article_3205.pptx
- Количество слайдов: 29
Мәңгілік тағзым
Автор: Сагимбек Ермек Касенулы Учитель истории и географии КГУ сш имени Найманбая Восточно Казахстанская область Село Маканчи
Жүнісов Рақымжан 1922 жылы Мақаншы ауылында дүиеге келген. 1942 жылы ақпан айында соғысқа аттанып Москва, Жапония соғыстарынақатысқан. Соғыс жылдарында сапер қызметін атқарып минадан тазарту жұмыстарын жүргізген. Соғыстағы ерлік істері үшін «За боевые заслуги» , «За победу над Германией» , «За победу над Японией» , « Маршал Г. Жуков» атты медальдар мен және басқа да көптеген наградалармен марапатталған. Соғыстан кейін «Арқалды» кеңшарында бас бухгалтер қызметін атқарып, зейнетке шыққан. 2011 жылы дүниеден өтіп, Мақаншы ауылында жерленген.
Вялкин Николай Васильевич 1927 жылы 22 мамыр айында Семей облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылында дүниеге келген. 1944 жылы 10 қаңтарда әскер қатарына шақырылған. 1951 жылы әскер қатарынан шығарылып, туған еліне оралған. Ұлы Отан соғысы ардагері. Мемлекеттік медальдар мен наградалардың иегері. Атап айтсақ: Орден «Слава ІІІ ст. » , Медальдары «За боевые заслуги» , «За победу над Германией» , «Кеңес Әскері мен флотына 30 жыл» , «ҰОС 20 жыл» , «ҰОС 30 жыл» , «ҰОС 40 жыл» , «ҰОС 50 жыл» , ҰОС-ның 53 жылдығына орай соғыс ардагері белгісі, Кеңес одағының маршалы «Жуков Г. К. » медалі, ҰОС Жеңіске 60 жыл медальдарымен мараптталған. 2006 жыл 30 маусымда қайтыс болып, Мақаншы ауылында жерленген.
Калашников Василий Петрович 1927 жылы 8 ақпанда Семей облысы Мақаншы ауданы Петровск ауылында дүниеге келген. 1934 жылы Петровск ауылындағы мектепке бірінші сыныпқа барған. 1943 жылы 16 жасар Василий Петровичті майданға аттандырады. Соғыстан оралғаннан кейін ұзақ жылдар бойы ауылдың мәдениет үйінде меңгеруші қызметін атқарады, егіс даласында комбайнер болып та жұмыс істеген. 1970 жылдары омарташы болып жұмыс істесе, 1977 жылы ә/б 2086 оператор болып жұмысқа тұрады. Еңбек демалысына шыққанша осы жерде жұмыс істеген.
Могильников Василий Иванович 1926 жылы Семей облысы Үржар ауданы Үржар ауылында дүниеге келген. 1943 жылы соғысқа шақырылып, Белоруссия, Латвия, Литва, Эстония, батыс Украина, Прибалтика жерлерін қорғауға қатысқан. Соғыс жылдарында ол барлаушы қызметін атқарған. Соғыстан кейін Мақаншы ауылында ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған. 2014 жылы қайтыс болған. Мақаншы ауылында жерленген.
Рамазанов Әміре 1919 жылы дүниеге келген. 1939 жылы Карелия майданында СССР мен Финляндия арасында соғысқа қатысады. Ұлы Отан соғысы кезінде Москва, Ленинград үшін шайқастарға қатысты, Эстония, Литва, Латвия жаудан босатуға қатысады. Соғысты Эльба өзенінде аяқтайды. Москвада өткен 1945 жылы Ұлы Жеңіс шеруіне қатысады. ІІІ жауынгерлік «Қызыл жұлдыз» . «Отан Соғысының І дәрежелі» ордені, 1 жауынгерлік, 9 мерекелік медальдар мен және наградалармен марапатталған. Соғыстан кейінгі жылдарда тәлімгер, мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі 40 жылдан астам уақыт ұстаздық қызметін атқарған. Әміре Рамазанов халық ағарту үздігі. Ұлы Отан соғысының 50 жылдығында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің, 55 жылдығында Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қабылдауында болған. 2007 жылы қайтыс болды.
