Жалел Аманкос.ppt
- Количество слайдов: 6
Кванттық сандар– кванттық жүйелерді (атом ядросын, атомды, молекуланы, т. б. ), жеке элементар бөлшектерді, жорамал бөлшектерді (кварктер мен глюондарды) сипаттайтын физикалық шамалардың мүмкін мәндерін анықтайтын бүтін немесе бөлшек сандар. Кванттық жүйе күйін түгелдей анықтайтын кванттық сандардың жиынтығынтолық кванттық сандар деп атайды. Атомдағы электронның күйі үш кеңістіктік координата және спинмен байланысқан электронның төрт еркіндік дәрежесіне сәйкес келетін төрт кванттық санмен анықталады. Олар сутек атомы және сутек тәрізді атомдар үшін былайша аталады: бас кванттық сандар (n), орбиталық кванттық сандар(l), магниттік кванттық сандар (ml), магнитті спиндік не спиндік кванттық сандар (ms). Кванттық сандар микродүниеде өтетін процестердің дискретті сипаты бар екендігін бейнелейді әрі олар әсер квантымен, яғни 'Планк тұрақтысымен тығыз байланысты болады. Спин-орбиталық өзара әсер ескерілген кезде электронның күйін сипаттау үшін ml мен ms-тің орнына толық қозғалыс мөлшері моментінің кванттық саны (j) мен толық момент проекциясының кванттық саны (mj) пайдаланылады. Атомның, т. б. кванттық жүйелердің күйін сипаттау үшін күй жұптылығы (P‘) делінетін тағы да бір кванттық сан енгізіледі. Ол +1 не – 1 мәндерін қабылдайды. Элементар бөлшектер физикасы мен ядролық физикада бұдан да басқа кванттық сандар енгізіледі. Мысалы, электрлік заряд (Q), бариондық заряд (B), электронды-лептондық заряд(Le), мюонды-лептондық заряд ( L), изотоптық спин (T), ғажаптылық (оғаштық) (S) не гиперзаряд, т. б. Кванттық сандар элементар бөлшектердің кванттық сандары олардың (бөлшектердің) өзара әсері мен бір-біріне айналу процесін анықтайтын ішкі сипаттамасы болып табылады. Кең мағынада кванттық сандар деп, көбінесе, кванттық механикалық бөлшектер (немесе жүйелер) қозғалысын анықтайтын және қозғалыс кезінде сақталатын физикалық шамаларды айтады.
Магниттік кванттық сандар § 1896 жылы голландия физигі Питер Зееман қатты магниттық поляға, қайнатылған натриды бумен толтырып сутек тәріздес шамға салады (Фарадей осыған ұқсас экспериментті 1862 ж жасайды бірақ сәтсіз аяқталады). Магниттық полядағы сызықтардың саны спектрда артады. Спектрлар күрделенеді, алайда магниттық полядағы әрбір p-сызығы жаңа үш сызыққа ыдырайды , d-сызығы — беске және f-сызығы — жеті сызыққа, ал s-сызықтары өзгермейді. Себебі атомның орбитальдары магниттық поляда көрініп бастайды, атомдағы орбитальдың орнын анықтайтын кезекті кванттық санды магниттік кванттық сан m деп атайды Бұл кванттық сан -l ден +l-ге дейінгі мәндерді қабылдайды ( l — орбитальдық кванттық сан)
Магниттік кванттық сандар § Орбитальдық моменттің проекциясының импульсі z осьнде тең Себебі орбитальдық момент пен магниттық момент аралас, магниттік кванттық сан, дербес жағдайда, Сутек тәріздес магниттық моменттің атомының проекциясын магниттік поляның бағытында анықтайды және Магниттық полядағы спектрлер сызығының атомы бөлінеді § (см. Эффект Зеемана).
Жалел Аманкос.ppt