
БЭк-11-03 тобы_Бораш Б..pptx
- Количество слайдов: 13
Мәліметтер қорының даму тарихы Орындаған: БЭк-11 -3 тобы студенті Бораш Б. Тексерген: аға оқ. Смагулова С. Е.
МҚ ДАМУ ТАРИХЫ Бірінші электронды есептеуіш машиналар біздің елімізде ХХ ғасырдың 50 жылдарының басында пайда болды. Бұған қоса адамзат қызметінің жаңа саласы - ЭЕМ-ге бағдарлама жасау қарқынды дами түсті. Айта кету керек, өзінің қалыптасуының бастапқы кезеңінде де тіл құралы мен әдістерінің жетілмегендігіне қарамастан, ЭЕМ-ге бағдарлама жасау, оқушылардың оны қабылдауына және түсіну мүмкіншілігіне шек қоятын қандай да бір принциптік қиыншылықтарды тудырмайды. Бұған қарапайым түсініктеме бар: ЭЕМ-ге қиын емес оқу бағдарламаларын құрастыру жеткiншек жастағы оқушының шамасы келетiн, қарапайым және жалпы маңызды ұғымдардың шектелген ауқымына сүйенеді. Алғашқы ЭЕМ-дердің ғылыми-зерттеу мекемелерінде және жоғарғы оқу орныдарының iрi орталықтарында пайда болуынан кейін, бұған, яғни ЭЕМ-ге кіру және машина уақытына иелік ету мамандардың ынта-ықпалымен және олардың оқушылармен ізденушілік жұмыстарына деген қызығушылықтарына сәйкес келіп жатты, осыдан кейін ЭЕМ-де бағдарлама жасауды оқып үйренетін оқушылар топтары пайда бола бастады.
Қазіргі кезде осы сияқты практика ең алғаш рет қай жерде іске асырылғандығын анықтау қиын. Мысалы, бізге белгілі 50 жылдардың соңына қарай тәжірибе КСРО ғылыми акдемиясының болашақ академигі және мектеп информатикасының алғашқы нұсқасын жасауды ұйымдастырушы, Ресейлiк математиктер мен программистердің ең әйгілі өкілі А. П. Ершовтың (1931 -1988) қатысумен және де басшылығымен Академқалашыққа тиесілі Новосибирскінің бірқатар мектептерінiң есептеуіш техника базасында даму алды. Қысқа мерзім ішінде осындай бағыттағы жұмыстарға еліміздің ғылыми-зерттеу институттарынан және университеттерінен ондаған, жүздеген жаңашыл-оқымысты ғалымдар қосылды. Бұл алғашқы қадамдар оқушыларға жүйелі бағдарламалау оқу курсының жасалуына тікелей қатысы болмады, бірақта оқушыларды бағдарламалауға оқыту идеясының орындалатынын дәлелдеді.
МҚ жобалаудың принциптері мен әдістері Мәліметтер қорларының архитектурасы
Мәліметтер қоры сұлбасының жобалауын екі жолмен орындауға болады: - синтездеу яғни тақырып аймақтың объектілері арасындағы берілген бастапқы элементарлы тәуелділіктерден мәліметтер қорының сұлбасын құрастыру жолымен; - декомпозиция (бөлу) жолымен; сұлбаға кіретін қатынастардың бастапқы жиыны олардың проекциялары болатын басқа қатынастар жиынымен орын басады (сонымен бірге олардың сандары өседі). Мәліметтердің реляциялық қоры қатынастардың жиыны болып табылады. Бірақ кез келген жиын емес, нормаланған қатынастар жиыны болып табылады. Кейбір кәсіпорындарда орнатылған мәліметтерге қойылатын талаптарға сәйкес аталған сәйкес қасиеттері болатын қатынастар жиынындарын жасау нормалау деп аталады.
МҚБЖ-ң жасалуын зерттейтін ғылыми процесінде әр түрлі іске асырулар ұсынылды. 1978 жылы америкалық ANSI (American National Standards Institute) институті мәліметтер қорларын басқару жүйелерінің жалпы құрылымын ұсынды. Бұл құрылым үш деңгейлі архитектура деген атқа ие болды. Үщ деңгейі келесілер: концептуалды, сыртқы және ішкі деңгейлер. Сыртқы модельдердің деңгейі ең жоғарғы деңгей, мұнда мәліметтерге әр модельдің өзінің елестеуі бар.
‧ Пайдаланушылардың елестетулерін анықтайтын мәліметтер қорының құрылымды деңгейі сыртқы деңгей деп аталады. Бұл деңгей қолданушыға ең жақын деңгей, пайдаланушы мәліметтерді қай түрде көретінімен байланысты. ‧ Ортаңғы басқару түйін концептуалды деңгей болып табылады; мұнда мәліметтер қоры онымен жұмыс істейтін қолданбалылардың барлығымен қолданылатын мәліметтерді біріктіретін жалпы түрде көрсетіледі. Концептуалды деңгей мәліметтер қоры жасалатын тақырып аймақтың жалпы моделін көрсетеді. Концептуалды деңгей мәліметтер қорының логикалық сұлбасын анықтайды. ‧ Мәліметтер қорына физикалық көзқарасты (дискілер, физи – калық адрестер, индекстер т. б. ) анықтайтын мәліметтер қорының құрылымды деңгейі ішкі деңгей деп аталады. Бұл дең – гейді физикалық мәліметтер қорының жобалаушылары бақылайды.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі – көптеген қолданушылар мен мәліметтер қорын қолдану және берілгендерді енгізу үшін негізделген тілдік жабдықтар мен программалар кешені. МҚБЖ мәліметтер қорын қолдануды басқаратын бағдарламалық жабдық болып табылады. Бұл келесі түрде жүзеге асырылады: 1. Қолданушы арнайы деректер тілін қолдана отырып МҚ-ына сұраныс жібереді(мысалы, SQL). 2. МҚБЖ сұранысты қабылдайды және талдайды. 3. МҚБЖ осы қолданушы үшін сыртқы сызбаны қарастырады. 4. МҚБЖ сақталынған деректер қорында қажетті әрекетті орындайды. Комплекстік мәліметтер қорын бірнеше әдістермен құруға болады: 1. Программалаудың алгоритмдік тілдері – Бейсик, Паскаль. 2. Программалаудың ортасы көмегімен – Visual Basic, Delphi. 3. Мәліметтер қорын басқару жүйесі деп аталатын арнайы программалық жабдық көмегімен – Access, Fox. Pro. Дербес МҚБЖ бір компьютерде орындалатын жеке мәліметтер қорын құруды қамтамасыз етеді. Жеке МҚБЖ Paradox, Dbase, Fox. Pro, Access. Жалпы МҚБЖ «Клиент - Сервер» архитектурасымен жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді құруды қамтамасыз етеді. Мысалы Oracle, Microsoft SQL, SERVER, INTERBASE.