Скаков Абдыкарим 1926 жылы 5 желтоқсанда Семей облысы Мақаншы ауылында дүниеге келген. 1944 жылы әскер қатарына шақырылыған. 1944 -1948 жылдар аралығында Сталинград қаласында байланысшы болып қызмет атқарады. 1948 жылы соғыста алған жарақатына байланысты туған жеріне қайта оралады.
Ибрагимов Сүлеймен Әубәкірұлы 1919 жылы 23 ақпанда Үржар ауданында дүниеге келген. Әке-шешеден ерте айрылған ол ағайындарының қолында жүріп, интернатта тәрбиеленді. 1935 -38 жылдары Аягөз педучилищесінде оқып, оны 1938 жылы бітіріп шығады. Одан кейін Мақаншы ауданына келіп Жабұлақ ауылындағы бастауыш мектептің меңгерушісі және мұғалімі болып жұмыс істеді. 1939 жылы 15 қазанда әскер қатарына шақырылады. Украина республикасының жерінде әскери қызмет атқарып жүргенде соғыс басталады. Соғыс кезінде батыс майданда, Калинин майданында, екінші Украин майданында, Забайкал, Амур майдандарында жауға қарсы шайқасты. Сулеймен Әубәкірұлың 3 рет Жауынгерлік «Қызыл Ту» орденімен, 3 рет «Ұлы Отан соғысының» орденімен, 5 медальмен марапатталған. 17 рет Жоғары Бас қолбасшының Алғысын алды. Совет армиясы қатарынан 1947 жылы Мақаншы ауылына қайтып оралады. 1995 жылы «Даңқ» орденімен марапатталған. 2000 жылы Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қабылдауында болған.
Ахатаев Тоқтарбай Балқыбайұлы 1925 жылы 10 наурызда бұрынғы Талдықорған облысы Рыбачее ауылында дүниеге келген. 1942 жылдың қаңтар айында әскер қатарына алынды. Германияның Кузберг қаласына дейін барған. Көрсеткен ерліктері үшін Кенигсбергті азат еткені үшін» ІІ дәрежелі «Отан соғысы» , «Маршал Жуков» медальдары және басқада мерекелік медальдармен марапатталған. Соғыс аяқталғаннан кейін 1959 жылы туған ауылы Рыбачееге оралып, балық шаруашылығында жұмыс істеген. 1961 жылдан бастап Мақаншы ауылында тұрады. Мичурин совхозында тракторшы болып еңбек етті. Зейнеткер. Қазіргі кезде Мақаншы ауылында тұрады.
Омарқұлов Қапсәлім Омарқұлұлы 1921 жылы Семей облысы Мақаншы ауылында дүниеге келген. Соғыстың басынан аяғынан дейін қатысқан. Соғыс жылдарында 71042, 11810, және де 37 Шекаралық-Ясско полкінде қызмет атқарған. Измаил, Будапешт қалаларын қорғаудағы ерлігі үшін Жоғарғы Бас қолбасшының алғысы мен «За боевые заслуги» , «За победу над Германией» , «За взятие Будапешта» , «За взятие Вены» медальдарымен марапатталған. Соғыстан кейін Семей қаласындағы ауылшаруашылық мектебіне түсіп, механизатор мамандығын алады. 1965 жылы соғыста алған жарақаттары қайта ушығып қайтыс болды.
Сағатбаев Қызыр Сағатбайұлы 1926 жылы Семей облысы Мақаншы ауданы Бахты ауылында дүниеге келген. 1944 жылы 3 ақпанда Совет армиясы қатарына шақырылады. Соғыс жылдары 50 -запастағы атқыштар полкінде әскерлік қызметінде болған. 1950 жылы Отандық әскери қызметтен босатылды. Содан соң Бахты савхозында шопан болып еңбек етті. 1984 жылы еңбек демалысына шықты.
