Лор органдарынын тилмели кабынуы.ppt
- Количество слайдов: 16
ЛОР МҮШЕЛЕРІНІҢ ТІЛМЕСІ. Орындаған: Батыров С. 624 топ Тексерген: Жапалақов Б. А. Ақтөбе – 2014 ж.
Тілме (фр. rouge — қызыл) (лат. erysipelas) — терінің беткей лимфатикалық жүйесін зақымданумен жүретін тері және көбіне гемолитикалық стрептококктармен шақырылатын тері асты клетчаткасының инфекционды – аллергиялық ауруы.
ЭТИОЛОГИЯСЫ Тілме ағзаның қорғаныс иммунобиологиялық механизмінің бұзылыстарымен бірге, бет және құлақ аймағы терісін қасу арқылы тінді жарақаттау, жарылу, сызаттану немесе лор органдарының қабынуы кезінде инфицирлену салдарынан дамиды. Ауру қоздырғышы кокк инфекциясы, соның ішіндегі А тобындағы β-гемолитикалық стрептоккокк.
Жергілікті көріністер бойынша: - эритематоздық; - эритематозды-буллезді; - эритематозды-геморрагиялық; -буллезді-геморрагиялық. Улану дәрежесі бойынша: - жеңіл (1 дәрежедегі улану); - орташа-ауыр (2 дәрежедегі улану); - ауыр (3 дәрежедегі улану) Классификациясы Инфекциялық ошақтың таралуына қарай: а) шектелген; ә) адаспалы (көшпелі); б) метастатикалық. Ағымының өтуіне қарай: а) біріншілік; ә) рецидивті; б) қайталанбалы
ҚҰЛАҚТЫҢ ТІЛМЕЛІ ҚАБЫНУЫ Құлақтың тілмелі қабынуы ағзаның қорғаныс механизмінің бұзылысы көрінісінде құлақ тінінің бүтіндігінің бұзылысы (құлақ аймағын қасып жарақаттау, сызаттану, жарылу) мен сыртқы құлақтың қабынуы салдарынан инфицерленді. Қасыну кезіндегі тіннің бұзылысы құлақта іріңдік болып, ортаңғы құлақтан ірің ағып тұрса өте қауіпті болып келеді. Сыртқы есті жолының тілмелі қабынуы дабыл жарғағына таралып, ортаңғы құлақтың тілмелі қабынуына алып келеді.
КӨМЕЙДІҢ ТІЛМЕЛІ ҚАБЫНУЫ Көмейдің тілмелі қабынуы өздігінен сирек жағдайда дамиды. Көбіне жұтқыншақтан, мұрынның кілегей қабатынан немесе сыртқы теріден трахеостома арқылы инфицирленеді.
Ауру өте жедел, қалтыраудан басталады. Дене қызуы 40 ° С көтеріліп, тұрақты түрге айналады. Көмейде өздігінен және жұтыну кезінде ауырсыну пацда болады. Ауырсыну құлақ аймағына таралады. Науқастар тамақтан, тіпті су ішуден де бас тартады. Науқастар көмейінің қызу сезіміне шағымданады. Ең ауыр симптом болып тыныс алудың қиындауы жатады.
Көмейдің тілмелі қабынуы бар науқастар тез арада стационарға орналастырылуы керек. Емді этиопатогенетикалық және симптоматикалық түрде жүргізілуі тиіс. Ø Денедегі сұйықтықты қалыпына келтіру (40% глюкоза ер. , 10% хлорлы кальций ерітіндісі) Ø Аллергиялық ісінулерде антигистаминді препараттар (димиедрол, супрастин, пипольфен 0, 05 г таблетка түрінде күніне 3 рет және АКТГ 10 Б күніне рет бұлшықетке, кортизон-ацетат, дигидрокортизон, преднизолон). Осылардан кейін 30 минут ішінде қабыну процессі басылып, спазм жойылады. Егер осыған қарамастан стеноз жалғаса берсе трахеотомия істеу қажет.
