опек.pptx
- Количество слайдов: 12
МҰНАЙ ЭКСПОРТТАУШЫ ЕЛДЕР ҰЙЫМЫ (МЭЕҰ) (The organisation of the Petroleum Exporting Countries, OPEC)
ОПЕК ӘЛЕМДЕГІ МҰНАЙЛЫ ДЕРЖАВАЛАРДЫҢ БАСТАМАСЫМЕН ҚАРА АЛТЫННЫҢ ҚҰНЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ҮШІН 1960 ЖЫЛЫ ИРАКТЫҢ АСТАНАСЫБАҒДАД ҚАЛАСЫНДА ҚҰРЫЛДЫ. Алғашында бастамашы топта бес мемлекет (Иран, Ирак, Кувейт, Сауд Арабиясы және Венесуэла) ғана болды. Қазір бұл мемлекеттердің қатарына Катар, Ливия, БАӘ, Алжир, Нигерия, Эквадор және Ангола елдері қосылып, жалпы саны 12 - ге дейін жетті. ОПЕК - тің штаб - пәтері алғашқы бес жыл Швейцарияның Женева қаласында болғанымен, 1965 жылдың күзінде Австрия астанасы Вена қаласына көшірілді. Себебі аталған ұйымның орталығы бейтарап елде болуға тиіс.
М А Қ С А Т Ы: МҰНАЙ САЛАСЫНДА МҰНАЙ БАҒАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ БОЛУЫ, ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ МҰНАЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУІ, БҰЛ МЕКЕМЕГЕ МҮШЕ ЕЛДЕРДІҢ АРАСЫНДАҒЫ МҰНАЙ ӨНДІРУДІ ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ОРТАҚ САЯСИ ҚАТЫНАСТА ҮЙЛЕСТІРУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ОПЕК - ТІҢ ТУЫ
Ұйымға кірген жылдары Алжир – 1969 ж Эквадор – 2007 ж Иран – 1960 ж Ирак – 1960 ж Кувейт – 1960 ж Ливия – 1962 ж Нигерия - 1971 ж Катар – 1961 ж Сауд Арабиясы – 1960 ж БАӘ – 1967 ж Венесуэла – 1960 ж Ангола – 2007 ж
ВЕНАДАҒЫ ОПЕК - ТІҢ ШТАБ - ПӘТЕРІ (АВСТРИЯ) БАС ХАТШЫ - АБДАЛЛА САЛЕМ АЛЬ БАДРИ
Сауд Арабиясы Сауд Арабия мұнай қорымен әлемдегі бай елдердің қатарынан. 2009 жылы мұнай өндіріп экспорттаудан Ресейден кейінгі екінші орынды иемденді. Мұнайды экспорттау 95% құрайды, оның ішінде 75% мемлекетке кіріс, мемлекет кірісті халыққа теңдей бөліп беріп отырады. Астанасы Эр - Рияд қаласы. Халық саны 4 878 473 адам (2010 жылғы халық санағы бойынша). Бұрын қала шағын қалашық болған. Мұнай өндірісінің дамуы қаладағы халық санының өсуіне ықпалын тигізді. Қазіргі таңда Эр Риядта заманауи жобалармен салынған ғимараттар бой көтерген. Мұнай өндірісі Арабиясында мұнай алғаш рет 1936 жылы табылды. 2002 жылы елде күніне 10, 5 млн. Сауд баррель мұнай өндірілді. Корольдікте бұл қазба отынның бүкіл дүниежүзілік қорының 1/4 - не жуығы шоғырланған. Экспорт құрылымында мұнайдың үлесі 97%- ға жетеді. Мұнай кен орындарының көпшілігі елдің шығысында, Парсы шығанағының жағалауында орналасқан. Мұнайды экспортқа шығарудан түсетін орасан пайда қазіргі заманғы қалалар, жолдар мен порттар салуға, инфрақұрылымды дамытуға, мектептер мен ауруханаларды қазіргі заманғы құрал - жабдықтармен жарақтандыруға мүмкіндік берді. Қаржы сондай - ақ өнеркәсіптің мұнай - химия, металл өңдеу мен дәрі - дәрмек жасау сияқты салаларын құруға да бағытталады. Сауд Арабиясы мұнайды экспортқа шығаратын елдер ұйымында (ОПЕК) жетекші орынды иеленді, бұл оған көптеген халықаралық өткір проблемаларды шешуге ықпал етуге мүмкіндік береді.
