КонференцияКАП_25.12.14БалгимбековША.pptx
- Количество слайдов: 14
LOGO БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДА САЛАМАТТЫ ТАМАҚТАНУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ Балғынбеков Ш. А. - Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің кафедра меңгерушісі мед. ғылым. докторы, профессор
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА: • Барлық балалар саны – 5 млн. 200 мың. • Мектеп жасындағы балалар саны – 2 млн. 530 мың. • Жалпы білім беру мектептерінің саны – 7644 • Қалалық мектептер – 1758 (23%), оқушылар – 1239914 (49%) • Ауылдық мектептер – 5886 (77%), оқушылар – 1290522 (51%) • Қыздар - 49, 4% Ер балалар - 50, 6%.
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР І денсаулық тобындағы балалар санының азаюы – 2, 7 есе (15, 6% → 5, 7%) v ІІІ денсаулық тобындағы балалар санының көбеюі – 2, 3 есе (11, 8 → 26, 9%) v Денсаулығы толық жақсы балалар санының едәуір азаюы – 10 -12% v Функциональдық бұзылыстардың жиілеуі - 1, 5 есе, созылмалы аурулардың көбеюі - 2 есе (11, 8% → 26, 9%). v 7 - 9 жастағы балалардың жартысында, ал жоғары сынып оқушыларының 60%-да созылмалы аурулар бар екендігі анықталды. v
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ v Созылмалы аурулар құрамындағы өзгерістер: - Ас қорыту ағзаларының аурулары - 2 есеге көбейген, - Тірек-қимыл жүйесі аурулары (сколиоз, остеохондроз, майтабан) - 4 есе көбейген, - Бүйрек пен зәр шығару жолдары аурулары - 3 есе көбейген. v Денелік дамуындағы ауытқулар – 19, 2% анықталады. v Көзінің көруінің нашарлауы – 29, 6% анықталады. v Артық дене салмағы мен семіздік 1 -14 жастағы балалардың әрбір бесіншісінде (21, 5%) анықталады.
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ v. Бірнеше ауру диагнозы анықталған оқушылардың көбеюі: - 7 -8 жаста – 2 диагноз, - 10 -11 жаста – 3 диагноз, 16 -17 жаста - 3 -4 диагноз, v. Жоғары сынып оқушыларының 20%-да - 5 және одан да көп функционалдық бұзылыстар мен созылмалы аурулар анықталады.
САЛАМАТТЫ ТАМАҚТАНУ ЖӘНЕ МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ v Саламатты тамақтану – оқушы баланың дені саулығының кепілі, тәні мен ақыл-ойының жасына сай қалыпты дамуының аса маңызды факторы. v Оқушы баланың дұрыс, талапқа сай тамақтануы мен оқу үлгерімі тығыз байланысты, саламатты тамақтану сапалы білім беру үрдісінің жоғары нәтежиелілігінің негізі. v Мектеп оқушы балаларда саламатты тамақтану дағдыларын қалыптастыруда аса маңызды роль атқаруы тиіс. v Білім беру ұйымдарында оқушы балалардың сапалы және қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету – аса маңызды мемлекеттік міндет.
МЕКТЕПТЕГІ ТАМАҚТАНУ Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 -2020 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың № 1118 Жарлығымен бекітілген (7. 12. 2010 жыл). Мектептерде сапалы, дәрумен қосылған және қауіпсіз тамақтануды ұйымдастыру мониторингінің жүйесі енгізіледі. 2015 жылға қарай табысы аз отбасы оқушыларының 100%-ы және 2020 жылға қарай мектептердің бастауыш және мектепалды сыныптар оқушыларының 100%-ы ыстық дәрумендірілген тамақпен тегін қамтамасыз етіледі. 2020 жылға қарай орта жалпы білім беретін ауыл мектептерінің 100 %-ында күрделі жөндеуден өткен және жаңа жабдықтармен жарақтандырылған толық кезеңдік асхана жұмыс істейтін болады.
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНДА САЛАМАТТЫ ТАМАҚТАНУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ v Оқушы балалардың тамақтануындағы орын алып отырған ауытқулардың негізгі себептерінің бірі - оқушылардың, мұғалімдер мен ата-аналардың саламатты тамақтану қағидалары туралы хабардарлығының жеткіліксіздігі. v Саламатты тамақтану дағдыларын қалыптастыру жұмысы білім беру үрдісіне қатысушылардың барлығымен (оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар) жүргізілуі тиіс. v Арнайы зерттеулер ата-аналардың тек 20% ғана саламатты тамақтану қағидаларымен таныс екендігін көрсетіп отыр.
