Maydy_1187_almasuy_2013.ppt
- Количество слайдов: 60
l Дәріс. l Липидтер мен липоидтердің алмасуы
l. Майлар - ағзада энергия көзі. Майдың тотығуынан энергияның көп бөлінуіне қарамастан, ағза үшін (негізгі энергия көзі көмірсу болып табылады, себебі майлардың тотығуы үшін де ең алдымен ағзаға көмірсу қажет. l. Ағзадағы майдың қоры 10 -15 күнге жетсе, көмірсудың қоры 13 -14 сағатқа ғана жетеді. Май, сонымен қатар, майда ертитін А, Д, L К дәрумендерінің еруі мен сіңірілуіне жағдай жасайды. l. Жасуша мембранасының құрамына кіріп, оның құрылымдық бөлімі. l. Майлар өкшеге, алақанға серпімділік қасиет береді. Сонымен бірге, эндогендік судың көзі болып табылады.
Липидтер – физикалық, химиялық қасиеттері бір-біріне жақын келетін, өсімдік, жануар және микроорганизмдерде болатын суда ерімейтін (гидрофобты) тек органикалық заттарда еріткіштерде (эфир, спирт, ацетон, хлороформ, бензин ) жақсы еритін түрлі қосылыстардың қалдықтарынан түзілген, химиялық құрылысы жағынан күрделі эфирлерге жататын органикалық қосылыс.
О СН ----О---С ----R 2 О СН ----О----С----R О СН----О----С----R 2 Майлар күрделі эфирлер мен үшатомды спирт (глицерин) және жоғары молекулалы май қышқылдарынан тұрады
Қаныққан бірнегізді карбон қышқылдарының гомологтық қатары және атауы
Номенклатурасы
Физикалық қасиеттері l l l Құрамында 1 және 9 көміртегі бар монокарбон қышқылдары түссіз сұйық заттар. Барлық ароматты, жоғары алифатты және дикарбон қышқылдарының көпшіліктері қатты заттар. Құмырсқа, сірке және пропион қышқылдарының күйдіргіш қасиеттері бар, суда жақсы араласады. Карбон қышқылдарының қайнау температурасы спирттер мен альдегидтерге қарағанда жоғары. Қайнау температурасының жоғары болу себебі, карбон қышқылдары сутектік байланысы арқылы ассоциат түзеді.
химиялық қасиеттері l Құрамында полярлы карбоксил тобы болуына қарай карбон қышқылдарының молекуласында бірнеше белсенді реакциялық орталықтар бар.
Жоғарғы карбон қышқылдары деп көміртек саны 10 -нан басталатын карбон қышқылдарын айтамыз. Олар қатты, түссіз, иіссіз заттар. Суда ерімейді, бірақ органикалық еріткіштірде жақсы ериді. Лаурин (додекан) Пальмитин (гексадекан) Стеарин (октадекан)
Майлар дегеніміз үшглиицеридтердің күрделі қоспалары. Үшглицеридтер деп үш атомды спирт – глицерин мен жоғарғы май қышқылдарының күрделі эфирін айтамыз. Майлардың құблысын 1811 жылы француз ғалымы Шеврель анықтады, ал 1854 жылы басқа француз химигі Бертло синтездеп алды. Майлардың құрылысын мына түрде көрсетуге болады. Глицерин үшстеарин
Майларды гидрогендеу Өсімдік (сұйық) майларының қатты майлардан айырмашылығы көмірсутек радикалдарында қос байланыстардың болуы. Демек, қанықпаған сұйық қышқылдардың құрамына сутегі атомын қосып, қаныққан қышқылдарға айналдырғанда, майлар қатты майға айналады.
Күрделі эфирдің қолдануы Парфюмерияда Дәрілік заттар Күрделі эфир Еріткіштер Пластмассалар Тамақ өнеркәсібі Қышқыл мен спиртті әрекеттестіріп, күрделі эфирді алады, бұл рекация қайтымды, сондықтан кері реакция жүрмеу үшін суды үнемі бөліп алдып отырады. Күрделі эфирлер өндірістің көптеген салаларында қолданылады.
