Лекция 33.pptx
- Количество слайдов: 9
Лекция 3 Тақырыбы (Тема): Теориялық зерттеулер (Теоретические исследования) Қарастырылатын сұрақтар (Вопросы лекции): 1. (Виды теоретических исследований и математические модели) 2. Clarification considered problem in theoretical investigations(Уточнение рассматриваемой проблемы при теоретических исследованиях) Мақсаты (Цель): Familiarization with the concepts and terms in theoretical studies(Ознакомление с понятиями и терминами в теоретических исследованиях) ﺍﺻﻄﻼﺣﺎﺕ ﺩﺭ آﺸﻨﺎیی ﺑﺎ ﻣﻔﺎﻫیﻢ ﻭ ﻣﻄﺎﻟﻌﺎﺕ ﻧﻈﺮی Оқытушы (Преподаватель): Атыханов А. Қ. , профессор, техн. ғылымдарының докторы
1 Теориялық зерттеулердің түрлері және математикалық модель • Теориялық зерттеу – бұл зерттеулерде үрдістің, құбылыстың өтуін, осы құлбылысқа немесе үрдіске әсер ететін факторларға байланысты математикалық өрнек арқылы келтіру болып табылады. Егер өрнек үрдіске әсер ететін басты барлық факторларды қамтыса, онда бұл өрнекті математикалық модель деп есептеуге болады. Зерттелетін құбылыстық мәселенің түріне қарай теориялық зерттеулерге математика мен механиканың әртүрлі бағыттарын пайдалануға болады. Негізінен айтқанда, теориялық зерттеулер көбінесе ұсынылған гипотезаны математикалық өрнек арқылы келтіру болып табылады. • Егер бізге бегілі бір технологиялардың тиімділігін зерттеу керек болған жағдайда, онда теориялық зерттеулерге жүйелік талдану (системный анализ) әдісі пайдалынылады. Бұл әдіс бойынша технологиялық барлық операциялардың байланысын немесе олардың өтуінің экономикалық тиімділігін, оңтайландыру параметрлерінің (мысалы өнім бірлігіне байланысты еңбек шығыны) оңтайлы мәндерін анықтау. Негізінен біздің бағытымыз машина құрылысы саласы болғандықтан, осы сала бойынша теориялық зерттеулердің түрлерін қарастырайық.
2 Теориялық зерттеулер барысында қарастырылатын мәселені анықтау • Біріншіден теориялық зерттеулер барысында не қарастырамыз, қандай жағдайды математикалық өрнек арқылы келтіреміз, зерттейміз деген сұраққа жауап іздейік. • Біз жаңа машина жасағанда, сол машинаның атқаратын жұмысының өнімділігінің артуын, қуатының азаюын, яғни өнімділік бірлігіне жұмсалатын қуаттың азаюын мақсат етеміз. Бұл мақсатқа сай зерттелетін машинаның өнімділігі мен ол атқаратын жұмыстың қуат шығынын математикалық өрнектеу теориялық зерттеулердің басты бағыты болуы керек. • Кейбір зерттеулерде басқа да мақсат қойылуы мүмкін және осы мақсатқа байланысты теориялық зерттеулердің бағыты өзгеруі де мүмкін.
Машина құрылысы саласы бойынша теориялық зерртеулердің түрлері • • • 1. Бұрынғы белгілі үрдіске жаңа гипотеза ұсынылса Осы үрдістің өтуін жаңа гипотеза бойынша қарастырып, яғни жоғарыда көрсетілгендей өнімділігін және үрдістің қуат шығынын математикалық өрнектеу. Мысалы, біз жаншығыш-ұсақтағыш машиналардың үрдісін қарастырдық. Бұрынғы теориялық зерттеулер бойынша, жаншығышұсақтағыш машиналардың өнімділігін анықтау үшін келтірілген өрнекте жаншығыш біліктер арасындағы саңылау келтірілген, яғни жаншығыш біліктер арасынан ұсақталған дән массасы саңылауға дейін де, одан кейін де саңылау шамасына тең қалыңдықпен лента деп қарастырылған. Бұл гипотеза бойынша саңылау шамасын 2 есе үлкейтсек, онда өнімділік шамасы да 2 есе артуы керек. Мысалы, екі білік арасындағы саңылауды 0, 6 мм-ден 1, 2 мм-де, өнімділіктің өзгермейтіні эксмперимент арқылы дәлелдейді, яғни бұрынғы гипотезаның және осы гипотезаны басшылыққа ала отырып жүргізілген теориялық зерттеулердің қате екені анықталды. Осы мәселе бойынша Т. Әбілжанұлының зерттеулерінде жаншылатын дән білік арасындағы саңылау түзуіне қатарласып орналасып барып өтеді деп қарастырылған. Бұл жағдайда жаншығышұсақтағыштың өнімділігі, дәннің саңылау түзуіне қандай ықтималдық бұрышпен орналасып өтуіне байланысты екені анықталған. Мысалы, бидай дәнінің бәрі бірдей саңылау түзуіне перпендикуляр немесе горизонталь бағытта орналасып өтпейді. Сонымен, ықтималдық теориясы бойынша осы дәндердің саңылау түзуіне қандай ықтималдық бұрышпен орналасуы, немесе бір мезетте саңылау түзінен қанша дән өтетініне байланысты, яғни дән жаншығыш-ұсақтағыш машиналардың өнімділігін анықтайтын жаңа өрнек алынды. Сонымен қатар, бір дәнді жаншуға жұмсалатын күшті ескере отырып машинаға керек қуатты анықтайтында өрнек алынды. Алынған өнектердің дәлдігі эксперимент арқылы толық дәлелденді. Сонымен, ұсынылған жаңа гипотеза жаңа теориялық зерттеулердің бастауы болды.
