Кран.pptx
- Количество слайдов: 14
КРАН Орындаған Ходжанов Қ. А Тексерген альжанова. Ж. Е
МАЗМҰНЫ 1. 2. 3. 4. 5. КРАН ЖЫЛЖЫМАЛЫ КРАН КӨТЕРГІШ КРАН АВТО АСПАЛЫ КРАН-АРҚАЛЫҚ
• КРАН (НИДЕР. KRAAN) - 1. ҚАНҚАДАН ЖӘНЕ ЖҮККӨТЕРГІШ МЕХАНИЗМДЕРДЕН ТҰРАТЫН, ЖҮККӨТЕРГІШ МАШИНА (НЕМЕСЕ ЖАБДЫҚ); 2. ГИДРАВЛИКАЛЫҚ НЕМЕСЕ ГАЗДЫ БЕКІТУШІ ҚҰРЫЛЫМ:
• ҚҰБЫР КРАНЫ – ҚҰБЫРДАҒЫ СҰЙЫҚ ЗАТТЫҢ НЕМЕСЕ ГАЗДЫҢ АҒУЫНА ЖОЛ АШАТЫН НЕМЕСЕ ЖАБАТЫН ТЕТІК • МАШИНИСТ КРАНЫ – ПОЕЗДЫҢ (ТРАМВАЙДЫҢ) АВТОМАТТЫ ТЕЖЕГІШІН ҚОЛДАН БАСҚАРУҒА АРНАЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫ; • ЖҮК КӨТЕРГІШ КРАН - ЖҮК, ӘР ТҮРЛІ ЗАТТАРДЫ КӨТЕРУГЕ АРНАЛҒАН КРАН; • АВАРИЯЛЫҚ ТЕЖЕУ БОСАТАТЫН КРАН - СЕРІППЕЛІПНЕВМАТИКАЛЫҚ КАМЕРАЛАРДЫҢ, БАЛЛО НДАРЫНАН СЫҒЫЛҒАН АУАНЫ КӨЛІКТІҢ БҰЗЫЛҒАН ТЕЖЕУІШ КОНТУРЫНЫҢ ДОҢҒАЛАҚТЕЖЕУІШТЕРІНЕ БЕРЕТІН КРАН.
• Автомобиль краны - сериялық автомобильдердің шассиіне немесе до ңғалақтыөздігінен жүретін арнайы шассиіне қоңдырылған бұрылмалы жобалы кранды арнайы автомобиль. • Тіркеменің краны - автомобиль-сұйреткіште қондырылған, тежеуіш краннемесе тежеуіш крандағы белік; тіркеменің (немесе жартылай тіркеменің) тежеуіштерін басқару қалпақшасы арқылы тіркеменің (немесе жартылай тіркеменің) тежеуіш камераларына сығылған ауаның берілуін басқарады. • Тұрақты тежеуіш кран - серіппеліпневматикалық камералардан сығылған ауаны шығару үшін және осы камералардағы серіппелерді жұмыс атқаруға кіргізуші тежеуіш кран. • Бір секциялы тежеуіш кран - бір секциядан тұратын тежеуіш кран, тежеуіш камераларға сығылған ауаның берілуін басқарады автопоезд құрамында пайдалануға арналмаған автомобильдерде қондырылады.
ЖЫЛЖЫМАЛЫ КРАН • ЖЫЛЖЫМАЛЫ КРАН. ТҮРЛІ ЖҮКТЕРДІ КӨТЕР УГЕ, ТҮСІРУГЕ ЖӘНЕ КӨЛБЕУ БАҒЫТТА ЖЫЛЖЫУҒА АРНАЛҒАН КӨТЕРГІШ КРАН, РЕЛЬСПЕН ҚОЗҒАЛАДЫ. ОНЫ ІРІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ МЕХАНИКАЛЫҚ ҚҰРАСТЫРУ, ҚҮЮ ЖӘНЕ БАСҚА ЦЕХТАРЫНДА, СОНДАЙ -АҚ АШЫҚ ЖҮК АЛАҢДАРЫНДА НЕГІЗГІ ЖҮККӨТЕРЕТІН ТРАНСПОРТ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНАДЫ.
