
Revmatizm_-_sozylmaly_infektsialy_1179_-allergialy_1179_auru.pptx
- Количество слайдов: 23
L/O/G/O Ревматизм Орындаған: Джолмаганбетов Айжарык Тобы: 12 -018 -02 Курс: 4 Қабылдаған: Аманжолова Айнаш
Балалар жүрегінің анатомофизиологиялық ерекшеліктері 1. 2. 3. 4. 5. 6. Жаңа туған балалар жүрек формасы: конус, шар немесе сопақ болуы, жүрекшенің өлшемі үлкен мен қарынша кіші болуына байланысты. 10 -14 жаста ересек адам жүрегінің формасындай болады. Балаларда жүрек горизонталды орналады. Сәбилердің жүрегінің массасы денесінің 0, 8%алады. Жүрек бөлімдері дамуы әр түрлі, сол қарынша 4 айда оң қарыншадан көлемі үлкен. Жүрек проекциясы 1, 5 жаста 4 қабырғааралықтан 5 қабырғааралыққа түседі. Жүрек кеуде торының едәуір бөлігін алып отырады. Жүрек бұлшықеті толық дифференциацияланбаған. Жүректің өткізгіштік жүйесі дамиды, симпатикалық жүйе әсері бәсеңсіп, 3 -4 жаста кезбе нерві іске қосылады. Осыдан 3 жасқа дейін физиологиялық жүректің жиі соғуы түсіндіріледі.
• Ревматизм- β-гемолитикалық стрептококкі тонзиллит не фарингиттің постинфекциялық-аллергиялық асқынуынан болған, дәнекер тінінің, оның ішінде жүрек, қантамырлар, буындарды, нерв жүйесін, ж. б. жүйелі қабынумен зақымдайтын ауру.
Дерт оған бейімділігі бар 7 -15 жастағы және одан үлкен жастарда стрептококк антигендеріне деген организмнің аутоиммунды жауабымен және ауруға ұшырайтын тіндердің ұқсас аутоантигендерімен қайшылас реакция беруімен сипатталады.
Этиология β-гемолитикалық стрептококк. А тобы [баспа, тонзилит, тіс құрты, гайморит, фарингит, ЖРВИ (стрептококкпен байланысты болса), стрептодермия т. б. ] - 2 -4 апта өткесін дамиды-ревматизм, немесе оның қайталануырецидив. Стрептококк микробының бойында 20 -дан астам антиген, фермент, эндотоксин бар. Ревматизмге алып келетіні – стрептолизин – 0; фибринолизин, М-антиген т. б. - тұқым қуалайтын бейімділік
Патогенез микроб немесе оның токсиндері→дәнекер тініне→негізгі зат пен коллагенді ыдыратады→фермент жүйесі бұзылады→қан тамыр қабырғасының өткізгіштігін өсіреді.
Патоморфология a. мукоидтық ісіну б. фибриноидтық ісіну в. гранулямалар пайда болуы г. Склероз
Классификация Фазасы Б. Өшкен фазалар 1. Миокардиосклероз 2. Жүрек ақауы (қандай) 1. Өршіген (активность) – I, III дәрежелі 2. Өшкен (не активный) А. Өршіген фазада I. Жүрек зақымданса 1. Ревмокардит біріншілік қақпақшалар ақаусыз 2. Ревмокардит қайталанған (қақпақша ақауы бар, қандай) 3. Ревматизм жүректе белгілі өзгеріс жоқ II. Басқа жүйелер зақымданса 1. Полиартрит, серозиттер (плеврит, перитонит т. б. ) 2. Хорея, энцефалит, церебральдық васкулит 3. васкулит, нефрит, ирит. Иридоциклит, гепатит
Ағымы жедел (2 ай), жеделдеу (2 -4 ай), созылыңқы, солғын (4 ай), толассыз қайталайтын. Қанайналыс бұзылысы: Қан айналыс бұзылысы: - ҚБ жоқ - ҚБ I дәрежелі - Қб III дәрежелі
Диагноз қойғанда осы жіктелуге қарай қояды. Мысалы: ревматизм біріншілік, өршіген фаза, II дәрежелі өршу, эндомиокардит, полиартрит, жедел ағымды, ҚБ І. Клиникасы: ревматизммен көбінесе мектеп жасындағы балалар ауырады. Аурудың бірінші шабуылы көбінесе қатты түрде басталады: әлсіздік, дене қызуы жоғары, интоксикация белгілері, буын ісу белгілерінен полиартрит не арталгия пайда болады. Полиартриттің ревматойдты артриттен айытмашылығы: ірі буындар қабынады (тобық, тізе, шынтақ), олардың симметриялы зақымдалуы, ауру белгілерінің тез басылуы, тиісті ревматизмге қарсы дәрі қолданғанда азайып жойылады, буынның қабынуы ауыр болсада ешқандай өзгеріс қалмайды. Полиартриттің белгілері: ісіну, қызару, ауыру, буын ыстығының жоғарлауы, қимылының бұзылуы. Ауырған балаларда 80 -85% полиартрит өокен соң жүректің қабыну белгілері шығады – кардит, көбінесе миокардит – хал жағдайы нашарлап, өңі бозарады, жүректің соғуы жиілеп, ауру сезімі, ентігу басталады. Жүрек көлемі үлкейіп, тахикардия, брадикардия, экстросистолия, тондар әлсіреп, систолалық шу пайда болады. Тиісті ем қолданбаса 1 -2 апта өткенде эндокардит белгілері шығады – қақпақшалар зақымданып, жүрек ақауы пайда болады