Бейтарап майлар Глицерин: Диглицерид: Моноглицерид: Триглицерид:
Липидтер Сабындалатын Сабындалмайтын Сабындалатын Күрделі Жай Балауыз Майлар Триацилглицериндер Гликолипидтер Сфинголипидтер Фосфолипидтер Глицерофосфолипидтер Кефалиндер Лецитиндер Стероидтар Терпендер
Майлар немесе бейтарап майлар-қарапайым липидтер деп саналады, мұндай липидтерге триглицеридтер жатады. Май тәріздес заттар немесе липоидтар-күрделі липидтер, мұндай липидтерге фосфолипидтер, балауыз, сфинголипидтер, стеролдар және стеридтер жатады.
Фосфолипид: 1. Фосфатидилхолин(Лецитин) 2. Фосфатидилэтаноламин (Кефалин) 3. Фосфатидилсерин Қызметі: Ақуызбен бірге фосфолипидтер клетка мембранасын құрайды, клеткалардың жұмысы, тұтас ағза қызметі мембрананың зақымданбауына және оның құрылымына байланысты.
Сфинголипидтер: 1. Фосфосфинголипидтер 2. Цереброзидтер 3. Ганглиозид құрамында қант бар 4. Сульфолипидтер Қызметі: Амфипатиялық қосылыс және мембраналық липидтер қызметін атқарады.
l Стеролдар-полициклдік спирттер, циклопентанопергидрофинантреннің туындысы. l Стеридтер-стеролдар мен май қышқылдарының күрделі эфирі. Қызметі: жасуша биомембранасының аққыштығын, тұтқырлығын қамтамазсыз етеді.
Стероидтар- кең тараған қосылыс: бүйрек үсті безі қыртыс қабаты гормоны, жыныс гормоны, өт қышқылдары, жүрек гликозидтері. Фенантрен Пергидрофенантрен Циклопентангидрофенантрен
Холистерин бір атомды қанықпаған циклді спирт. Биосинтезі: 1. Мевалон қышқылының түзілуі 2. Скваленнің түзілуі. 3. Сквален холистеринге айналуы Қызметі: Ағзаға екі жақты әсер етеді, бір жағынан жасушаның өсуі мен өмір сүруі қажет, ал екінші жағынан қандағы оның артық мөлшері өте зиян, қан тамырлары, өт қабығы және асқазан жолдары үшін өте қауіпті.
Май
Липидтердің қызметі 1. Энергетикалық. Липидтердің калориялығы көмірсутектерге қарағанда жоғарылау. 1 г май тотыққанда СО 2 және Н 2 О, 38, 9 к. Дж энергия бөлінеді. 2. Құрылымдық- Липидтер клеткалық мембраналардың құрамында кездеседі. Олар: фосфолипидтер, гликолипидтер, липопротеиндер. 3. Қоректік. Қор ретінде жинақталатын липидтер жануарлар мен өсімдіктер тіршілігін оларға қолайсыз ортада қалыптастыруға көмектеседі.
4. Терморегуляторлық. Майлар белсенді термоизолятор болып табылады. Тері астындағы майлар, кейбір жануарларда жуан қабат түзеді. 5. Механика-қорғаныштық. Тері астындағы майлар ағзаны сыртқы механикалық әрекеттерден қорғайды.
Каталитикалық. Майда еритін витаминдермен (А, D, E, K) байланысты. Метаболитикалық судың көзі. Майдың тотығуындағы бөлінетін өнімдердің бірі су болып табылады). Жүзудің белсенділігі. Ағзада неғұрлым май көп болған сайын соғұрлым жүзу қабілеті жақсарады.
Липидтер гидрофобты қасиетке ие. Нәтижесінде липидтер, клеткалық мембраналардың құрамына кіре отырып, клетканы және оның құрамындағы заттарды қоршаған ортамен байланыстырады.