Садвакасов Кабдикарим 1919 жылы Семей облысы Үржар ауданы Қарақол ауылында дүниеге келген. 1939 жылы Совет армиясының қатарына шақырылып бірден майдан шебіне жіберілді. Соғыс жылдарында Иран, Румыния, Чехословакия майдан шебінде соғысып, аға лейтенеант шенін алған. Сондай-ақ Жапонияға қарсы соғысқа қатысқан. 19391940 жылдары 65 атқыштар полкінде курсант, 1940 -1941 жылдары 44 автотранспорттық бригадада курсант, 19411942 жылдары аралығында 37 танк полкінде бөлімше командирі қызметін атқарған қаласы, 1942 -1943 жылдары 11 оқу автополкінде бөлімше командирі, Москва қаласы. 19431945 жылдары Тегеран қаласында 1 автобригадада бөлімше командирі қызметтерін атқарған. 1945 -1946 жылдары 4 -ші жеке байланыс батальонында бөлімше командирі қызметін атқарды. Иркутск қаласы 1946 жылы Совет армиясы қатарынан босатылып туған өлкеге оралды. Соғыстан кейін Аудандық «Қызыл жұлдыз» газетінде жауапты хатшы, редактор қызметін атқарды. 1970 жылы қайтыс болған.
Серикболов Саукен Серикболұлы 1922 жылы Қарақол ауылында дүниеге келген. Соғысқа 1942 жылы алынған. Аға сержант. ВКП(б) мүшесі. Бөлімше командирі болған. Соғыста 1944 жылы 8 тамызда жараланып госпитальда жатып емделген. 2 қазанда 1944 жылы соғыстан қайтқан. Наградалары: «За победу под Германией в Великой Отечественной Войне 1941 -1945» Соғыстан оралғаннан кейін Мақаншыда жұмыс істеген. Кейіннен «Арқалды» совхозында ұзақ жылдар бойы есепші болып жұмыс істеді. 1981 жылы 6 қазанда 59 жасында дүниеден өтеді.
Жақамбаев Тепен 1924 жылы Мақаншы ауылында дүниеге келген. 1942 жылы соғыста жараланып 1942 -1943 жылдар аралығында № 2666 Томбов облысының Мушкет статционарында болған. 1943 -1944 жылдары 60 -шы Киев бағытындағы 383 атқыштар полкінің 121 дивизиясында бөлімше командирі болып жұмыс атқарған. 1944 жылы соғыс барысында алған жарақатына байланысты туған ауылына қайтып оралған. 1944 жылы желтоқсан айында Мақаншы аудандық әскери комиссариаты Мақаншы өңірі бойынша РСМСВД- ға жолдама береді. Осы аталған ұйымда 1958 жылдың қаңтар айына дейін жұмыс атқарған. Денсаулығына байланысты Мақаншы РОВД бөлімінің паспорт рәсімдеу бөлімінің бастығы қызметін. 1962 жылы Мақаншы ауылында қайтыс болған.
Самбиталиев Орындықпай 1923 жылы Үржар ауданы, Елтай ауылында дүниеге келген. 1937 жылы ата -анасы қайтыс болған соң Науалы балалар үйіне орналастырылған. 1940 жылы Жоғарғы Артилерия училищесіне оқуға түскен. . Сталинград шайқасында миномет взводының командирі қызметін атқарды. 1943 жылы І-ші Белорусь майданына жіберілген. Соғысты Кенигсберг қаласын азат етумен аяқтаған. Соғыс жылдары 3 рет «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Ұлы Отан Соғысы» , «Ерлігі үшін» тағы көптеген медальдармен марапатталған. 1946 жылға дейін Прибалтика әскери округінде минометшілер батареясында командир болған. 1947 жылы Мақаншы ауылына оралған. Соғыстан соң Мақаншы аудандық Партия комитетінде хатшы, Мақаншы аудандық Партия комитетінде инструктор қызметтерін атқарған. 1977 жылы ұзақ науқастан соң қайтыс болған.