ЖҰТҚЫНШАҚТЫҢ ТІЛМЕЛІ ҚАБЫНУЫ Жұтқыншақтың тілмелі қабынуы тамақтағы қатты ауырсынумен, жақасты және мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы байқалып, буырқанған ағыммен жүріп, үдемелі түрде дамиды. Дене қызуы тез көтеріліп, 39— 40°С деңгейңнде тұрақтайды. Қырылдап дем алу пайда болып дем жетіспеу белгілері байқалады. Егер қабыну процессі одан әрі дами берсе науқастың дауысы әлсіреп, қорыл пайда болады.
Жұтқыншақтың тілмелі қабынуында жұтқыншақ пен көмейдің тез арада ісініп, тыныс жолдарын тарылтуына байланысты емі тез арада жүргізілуі тиіс. Сондықтан тек көп көлемде антибиотик пен сульфаниламидтер тағайындап қана қоймай, тыныс алу жүйесі мен жұтқыншақтағы көзге көрінетін кілегей қабатын да бақылау қажет. Егер тыныс алу қиындап бара жатса трахеостомия жасау қажет. Егер ісіну одан әрі жалғаса берсе m. Sternocleidomastoideus-тің ішкі қырынан, төменгі жақ астыннан бүйірлік тілік жасаймыз.
МҰРЫННЫҢ ТІЛМЕЛІ ҚАБЫНУЫ Мұрынның тілмелі қабынуы мұрын кіреберісі мен беттің тері жамылғысының тілмелі қабынуының таралыуы нәтижесінде көбіне екінші ретті дамиды. Инфицирлену мұрын қуысының жарақаттанған тіні арқылы стрептококк, сирек стафилакокк енуі арқылы жүреді. Тілме мұрын қуысы мен айналасына жасалған операцияның асқынуынан да пайда болуы мүмкін. Жиі операциядан кейінгі қалдырылған тампонның ұзақ тұрып қалуынан пайда болды.
Ажырату диагностикасы Тілмені зритемамен, дерматитпен, флегмонамен, кей жағдайларда сібір ойық жарасымен салыстыруға болады. Эритема және дерматитке қарағанда, тілмеге сипатты: тез басталуы және температураның жоғарлауы, біраз уақытта терінің тез шектелген қызару және ісінуі, сау терінің жиегінде жақсы көрінеді. Қиындықты қарапайым флегмонамен жүргізгенде туғызады, тілмеде процесс теріде орналасады және бұлшықет аралық өзгерістер екіншілік сипат болып келеді. Флегмонада ортасында максимальді аурушаң, ал тілмеде шеттерінде, тілменің лимфангиттен айырмашылығы, лимфангитте теріде қызыл жолақтар бар немесе лимфа тамырлардың бойымен терінің тор тәрізді қызарады.
Асқынулары: І. Беттің тілме ауруының мынандай асқынуларын атауға болады: сепсис, флегмона, тіндердің өлеттенгенуі, булдездің (көпіршіктің) орынында ойық жараның қалыптасуы, флебиттер, әлсізденген науқастарда сепсис, жүрек қан тамырының жедел жетіспеушілігі, нефрит, өкпе артериясының тромбэмболиясы, менингозэнцефалит, көз жүйкесінің невриті. ІІ. Тілме қабынуының ақыры тұрақты лимфастазбен, пілді дертпен (шорлануымен) аяқталуы мүмкін.
Алдын алуы Біріншілік профилактика: гигиена ережелерін сақтау, тері жабындыларының бүтіндігін қорғау, созылмалы стрептококкты инфекция ошақтарын санациялау. Диспансерлеу принциптері: тілменің тұрақты рецидив беретін формаларында бициллином-5 пен 2 жыл бойы үздіксіз профилактика.
Қолданылған әдебиеттер: 1. Заболотный Д. И. , Митин Ю. В. , Безшапочный С. Б. «Оториноларингология» 2010 ж. 2. Пальчун В. Т. , Магомедов М. М. , Лучихин Л. А. «Оториноларингология» 2011 ж. 3. Интернет материалдары http: //meduniver. com/Medical/otorinolaringologia_bol ezni_lor_organov/91. html
Лор органдарынын тилмели кабынуы.ppt