Физикалық қасиеттері Майлардың физикалық қасиеттері олардың құрамындағы қышқылдарға байланысты. Егер майлардың құрамында қанықпаған қышқылдар басым болса онда майлар сұйық келеді (зығыр, мақта, күнбағыс майлары). Егер қыныққан қышқылдар басым болса, онда майлар қатты болады (жануарлар майы). Майлар судан жеңіл және онда ерімейді. Майдың сабындану саны. Егер майларды күйдіргіш сілтінің ерітіндісімен қыздырса, гидролизденген қышқылдар ерітіндідегі сілтімен нейтралданады, яғни карбон қышқылдарының тұздары немесе сабын түзіледі. Сабындану саны деп – 1 г майды гидролиздегенде пайда болатын қышқылдарды нейтралдауға жұмсалатын күйдіргіш калийдің миллиграмм мөлшерін айтады.
Липидтерді қорытудың негізгі факторлары: l 1) майларды ыдырататын липаза ферментінің болуы; l 2) оптимальді белсенділігіне жағдай жасау; l 3) майларды эмульгирлейтін детергент зат- эмульгатордың болуы. l. Липаза тек эмульгирленген майларға ғана әсер етеді. Асқазанда липаза ферменті болады, бірақ оның белсенділігі онша жоғары емес, өйткені асқазанда әсер ету ортасы қышқылдық болып келеді (р. Н 1, 5 -2, 5, ал липазаның р. Н оптимумы 7, 8 -8, 1) және онда эмульгатор болмайды. l Асқазанда тек эмульгирленген майлар, яғни сүт майы мен жұмыртқа сарысының майы ғана ыдырайды. lҰсақталған бөлшектер күйінде ас қазаннан он екі елі ішекке түседі, одан майлардың қорытылуы аяқталып, гидролиз өнімдерінің сіңірілуі басталады. Қорытуға өт, асқазан және ішек сөлдері қатысады. Өт бауырда түзіліп, өт қабығында жинақталады.
lӨт кышқылдарының әсерінен майлар диаметрі 0, 5 микрон бөлшектерге ыдырайды. l. Липазамен майдың жанасу беткейі артады, майдың ферментативтік гидролизі жеңілдейді. l. Майдың диаметрі 0, 5 микроннан кіші бөлшегінің (хиломикрондар) аздаған мөлшері ішектің қабырғасы арқылы сіңіріліп лимфаға түсуі мүмкін. l. Майдың негізгі мөлшері глицерин және май қышқылына дейін ферментативтік ыдыраудан кейін ғана сіңіріледі. lҚұрамында төменгі молекулалы май қышқылдары бар триглицеридтер (сары май) липазаның әсерімен оңай гидролизге ұшырайды. l. Триглицеридтер липаза ферментінің әсерінен глицерин мен ЖМҚ ыдырап ди-, моноглицеридтер түзеді.
lӨт қышқылын ағза өте ұтымды жұмсайды. Тәулігіне 50 г май ыдырағанда 150 г өт қышқылы жұмсалады. l. Май қышқылдары мен өт қышқылынан тұратын комплекс ішек түктерінің эпителий клеткаларында қайтадан бастапқы қалпына келеді, яғни өт қышқылы мен май қышқылына ыдырайды. lӨт қышқылы вена тамырлары арқылы бауырға одан өтке өтіп, жұмсалған өт қышқылының орнын толтырып отырады. Ішектің қабырғасында глицерин және май қышқылдары өзгерістерге ұшырайды.
Май қышқылдарының ерігіш амфипотиялық қасиеті бар. Өт қышқылдары сырттай белсенді заттар. l Гидрофобты-олардың стероидты жағы l Гидрофильді-полярлы «басы» (қышқылдық топ бар жері) Эмульсиялану деңгейі жоғарлаған сайын және май түйіршіктері кішіреген сайын ферменттің әсер етуі оңайлайды, глицеридтер гидролизінің жылдамдығы да артады.
