ералы ландшафт срс 1.pptx
- Количество слайдов: 13
Ландшафт және ландшафтану
Ландшафт Л. С. Берг нем.
Ландшафттанудың негізін салушылар: Л. С. Берг Г. Н. Высоцкий Г. Ф. Морозов
Географиялык ландшафт — құрамындағы табиғат құраушылары (жер бедері, климат, су, топырақ, өсімдік бірлестіктері мен жануарлар) мен морфологиялық бөліктері (фация, қоныс, жергілікті жер) өзара үйлескен, өзіндік құрылымы бар, географиялық қабықтың салыстырмалы түрдегі біртектес бөлігі.
Ландшафт жіктелуі тип тармағы түр
Жер шарындағы барлық ландшафтардың жиынтығын ландшафтық сфера деп атайды
Географиялық ландшафт - геожүйе түрлерінің бірі. Барлық негізгі құрамбөліктері: Øбедер, Øклимат, Øсу, Øтопырақ, Øөсімдіктер мен жануарлар дүниесі өзара күрделі әрекетте және өзара шарттылықта болып, біртұтас үздіксіз жүйе құрайтын табиғи географиялық кешен. Ландшафттануда географиялық ландшафтының бірнеше топтық анықтамалары қалыптасты. Қоғамдық іс-әрекетте географиялық ландшафтының жүйенің ресурс өндіруші, орта құрушы және генетикалық қорды сақтаушы жүйе ретінде және табиғи ресурстарды жайғасты пайдалану мен қоршаған органы қорғаудың ең басты нысандарының бірі ретінде көрінеді.
Ландшафттану – физикалық географияның табиғи Ландшафттану аймақтық кешендерін (геожүйелерді) зерттейтін ғылым саласы. Бұл терминнің соңғы кезде региондық физикалық географияның синонимі ретінде колданылуы басым болып барады
Ландшафттанудың негізгі мақсаты — табиғи және мәдени ландшафтты сипаттау, олардың құралымын, өзара байланысын, даму заңдылығын зерттеу болып табылады. Ландшафтанудың басты міндеті – ландшафттүрлерінің жаралуын, құрылымы мен динамикасын, даму заңдылықтарын, орналасуын және адамның шаруашылық әрекеттерінен оның өзгеруін зерттеу. Сонымен бірге ландшафттану төменгі сатыдағы геожүйелер (жеке қоныс, фация, т. б. ) және жоғары сатылық геожүйелер (табиғи өлке, провинция, т. б. ) мәселелерімен де айналысады.
Ландшафтанудың даму кезеңдері: 1. ХХ ғасырдың 20 -30 жылдары 2. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең 3. Қазіргі (жаңа) кезең
1. ХХ ғасырдың 20 -30 жылдары ХІХ ғасырдың соңына қарай Ресейде мықты географиялық мектеп құрылды. Оның негізін қалаушысы Петербург университетінің профессоры В. В. Докучаев (1846 – 1903) еді. Оның атақты ғылыми еңбектерінің бірі жер туралы ғылым ашуы. Докучаевтың жерге көзқарасы – географиялық: жер – географиялық компоненттерінің, оның ішінде жылу, ылғалдық, рельеф және организмдердің өзара әрекеттесуінің нәтежиесі, ол ландшафтының шикізаты, әрі оның айнасы болып табылады. Ол ең алғаш тәжірибе жүзінде Нижегородская (1882 – 1886), Полтавская (1888 – 1894) және ерекше жазық дала атақты экспедицияларын ұйымдастыру арқылы нақты аймақтардың кешенді зерттеу принциптерін ашты. Соңғы экспедиция жұмыстарының барысында зерттеудің жаңа әдісі табылды, ол – стационарлық. Докучаевтың ғалым ретінде маңызды жері, ол зерттеудің жоғары теориялық деңгейін практикамен ұштастырды. Оның экспедициялықпен қоса ғылыми еңбегі орыс ауыл шаруашылығына тәуелді еді. Оның басты мақсатының бірі – жазық даладағы құрғақшылық пен тағы басқа табиғаттың қолайсыз жағдайларымен күресу әдістерін табу және әртүрлі табиғи жағдайларда ауыл шаруашылығын рационалды түрде жүргізудің ғылыми негізін ашу
2. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең Соғыстан кейінгі алғашқы онжылдықта ландшафттанудың теориялық мәселесіне қызығушылық арта түсті. Жетекші университеттердің оқу жоспарларына «Ландшафттар туралы оқу» курсы енгізілді. Ландшафттық түсірілім мен ландшафттық карта жасауға: ландшафт морфологиясы, фаций мен шатқалды бөлу принциптері, олардың жүйелілігі, ландшафттың көлемі мен критерийі, ландшафттық шекара мәселелері және т. б. байланысты мәселелерге ерекше назар аударылды. 1944 -1946 жылдары Б. Б. Полынов ғылымның жаңа бағыты -ландшафттағы химиялық элементтердің миграциясын зерттеуге қатысты ландшафттың геохимия негіздерін жасап шығарды. Ландшафттануға жақын келетін екінші бір жаңа бағыт, атап айтқанда биогеоценология В. Н. Сукачевтың (1880 -1967) атымен байланысты. Оның 40 -жылдары енгізген «биогеоценоз» түсінігі фациймен ұқсас, бірақ басты мән биокомпоненттерге және олардың қоршаған ортамен заттық-энергетикалық алмасуына берілген. В. Н. Сукачев биогеоценозды зерттеудің маңызды әдісін стационарлық деп есептеді және оның бастамасы бойынша биогеоценологиялық стационарларды ұйымдастыру басталды.
1947 жылы КСРО Ғылым академиясының мамандарының «КСРОнытарихи – жаратылыс аудандастыру» еңбегі жарыққа шықты және осы жылы С. П. Сусловтың (1893 -1953) аудандастыру кестесімен бірге «КСРО физикалық географиясы» (азиалық бөлігі) атты үлкен еңбегі басылып шықты. Осы жұмыстарда алғашқы дәстүрлі зоналық жіктеумен қатар, елді ірі өңірлік бірліктерге жіктеу түріндегі бейзоналық принциптің көрінісі бар. 1946 жылы А. И. Яунпутининь материктерді физико-географиялық секторларға және елдерге жіктей отырып, жер шарының барлық құрғақ жерлерін аудандастырудың қызықты тәсілін жариялады. Осы жылдары ландшафт туралы және физикогеографиялық аудандастыру туралы ғылым мағынасына қарай, бірінен тәуелсіз тұрғыда зерттелді. 3. Қазіргі кезең Соңғы жылдары ландшафт туралы ілімдерінің негізгі идеяларға халықаралық мойындалды. Әр түрлі елдердің мамандары, адамзаттың табиғат ортасын оңтайландырумен байланысты, қазіргі заманның өзекті проблемаларын шешу ландшафт – географиялық теорияға сүйену қажеттігін, практикалық тәжірибемен көз жеткізді.
ералы ландшафт срс 1.pptx