m_1241_deniet__1241_leumettanuy_1.pptx
- Количество слайдов: 15
МӘДЕНИЕТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Мәдениет (арабша “маданият” – қала, қалалық; латынша – өңдеу, өсіру ) – 1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; 2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері; 3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті, т. б. ); 4) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет, т. б. ).
Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтитын құндылықтарының жиынтығы Қоғамның рухани байлықтары Қоғамның материалдық байлықтары • рухани өндірістің өнімі деп қаралады. • материалдық өндірістің жемісі
Мәдениеттің қызметтері Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі. Танымдық қызметі. Реттеу қызметі. Коммуникативтік, қарымқатынастық қызметі
Мәдениетің элементтері Тіл Құндылық Этика Әдетғұрып Салтдәстүр Өнер
Мәдениет әлеуметтануындағы негізгі терминдер Аккультурация –қандай да бір халықтың, мәдениеті жоғары дамыған басқа бір халықтың мәдениетін жартылай не толық қабылдау кезінде болатын мәдени өзара ықпалдасу; Субмәдениет – жалпы мәдени құндылықтар мен нормаларға қайшы келмейтін жалпы мәдениеттің бір бөлігі; Контрмәдениет – жалпы мәдени құндылықтар мен нормаларға қайшы келетін жалпы мәдениеттің бір бөлігі; Ассимиляция-бір халықтың мәдениетінің басқа халықтың мәдениетімен араласып, сіңісіп кетуі; Бұқаралық мәдениет -қағам қабаттарының арасында атақты және көпшілік мәдениеті (спорт, көңiл көтеру, тұрмыс-салт, музыка, pop -music, әдебиет, бұқаралық ақпарат құрал, бейнелеу өнер тағы сол сияқтылар құбылыстар). Мультимәдениет – бір елде бірнеше ұлт мәдениеттерінің қатар өмір сүруі.
Этноцентризм (гр. ethnos - тайпа, топ, халық - орта) адамның қоршаған ортаның нақтылығының құбылысын эталон қасиеті ретінде қарастырылатын өзінің этникалық қоғамдастықтың позициясымен бағалау мен қабылдауға бейімделуі, басқа сөзбен айтқанда, адамның өмірдегі барлық жағдайларға өз этностық тобының қадір-қасиеті, ұлттық сипаты, тарихтағы рөлі туралы дәріптеушілік пікір тұрғысынан қарауға бейімділігі. Бір топ орталық, ал қалғандары осы топқа негізделіп бағаланатын жағдайдағы қоғамға деген көзқарас. Мәдени релятивизм – әр халықтың мәдениеті өз алдына, сондықтан да ол туралы дәл бағаны беру тек сол мәдениет шекарасында ғана жүзеге асады деген әдістемелік көзқарасты айтамыз. Әр халық мәдениеті тек сол мәдениеттің өзіндік құндылықтары аясында және өзіндік контекстінде ғана толық түсінікке ие болады.
Симуля кр (лат. simulo, «сыңай байқату, сылтаурату» ) — түпнұсқасы жоқ көшірменің көшірмесі. . Басқа сөзбен айтқанда, семиотикалық, нақты өмірдегі маңызы жоқ объектінің белгісі. Бұл термин атақты философ Жан Бодрийяр еңбектерінде кездеседі. Ерте кезде бұл термин тек бейне, сурет деген мағынада болды. Мысалы, фотосурет – нақты ондағы бейнеленген бейненің ғана симулякры, тағы нақты болған оқиғаны өз сөзімен баяндау да – міне осының барлығы симулякрға жатады. Қазіргі кезде симулякр ұғымын Бодрийярдың айтып кеткені бойынша түсінеді: симулякр – бұл түпнұсқасы жоқ сурет, нақты өмірде жоқ нәрсенің репрезентациясы. Мысалы, симулякр деп бір нәрсенің сандық фотосуреті сияқты көрінетін суретті айтуға болады, бірақ оның бейнелеп тұрған бейнесі мүлдем жоқ және болмағанда. «Симулякрлар » деп тағы жоғарыда келтірілгендей нақты анықтамаға сүйенбейтін , одан да ауқымды объектілерді айтуға болады. Мысалы, Бодрийяр симулякр деп 1991 жылы Парсы шығанағындағы соғысты айтқан, . Өйткені, осы соғысты БАҚ арқылы бақылап отырғандар үшін ол жерде не болып жатқанын білу мүмкіндігі болмады, бәлкім ол теледидардағы репортаждардың жай ойдан шығарғаныболды ма? Осыдан шығатыны кез-келген ойдан шығарулар, өтіріктер – симулякр деуге болады. Бірақ бұл дұрыс емес. Тек нақты өмірдің иммитация және симуляция кезінде ғана симулякр шығады. Жан Бодрийяр симулякрлардың келесідей ретін көрсетіп кетті: 1 -ші реті — имитациялар, көшірмелер, боямалар. 2 -ші реті — функционалды аналогтар, топтамалар. 3 -ші реті — нақтылық(ақша, мода, ДНҚ, модель, қоғамдық қөзқарас).