Майдың қорытылуы асқазан жолдарында, негізінен ащы ішекте жүреді. Май панкреатит сөлімен келіп түсетін панкреатиттік липаза әсерімен 12 елі ішекте және ащы ішекте қорытылады. Май липазаның әсер етуімен диглицеридке, моноглицеридке және глицерин мен май қышқылына дейін ыдырайды. Майлардың ыдырауы 2 сатыда жүреді: l
l. Фосфолипидтердің гидролизі фосфолипаза ферменттерінің әсерімен жүреді. l. Фосфолипазаның бірнеше түрі бар: фосфолипаза А, А 2, С және Д; lӘрқайсысы фосфолипидтердін құрамындағы әртүрлі химиялық байланысты ыдыратуға қатысады
l. Фосфолипаза А 2 әсерінен түзілетін заттар липофосфатидтер- өте улы, яғни гемолиттік қабілеті бар. l. Фосфолипаза С және Д фосфолипидтер гидролизін аяқтайды. l. Фосфолипидтер гидролизінен түзілетін заттар: глицерин, май қышқылдары, фосфор қышқылы, аминоспирттер (холин коламин, инозит, серии). l. Майлар гидролизінің нәтижесінде түзілген заттар ішектің қабырғаларында сіңіріле бастайды. l. Глицерин суда ериді және ішектің кілегейлі қабатында оңай сіңеді.
l. Глицерин АТФ-тың қатысуымен глицерокиназа ферментінің әсерінен фосфорланады. l. Реакция нәтижесінде түзілген глицеролфосфаттың біразы триглицеридтердің қайтадан синтезделуіне (ресинтезі) жұмсалады, ал қалғаны фосфодиоксиацетон, фосфоглицерин альдегидінің түзілуіне жұмсалады. lІшек эпителий клеткаларындағы триглицеридтер ресинтезі бірден моноглицеидтерде фосфатид қышқылының түзілуінсіз жүруі мүмкін.
lІшек қабырғаларында ресинтезделген триглицеридтер, фосфолипидтер ақуызбен комплекс түзеді, түзілген комплекстің 70% жуығы лимфа жүйелеріне, 30% жуығы қақпақты венаға келіп түседі. Майлардың өте аз ғана мөлшері моно- және диглицерид күйінде ішек қабырғасы арқылы қанға сіңірілуі мүмкін, олар: l 1) эмульсия түрінде , l 2) бөлшектерінің диаметрі 0, 15 пен 0, 3 микронная үлкен болмауы қажет, сонда ғана олар лимфа ағынымен қан капиллярына өте алады. l. Лимфа ағынымен сіңірілген триглицеридтер, фосфатидтер, болса да липоидтар венаға өтіп, хиломикрон, яғни ұсақ бөлшек түрінде қан айналысына түседі. l. Хиломикронның құрамы - 0, 2 -1, 0% дейін ақуыздан және 99% майлардан (оның ішінде 88% триацилглицерид, 8% фосфолипид, 4% -холестерин). l. Хиломикронның бірінші өтетін мүшесі- өкпе. Хиломикронның мөлшері қалыпты жағдайдан артық болса, біршама бөлімі өкпеде ұсталып қалады. Сондықтан, өкпе артерия қанына түсетін майды реттеуші буфер болып табылады.
lӨкпеде липаза ферменті майларды гидролиздейді, сонымен қатар, май қышқылдары мен кетондық денелер де тотыға алады. l. Майлар өкпенің мезенхималык элементтерінде ұсталып қала алады. Сондықтан, егер мезенхималык элементтер нашар дамыған болса, өкпенің тыныс алуы күшейіп, қан ағысы жылдамдағанда артерия қанына майдың артық мөлшері түсіп, май ұлпаларында артық қор ретінде жиналуы мүмкін. Қақпақты венаға түскен бейтарап майлар бауырға және шеткейде орналасқан ұлпаларға май қорлары бар жерлерге жеткізіледі.
l. Жіңішке ішектің қабырғаларында май ресинтезі өтеді. l. Оған митохондрия және лизосом ферменттері қатысады. l. Ресинтезден кейін липидтердің жартысы жасушаралық жазықтыққа түседі де одан қанға, бауырға таралып ағзаның пайдасына жұмсалады.
