
Буклет по проф работе 2017.PPT
- Количество слайдов: 2
Мәдениеттану – адамзат іс-әрекетінің барлық саласын қамтитын гуманитарлық ғылым болып табылады. Мәдениет пен өркениет мәселесіне қызығушылық қазіргі қоғамның өзекті мәселесі. Себебі, мәдениеттану маңыздылығы өркениеттер интеграциясы үрдісімен түсіндіріледі. Мәдениеттанушы мамандар жоғары оқу орында, колледждерде, лицейлерде, гимназияларда ғылыми зерттеу және басқару ұжымдарында, мемлекеттік қызметте, халықаралық қатынастар жүйесінде, қоғамдық қатынастарды реттеу қызметіне кәсіби маман ретінде сұранысқа ие. «Мәдениеттану» мамандығы бойынша білім берудің барлық академиялық сатысы бойынша дайындалады: 1)бакалавр, 2) магистратура, 3)Ph. D докторантура. Оқу қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақ жүргізіледі. Мәдениеттанушылар өз кезегінде өнертанушы, мұражайлар мен ұлттық мәдениет орталықтарында кеңесші қызметін атқарады. Мәдениет саласымен тығыз қатынастағы ұйымдарда маман ретінде жұмыс істей алады. Біздің түлектер төмендегі салалар бойынша қызмет атқара алады: - мәдениет министрлігінде; - әкімшілік қарамағындағы мәдениет департаментінде; - мәдени саясат және өнертану институтында; - PR-агенттік және турагенттіктерде; - ұлттық-мәдени орталықтарда; - жоғарғы оқу орында, колледжде; - мәдени-әлеуметтік қорларда, мәдени туризмдегі менеджмент; - мәдени кәсіби мекемелерде (арт-галерея, киностудия, театр, музей); - БАҚ саласында (теледидар, радиостанця, газет, журнал) және т. б. Оқу үздіктері өз білімдерін магистратурада және байланыс орнатылған шетел университеттерінде жалғастыра алады. Магистратурадан кейін Ph. D оқу бағдарламасын меңгерген ізденушіге докторлық ғылыми дәрежесі беріледі. Факультетте мәдениеттану саласында еңбек ететін, талапты, ойшыл, еңбекқор студенттерге талаптарын ұштауға көмектесетін Қазақстандағы үздік мамандар сабақ береді. Кәсіби жоғары мамандар оқу үрдісінің жоғары сапасын игерген және Сіздің ғылыми қызығушылығыңызды тудыру үшін түрлі курстар ұсынады. Студенттердің шет тілін үйренуге мүмкіндігі бар, шет елдердің белгілі ЖООдарында “Болашақ” бағарламасы бойынша оқуға жағдай жасалған. Студенттер Интернетті және кітапханаларды қолданады, бұл жерде мәдениеттанудың мол әдебиеттері бар, оқу бөлмесі мен компъютер классы жұмыс істейді, бұл жерде сізді компъютерде жұмыс істеуді және зерттеу бағдарламаларымен өздігіңізше қолдануға үйретеді. Сондай-ақ басқа қалалық студенттерге қазіргі заманға сай ыңғайлы жатаханалардан орын беріледі. Жазғы демалыс уақыттарында ҚазҰУ-дың ЫстықКөл маңындағы спорттық-сауықтыру лагеріне Сіздің демалуыңызға жағдай жаcалған. Дінтанудың зерттеу пәні Дінтану – бұл діни ілімдер тарихын және діни өмірдің институциялық формасын діни-мәдени мұра, діни өнер, діни жазба ескерткіштерін, діни білім және ғылыми зерттеу қызметі, дінге тән құқықты, діндер тарихының археологиялық ескерткіштерін, түрлі діни ілімдер мен діни ұйымдар арасындағы өзара қатынас тарихы мен қазіргі ахуалын зерттейді. Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде дінтану зайырлы тұрғыдан оқытылады. Дінтану пәні – тарихтың сан ғасырлық мұрасында жинақталған діни тәжірибе, діни мәдениет ескерткіштері, интеллектуалды және рухани мұралар болып табылады. Барлық оқытушылар діни білімге, діни әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерге құрметпен қарайды. Зайырлы ғылымның тақырыбы мен мазмұны атеистік немесе дінге қарсы емес. Университетте оқытылатын діни ғылымдардың тақырыбы мен мазмұны қайырымдылық, ізгілік, адам сүйгіштік, патриотизм, толеранттылық, басқа дін өкілдеріне құрметпен қарау қағидаттарына сүйенеді. Бакалаврлар дінтанудың төмендегідей бағыттары бойынша арнайы дайындықтан өтеді: Дін тарихы Ислам теологиясы Христиан теологиясы Құран және Құран ілімі Дін философиясы Дін әлеуметтануы Дін психологиясы Дін антропологиясы Дін этика мен аксиологиясы Дін және өнер Дін және мәдениет Еркін ой және дін Дәстүрлі емес культтер мен эзотериялық ілімдер. Қазақстандағы дін мемлекет арақатынасы Қазақстандағы ислам Қазақстандағы православие Дінтану және Мәдениеттану кафедрасының шет ел университеттерімен байланысы 1. Ресей Ислам университеті Қазан, Ресей қ-ғы; 2. Пуссан университеті (Оңтүстік Корея); 3. Техас университеті, Техас А&М Liberal of Art; 4. Халықаралық Аль-Мадина университеті (Куала Лумпур, Малайзия); 5. Мимар Синан университеті. (Стамбул, Түркия ) 6. Мармара университеті (Стамбул, Түркия 7. Сельджук университетінің теология факультеті (Туркия, Кония қ-сы) 8. Ин Сё университеті (Оңтүстік Корея) «Дінтану» мамандығының түлектері келесі мамандықтар бойынша жұмыс істей алады: - ІІМ, ҰҚК және прокуратура органдарында кеңес беруші және эксперт маманы ретінде; - Ішкі және сыртқы саясат бөлімдерінің қызметкерлері; Діни істер бойынша Комитетте; - Мемлекеттік, конфессиялық және қоғамдық ұйымдарда тәуелсіз эксперт ретінде; - Мемлекеттік-құқықтық және мемлекеттік-шіркеулік мәселелерде дінаралық және конфессияаралық қатынастар бойынша кеңесші; - Жоғары және арнайы орта оқу орында оқытушы ретінде. - мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары; - Бітіруші магистратура мен Ph. D білімін жалғастыра алады және халықаралық жобаларды іске асыруға (БҰҰ, ISESKO, Ашық қоғам институты және т. б. ) қатыса алады; - «Халал» стандарттау комитетінің, ҚМДБ қызметкерлері және басқа да мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері;
Студенттер интернет және дінтану бойынша жаңа отандық және шетел әдебиеттерін пайдаланады. Шет елде және діни орталықтарда, әкімшіліктердің ішкі саясат департаменттерінде, университеттерде, колледждерде және т. б. жерлерде практикадан өте алады. Шет тілін меңгеруді қалайтындар үшін ағылшын, араб, парсы, түрік тілдерінде сабақ өткізіледі. Бітіру жұмысын үздік қорғаған бітірушілер магистратура мен РһD білімін жалғастыра алады. ҚазҰУ студенттеріне толыққанды оқуына және демалысына жағдай жасалынған. Университетте бағасы төмен, әрі сапалы, дәмді тағамдар даярлайтын ірі қоғамдық тамақтандыру комбинаты, асханалар және буфеттер бар. Басқа қаладан келген студенттерге жатақханадан орын беріледі. ҚазҰУ қалашығында Студенттер Сарайы, киноклуб, спорттық кешен, Ыстық-көл жағалауында жаздық спорттық-сауықтыру кешені бар. ДІНТАНУ және МӘДЕНИЕТТАНУ кафедрасы Бейіндік пән – 2 Шығармашылық емтихан Дінтану мамандығы Республикамыздағы жаңа және үлкен сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Егер сіз «Дінтану» мамандығын таңдаған болсаңыз, онда жоғарғы кәсіби деңгейде конфессионалдық мәселелерді терең талдауға қабілетті боласыздар. Бейіндік пән – Қосымша ақпаратты Сіз төмендегі мекен-жай арқылы біле аласыз: Қазақстан Республикасы, 050040 Алматы қ. , әл-Фараби даңғылы 71. , 4 бөлме Тел. : 377 -33 -30, 377 -33 -31 (ішкі н. 1337 ) Шет тілі, тарих Мәдениеттану мамандығы мәдениет және оның институттарын тұтас феномен ретінде зерттейтін ғылым саласы. Мәдениет пен өркениет мәселесіне қызығушылық қазіргі қоғамның өзекті мәселесі.
Буклет по проф работе 2017.PPT