтары болады: — оқу орнының педагогикалық процесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігіне сай болады; — педагогикалық процестің мақсатқа бағыттылығы қоғамның мақсатын көрсетеді, ол әлеуметтік тапсырыс ретінде, білім беру заңдары арқылы талап етіледі; — педагогикалық процес екі жақты процес, ол ұстаздар мен оқушылардың, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара әрекетімен байланысты, міндетті түрдегі екі жақты іс әрекет;
— оқушылардың шығармашылық белсенділігі мұғалімнің мұқият ойластырған және ұйымдастырылған іс — әрекетінің нәтижесі; — педагогикалық процестің қызметі оның жасалуымен ұйымдастырылуы оқушылар ұжымы, сонымен қатар жеке оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейлеріне сай келуіне байланысты; — педагогикалық процес бөліктерінің мағынасы маңыздылығы әртүрлі, олардың бір — біріне бағыныштылығы (иерархия) мен бір — біріне әсері бар; — педагогикалық процес бір қас қағым сәттік емес ұзақ мерзімге бағытталған; — педагогикалық процестің ішіндегі қосымша жүйелердің ортасы мен өзара қиылысқан бағыттарының әсері көптеген факторларды тудырады, соның ықпалы негізінде ең ақырғы нәтиже қалыптасады.
Принциптер мұғалімнің іс- әрекетін ұйымдастыруға қойған негізгі талаптар болып есептеледі, олар тұрақты нысаналар болып және педагогикалық процестің қызмет істеуінде творчестволық түрде көрінеді. Негізінен принциптерде педагогикалық процестің заңдары мен зандылықтары жүзеге асады. Бұл мұғалімнің теориядан практикалық әрекетке көшуі болады: — педагогикалық процестің ізеттілігі, тұлғалық нысандық бағыттылығы; — іс — әрекеттің санамен мінез — құлық бірлігін қалыптастыруға бағыттылығы; — педагогикалық процестегі іс — әрекеттерді оқушылар тұлғасын дамытудың көкейкесті қажеттілігін ескере отырып ұйымдастыру;
— педагогикалық талап қоюшылықты окушының көзқарасын оны адамдарға, құбылыстарға, процестерге қарым -қатынасын сыйлаумен ұйымдастыру; — оқушы мен ұжымның дамуында жеке даралықты (индивидуалдық) психологиялық физиологиялық жас ерекшелік пен ұлттық ерекшеліктерді ескеру; — педагогакалық басшылықгы оқушылардың инциативасымен, қайраткерлігімен ұластыру; — оқушылардың іс- әрекеттерде тиімді нәтижелерге жетуге көмектесу; — ұстаздардың, оқушьшар ұжымының және отбасыларының оқушыларға қоятын талаптарының үйлесімділігі; — әрбір бала үшін тиімді психологиялық ахуалдың әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету; — оқушы тұлғасы мен ұжымның дамуыңдағы жаңа құрылымды үздіксіз бақылау.
пед лайд.pptx