назым куба.pptx
- Количество слайдов: 15
Куба Республикасы Орындаған: Ю-22 студенті Мубарак Н. А Қабылдаған: аға-оқытушы Жұмағұлов Е. Т
Мемлекеттік рәміздері: туы елтаңбасы
Куба (Куба Республикасы) — Америкадағы, Вест-Индиядағы мемлекет. Оңтүстік және Солтүстік Америка құрлықтары аралығында Куба, Хувентуд (Пинос) және олардың жанындағы Үлкен Антиль аралдар тобында орналасқан. Аралдардың көпшілігінде халық қоныстанбаған, ұзын саны 1600 -ге жуық. Құрлықтағы жер аумағы — 110, 86 мың км 2.
Халқы — 11, 3 млн. адам. Этникалық құрамы жағынан 65%-ы Испаниядан шыққандардың ұрпақтары, қалғандары — негрлер, метистер, мулаттар. Ресми тілі — испан тілі, діні — католик. Астанасы —Гавана қаласы (2, 3 млн. ).
1976 ж. қабылданған конституция бойынша мемлекет билігі халықтық өкіметтің (Ұлттық ассамблея) қолында. Ол өз депутаттары арасынан Мемлекеттік Кеңес сайлайды және Министрлер Кеңесінің мүшелерін бекітеді. Үкімет түрі- Социалистік республикасы — Мемлекеттік Кеңестің Төрағасы, Министрлер Кеңесінің Төрағасы. Рауль Кастро — Бірінші орынбасары -Мигель Диас-Канель Бермудес— Орынбасарлары -Эстебан Ласо Эрнандес. Абелардо Коломе Ибарра
Куба жерінің үштен бір бөлігі таулы қырат, қалған бөлігі жазық. Елдің Орталық және батыс өңірлерінде Кордильераде-Гуаниганико, Гавана — Матансас, Бехукаль — Мадруга, Санта-Клара, Гуамуая қыраттары, шығысында Сьерра-де Кубитас, Сьерра-де-Нахаса қыраттары, оңтүстікшығысын Сьерра-Маэстра тауы (ең биік жері 1974 м) алып жатыр.
Әкімшілік бөлінуі. Куба унитарлық мемлекеттер қатарына жатады. Территориясы 14 провинцияға және Хувентуд аралы муниципиячына бөлінеді. 2011 -жылдың қаңтарынан Гавананы Артемис жіне Маябек провинцияларына бөлу туралы шешім өз күшіне енеді. Осылайша провинциялар саны 15 -ке жетеді.
Климаты — тропиктік. Қаңтардағы орташа температура 22, 5°С, тамызда 27, 8°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері жазық жерлерде 1000 — 1200 мм, таулы өңірлерде 2200 мм-ге дейін. Өзендері қысқа, әрі суы аз. Аумағының 10%-ын орман алып жатыр.
Пайдалы қазбалардан — мыс, марганец, хромит, никель, каолин кездеседі
Кесіртке, қолтырауын, тасбақа, т. б. хайуанаттар кездеседі, құстардың 300 -ге тарта түрі бар.
АҚШ тарапынан болып отырған эмбарго саясаты салдарынан Куба экономикасы қазіргі таңда дағдарысты жағдайды басынан кешіріп отыр. Жалпы ұлттық табыс мөлшері жеке адамға шаққанда 3520 доллар. Экспортқа қант, минералды шикізаттар, темекі, цитрусты жемістер мен балық өнімдері шығарылады
Жанар май, машина, құралсаймандар, азық-түлік, сусындар сырттан әкелінеді. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер ел аумағының 34, 2%-ын құрайды.
Негізгі сауда серіктестері: Испания, Ресей Федерациясы, Канада, Қытай, Мексика, Болга рия, т. б. Куба Қазақстанның егемендігін алғашқы болып таныған елдердің бірі
Демалыс орындары өте керемет. Туристік жағынан маңызы зор.
Назарларыңызға рахмет!
назым куба.pptx