2. Белгілі бір үрдісті атқару үшін жаңа құрылым ұсынылса және осы құрылымда өтетін үрдіс жаңаша, яғни жаңа күштердің қатысуымен немесе басқа да ерекшіліктермен өтетін болса • Біз соңғы уақытта мал азығын әзірлейтін комбайндар, жинағышұсақтағыштар және жинағыш-сығындағыштар үшін жаңа жинағыш механизм ұсындық. Бұрынғы жинағыш механизмде жинағыш саусақтар жартылай шығыршық-сырғанағыш арасынан, оның жанамасына 90 градустық бұрышпен қозғалып, шығыршықтың 180 градустан кейінгі түзу бөлігінде шөп сабақтарын шығыршық астына алып кетпес үшін саусақты бұратын арнаулы механизм орнатылған. Бірақ бұл механизмнің тез тозатындығы және жөндеуінің, жасалуының күрделігі мұндай құрылымның негізгі кемшілігі. Осы кемшіліктерден арылу үшін ұсынылған механизмде саусақ бұратын құрылым қарастырылмаған. Мұнда саусақты айналма кіндігі шығыршық-сырғанағыш астына оның кіндігінен төмен орналасқан. Соның салдарынан, саусақтар шығыршық астына бірте-бірте кете бастайды. Бұл жағдайда, шөп сабақтарына шығыршық ішіне бағытталған үйкеліс күші және сыртқа бағытталған кіндіктен тепкіш күш пен бірге Кориолис күші әсер етеді. Сонымен, шөп сабақтарын шығыршық-сырғанағыш бойынша көтеру жаңа күштердің қатысуымен, яғни үрдіс жаңаша өтеді деген сөз. Сонымен қатар, бұл үрдісте шөп сабақтарына әсер ететін барлық күштер қосындысының қалай бағытталатынын анықтау теориялық тұрғыдан маңызды мәселе.
3. Бұрынғы зерттеулерде кейбір мәселелерді зерттегенде, олардың әсерін коэффициенттер арқылы ғана есепке алған, яғни коэффициент мәнін ашу үшін теориялық зерттеулер жүргізу • Мысалы, бұрынғы зерттеулерде ұсақтағыш машиналардың бос қозғалу қуатын ескеру үшін коэффициент алынған. • Мысалы біздің теориялық зерттеулерде осы бос қозғалу қуаты бірнеше бөліктен тұратыны және осы бөліктерді анықтау үшін арнаулы математикалық өрнектер алынғаны белгілі.
4. Бұрынғы зерттеулерде кейбір фактордың әсері теориялық тұрғыдан қарастыралмаса • Сонымен, мұндай жағдай бұл факторды теориялық тұрғыдан қарастырып, эксперимент арқылы тексеруі қажет. • Осы жоғарыда көрсетілген теориялық зерттеулерді жүргізу үшін негізінен ықтималдақ теориясының математика мен механиканың көптеген әдістері қолданылады. • Қазіргі теориялық зерттеулерді талдау үшін, яғни көптеген факторлардың әсерін сараптау үшін электронды есептегіш машиналарды және компьютерлік жаңа бағдармалаларды пайдалану теориялық зерттеулер сапасын жоғарылата түседі. • Ғылымның басқада салаларында математика мен механиканың көптеген арнаулы бағыттары, экономикалық теориялар жүйелік талдаудың теориялары (Граф теориясы т. б. ) пайдаланылуы мүмкін. Дегенмен, біздің салаға байланысты теориялық зерттеулер түрін біз толық қарастырдық.
Бақылау сұрақтары: • Теориялық зерттеуге анықтама. • Теориялық зерттеу барысында қарастырылатын мәселелерді анықтау. • Теориялық зерттеу түрлері. • Теориялық зерттеулер әдістемесі.
Әдебиет • 1. А. Қ. Атыханов, Т. Әбілжанұлы, Ө. Жортуылов. Ғылыми зерттеулердің негіздері. -Oқу құралы. Алматы, ҚазҰАУ, 2012. -190 бет. • 2. Қазақстан Республикасы Патент Заңы, 1999 ж. • 3. Асқаров Е. С; Балафанов Е. К. ; Қойшыбаев Б. А. Ғылыми зерттеулердің негіздері. Оқулық құралы. –Алматы, ИНТ, 2004 -198 бет. • 4. www. fips. ru
Лекция 33.pptx