МҚБЖ – ның тілдік құрылғыларының құрамыналар жатады: 1. Мәліметтерді сипаттау тілі – мәліметтердің логикалық құрылымын сипаттауға арналған. 2. Мәліметтерді игеру тілі – мәліметтерді енгізу, таңдау, модификациялау операцияларын орындайды. 3. SQL – құрылымды программалау сұраулар тілі, мәліметтер құрылымын басқаруға, игеруге және қашықтықтағы мәліметтер қорына енуге арналған стандартты құрылғы. 4. Үлгі бойынша сұранымдар тілі QBE (Query By Example) мәліметтер қорында визуальды сұрауларды құруға арналған.
ҚАЗІРГІ МҚБЖ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ Қазіргі МҚБЖ-нің атқаратын негізгі қызметтері: 1. Мәліметтерді сақтау, алу және жаңарту; 2. Ақырғы қолданушыларға жүйелік каталогты жеткізу(аты, өрістердің типі және өлшемі, имя, байланыс атаулары, шектеулер және т. б. ); 3. Мәліметтердің бүтіндігін және қарама-қайшы келмеуін басқару; «Бүтіндік» терминімен, әдетте мәліметтер қоры әр бөлігінде сақталған мәліметтердің бір-біріне қарсы келмеуі түсіндіріледі. Мысалы: мектепке түсу мерзімі оны бітіру мерзімінен кеш болуы мүмкін емес. 4. Мәліметтердің тәуелсіздігін қолдау; 5. Транзакцияны қолдау (қолданушының мәліметтер қорын қолдануға және өзгертуге арналған әрекеттер жиыны); 6. МҚ-ын қалпына келтіру; 7. МҚ-ын қолдануды басқару; 8. Мәлімет алмасуды қолдау(коммуникациялық бағдарламалық жабдықтардың интеграциясы); 9. Қосымша қызметтер(экспорттау – импорттау утилиттері…).
КОНЦЕПТУАЛДЫ МОДЕЛЬ Концептуалды модель кез келген мәліметтер қоры жүйесінің өзегі болып табылады. Бұл қадамда пайдаланушылардың мәліметтерді елестетудің толық модельдері жасалып, соңынан олар мәліметтер қорының құрамында болатын мәліметтердің барлық элементтерін көрсететін концептуалды модельге ұйымдастырылады. Концептуалды модельдің бас элементтері объектілер және қатынастар болып табылады. Концептуалды модельді компьютерлік іске асырғанда лексикалық объектілер элементтері символдар тізбегі ретінде көрсетіледі.
МӘЛІМЕТТЕРДІҢ РЕЛЯЦИЯЛЫҚ МОДЕЛІ Реляциялық модель «қатынас» (Relationship) деген түсінікте негізделген, барлығы таныған артықшылықтары мен бірге кемшілік теріде болса, қазіргі кезде ең көп тараған модель. 80 -ші (ХХ ғ. ) жылдардың ортасынан бастап реляциялық мәліметтер қорларын басқаратын жүйелер басқа МҚБЖ-ді дүниежүзінің нарығынан ығыстыруына аталған артықшылықтар себеп болды. Артықшылықтары: - қарапайымдылық, абстракциялардың аз саны, олар көп тараған тақырып аймақтардың көбісін қарапайым модельдеудің және интуитивті түсінікті болып отырып дәл формалды анықтамаларды орнатуға мүмкіндік береді; - жақсы өңделген және қуатты математикалық аппаратының бар болуы; - олардың физикалық ұйымдастыруын білмей-ақ мәліметтерге операцияларды қолдану мүмкіндіктері;
Реляциялық модельдің кемшіліктері деп келесілерді есептейді: - басқа модельдерге қарағанда мәліметтерді сақтаудың тиімділігі төмен болып табылады; - кейбір операцияларды іске асырғанда жылдамдылық жеткілікті болмайды; - мәліметтердің күрделі құрылымын көрсету мүмкіндіктері шектелген; - тақырып аймақтың семантикасын адекватты көрсету мүмкін емес. Мәліметтерді кестелер немесе реляциялар түрінде көрсететін мәлімет – тер моделі мәліметтердің реляциялық моделі болып табылады. Реляция дегеніміз жатық және тік жолдардан тұратын екі өлшемді кесте. Реляциялық МҚБЖ-де ең кемінде 2 шарт орындалады: 1) пайдаланушылар мәліметтерді кесте түрінде қабылдайды; 2) пайдаланушы көне кестелерден бар болатын операторларды қолданып жаңа кестелерді жасауларына болады.
БЭк-11-03 тобы_Бораш Б..pptx