Латын Америка.pptx
- Количество слайдов: 11
Латын Америк Елі Орындаған: Темкешева Айдана Пән: География Тексерген: Қасенова Бахытжамал Базыкенқызы
Мемлекеттік құрылымы • Америка-Батыс жарты шардағы екі құрлықтан тұратын дүние бөлігі. Атлант және Тынық мұхиттары аралығында жалпы аудан 42, 5 млн км², Халқы 479 млн (1967) жылы. Оның құрамына Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтары, дүние жүзіндегі аса ірі арал- Герландия т. б жағалауға жақын аралдар кіреді. Солтүстік Америка мен Оңтүстік Американың бір-бірінен бөлек және дербес құрлықтар деп санауға негіз болады. Олар бір-бірінен Панама мойнағы аралығы және Вент-Индия аралдары Орталық Америкаға жатады. Солтүстік Американың солтүстік-шығыс жағалауын мен Гренландия аралын алғаш рет 900 жылы шамасында нормандар ашты. Антиль аралын және Оңтүстік Американың солтүстік жағалауының бір бөлігін, Солтүстік Американың Кариб теңізі жағалауының оңтүстік бөлігін 1492 -1503 жылы Христофор Колумб ашты (бұл жерлер Америка жағалауларына Христофор Колумбтың экспедициясы келуінен көп бұрын да белгілі еді деген жарамалдары бар). Бұл дүниенің жаңа бөлігі И талия теңізшісі Америго Веепуччидің есімімен аталды.
Құрамы. • Аймақтағы елдер тәуелсіздігін алған соң, қоныс аударушы еуропалықтардың легі толастамады. Олардың басым бөлігі Оңт. Американың кезінде ауыл шаруашылығына қолайсыз деп есептеліп, жеткілікті игерілмей келген субтропиктік және қоңыржай белдеулерін қоныстана бастады.
Нәсілдері. Өзінің халқы Еуропоидтықтар Африкалықтар ИЦТЕКИ МАЙЯ МЕТИСЫ МУЛАТ САМБО
• Халқының нәсілдік құрамы салыстырмалы түрде біркелкі елдер қатарына еуропалықтар үлесі жоғары Аргентина ( 93%), Уругвай(88%), Коста-Рика(87%) жатады. Аймақтың байырғы халқы – үндістер қазіргі кезде Латын Америкасы тұрғындарының 15%дан астамын ғана құрайды. Аймақ тілдік құрамына еуропалық отарлау тікелей әсер етті. Қазіргі кезде аймақтағы 33 тәуелсіз елдің 18 -інде мемлекеттік тіл ретінде испан тілі; Бразилияда португал тілі; Кариб аралында 12 аралдық мемлекетте ағылшын; Гаитиде француз; Суринамда нидерланд тілі қабылданған. Халықтың 90 пайызы католиктер.
Халық саны. Тығыздығы. Туу коэффиценты 19 Промиль, өлім коэффиценті 6 промиль. Адамның өмір жасы ұзақтығы 74 жас. Латын Америкасы – Д/ж-егі Халық аз қоныстанған Аймақтардың бірі. 1 км квадратқа 28 адамнан келеді. Латын Америкасында урбандалу деңгейі жоғары: аймақ халқының 77 пайыздан астамы қалада тұрады. Соңғы оңжылдықтарда қала а Агломерациялары жедел қарқынмен Қалыптасуда. Аймақта 40 - қа жуық миллионер -қалалар болды, олардың 15 -і Бразилия жерінде орналасқан.