КӨТЕРГІШ КРАН • Көтергіш кран (нем. kran) — жүкті көтеру және жылжыту (тасымалдау) процесін циклмен атқаратын жүк көтергіш машина. • Көтергіш кран көпір, ферма, мұнара, платформа, діңгек, жебе не таған тәрізді металл құралымдардан; шығыр, тельфер, шток, рычаг сияқты көтергіш механизмнен; ілгек, траверса (көлденең тірек), қысқыш не шөміш секілді жүк қармағыш жабдықтардан тұрады. Құралымдық ерекшеліктеріне сай көтергіш кран бұлардан басқа қосымша қондырғылармен және механизмдермен жабдықталады.
• БҰРЫЛМАЛЫ КӨТЕРГІШ КРАНҒА ЖҮРІС АППАРАТЫ ДӨҢГЕЛЕКТІ НЕМЕСЕ ШЫНЖЫРТАБАНДЫ БОЛЫП КЕЛЕТІН ПНЕВМАТИКАЛЫҚ-ДӨҢГЕЛЕКТІ КРАН МЕН ШЫНЖЫРТАБАНДЫ КРАН, АВТОМОБИЛЬ ШАССИІНЕ ОРНАТЫЛҒАН АВТОКРАН, РЕЛЬСПЕН ЖҮРЕТІН ТЕМІР ЖОЛ КРАНЫ, ҚҰРЫЛЫСТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН МҰНАРАЛЫ КРАН, СОНДАЙ-АҚ ҮЙДІҢ ҚАБЫРҒАСЫНА БЕКІТІП ҚОЯТЫН ҚАБЫРҒАЛЫҚ-КОНСОЛЬДІК КРАН, ҮЙДІҢ ТӨБЕСІНДЕ ТҰРАТЫН ШАТЫР КРАНЫ, ӨЗЕНТЕҢІЗ ПОРТЫНЫҢ ПОРТАЛДЫ КРАНЫ, ПОНТОН МЕН КЕМЕГЕ ОРНАТЫЛҒАН ЖҮЗБЕ КРАН МЕН КЕМЕ КРАНЫ ЖАТАДЫ.
• ПОРТТАРДА ЖҮК ТИЕУ-ТҮСІРУ ЖӘНЕ ІРІ СУ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСТАРЫНДА ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫН ТАСЫМАЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ПОРТАЛДЫ КӨТЕРГІШ КРАНМЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ. БҰЛ КРАН ПОРТАЛ ДЕП АТАЛАТЫН БИІК ТІРЕККЕ ОРНАТЫЛАДЫ ДА, РЕЛЬС ҮСТІМЕН ЖЫЛЖИДЫ. ЖАРТЫЛАЙ ПОРТАЛДЫ КӨТЕРГІШ КРАННЫҢ ПОРТАЛ РАМАСЫНЫҢ АСТЫҢҒЫ ЖАҒЫ РЕЛЬСҮСТІМЕН ЖЫЛЖИТЫН ТІРЕККЕ, АЛ ЖОҒАРҒЫ ЖАҒЫ ҮЙДІҢ ҚАБЫРҒАСЫНА НЕМЕСЕ АРНАУЛЫ ЭСТАКАДАҒА БЕКІТІЛГЕН РЕЛЬС ҮСТІМЕН ҚОЗҒАЛАТЫН АРБАҒА БЕКІТІЛЕДІ. КЕМЕ ЖАСАУ ВЕРФТЕРІНДЕ КЕМЕНІҢ МАШИНА АГРЕГАТТАРЫН ОРНАТУ, Т. Б. ЖҰМЫСТАРҒА БАЛҒА ТӘРІЗДІ КӨТЕРГІШ КРАН ПАЙДАЛАНЫЛАДЫ. ОЛ ҚОЗҒАЛМАЙТЫН ТІРЕКТІК БАҒАНҒА ОРНАТЫЛҒАН, КӨТЕРУ МЕХАНИЗМІ МЕН ЖҮК ҚАРМАҒЫШ ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛҒАН, ЖЫЛЖЫМАЛЫ АРБАСЫ БАР ЕКІ КОНСОЛЬДАН ТҰРАДЫ.