Әлеуметтік-мәдени динамика П. А. Сорокин әлеуметтанудың ірі тұжырымдамасын жасап, дүние жүзіндегі өзгерістердің болашағын түсіндірді. Оның бұл жөнінде екі тұжырымдамасы болды. Олардың біріншісі, әлеуметтік-мәдени динамика, екіншісі – қоғамның тұтастық (яғни, біріктіруші - И. А. ) тұрпаты. Бірінші тұжырымдамасына қандай да бір тарихи өзгеріс болмасын, оны мәдени типтердің дамуы ретінде қарады. Ал, мұндаға әрбір мәдени тип бір бүтін ерекше құбылыс ретінде көрінеді. П. Сорокиннің пікірінше, осындай негігі топтардың үш түрі болады. Олар: сезімдік, ақыл-парасаттылық (рациональный), идеалистік. Біріншісінде нақты дүниені тікелей сезімдер арқылы қабылдау, екіншісінде ақыл – парасатқа, ақылға жеңдіру арқылы, үшіншісінде – интуицияның (яғни, жорам-алдап сезінудің) басым болуы арқылы іске асырылады. Осылай мәдени типтің әрқайсысы дамып отырады және олар қоғамның ілгері дамуының әрбір кезеңіне тән. П. Сорокиннің әлеуметтік мәдени тұжырымдамасы қоғамдағы әлеуметтік өзгерістердің пайда болатын көзін және қозғаушы күштерін анықтайды. Одан әрі олардың диалектикасын анықтау әрекеті, талабы болады. П. Сорокин өзінің болашаққа көзқарасын тұжырымдады. 60 -жылдары оның бұл тұжырымдамасы конвергенция тұжырымдамасының негізгі құрамында болды, өйткені П. Сорокиннің бұл тұжырымдамасы қоғамның алуан түрлі ұйымдары мен жүйелерінің арасындағы байланыс-қатынастарды және адамзат қоғамының талап-тілегіне оларды пайдалануды нақты түрде көрсетті. Олардың ішінде меншік түрлері мен саяси құрылымдағы плюрализм (алуан түрлілігі), еңбекті және экономикалық тәртіпті ынталандыру, басқа елдермен қарым-қатынастардың, әдіс-тәсілдерін жоспарлау, т. б. болады. П. Сорокин жалпы адамзат қоғамы қиын-қыстау жағдайды басынан өткізіп, өзгеріп отырса да, ол әруақытта бірігу бағытына қарай дамитындығын атап көрсетті.
Мәдени шок Американдық антрополог Ф. Бок өзінің мәдени антропологиясындағы мақаласында ( «Culture Shock» деп аталатын) мәдениетке мынадай анықтама береді: «Мәдениет сөзі, ең ауқымды мағынада, - өз үйінді тастап кеткенде бөтен болып қалуынды айтады. Мәдениет өзінің құрамына адамдардың айтып, көрсететін барлық күтулер мен сендірулерді кіргізеді. Егер сен мәдениеті ортақ адамдардың тобында болсаң, сен оларға бір нәрсе түсіндіріп, не олар саған өз мәдениетін түсіндіріп отырмайды, себебі сен одан не күту керек екендігін білесін. Ал егер сен басқа мәдени ортаға барсаң, онда сен қиналып жалғыздығынды түсініп, мәдени шокқа". Жалпылай келгенде, мәдени шок дегеніміз – екі мәдениеттің санадағы жеке қақтығысы. Боктың айтуынша, осы конфликтты бес түрлі шешу жолдары бар: 1 -ші жолы : геттоизация 2 -ші жолы : ассимиляция 3 -ші жолы : мәдениеттер арасында келісімге келу 4 -ші жолы : жеке саладағы ассимиляция
m_1241_deniet__1241_leumettanuy_1.pptx