lҚан плазмасында липидтер шамамен 0, 7% құрайды. l. Майдың құрамында: фосфолипидтер - 150 -200 мг %; lбос холестерин және оның эфирлері - 150 -250 мг %; lбос май қышқылдары – 40 мг % болуы тиіс. l. Аш қарында қандағы майдын мөлшері 600 -800 мг % - 1 г % -дан артпауы тиіс: егерде 1 г % артық болса, онда гиперлипемия, қандағы майдың қалыпты жағдайдан артық болғаны. l. Гиперлипемия кезінде қандағы май тамшыларының диаметрі 0, 3 -0, 15 микрон. Мұндай тамшылар триглицеридтердің ақуызбен, фосфатидтермен, холестериннің эфирімен тұрақтанған эмульсиясы. l. Хиломикроны бар қанды құюға жарамайды, өйткені ол қанды ұйып қалуынжылдамдатады және тромбопластикалық белсенділікті арттырады. l. Егер қанның сары суында хиломикрондар көп болса, түсі сүттің түсі сияқты сарғыш болады. Бірақ, тамақтанғаннан кейін 8 -9 сағаттан соң қанның сары суы біртіндеп мөлдірленеді. l. Гиперлипемияның ұзақтығы тамақтың құрамында ағзаға түскен майдың табиғатына тәуелді болады. lӨсімдік майы, жануар майына қарағанда тезірек сіңіріледі. Канның сары суының мөлдірлігі липопротеидтік липаза ферментінің жұмысына тәуелді. l. Жүрекке қажет энергияның 80% осы жүрек бұлшық еттеріндегі май қышқылдарының тотығуымен қамтамасыз етіледі.
lҚан липидтерді және оның гидролизденуінен түзілген заттарды ағзаның барлық мүшелері мен ұлпаларына тасымалдайды. l. Липидтерді тасымалдаушылар: хиломикрондар (көбіне триглицеридтерді), α-липопротеидтер (көбіне фосфолипидтерді), β-липопротеидтер (көбіне холестерин мен май қышқылдарын). l Липидті тасымалдауға қанның барлық элементтері қатысады: эритроциттер - фосфатидтер мен холестеринді, лейкоциттер-майлар мен фосфоглицеридтерді тасымалдайды. l. Бауырда липидтердің жартысы өзгеріске ұшырайды, ал қалған бөлігі май «депосына» жинақталады. l. Бауырда ағзаға қажетті майлардың синтезі жүреді, қан плазмасының барлық фосфатидтері түзіледі. Сонымен қатар бауырда қанықпаған қышқылдардан қаныққан қышқылдардың синтезі және жоғары карбон қышқылдарындағы көміртек тізбегінің өсуі (тәулігіне ағзаның барлық май қышқылдарының 5% синтезделеді) жүзеге асырылады. l. Май ұлпасының 95% липидтерден тұрады. Майдың құрамы қолданылатын жем-шөптың сапасына, құрам бөлігіне тәуелді.
l. Май алмасуының реттелуі: l. Инсулин май қышқылдарының биосинтезін арттырады, көмірсуларды майға айналдырып, май қышқылдарының ыдырауын тежейді. l. Адреналин және глюкокартикоидтар липолизді белсендіреді. l. Гипофиз және жыныс бездері гормондарының гипофункциясы кезінде майдың синтезі артады, демек, липолиз тежеледі, нәтижесінде ағзаның майлану үдерісі артады.
l. Липидтер мен липоидтердің алмасуының бұзылуына: l 1) гипофиз гипофункциясы; l 2) қалқанша без гормондарының гипофункциясы, салмақтың кемуі; l 3) өт секрецияларының кемуі, липидтердің қорытылу және сіңірілу үрдісінің бұзылуы; l 4) азық қорымен майдың мардымсыз түсуі, мұнда майда еритін витаминдердің а- және гиповитаминозы; l 5) ағзада липотропты (холин және метионин) заттардың жетіспеушілігі. Метионин бауырдың майлануынан сақтайды; l 6) кетонурия (ацетоурия) және кетонемия (ацетонемия), май қышқылдарының ыдырауының соңғы өнімдері (ацетон, ацетосірке қышқылы, β-оксимай қышқылы) қанның, зәрдің құрамында артып кетуі; l 7) липотропты факторлардың жойылуы, яғни бауырдың майлануы; l 8) холестерин алмасуындағы ауытқулар жатады.