Экономикасы. • Латын Америкасы бүгінгі таңда экономикалық мегатоптардың көкжиегіне тартылуда. Мәселен, қазір Латын Америкасы елдері мен АҚШ арасында осы өңірдегі елдердің басым көпшілігін ықпалдастыратын, еркін сауда аймағын құру туралы ұйғарым бар. Бұл ниет жүзеге асса, әрі қарай кеден және валюта одағының да құрылуы әбден мүмкін. Латын Америкасы елдерінің бар мұқтажын өтей алмайды. Сондықтан ұзақмерзімді болашақта олар төрткүл дүниенің өзге де өңірлерімен өзара тиімді ынтымақтастықтар орнатуға ұмтылатын болады. Ал бұл үдерістің басында қай ел тұратынына келсек, оған кезінде айтылған АҚШ президенті Р. Никсонның «Бразилия қайда барса, Латын Америкасы түгелдей сонда барады» деген сөзіммен жауап беруге болатын сияқты. Жалпы, Бразилия мен сол өңірдегі елдер Қазақстанға экономикалық жағынан тартымды көрінетіні жасырын емес. Бразилия бүгінде өнеркәсібі дамыған елдердің ондығына кіреді. Оның қазіргі машина-техникалық өнімдерінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 60 пайызды құрайды. Бұл – біздің іргедегі көршіміз Ресейдің дәл осындай көрсеткішінен артық деген сөз. Екінші жағынан, бір-бірін толықтырушы салаларға ие Бразилия өңірде өзгелерге қарағанда, өзінің экономикалық дербестігімен де ерекшеленеді. Сыртқы экономикалық ахуал жағымсыз сипат алған жағдайда ішкі проблемаларын да өз күшімен шешуге қауқары жетеді. Сөйте тұра, бұл ел АҚШ-пен және Еуропа Одағымен, сондай-ақ Ресей және Қытаймен байланыстарын жолға қоя отырып, өзінің сыртқы қарым-қатынастағы еріктілігін (теңгерімін) де сақтауға тырысуда.
Ауыл шаруашылығы. • Латын Америкасы аумағының көпшілік бөлігінің тропиктік және субтропиктік белдеулерде орналасуы, агроклиматтық жағдайларының қолайлығы ауыл шаруашылығы дақылдарынан жылына 2 -4 рет өнім мүмкіндік береді. • Өсімдік шаруашылығы – аймақтағы барлық дерлік елдердің ауыл шаруашлығының жетекші саласы. Аймақта өсімдік сшаруашылығының ұсақ тауарлы- тұтынушылық, дәстүрлі плантациялық және өнімді сыртқа шығаруға бағытталған түрлері дамуда. • Қант қамысы- аймақтағы ең байырғы , кеңінен тарлған дақылдардың бірі; Ол Чили мен Уругвайдан басқа елдердің барлығында өсіріледі. Бразилия мен Кубада қант қамысын өсіруден д/ж-е жетекші орын алады. Тропиктік белдеуде өсірілетін кофе топырақ талғайтындықтан және климат өзгерістеріне төзімсіз болғандықтан бұл дақылдың өнімділігі мен сапалығы елдер бойынша айырмашылық жасайды.
Латын Америкасы және Қазақстан! • Сонымен қатар Мемлекет Басшысының Бразилия іскер қауымымен келіссөздерінде энергетика, өндіруші өнеркәсіп, жаңа технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты дамыту және өнеркәсіптің түрлі тармақтарында бірлескен кәсіпорындар құру мәселелері талқыланады деп күтілуде. Бұл сапар Қазақстан мен Латын Америкасы арасындағы серіктестікті дамытып, осы болашағы зор өңірдегі біздің елдің мүдделерін ілгерілетуде маңызды мәнге ие болмақ.
Көлік • Құрлықтағы қөлік төмен дәрежеде дамуы аймақтың экономикалық дамуына елеулі кедергі келтіруде. Теміржолдың басым бөлігі Бразилия мен Аргентинаның үлесінде. Американың үш бөлігінің тоғысында орналасқан Кариб алабының теңіз көлігі қатынасында маңызы зор. Орталық Америкада Тынық мұхит және Атлант мұхиттарын жалғастырып жатқан аса маңызды Панама каналы орналасқан. Ұзындығы 82 км-ге жететін бұл канал 1914 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі кезде Панама қканалы арқылы жылына 15 мыңнан астам кеме өтеді.