Ең жиі зақымданатын – митралдық қақпақша. Негізгі белгісі – қатты естілетін, үрлеген сарынды систолалық шу жүрек ұшында. Миокардтың зақымданғанын ЭКГ, ЭХОКГ арқылы анықтаса, қақпақшалардың зақымдануын ФКГ-мен анықтайды. Балаларда соңғы уақытта жиі кездесетін ревматизмнің түрі – хорея. Кіші хореяда нерв жүйесінің, қыртыс астындағы түйіндер, глия тіні зақымданады. Көбінесе ауыратын 510 -14 жастағы балалар, жиі ер балалар. Кіші хорея жедел басталады, дегенмен белгілірінің көбі созылмалы түрде дамиды. Ауырған баланың жүйке жүйесінің жұмысы бұзылады. Гиперкинездер пайда болады, гемихорея түрінде, яғни оң не сол жақ қол мен аяқтың керексіз, шамадан артық қимылдары пайда болады, қолына зат ұстай алмайды, аяғын сүйрете басады, бет аузы жыбырлап, сөзінің анықтығы, жазуы бұзылады, қимылы дәлдігі кетеді, бұлшық еттер әлсіз (гипотония), гипорефлексия, эмоциялық беріксіздік, селқостық, ұмытшақтық, шаршағыштық шығады. Хорея 2 -3 айға созылады. Дер кезінде берілген ем аурудың барлық белгілерін толық жояды. Көбінесе кіші хореямен ауыратын балада кардит кездеспейді. Балаларда ревматизмдік энцефалит, менингит сирек кездеседі. Балалар арасында ревматизмнің қайталамалары (рецидивтер) жиі кездеседі, сондықтан әрбір келесі рецидивтер жүрек клапандарына әртүрлі ақаулар түсіреді.
Өте жиі кездесетін ақаулар: 1. Митралдық қақпақшаның жетіспеушілігі 2. Митралдық тарылу 3. Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі 4. Қолқа стенозы Диагнозы: ревматизм диагнозын қою үшін Нестеров жасаған критерийлерді қолдану жөн. Олар негізгі (үлкен), қосымша (кіші) критерийлерге бөлінеді. Негізгілері: 1. кардит 2. полиартрит 3. хорея 4. анулярлық эритема 5. тері астындағы түйіндер (узелки) 6. ревматизмдік анамнез 7. байқау емі
Қосымшалары: 1. клиникалық – дене қызуы, әлсіздік, шаршағыштық, терінің бозаруы, терлегіштік, атралгия; 2. лабораториялық – лейкоцитоз, диспротейнемия, СОЭ, ЭТЖ, Среактивті белоктың шығуы, ЭКГ, ФКГ, ЭХОКГ. Осы критерийлердің негізгілерінің екеуі қосымшаларының екі-үшеуі бар болса ревматизм диагнозын анық деп есептеуге болады. Емдеу: Ем сатылы: - ауруханада - емханада - санаторияда - диспансер бақылауында - өмір бойы - митральді клапан зақымдауынсыз-5 жыл
Өршіген фазасында ауруханада емдеу комплексті түрде жүргізеді: 1. төсек режимі 2. диета № 5 3. төсекте ем гимнастикасы, қимыл-қозғалыс режимдерін тағайындау 4. дәрі-дәрмекпен емдеу, а/б (пенициллин, ампицилин, эритромицин) 10 күн, кейін бицилинмен ауыстырамыз. 5. созылмалы ошақты емдеу Медикаменттік ем үш бағытта жүргізілуі тиіс: 1. стрептококке қарсы 2. қабынуды басуға 3. иммундық патологияны басуға
Стрептокке қарсы – пенициллин 20 -25 мың өлшеммен тағайындалады 1014 күн, араға күн салмай бицилин 1 -5; 25 -40 мың өлшемнен, пенициллинге реакциясы болса, онда эритромицин т. б. (ампицилин, бицилин қабылдауға болмайды). Қабынуға қарсы – аспирин 0, 2 -0, 25 гр, әр жасына 3 -4 ретке бөлініп беріледі, 4 -6 апта бойы, кейін емдік мөлшердің жартысын тағы 4 -6 аптаға созады. Индометацин, ортофен, вольтарен, бутадион – бұл дәрілер стеройдтық емес деп аталады. Ревматизмнің ІІ, ІІІ дәрежесінде стеройдтар қолданады – преднизалон 1 -2 мг/кг тәулігіне 3 -4 ретке бөліп береді – ұзақтығы 4 -5 апта. Ревматизмнің баяу өтетін түрінде стеройдтар және стеройдтық емес дәрілердің көмегі аз болуы мүмкін. Осындай жағдайда хинолин дәрілерін қолданады (резохин, хлорохин, делагил) 5 -10 мг/кг. Хореяда: бром препараттары, витамин, седуксен, триоксазин, элктр тогымен ұйықтату, Na. Br мойынға электр фарез.