Сакипов Шаһарбай 1925 жылы 1 мамырда Үржар ауданы Қаратал ауылында дүниеге келген. Совет Армиясы қатарына 1942 жылы 17 жасында қабылданды. Соғыста 1943 жылы 15 қыркүйектен бастап 2 ай Украинский фронттың басқарушысы Ракасовскийдің басқаруында болған. Басқыншы Жапониямен болған соғысқа қатысып жарақат алған. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткені үшін «За победу над Японий» , «За взятие Будапешта» , «За взятие над Германией в Великой Отечественной войне» және тағыда бақа мерекелік медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін 1948 жылы наурыз айынан 1950 жылға дейін колхозда қойма меңгерушісі болыпжұмыс істеген. 1952 -1956 жылдар аралығында шопан, 1960 -1974 жылдар аралығында сатушы, 1974 -1975 жылдары Мақаншы ауылына қарасты Аэрофлотта күзетші, 1975 -1979 жылдары «Красный партизан» колхозына қарасты № 5 бриггадасында шаруашылық меңгерушісі болып істеген. 1980 жылы сырқаттанып дүние салған.
Раскопов Александр Тимофеевич 1922 жылы 1 мамырда Воронеж облысы Землянский районы Чистая-Поляна ауылында дүниеге келген. 1940 жылы 22 тамызда Совет Армиясы қатарына шақырылып 1946 жылға дейін әскери міндетін атқарған. Соғыс жылдарында Белофин шайқастарына қатысып Ұлы Отан соғысының өн бойында қажырлы еңбек еткен өз Отаның басқыншы жаудан қорғауға қатысқан. Соғыс аяқталғаннан кейін де Прибалтика аймағында соғыстан кейінгі фашистік жасақтарды тұтқындауға көмектескен. Соғыста тыңшы қызметін атқарған. 1955 жылы Мақаншы ауылына тың көтерушілермен бірге келген. 1993 жылдың ақапан айында дүниеден өткен.
Какимов Бөтей 1915 жылы Семей облысы Мақаншы ауылында туған. 1941 жылы 15 желтоқсанда Қызыл Әскер қатарына шақырылған. 20. 11. 1942 -28. 12. 1942 жылдары аралығында Ржев, Калинин қалаларыда 101 -ші ұлттық бөлектелген атқыштар бригадасының құрамында атқыштар бөлімінің командирі лауазымында болған. «Ерлігі үшін» медальмен наградталған. Соғысқа дейін Мақаншы ауданы «Комитерн» колхозында есепші қызметінен бастаған. 1943 -1961 жылға дейін «Комитерн» колхозында есепші, бас есепші қызметін атқаған. 1961 -1963 жылдары Киров атындағы колхозда есепші және партия ұйымының хатшысы болған. 1964 -1968 жылдары «Арқалды» совхозында директордың орынбасары қызметін атқарды. Қызмет еткен жылдарында: «За доблестный труд» медалімен наградталған. «За освоение целинных земель» медалімен наградталады.
Шарапиев Какен 1917 жылы Үржар ауданы Қарғалы ауылында дүниеге келген. 1932 жыл 4 сыныптық Қарғалы мектебін бітірген. 1932 -1935 жылдары аралығында «Жас Қайрат» колхозында есепшінің көмекшісі қызметін атқарған. 1935 жылы Лепсі облыстық жоғарғы партия мектебінде оқыды. Мектепті аяқтаған соң Мақаншы аудандық Халыққа білім беру бөлімінде сауатсыздықты жою инспекторы болып жұмыс істеді. 1936 жылы аудандық «Қызыл жұлдыз» газетіне жауапты хатшы және типография меңгерушісі болып жіберілген. 1938 жылы әскер қатарына шақырылады. Ұлы Отан Соғысына алғашқы күннен бастап қатысқан. «За боевые заслуги» , «Победа над Германией в 1941 -1945 гг» , « 30 лет Победе в ВОВ» , « 50 лет Вооруженных Сил СССР» , « 60 лет Вооруженных Сил СССР» , медальдарымен марапатталған. Қайтыс болған.