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНДА САЛАМАТТЫ ТАМАҚТАНУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 1 бағыт - Мектептегі тамақтануды тиімді ұйымдастыру: ü Мектеп асханасында оқушыларды тамақтандыру толығымен саламатты тамақтану қағидаларына сай болуы қажет. 2 бағыт - Саламатты тамақтану туралы білім беру бағдарламасын кешенді және жүйелі түрде жүргізу: üҒылыми және практикалық тұрғыдан негізделген; üЖасқа сәйкестілік; üҚажетті және жеткілікті ақпарат; üМодульдік құрылым; üЖүйелілік және сатылылық; üЖанұяның бағдарламаға қатыстырылуы. 3 бағыт – Ата-аналармен жұмыс жүргізу: üСаламатты тағам қағидаларынан хабардарлығын жақсарту; üЖанұяда саламатты тамақтану дағдыларын қалыптастыру.
МЕКТЕПТЕ САЛАМАТТЫ ТАМАҚТАНУДАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ Медицина қызметкері, мұғалім, психолог, әлеуметтік педагог vҰлттық тағам саясаты негіздері v. Білім беру, оқушылардың денсаулығын қорғау, саламатты өмір салтын қалыптастыру, саламатты тамақтану бағыттарындағы Мемлекеттік бағдарламалар v. Заңдар мен нормативті актілер v. Саламатты тамақтану қағидалары v. Мектептегі тамақтану мәселесі бойынша Сан. Пи. Н v. Жас физиологиясы мен гигиена негіздері
ОҚУШЫЛАРДА САЛАМАТТЫ ТАМАҚТАНУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ және МҰҒАЛІМ ü Бүгінгі таңда оқушыларда саламатты тамақтану дағдыларын қалыптастыруда мұғалім, педагог басты рөль атқара алады және атқаруға тиіс ! ü Жоғары педагогикалық оқу орындарының, педагогикалық колледжердің оқу бағдарламаларында саламатты тамақтану бойынша пән, арнайы курс қарастырылмаған ! ü Болашақ ұстаздарға саламатты тамақтану мәселелерінен арнайы білім берілмеуі – мектеп оқушыларының хабардарлығының төменгі деңгейде болуының басты себебі.
ОҚУШЫЛАРДА САЛАМАТТЫ ТАМАҚТАНУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА МҰҒАЛІМНІҢ МІНДЕТТЕРІ v. Саламатты тамақтану мәселесінен жеткілікті деңгейде білімді болу; v. Оқушылардың мектептегі тамақтануының санитарлықгигиеналық талаптарға сай ұйымдастырылуына қатысу; v Класс оқушыларымен саламатты тамақтану дағдылары бойынша іс-шаралар ұйымдастырып, өткізу; v Оқушы баланы саламатты тамақтандыру туралы ата аналармен жұмыс жүргізу;
ОҚУШЫЛАРДА САЛАМАТТЫ ТАМАҚТАНУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА МҰҒАЛІМІНІҢ МІНДЕТТЕРІ v Саламатты тамақтану білім беру бағдарламасына сай класстан тыс шаралар (әңгімелесу, диспуттар, ұлттық тағам мерекелері, витаминдер жәрмеңкесі, дәрістер, конкурстар, ойындар т. б. ) ұйымдастырып, өткізу; v Ата-аналардың мектеп асханасының жетекшісі және қызметкерлерімен, балалар дәрігерімен, тағамтану саласы мамандарымен кездесулерін ұйымдастыру; v Оқушылардың саламатты тамақтану мәселелерінен білім деңгейі мен сапасын анықтай алу. v. Оқушы баланың дұрыс тамақтанбауына байланысты аурулардың алғашқы белгілерін анықтап, медицина қызметкеріне, ата-анасына уақтылы хабар беру.
Назар қойып, тыңдағандарыңызға рахмет! Балғынбеков Шамшидин Абдуллаұлы Е-mail: balgimbekov@inbox. ru Моб. тел: 8 -777 -2808585 Спасибо за внимание!
КонференцияКАП_25.12.14БалгимбековША.pptx