кристал срс.pptx
- Количество слайдов: 26
КРИСТАЛДАРДАҒЫ ХИМИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР
Кристалдар(гр. krys-tallos – алғашқы мағынасы мұз) –атомдары мен молекулалары кристалдық тор түзетін қатты денелер. Кристалдық тор – кристалл заттардағы атомдардың, иондардың, молекулалардың белгілі бір ретпен орналасуы. Кристалдық тор бір-біріне тығыз орналасқан параллелипипедтерден немесе кубтардан тұрады. Параллелипипед пен кубтар кристалдық тордың ұяшығы болып табылады
КРИСТАЛДЫҚ ТОР Атомдар, иондар немесе молекулалар орналасқан параллелипипедтің төбелері (бұрыштары) кристалдық тордың түйіндері, ал олар арқылы өтетін түзу сызықтары қатарлары деп аталады. Бір қатарда жатпайтын үш түйін арқылы өтетін жазықтықты жазық торап дейді. Элементар ұяшықтың үш бағыттағы сызықтық өлшемдері мен оның жақтарының аралық бұрыштары кристалдық тордың параметрлері болып табылады. Кристалдық тордың өлшемдері, атомдары мен молекулалардың орналасуы рентгенография, электронография, нейтронография көмегімен анықталады. Кристалдық тор статистикалық тұрғыдан тұрақсыз болады, атомдар мен иондар өзінің тепе-теңдік қалпынан белгілі бір амплитудада тербеліп тұрады. Температура өскен сайын бұл тербеліс артады, ал балқу температурасына жеткенде, кристалдық тор ыдырап, зат сұйықтыққа айналады.
КРИСТАЛДЫҚ ТОР Кез келген затты қатты күйіне айналдыруға болады. Ал қатты заттар кристалдық торларының болуымен сипатталады. Кристалдық торлар деп түйіндеріндегі бөлшектер белгілі бір ара қашықтықтан кейін жүйелі қайталанатын ретті құрылымды айтамыз. Егер заттың құрамында құрылыс бірліктері ретсіз орналасса, зат аморфты болады. Кристалдық торлар түйіндеріндегі бөлшектердің табиғатына қарай жіктеледі. Олардың төрт түрі белгілі.
Бөлшектердің Тордың типі Қүрылыс бірлігі арасындағы байланыс Балқу температурасы Ерігіштігі Мысалдар типі Атомдық Бейтарап атомдар Ковалентті Жоғары Ерімейтін С, Si. O 2 Барлық газдар, жай Молекулалық Молекулалар Әлсіз молекулааралық байланыстар Төмен Органикалық еріткіштер мен суда ериді заттар, І2, Вr 2, қышқылдық оксидтер, қышқылдар, органикалық заттар Металдар мен Иондық Иондар Иондық Жоғары Суда ерімтал келеді бейметалдардан түратын заттар, гидроксидтер, тұздар Металдық Металл атомдары мен катиондары «Электрон» газы Әр түрлі Ерімейтін Металдар
Тор Байланыс беріктігі Электр өткізгіштігі Механикалық қасиеттері молекулалық нашар диэлектрлі әлсіз жоғары диэлектрлі жартылай өткізгіш өте жоғары қаттылық жоғары өткізгіш қатты, пластикалық, иілімді жоғары диэлектрлі қатты, сынғыш атомдық металдық иондық
АТОМДЫҚ Атомдық кристалдық торлы заттарда байланыс ковалентті. Оны үзу үшін арнайы химиялық реакциялар жүргізу қажет. Қалыпты жағдайда олардың барлығы қатты, балқу температуралары жоғары, ерігіштігі өте нашар заттар.
АТОМДЫҚ Атомды-кристалды заттарға мысал ретінде алмаз және кварц кристалдарын жатқызуға болады. Алмаз кристалдарында әрбір көміртегі атомдары С басқаларымен төрт байланыс түзеді. Ал кварц кристалдарында (Si. O 2) әрбір кремний атомдары Si төрт байланыс түзеді, ал әрбір оттек атомдары екі байланыс түзеді.
МОЛЕКУЛАЛЫҚ Молекулалық кристалдық торлы заттар түйіндерінде молекулалар орналасқан, ал молекулааралық тартылыс күші өте аз болуына байланысты мұндай кристалдық торлы заттардың көпшілігі қалыпты жағдайда газ күйінде кездеседі. Оларды қыздырғанда оңай балқиды немесе температура әсерінен ыдырап кететін беріктігі нашар қосылыстарға жатады.
МОЛЕКУЛАЛЫҚ Молекулалық кристалл торы бар күрделі заттар-мұз, кристалдық су, құрғақ мұз, кристалдық көмір қышқыл газы, сахароза және т. б. Мұндай заттардың кристалдық тор түйіндерінде молекулалар орналасады.
ИОНДЫҚ Иондық кристалдық тop түйіндерінде иондар орналасқан, олар суда жақсы ериді, ерітінділері мен балқындылары электр тоғын жақсы өткізетін қатты заттар.
