
экология 7 лек.pptx
- Количество слайдов: 29
Лекция 7 І бөлім Қалдықтарды өңдеу аспектілері
Жоспар 1. Базель Конвенциясы 2. Қалдықсыз, және аз қалдық технологиялар. 3. Қазақстандағы әрекететуші және жабылған полигондар.
Базель конвенциясы -- қауіпті қалдықтарды шекаралардан тасымалдау мен пайдаға асыру жөніндегі көпжақты келісім (1989 Щвейцария, Базель).
Конвенцияның тізімінде қалдықтарды трансшекаралық тасымалды барынша қысқарту және олардың көлемін, улылығын азайту мақсатымен, дамушы елдерге улы, қауіпті қалдықтарды пайдаға асыруда көмек көрсету мәселелері қарастырылған.
Базель конвенциясы аясында тиым элементтер Биомедициналық және медециналық қалдықтар Өнеркәсіпте және басқа салаларда пайда болған химиялық қалдықтар Тұрақты органикалық ластағыштар Пайдаланған мұнай өнімдері Пайдалынған қорғасынқышқылды аккумуляторлар
ҚР Базель конвенциясына 2003 жылы 10 ақпан кірді
Конвенция аясында Қазақстан Конвенция секратариатың қауіпті қалдықтар бойынша мәлімет беру және олардың экспортына тиым салу немесе олардың саның азайту Жыл сайын конвенция секретариатына доклад ұсыну. Аталған доклад экспорт және импорт бойынша мәлімет беруі тиіс және конвенция аясында қандай жұмыстар атқарылып жатқаның сиппатау керек. Зиянды қалдықтар импортына тиым салған мемлекеттерге аталған мемлекетін рұқсатынсыз қалдықтарды жібермеу Қауіпті қалдықтардың шығару мөлшерін азайтып. Қалдықтарды жоюға жағдай жасауы тиіс
2. Қалдықсыз, және аз қалдық технологиялар. Қалдықсыз және қалдығы aз технология - минералды шикізаттарды неғұрлым тиімді және толығырақ пайдалану мақсатымен әр түрлі процестердің жиынтығы қолданылып жарамсыз қалдық мөлшері барынша азайтылады. Мысалы, кен өңдеуде бірнеше байыту әдістері, немесе байыту әдістерімен қатар металлургиялык, химиялық, процестер қолданулары мүмкін Тауар, өнім Шикізат Өнеркәсіп Қалдықтар Тауар, өнім Қосымша материалдар
Қалдықсыз технологиялық жүйе бұйымның көп уақыт қызмет етуі көп рет қолданылу мүмкіншілігі өндірістік циклға қайтып оралу жеңілдігі жөндеу қарапайымдылығы
Қала қалдықтарының морфологиялық құрылымы Қағаз Тамақ қалдықтары Сүйектер шыны ағаш Сынық (лом) Қалғандары
Қатты комунальды қоқыстар
3. Қазақстандағы әрекететуші және жабылған полигондар Қазақстан полигондары Семей полигоны Нарын (Капустин яр) Азғыр аумағы 18, 5 мың км 2 Сынақ аймағында 1949 -1989 жылдар аралығында 470 -тей қуаты әр түрлі ядролық жарылыстар жасалды 1946 жыл 13 мамыр. Алғашқы балистикалық ракеталар сынақтан өткізілді. Ауданы 650 км кв. Атырау, БҚО, РФ Ауданы — 0, 6 млн. га. Онда 1966 - 1977 жылдар аралығында 17 ядролық жар ылыс. Ядрол ық қуат күші 10 -25 тротилдің килотонна Тайсойған Полигон 1952 жылы Атырау облысы Қызы лқоға ауданында қүрылған. Сынақ ауданының жалпы аумағы 7, 5 мың км². Байқоныр Іргесі 1955 ж. Қаланған. 1957 ж. Алғаш ракета. Космодромд а 9 зымыран ұшыру кешені, 15 зымыран ұшыратын қондырғылар бар
Лекция 7 ІІ бөлім Флорамен, фаунаны қорғайтын шекарааралық мәселелер.
Жоспар 1. Қазақстандағы биологиялық әр түрлiлiктiң сақтауы. 2. Картахен хаттамасы 3. 1971 ж. су құстары, су - батпақ қоныстағы құстар туралы халықаралық маңызы бар, конвенция.
Биологиялық алуан түрлілік конвенциясы — биологиялық алуан түрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық келісім. 1992 жылы 22 мамырда Найробиде өткен БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының конференциясында қабылданды. 1993 жылы Конвенцияға 168 мемлекет (оның ішінде Қазақстан Республикасы) қол қойды. Қазақстан конвенцияға 1994 жылы ғана қосылды.
ҚР конвенция аясындағы міндеттері Биосаналуандықты сақтау бойынша жүзеге асыру жоспарын және ұлттық стратегиясын құру Шаруашылықтың әсерінен биосаналуандыққа қауіпті бағалау Жоспар шараларын қаржымен қамтамасыздандыру Биосаналуандығын ың ахуалына мониторинг өткізу, проблема бойынша мәліметтер банкін құру Қорғау үшін обьектілерді анықтау Генетикалық модифицирленген ағзаларды бақылау Сирек және жоғалып жатқан түрлерді қорғауды, заңды түрде бекіту Биологиялық сан алуандық қоспалары Жоғалып жатқан түрлерді қайта көбейту бойынша шараларды жүзеге асыру Шаруашылық жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізу Тұрақты қолдану бойынша шаралар қабылдау Биосаналуандығ ы мүдделерін есептеу бойынша мәліметтерді жинау
2. Картахен хаттамасы. Құстарды қорғауы туралы халықаралық конвенция 1950 ж. Қоршаған орта және даму жөніндегі Рио-де. Жанейро декларациясының 15 -принципінде айтылған сақтық шараларын қабылдау принципіне сәйкес осы Хаттаманың мақсаты осы заманғы биотехнологияны қолдану нәтижесі болып табылатын және биологиялық әртүрлілікті сақтау.
