Лептоспироз, листериоз патоморфологиясы.pptx
- Количество слайдов: 18
Лептоспироз, листериоз патоморфологиясы Орындаған: Жаркинбекова М. И 406 топ
O Лептоспироз (грек. leptos — жіңішке және speіra — ирекше, бұрама; osіs — ауру) — адамдарда, сүтқоректілерде және құстарда кездесетін тез жұғатын жұқпалы ауру. Қоздырғышы — спираль пішінді лептоспира бактериялары. Негізінен, онымен бауыр, бүйрек және майда қан тамырлары зақымданады
O Лептоспирозды 1888 ж. Ресей ғалымы Н. П. Васильев анықтаған. O Қоздырғышын жапон зерттеушілері 191415 жылы А. Инадо және А. Ито денесі сарғайып ауырған адамдардан тапқан.
O. Қазіргі кезде бұл дертті ауру қоздырғышының түрлеріне, клиникалық белгілеріне, ауру ағымына байланысты үш түрге бөледі: 1. Интерогемрагиялық Лептоспироз (дене сарғаяды) немесе Васильев-Вейль ауруы деп аталады; O 2. Каникол (немесе Помон) Лептоспироз (денеде қан құйылу байқалады). O 3. "су қызбасы” деп аталатын жеңіл өтетін (дене сарғаймайды) түрі.
O Қазақстанда Лептоспироз "су безгегі” деп атайды, республиканың солтүстік және шығыс аймақтарында жиі байқалады. Лептоспироз тағамдық өнеркәсіп мекемелері қызметкерлерінің, шахтерлердің, қалалық қоқыс тазалаушылардың, ветеринарлар және ит питомнигі жұмысшыларының арасында жиірек кездеседі.
Ауру таратушы, яғни инфекция көзі — дала және су тышқандары, егеуқұйрықтар; үй жануарларынан — ірі қара мал, шошқа әсіресе иттер болып келеді.
O Лептоспира бактериялары — тасымалдаушы жануарлардың бүйрегінің майда өзекшелерінде өсіп-өніп сақталады, сыртқы ортаға несебімен шығады. Лептоспира адамдарға лептоспира бактерияларымен ластанған су, топырақ, ас тағамдары, тұрмыстық және мал өнімдерін өңдейтін өндірістік қалдық заттармен ауыз қуысы, мұрын, көз шырышты қабығы және зақымданған тері арқылы жұғады. Лептоспира жұққаннан кейін 3 — 5 миннуттан соң қанға өтіп, бүйрек пен бауыр тіндеріне таралып, жылдам өсіп-өне бастайды. Аурудың жасырын (инкубациялық) кезеңі орта есеппен 7 — 13 күнді қамтиды. Сонан соң науқастың бірден дене қызбасы басталады (39 — 40ӘС), өзі қалтырап, бұлшық еттері қатты ауырады; көзі қызарады; лоқсып құсып, ұйқысы қашады. Ауру асқынғанда сандырақтап, мұрнынан қан кетіп, ерін, мұрын айналасына ұшық шығады. Бауыры ісінеді, денеге бөртпе шығады, дененің сарғаюы байқалады. Ауруды дер кезінде емдемесе, адамдардың өліп кетуі (әсіресе, жасы келген) де мүмкін. Ал сарғаймай, жеңіл түрімен науқастанғанда 6 — 12 аптадан кейін толық айығып кетеді. Ауру диагнозы лабараториялық әдістермен анықталады.
O Әртүлі жануарларда болатын патологиялық өзгерістер. O Күйіс малдары, жылқы және шошқа лептоспирозы жалпы сарғаюмен, гемоглобиуриямен, кейде тері шелісінде туындаған көптеген қанталаулармен сипатталады. Құлақ терісінің көз айналасының жүні түседі. Қанқа бұлшық еттері болбырлап сорғып тартады аздап сарғайып қанталайды, өкпе домбығады т. б O Шошқада сарғаюсыз лептоспироз көбінесе жасырын өтеді де, іш тастау және торайлардың өлуі арқылы білінеді. O Итте: сарғаю лептоспирозынан өлген иттерде, кілегей және ылғалды қабықтары және паренхиматозды мүшелерінде сарғаюлар байқалады, өкпе плеврасының астында кейде басқа мүшелерде көптеген нүкте және дақ қанталаулар болады.
O Листериоз (lesteriosis) - сүтқоректілер мен құстардың зооантропоноздар тобына жататын, ми мен жұлынның қабынуымен іш тастаумен, сепсиспен сипатталатын инфекциялық ауру. O листериозбен жануарлар жасына қарамай ауырады, көбіне жас төл мен буаз малдар сезімтал болып келеді. Көбінесе қойлар көп ауырады. Ірі қара мал қыс және көктем айларында ауырады.
O Листериоз қоздырушысын ең бірінші рет 1911 жылы С. Халфесом сипаттады. Ал 1926 жылы Д. Мюррей Кембридж университетіндегі листериозбен ауырған теніз шошқалары мен қояннан бөліп алған. 1929 жылы А. Нифельт бактерияны ангинамен ауырған адамнан тапқан.
O Қоздырушысы – (Listeriya monocytogenes) таяша тәріздес , грамтеріс боялатын, бактерия ұштары дөнестеніп бітеді, спора түзбейді.
O Лестериялар негізінен жануарлар организіміне азық қорыту мүшелері, тыныс жолдары, конъюнктива және зақымданған тері арқылы енеді. O Таратушылар кеміргіштер болып саналады.
O Патонатомиялық өзгерістер аурудың клиникалық нышандарына сәйкес әртүрлі болады. Мидың зақымдану белгілері басым болған жағдайда, ми заты мен жұмсақ қабықта қанның молайғаны, кейде олардың домбығуы, қанталағаны байқалады. Ми қабықтарында қанталау гематома түрінде болуы, ми дінгегінің соңғы жағында жұмсару ошақтары болуы мүмкін. O Шошқада көбіненесе ішек -қарын жіті қабынады да, оған шажырқайдың лимфалық түйіндерінің серозды қабынуы қосарланады. O Құстар мен кемірушілерде, торайларда, қозылар мен ересек бұзауларда листериоз негізінен сепсис түрінде байқалады. Бауырда, лимфа түйіндерінде, талақта, өкпеде , жүрек пен бүйректе өлі ошақтар пайда болады. Ылғалды және кілегей қабықтарда , лимфалық түйіндерде қан молаяды , қанталаулар пайда болады. Паренхиматозды мүшелерде дистрофиялық процестер пайда болады, талақ пен лимфа түйіндері гиперплазияға ұшырайды.
O Генитальдық лептоспироз жануар буаздытқың екінші жартысында іш тастайды немесе тіршілікке қабілетсіз төл туады. Іш тастаған шаранада терінің шел қабатының домбығу сұйығымен кеуленген, і көкірек және құрсақ қуыстарында қызғылт сүйықтық жиналғаны, бауырда майда өлі ошақтар байқалады. O Аралас пошымды листериоз сирек кездеседі, ми мен жұлынның қабынуымен және ішкі мүшелердегі септицемияға тән өзгерістермен сипатталады.
Назар аударғандарынызға рахмет!!!
Лептоспироз, листериоз патоморфологиясы.pptx