АВТОКРАН • АВТОМОБИЛЬДІ − КРАНДАР ӨЗІ ЖҮРЕ АЛАТЫН, ЖЕДЕ ТӘРІЗДІ КРАНДАРДЫҢ АРАСЫНДА ЕҢ КӨП ТАРАЛҒАНЫ БОЛЫП КЕЛЕДІ. АВТОМОБИЛЬДІ КРАНДАР СЕРИЯЛЫ ӨНДІРІЛЕТІН ЖҮК АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ ШАССИСЫНДА ШЫҒАРЫЛАДЫ. ЖҰМЫС ЖАСАП ЖАТҚАНДА ТҰРАҚТЫЛЫҚ БОЛУ ЖӘНЕ ЖҮК КӨТЕРІМДІЛІКТІ АРТТЫРУ ҮШІН ШАССИНЫҢ ЖАН-ЖАҒЫНА ШЫҒАРЫЛАТЫН ТІРЕГІШТЕР ОРНАТЫЛАДЫ. АВТОКРАНДАР ӨЗДІГІНЕН ҚОЗҒАЛА АЛАДЫ ЖӘНЕ 20° ГРАДУСҚА ДЕЙІН ӨЗІНІҢ ЖҮГІН КӨТЕРЕ АЛАДЫ. АВТОМОБИЛЬДІ КРАНДАРДЫҢ ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ОЛАРДЫҢ МОБИЛЬДІЛІГІ БОЛЫП КЕЛЕДІ. БҰЛ ОЛАРҒА АЛЫС ҚАШЫҚТЫҚҚА ОҢАЙ КӨШІРІЛУІНЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ. АВТОКРАНДАРДЫ ТЕМІРЖОЛДАР АРҚЫЛЫ ТАСЫҒАНДА, ОЛАРДЫ БӨЛШЕКТЕМЕУГЕ БОЛАДЫ. СЕБЕБІ ОЛАР ТЕМІРЖОЛ ТРАНСОРТЫНЫҢ ГАБАРИТІНЕ ОҢАЙ СИЯДЫ.
ЖҰМЫС ҚҰРАЛДАРЫ АВТОМОБИЛЬДІ КРАНДАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЖАБДЫҚТАРЫНА ЖАТЫДЫ: ҚАТТЫ АСПАЛЫ БАРТЕЛЕСКОПТЫҚ СТРЕЛАЛАР. ИІЛГІШ АСПАЛЫ КЕРЕГЕ КӨЗ СТРЕЛАЛАР. МҰНАРА−СТРЕЛАЛЫ ОРЫНДАЛУЫ. ШҰБЫРА СТРЕЛАЛАР. ПОЛИСПАСТ − СТРЕЛАНЫ КӨТЕРУ НЕМЕСЕ ТҮСІРУ ҮШІН. ЫРҒАЛЫ ҚҰРСАУ − ДАРА ЖҮКТЕРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ҮШІН. ГРЕЙФЕР − СУСЫМАЛЫ ЖҮКПЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ҮШІН.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
АСПАЛЫ КРАН-АРҚАЛЫҚ • АСПАЛЫ КРАНАРҚАЛЫҚ (ПОДВЕСН АЯ КРАН-БАЛКА) — АРҚАЛЫҚҚА ІЛІНГЕН, САЛМАҒЫ 5 ТОННАДАН АСПАЙТЫН ЖҮКТІ СТАНЦИЯ ИМАРАТЫНЫҢ ҰЗЫН А БОЙЫНА КӨТЕРІП ТАСЫМАЛДАЙТЫН ҚОЛ НЕМЕСЕ ЭЛЕКТР ЖЕТЕГІБАР ЖЕҢІЛ КӨПІР КРАНЫ.
НАЗАРЛАРЫНЫЗҒА РАХМЕТ
Кран.pptx