Жикебаев Тұрдақын 1918 жылы 18 ақпанда Мақаншы ауылында дүниеге келген. 1938 жылдан бастап бастауыш класс мұғалімі болып жұмыс істеп жүріп Ұлы Отан соғысына 1941 жылы кетеді. 1946 жылы Жапон соғысына да қатысып елге оралады. Елге оралғаннан кейін ұстаздық қызметін жалғастырды. Мақаншыдағы қазақ интернатында 1961 жылдан 1978 жылға дейін директор болып қызмет атқарды. «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» значогімен 1971 жылы марапатталған. Жалпы ұстаздық еңбек өтілі 38 жыл. Марапаттары: Орден «Отечественной войне» ІІ-дәрежелі № 1969635. Медаль «Двадцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 -1945» Медаль «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 -1945» Медаль «За доблестный труд» 1997 жылы 13 қарашада 79 жасында қайтыс болды.
Қанапиянов Қожкен 1915 жылы дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының ардагері Орлов қаласын азат етуге қатысқан. Еңбек ардагері . 1990 жылы қайтыс болған.
Сағиев Теміржан Сағиұлы, 1923 жылы 8 қыркүйекте Семей облысы, Үржар ауданы, Қаратал ауылында дүниеге келген. 1942 жылы әскер қатарына шақырылған. 01. 10. 1942 жылы әскери ант қабылдап, 25 –ші танк полкінде, 2 -ші батальонда, 2 ротада кіші сержант шенінде қызмет еткен. 1943 жылы Т-34 танк ротасы командирі болған. Соғыс жылдары 2 -ші, 3 -ші Украина ұрысына қатысқан. Ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен, «За отвагу» , «За боевые заслуги» , «За взятие Будапешта» , «За взятие Вены» , «За победу над Германией» медальдарымен марапатталған. Жоғарғы қолбасшы Сталиннің Алғысына ие болған. 1947 жылы әскер қатарынан босатылып, елге оралған соң түрлі қызметтер атқарған. Соғыстан соң «Фрунза» колхозында председатель, Мақаншы аудандық тұтынушылар одағының төрағасы, партия қызметтерін атқарған. 7 баласы, 15 немересі, шөберелері бар. Мақаншы ауылында 1 көше Теміржан Сағиев атымен аталады.
Абильмажинов Қорағазы 1915 жылы Семей облысы, Ақсуат Ауданы, Көкжыра ауылында дүниеге келген. Жас кезінде жанұя мүшелерімен Мақаны ауылына көшіп келген. 1939 жы әскер қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен бастап қатысқан. Сталинград шайқасына, Украина, Белорусия, Балтық жағалауы елдерін азат еткен. 1944 жылы Каунас қаласы үшін ұрыста ауыр дене жарақатына алып, оң қолынан айырылған. ІІ-ші топтағы мүгедек статусын алып, Мақаншы ауылына қайтып оралған. Соғыс жылдары ерлігі үшін «За освобождение Сталинграда» , «За отвагу» , «За боевые заслуги» медальдарымен марапатталған. Соғыстан соң «Бақты- Семей» жолында жол жөндеуші болып, кейіненнен денсаулығына байланысты жұмыс атқара алмаған.
Садыков Абен 1902 жылы дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының ардагері. Варшаваны азат етуге, Берлинді алу майдандарына қатысып, «За взятие Берлина» , «За освобождение Варшавы» медальдарымен марапатталған.