ИОНДЫҚ Иондық кристалдар аттас зарядталған иондардың электростатикалық әсерінің нәтижесінде түзіледі. Кристалдың иондық моделі әрбір ионның максималды жағдайда аттас зарядталған иондармен қоршалуы нәтижесінде түзіледі. АВ құрамды кристалдар үшін иондық радиустың қатынасы иондардың координациялық санын құрайды. Иондық кристалдық торды тұздар және сілтілер түзеді. Иондық байланыстың беріктігіне байланысты иондық кристалл торлы заттардың балқу температурасы жоғары және қатты болады.
Кристалдық тордағы катион мен анионды қоршайтын аттас емес иондар саны координация саны (КС) деп аталады. Ең жиі кезедесетін КС саны 4 және 6, 8 және 12 сирек кездеседі. Олар нақты кристалды құрылыммен, яғни иондардың мөлшеріне байланысты иондардың торда түйінделу түріне қарай және басқа факторлармен анықталады. Ас тұзы кристалдарында Na+ үшін де және Cl- үшін де КС – 6.
Цезий хлориді Cs. Cl кристалдарында және кристалл торында Cs+(Cl-) иондарының айналасында сегіз Cl-(Cs+) иондары орналасады.
Натрий хлориді Na. Cl кристалдарында және кристалл торында Na+(Cl-) иондарының айналасында алты Cl(Na+) иондары орналасады.
Мырыш сульфиді Zn. S кристалдарында және кристалл торында Zn 2+(S 2 -) иондарының айналасында төрт S 2 -(Zn 2+) иондары орналасады.
Иондық кристалл торы бар күрделі заттар. Бұрын біз типтік металдық элемент – натрий Na және типтік бейметалдық элемент хлор Cl арасында иондық байланыс түзілетінін қарастырдық. Онда біз әр элементтің бір атомын алғанбыз. Енді бұл элементтердің атомдары көп болған жағдайды қарастырып көрейік. (Na+) - (Cl-) байланысы иондық мұнда жеке молекулалар жоқ. Барлық атомдар өзара 1: 1 қатынасына сәйкес араласады және түзілген (Na+) катиондары ретсіз емес, белгілі бір ретпен заңды түрде орналасады.
Аттас емес иондар (Na+) және (Cl-) тартылып бір -біріне жақындауға ұмтылады. Аттас иондар (Cl) және (Cl-), (Na+) және (Na+) бір-бірінен тебіледі және барынша алыстауға ұмтылады. Тартылу күші мен тебілу күші теңескенде, катиондар мен аниондар белгілі бір ретпен орналасады. Түйіндерінде иондар орналасқан иондық кристалдық торын құрайды. Ас тұзының кристалының моделі келтірілген. Модельден кристалда иондардың орналасуы жақсы көрінеді.
Иондық кристалдардың екі ерекшелігіне назар аударсақ. Біріншіден, кристалда бір ионның екінші ионмен байланысының саны осы элемент атомдарындағы жұптаспаған электрон санына сәйкес келе бермейді. Бұдан иондық байланыстардың бағытталмағандығы байқалады.
Екіншіден, ковалентті байланыссыз екі атомды молекула Na. Cl түзілмейді, оның орнына көпатомды иондық кристалл қалыптасады. + + - + +
Металдық байланыс деп металдық торда металдардың оң зарядталған иондары мен валенттік электрондардан тұратын электрон газының арасында пайда болатын химиялық байланыс. 0 0 + + - - + 0 0 0
МЕТАЛДЫҚ БАЙЛАНЫС Металдарда металдық байланыстар болады, себебі кристалдық торларының түйіндерінде металл атомдары мен иондар орналасқан, ал металдың көлемінде электрон бұлттары (валенттілік электрондар оңай белініп шығады, өйткені олар ядромен нашар байланысқан) еркін қозғалып жүреді. Осы электрондар металдық қасиеттерді анықтайды: а) жоғары жылу және электрөткізгіштік ә) металдық, жылтыр б) созылғыштық, тапталғыштық
МЕТАЛДЫҚ Металдық кристалды заттарға: мырыш, кадмий, магний жатады. Олардың пішіні төмендегідей гексогональды тығыз жинақталған кристалдық тор түзеді.
МЕТАЛДЫҚ Металды кристалды заттарға: мыс, алюминий, қорғасын, темір жатады. Олардың пішіні төмендегідей кубты қырлы –центрлі кристалдық тор түзеді.
МЕТАЛДЫҚ Металды кристалды заттарға: натрий, калий, темір, хром, барий кристалдары жатады. Олардың пішіні төмендегідей кубты көлемді –центрлі кристалдық тор түзеді.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ! Орындағандар: Имашев Арнұр Сейітқан Қуатжан Тоқсанбай Ақбота Сүйірбай Сандуғаш
кристал срс.pptx