Орнықты пайдалануға жайсыз әсер ете алатын кез келген тірі өзгертілген ағзалардың адам денсаулығы үшін тәуекелдерді ескеріп және трансшекаралық орын ауыстыруына ерекше назар аударып, оларды қауіпсіз беру, өңдеу және пайдалану саласында қорғанудың тиісті деңгейін қамтамасыз етуде көмек көрсету болып табылады.
3. 1971 ж. су құстары, су - батпақ қоныстағы құстар туралы халықаралық маңызы бар конвенция. Сулы-батпақты аймақтар туралы Конвенция (Рамсар, Иран, 1971 ж. ) үкіметаралық келісім болып табылады. Мақсаты – бүкіләлемдік тұрақты даму ретінде жергілікті, ұлттық шаралар мен халықаралық келісімдерді жүзеге асыру арқылы барлық сулы-батпақты аймақтарды орынды пайдаланып сақтау. .
Рамсар конвенциясы ҚР 2 мамыр 2007 жылы қабылданды. Қазіргі күні ҚР территориясында 10 объект бар. Ауданы 3 281 398 га
Лекция 7 ІІІ бөлім ҚР шекараралық мәселелері
Жоспар 1. Қазақстан, Қытай, Ресей: трансшекаралық өзеннің экологиялық мәселелері. 2. Аралдың мәселесі, халықтың генофондына оның ықпалыны, өсімдік және жануарларды қорғау шаралары.
Трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану және қорғау саласындағы ҚР мен ҚХР өзара қарым-қатынасы келесі құжаттармен реттеледі: 1) ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (2001 ж. 12 қыркүйек, Астана қ. ); 2) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Су шаруашылығы министрлігі арасындағы трансшекаралық өзендердегі табиғаттық апаттар туралы тараптарды жедел хабарлау жөніндегі келісім (2005 ж. 4 шілде, Астана қ. ); 3) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Су шаруашылығы министрлігі арасындағы трансшекаралық өзендердегі ғылыми зерттеу ынтымақтастығын дамыту туралы келісім (2006 ж. 20 желтоқсан, Бейжің қ. );
4) ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен ҚХР Су шаруашылығы министрлігі арасындағы негізгі трансшекаралық өзендердегі шекаралық су бекеттерінің гидрологиялық және гидрохимиялық ақпараттармен (мәліметтермен) өзара алмасу туралы келісім (2006 ж. 20 желтоқсан, Бейжің қ. ); 5) ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы трансшекаралық өзендер суларының сапасын қорғау туралы келісім (2011 ж. 22 ақпан, Бейжің қ. ); 6) ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (2011 ж. 13 маусым, Астана қ. ); 7) ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы Қорғас өзенінде «Достық» бірлескен ортақ су торабын басқару және пайдалану туралы келісім (2013 ж. 7 қыркүйек, Астана қ. ).
Бірлескен комиссияның шеңберінде трансшекаралық өзендердің гидрологиялық және гидрохимиялық мәліметтермен алмасу жұмыстары келесі су бекеттері бойынша жүргізіледі: Ертіс өз. – Боран (ҚР) – Наньвань (ҚХР) су бекеттері; Іле өз. - Добын (ҚР) – Сандаохэцзы (ҚХР) су бекеттері; Текес өз. - Текес (ҚР) – Цефандацяо (ҚХР) су бекеттері.
Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау саласындағы ҚР мен РФ-нің шарттық-құқықтық базасы негізгі 2 құжаттардан тұрады 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. 2010 жылғы 7 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау туралы келісім (1992 жылғы 27 тамыздағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау туралы келісімінің орнына).
Қазіргі таңда, трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясы қызмет жасауда. Комиссияның шеңберінде келесі жұмыс топтары құрылған Жайық өзенінің бассейні бойынша жұмыс тобы Ертіс өзенінің бассейні бойынша жұмыс тобы Есіл өзенінің бассейні бойынша жұмыс тобы Қара және Сары өзендерінің бассейндері бойынша жұмыс тобы Тобыл өзенінің бассейні бойынша жұмыс тобы Жайық өзенінің Қиғаш сағасы бойынша жұмыс тобы
2000 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының үкіметтері арасында Шу мен Талас өзендеріндегі мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану туралы келісімге қол қойылды.
Арал экологиялық дағдарысы — адам қарекетінің әсерімен болған экологиялық дағдарыстыңнеғұрлым айқын мысалы, Арал теңізі экологиялық жүйесінің құлдырауы. Соңғы ондаған жылдар бойында халық санының көбеюі, суармалы жерлер аумағының 2 -3 есе ұлғайтылуы, Арал алабында су тұтынудың едәуір артуы теңіз деңгейінің апатты түрде төмендеуінің негізгі себебі болды. Әмудария мен Сырдария сулары ағымының күрт азаюы (1960 жылдардағы 50— 60 км 3 ден 1990 жылдардағы 5 -7 км 3 -ге дейін) садцарынан оның деңгейі 1960 жылғы 53 метрден 1987 ж. 40, 3 метрге дейін жоне 1992 ж. 37, 2 метрге дейін төмендеді. 1990 жылдардың басында теңіз айдынының ауданы 45% -дан астам кішірейіп, судың көлемі 65%-ға кеміді, судың тұздылығы 3 еседен астам артты. Суы тартылған 30 мың шаршыкилометрден астам орасан зор аумақ тұзды шөлге айналды
экология 7 лек.pptx