Ирак — экономикалық әлуеті үлкенел. Елде аса ірі мұнай(65 млрд. т - дан астам), табиғи газ, фосфат қорлары Ирак — бар. Иран соғысынадейін ел тек мұнай экспортынан ғана жыл сайын 21 — 26 млрд. АҚШ долл - ы көлемінде пайда тауып отырды. Ол ақша елдің қорғанысқабілетін нығайтуға, жаңа индустрия мен инфрақұрылымдарды дамытуға жұмсалды. Мұнай шығару, мұнай өңдеу, газ өндіру, цемент, электрэнергетика, машина жасау, т. б. өндіріссалалары жақсы дамыған. Ирак үкіметі БҰҰ - ның арнайы комиссиясын жұмыс істеткізбей тастады. Сондықтанелге экон. байкот жариялау әлі күнге жалғасыпкеледі. 2001 — 2002 ж. АҚШ үкіметіИрак террорлық қастандықтарды қолдайды, “зұлымдық ұясы елдеріне” жатады, сол себепті Ауғанстаннан соң оны соққының астына алып, ел басшысы С. Хусейннің көзін жою керек деген пікірді әлем халықтарына жариялап келеді
Кувейт Ресми атауы: Кувейт Мемлекеті. Астанасы - Кувейт қаласы. Жалпы. халқы саны: 450 000. Кувейт экономикасы ең алдымен мұнай өндірісіне сүйенеді. 1992 ж. жалпы 312 баррель мұнай өндірілген. OPEC елдері арасында 1993 ж. жасалған келісім бойынша Кувейттің кунделікті мұнай өндірісі 2 млн. баррель деп белгіленген. 1993 ж. болжам бойынша Кувейттің мұнай қоры 92 млрд. 430 млн. баррелге жуық деп бағаланған. Елде табиғи газдың да мол қоры бар. 1992 ж. 2 млрд. 650 млн. М 3. табиғи газ өндірілген. 1993 ж. болжам бойынша табиғи газ қоры 1 млрд. 350 млн. м. кубты құрайды. Мұнай мен газдың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 41% көлемінде. Адам басына шаққандағы ұлттық табысы: 16. 200 $ Сыртқы сауда. Импортталатын заттардың басында мұнай мен табиғи газ келеді (бұл екеуінің импорттағы үлесі 91%). Басты экспорт заттарына: қорғаныс құралдары, электрлі және электронды заттар, көлік құралдары мен оның бөлшектері, станоктар, азық түлік заттары, химиялық өнімдер, текстиль өнімдері және түрлі өндіріс шикізаттары жатады.
Иран (1935 жылға дейін Парсы елі), Астанасы — Тегеран қаласы. Ел экономикасының негізі мұнай және мұнай мен газ өңдеу өнеркәсіптері. Мемл. кірістің 1/3 және экспорттың 90%ына жуығы осы салалардан алынады. Елде жыл сайын 180 млн. т - ға жуық мұнай, 58 млрд. м 3 газ (қоры 14 трл. м 3 шамасында) өндіріледі. Экономиканың басқа салалары да дамыған, бірақ сыртқы экон. байланыстардың нашарлығынан және қаржы жетіспеушілігінен толық қуатымен жұмыс істей алмауда. Соңғы жылдары туризм дами бастады. Мұнай экспортынан жыл сайын 16, 3 млрд. АҚШ доллары түседі. Ұлттық табыс 75 млрд. АҚШ доллар көлемінде, жан басына шаққанда — 1250 долл. шамасында. Елдегі басты проблеманың бірі — жұмыссыздық (3, 5 млн. адам). Мұнайдан басқа экспортқа кейбір өнеркәсіп тауарлары, ауыл шаруашылығы өнімдері, кілем, халық тұтыну тауарлары шығарылады.
Біріккен Араб Әмірлігі Ресми астанасы – Абу - Даби қаласы, ал туристтік және саудалық орталығы – Дубай шаһары - деп есептеледі. 1971 жылы құрылған федеративті мемлекет Біріккен Араб Әмірліктері – жеті тәуелсіз әмірліктерден тұратын жас ел, әр әмірліктің есімі негізгі қаласымен байланысты аталған белгілеуі болады: Абу - Даби, Дубай, Шарджа, Аджман, Ум аль Кувейн, Рас - Эль - Хайма және Фуджейра. Әр бір әмірліктің әміршісі – шейх, ал жалпы мемлекеттік басқару билігі жоғарғы кеңеске берілген. Халықтың 80%- ы басқа елден келушілер болып табылады.
Катар Астанасы – Доһа қаласы. Халқы 1 699 435 мың адам (2010). Мемлекет басшысы әмір шейхі Хамад бен Халифа әл - Тани (1995 жылдан) бүкіл билікті өз қолына шоғырландырған. Негізгі байлығы – мұнай (табиғи қоры – 778 млн. тонна). Елдегі ұлттық табыстың 90%- ын мұнай өнеркәсібі береді. Мұнай өнеркәсібі “Катар петролеум”, “Шелл оф Катар”, тағы басқа компаниялар қолында. Мұнайдан басқа табиғи газ өндіріледі, балық ауланады. Тұрғындардың 35%- ы өнеркәсіпте, 3%- ы ауыл шаруашылығында, 60%- ы қызмет көрсету салаларында қызмет етеді. Жерінің 0, 7%- ы ғана ауыл шаруашылығына пайдаланылады. 1997 жылы ұлттың байлық мөлшері 4 млрд. АҚШ 7, доллapы, жан басына шаққанда 20100 доллар деңгейінде болды. Мұнай салалары бойынша жетіспейтін жұмыс күшін сырттан әкеледі. Қазақстан мен Катар арасында дипломатиялық қатынас 1992 жылы орнаған. 1998 жылы 23 мамырда Қазақстан Президенті Н. Назарбаев Катарда ресми сапармен болып, әмір Хамад бен Халифа әл - Танимен және елдегі аса ірі бизнес өкілдерімен келіссөз жүргізді. Екі жақ мұнай өңдеу және тасымалдау, инвестиция мен банк, туризм, әуе байланысы, тағы басқа салалар бойынша өзара келісімдерге қол қойды. Осы кездесуден кейін екі ел арасында сауда экономикалық байланыстар жедел дами бастады.
опек.pptx