Иммундық патологияны басуға – супрастин, димедрол, тавегил, кеотифен, аскорутин, рибоксин т. б. , витаминдер. Орта есеппен алғанда бірінші рет ауырған баланы 45 күн емдейді, екінші рет ауырған баланы 60 күн емдейміз. Профилактикасы: бірінші және екінші реттегі профилактикаға бөлінеді. Бірінші ретті (алғашқы) профилактикаға ревматизммен ауру қауіпті топқа жататын балаларды аламыз, уақытылы шынықтыру, күн тәртібін ұстау, ошақтарды емдеу (тіс, тонзилит).
• Біріншілік профилактиканың мақсаты-ревматизмді болдырмау. Ол үшін балаларды жақсы, құнарлы тамақтармен тамақтандыру, жасына қарай денесін шынықтыру, күн тәртібін сақтауы керек. Сонымен қатар созылмалы аурулары бар балаларды диспансерлік есепке алып емдеу керек. Әсіресе баспамен жиі ауыратын, созылмалы тонзилиті, кариесті тісі бар балаларды сауықтыру керек. • Екіншілік профилактиканың мақсаты-ревматизмі бар балаларды есепке алып, оны аурудың қайталануынан (атакасынан) сақтандыру. Диспансерлік есепте ревматизммен тұрған балалар жылына екі рет лабораторлық-клиникалық тексеруден өтеді: қанның жалпы және биохимиялық анализі, несептің жалпы анализі, стоматолог пен ЛОРдәрігерінің тексеруі, ЭКГ, ФКГ, емхананың ревматологының тексеруі. Сонан кейін рецидивке қарсы ем алады-аспирин, аскарутин, поливитаминдер 10 күн, бициллин егіледі. Бұл емдік шаралар күз, көктем айларында тағайындалады.
Профилактикалық шаралар: Науқаста жүректің ревматизмдік ақауы болған кезде, бірнеше рет бактериалды эндокардиттің екіншілік профилактикасы жүргізіледі. Профилактика: бензатин бензилпенициллин* 2, 4 млн бұлшықет ішіне 3 аптада 1 рет. Екіншілік профилактика: D бензатин-бензилпенициллинмен – 2, 4 млн БІРЛІК 3 аптада 1 рет – жыл бойы. Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері: ОРЛ қайта шабуылын және жүректің ревматизмдік ақауының үдеуін алдын алу.
Диагноз: - анамнез (стрептококктық инфекция) - шағымдары - клиникалық белгілері (негізіг, қосымша)ъ - объективті қарау - лабораториялық (ЭТЖ, С-р+++; дсипротеинемия, АСЛО жоғары) - ЭХОКГ, ФКГ Лабораторлық зерттеулер: 1. ҚЖА: ЭТЖ жоғарылауы, лейкоцитоз, лейкоцитарлық формуланың солға жылжуы. 2. ҚБА: α 2 - және γ-глобулиндер, серомукоидтар, гаптоглобин, фибоин деңгейінің артуы. 3. Қан ИИ: Т-лимфоциттер санының төмендеуі, Т-супрессорлар функциясының төмендеуі, иммуноглобулиндер деңгейінің және антистрептококкты антидене титрінің артуы.
Асқынулары: - ЖБЖА (жүре біткен жүрек ақаулары) 1. митральды қақапақшаның жетіспеушілігі 2. митральды қақапақшаның жетіспеушілігің стенозы (тарылу) 3. қолқа қақапақшасының жетіспеушілігі 4. қолқа қақапақшасының жетіспеушілігің стенозы т. б. - ҚБ (қан айналысының бұзылуы)
Пайдаланылған әдебиеттер • https: //diseases. medelement. com/disease/view/MTM y. MTg%253 D/f. DE 1 f. A%253 D • https: //ru. wikipedia. org/wiki/%D 0%A 0%D 0%B 5%D 0%B 2%D 0%BC%D 0%B 0%D 1%82%D 0%B 8%D 0% B 7%D 0%BC • http: //www. diagnos. ru/diseases/vasorum/reumatism • http: //simptom. org/revmatizm-sustavov-lechenieprichiny-profilaktika-i-simptomy/ • http: //medportal. ru/enc/rheumatology/revmatism/
Revmatizm_-_sozylmaly_infektsialy_1179_-allergialy_1179_auru.pptx