Саржанов Әбікен 1925 жылы 15 қаңтарда Қазақ ССР-і Семей облысы, Мақаншы ауданы, Жарбұлақ ауылында дүниеге келген. 1933 -1941 жылдар аралығында мектепте білім алып, 1941 -1943 жылдың қаңтар айына дейін «Часовой партизан» колхозында шабан болып жұмыс істеген. 1943 жылдың 1 қаңтарынан 1950 жылдың 20 сәуіріне дейін Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеп, Ұлы Отан соғысына қатысқан соғыс ардагері. 1945 жылы ҚХР-ді Жапон милитаристерінен азат етуге қатысқан. Қайлар, кіші Хинган, үлкен Хинган, Хайлар, Мугден, Цицикарь, Чаньчунь. қалаларын азат етуге қатысқан. Соғыстан кейін 2 рет Аудандық кеңестің, 15 рет ауылдық кеңестің депутаты болған. Ұлы Отан соғысының ардағері. Мақаншы ауылында жерленген.
Мәңгі ұмытылмас есімдер № 1 2 3 Наградалары Орден ВОВ 1 ст Мед: За взятие Берлина, За освобождение Праги Белченко Александр Демьянович Орден ВОВ 1 ст 4 5 6 Беляков Иван Матвеевич Бойко Василий Яковлевич Вислоушкин Дмитрий Матвеевич Орден ВОВ 2 ст Орден ВОВ 1 ст Орден ВОВ 2 ст 7 Витковский Николай Моисеевич Орден ВОВ 2 ст 8 9 10 11 12 Вовк Иван Макарович Гайдуков Василий Васильевич Ганьшин Иван Никифорович Гичкин Петр Кириллович Головатенко Алексей Михайлович Орден ВОВ 2 ст Медаль За оборону Кавказа Орден ВОВ 2 ст Орден ВОВ 1 ст Орден ВОВ 2 ст 13 14 Голубев Иван Петрович Дегтярев Карл Никонович 15 16 18 19 Диденко Николай Васильевич Жаканов Малимбай Жашков Александр Дмитриевич Криволапов Константин Васильевич Ласков Александр Тимофеевич Орден ВОВ 1 ст Медали: За Отвагу, За взятие Кенигсберга Орден ВОВ 2 ст, Орден ВОВ 1 ст Медаль За Отвагу, Орден ВОВ 1 ст Орден ВОВ 2 ст. Орден ВОВ 1 ст Орден Славы 3 степени 20 Аты-жөні Айнабаев Жакуп Белан Василий Васильевич Орден ВОВ 1 ст
24 Медали: За отвагу, За боевые заслуги Орден Красной Звезды, медаль За освобождение Праги Маловичко Федор Терентьевич Медали: За отвагу, За освобождение Варшавы Могильников Василий Иванович Орден Красной Звезды, медаль За Отвагу 25 26 27 28 29 30 Моисеенко Владимир Степанович Моисеенко Иван Степанович Моловичко Федор Терентьевич Николенко Михаил Иосифович Николенко Петр Иванович Пересада Василий Михайлович 21 22 23 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 Люшненко Василий Иванович Люшненко Михаил Васильевич Медаль За боевые заслуги Орден ВОВ 2 ст Орден Славы 3 ст Орден ВОВ 1 ст Медали: За оборону Сталинграда 2 медали За боевые заслуги Питько Павел Дмитриевич Орден Славы 2 и 3 степени, медаль За освобождение Праги Погорелов Михаил Харлантьевич Медали: За взятие Берлина, за освобождение Праги Проскурин Иван Федосеевич Медаль За освобождение Варшавы, Орден ВОВ 1 ст Проскурин Максим Николаевич Медаль За Отвагу Салимбаев Орындыбай Орден ВОВ 1 ст Саменков Терентий Яковлевич Орден ВОВ 3 ст, Орден ВОВ 1 ст Соловьев Григорий Васильевич Орден ВОВ 1 ст Татарков Алексей Яковлевич Орден ВОВ 2 ст Толстошеев Егор Тимофеевич Орден ВОВ 1 ст Чайковский Степан Павлович Орден ВОВ 2 ст Шевченко Михаил Федосеевич Орден Красной Звезды, Орден ВОВ 2 и 3 степени
article_3205.pptx