l. Жоғары май қышқылдарының β-тотығуы (1904 ж) Кнооп алғаш рет арнайы "белгісі" бар қосылыстар әдісін қолданылды. l. Тәжірибе үшін соңғы атоммен байланысқан фенил тобымен белгіленген май қышқылы алынды, өйткені онда фенил тобы адам ағзасында өзгеріске түспейтіні белгілі болды. l. Кнооп тәжірибесінде қоянның несебінде оны азықтандыруға байланысты, егер азық құрамында тақ санды «С» атомды май қышқылдары болса, бензой қышқылы, ал жұп санды «С» атомы бар май қышқылы алынса фенилсірке қышқылы болатыны анықталды. l. Кнооптың тәжірибиесіне сүйене отырып, май қышқылдарынан 2 «С» атомы бөлінетіндігі және тотығу β-орнында орналасқан көміртегі атомында жүретіні анықталды.
l. Май қышқылдарының β-тотығуы митохондрийде АТФ-тың және көптеген ферменттердің қатысында жүреді. l. Жоғары май қышқылдары тотығуы алдымен митохондрийге өтеді. l. Бос күйінде май митохондрий мембранасы арқылы өте алмайды. l. Митохондрий сыртқы мембранасында АТФқатысуымен ЖМҚ ацил-Ко. А-синтетаза немесе тиокиназа HS-Ko. A ферменті қатысында жүреді.
l. Ацил-SKo. A түрінде май қышқылдары митохондрия мембранасынан өтуі қиын, ол ацил-Ко. А-карнитинмен әрекеттесіп қана ацилкарнитин түрінде митохондрийдің ішкі мембранасы арқылы өте алады. l. R-CO~ S-Ko. A + (CH 3) 3 N+- CH 2 - CH (OH}-CH 2 - COOH ацил-Ко. А Карнитин HS-Ko. A + (CH 3) 3 N+-CH 2~CH-CH 2 -COOH ацилкарнитин O-C-R \ O
l. Митохондрийге өткен ацил-карнитин қайтадан ыдырап, ацилрадикал митохондрий ішілік HS-Ko. A мен әрекеттесіп ацил-Sko. A түзеді. l. Митохондрия ішінде түзілген ацил-SKo. A митохондрия матриксінде β -тотығуға ұшырайды. Митохондрий ішінде түзілетін май қышқылдарының β -тотығуы ГТФ-тың көмегімен белсендіріледі.
lβ –тотығудың: 1 -ші ацил-Ко. А құрамындағы α және β көміртегі атомдарының дегидрленуі. l 2 -ші гидратаза ферментінің қатысуымен Н 20 молекуласының қосылу реакциясы l 3 -ші НАД-қа тәуелді дегидрогеназа ферменті қатысуымен дегидрлену реакциясы. l 4 -ші тиолаза ферментінің және HS-Ko. A қатысуымен 2 -С атомы байланысы үзіліп, екі көміртегі атомы май қышқылы молекуласынан бөлінуі. lβ –тотығу бастапқы май молекуласынан 2 -С атомына кем ацил-Ко. А осы реакцияларды құрамында 4 -көміртегі атомы бар қосылысқа дейін қайталанады. l
l. ЖМҚ тотығуының жалпы сызбасы:
l. Майдың β -тотығуы бір циклі АТФ-тың 5 молекуласы түзіледі. 1 молекула стеарин қышқылы - С 17 Н 35 СООН толық тотыққанда түзілетін АТФ молекуласы: lстеарин қышқылында 18 “С” атомы бар. lекі “С” атомы дейін тотығуы үшін 8 β -тотығу циклі қажет. l әрбір циклде 5 АТФ түзілсе, 8 цикл нәтижесінде 8 x 5 = 40 АТФ түзіледі. l 8 тотығу циклі 9 молекула ацетил-Ко. А түзілсе, әрбір молекула ацетил-Ко. А Лимон қышкылы циклінде С 02 және Н 2 О дейін ыдырап 12 молекула АТФ түзіледі. lацетил-Ко. А-ның 9 молекуласынан 9*12=108 АТФ. l. Барлығы 108+40=148 АТФ молекуласы түзіледі. l. Ең алғашқыда май қышқылын белсендіруге жұмсалған АТФтың бір молекуласын шегерсек, онда 1 молекула стеарин қышқылы толық тотыққанда 147 молекула АТФ түзіледі.
Атеросклероз – көп факторлы шалдығу
Морфологиялық күшеюі КЛИНИКАЛЫҚ КҮШЕЮІ


