Тема 8.ppt
- Количество слайдов: 26
Корпорацияны қаржыландырудың қарыз көздері
Қарыз капиталы- кәсіпорын капиталын қаржыландырудың қарыз көзі арқылы қалыптасқан бөлігі. Корпорацияның қарыз капиталының құрамына: Қысқа мерзімді кредит пен қарыз; Ұзақ мерзімді кредит пен қарыз; Кредиторлық берешек (тартылған қаражат нысанында) кіреді.
Сырттан тартылған ұзақ мерзімді капитал (кредит пен қарыз нысанында), әдетте , айналымнан тыс активті қаржыландыру ға жұмсалады. Қысқа мерзімді кредит пен қарыз айналым активтің орнын толтыратын көз болып табылады.
Алынған кредит пен қарыз жұмсалған шығын инвестициялық активтің бастапқы құнына: Осы активті сатып алуға және салуға шығын жұмсалады; Инвестициялық актив құрумен байланысты жұмыс нақты басталса; Кредит пен қарыз немесе оны жүзеге асыру жөніндегі міндеттеме бойынша нақты шығын жұмсалса енгізіледі;
Ұйымның есептік сясаты жөніндегі ақпараттың құрамына: Ұзақ мерзімді берешекті қысқа мерзімдіге ауыстыру; Қосымша шығынның құрамы мен оны есептен шығару; Қарыз міндеттеме бойынша тиесілі кірісті есептеу және оны бөлу тәсілін таңдау; Қарыз қаражатты уақытша салудан алынған кірістің есебін жүргізу тәртібі жөніндегі ақпаратты енгізу қажет.
Ұйымның бухгалтерлік есеп-қисабында: Кредит пен қарыздың негізгі түрі бойынша берешектің болуы және оның мөлшерінің өзгеруі; Қарыз қаражаттың негізгі түрін өтеу мерзім; Операциялық шығынға және инвестициялық активтің құнына енгізілгенм кредит пен қарызға жұмсалған шығынның сомасы; Кредит пен қарыздың орташа өлшенген ставкасының (ол қолданылатын жағдайда) мөлшері жөніндегі деректер көрсетіледі.
Жалпы мақсатқа арналған шығынның орташа өлшенген ставкасы (ОШС) мына формула бойынша белгіленеді: ОШС= (есепті кезеңде өтелмеген кредит пен қарыздың орташа өлшенген сомасы- инвестициялық актив сатып алуды қаржыландыруға арналған кредит пен қарыздың орташа өлшенген сомасы) / (есепті кезеңде кредит пен қарызды пайдаланумен байланысты жалпы сома- инвестициялық активті қаржыландыруға және сатып алуға арналған кредит пен қарызға жұмсалған шығынның сомасы)
Қор биржасынан тартылатын қарыз арқылы қаржыландырумен салыстырғанда (корпоративтік облигация эмиссиясы) ұзақ мерзімді кредит қарыз алушыға мынандай артықшылық береді: Эмиссиялық құжаттамалық бағалы қағаз басып шығаруға, оны орналастыруға, қаржы делдалының қызметін төлеуге шығын жұмсалмайды; Қарыз алушы мен банк (кредитор) арасындағы құқықтық қатынас жөнінде шамалы ғана адам хабардар болады; Қор биржасынан қаражат түсумен салыстырғанда өтініш беру және банкіден кредит алу арасындағы мерзім азаяды.
Бағалау процесінде осы ставканы нақтылау қажет. Ол: 1)Қарыз алушының кредит шартымен байланысты басқа да шығынының ( мысалы, кредиті қарыз алушының есебінен сақтандыру) мөлшеріне ұлғайтылуы; 2)Қарыз алушының кредит тартуға жұмсалған нақты шығынын көрсету мақсатында табыс салығының ставкасына төмендетілуі тиіс.
Осы ережені ескере отырып қарыз капиталының құны мына формула бойынша анықталады: СЗКбк=СП*(1 -Нс) / (1 -УРбк) , УРбк= Рбк/ЗКбк , Мұнда: СЗКбк- банк кредит нысанында тартылатын қарыз капиталының құны, % СП- банкінің кредитіне қойылатын пайыз ставкасы, % Нс- корпоративтік табыс салығының, бірлік үлесінің ставкасы; УРбк- қарыз алушының банк кредитінің сомасын алуға жұмсалған шығынының деңгейі, бірлік үлесі: ЗКбк- банк кредиті нысанында тартылған қарыз капитал, а. б; Рбк- қарыз алушының банкінің кредитін алуға жұмсалған шығыны, а. б.
Банк кредитін тарту саясатына мына негізгі кезең (қадам) кіреді: Тартылған банк кредитін пайдалану мақсатын анықтау. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кредит арасындағы арақатынасты бағалау (қарыз капиталын тартудың коммерциялық кредит, банкіге жатпайтын кредит және т. б. балама нысандарын ескере отырып). Қарыз алушының ықтимал кредиторыкоммерциялық банкіні зерделеу және бағалау. Бағалау қарыз алушы үшін банкінің кредит саясатының тартымдылығы бойынша жүргізіледі. Түрлі банкілерден жекелеген кредит түрін тарту мүмкіндігінің ережесін салыстыру.
Кредитор-банкіні таңдау мәселесін шешу үшін мына факторларды ескеру қажет: Банкінің жалпы сипаттамасын : құрылтайшылардың құрамын, ұйымдастыру –құқықтық нысанын, банкінің қарыз капиталы нарығындағы мақсаты мен саясатын, оның клиенттерінің құрамын және т. б. ; Банкінің соңғы жылдағы қызмет нәтижесін : оның меншікті капиталының мөлшерін, қаржы нарығындағы жайғасымын, қаржысының тұрақтылығын және т. б. ; Банк көрсететін қызметтердің сапасы мен түрлерін.
Қарыз алушы үшін келесі параметрлердің де маңызы зор: - Есептік операциялардың жылдам жасалуы; - Қымбат емес кредит алу мүмкіндігі; - Есеп айырысу, валюталық және арнайы шот ашуға жұмсалатын шығынды барынша төмендету және оған қызмет көрсету сапасы;
Облигация өзінің иесінің оны белгіленген мерзімде өтеуді ( атаулы құн мен пайызды немесе дисконттық облигация бойынша атаулы құнды төлеуді) талап ету құқығын растайды. Жазылыс арқылы орналастырылатын облигация эмиссиясы мына негізгі сатыладан тұрады: 1) Эмитенттің облигация шығару жөнінде шешім қабылдау және оны бекітуі; 2) Эмиссияның проспектісін дайындау; 3) Облигацияның шығарылымы мен эмиссияның проспектісін мемлекеттік тіркеу; 4) Облигацияның сертификатын жасау; 5) Эмиссияның проспектісін тіркеу жөніндегі ақпаратты жариялау; 6) Облигацияға жазылу; 7) Облигация шығарылымының қорытындысы жөніндегі есепті тіркеу; 8) Облигация шығарылымының қорытындысы жөніндегі есепке енгізілген ақпаратты жариялау.
Корпоративтік облигация қаржы құралы ретінде: ØКапитал шоғырландыруға және шаруашылықтың түрлі салалары арасында оны ақшалай нысанда қайта бөлуге; ØИнвесторлардың пайыздық кірісті алдын ала белгіленген нысанда алуға және қарыздың негізгі сомасын қайтаруды қамтамасыз етуге; ØИнвесторларға қосымша құқық пенкепілдік беруге (мысалы, пайыздық кіріс алғанда бірінші кезекте, облигациялық қарызды эмитенттің мүлкімен қамтамасыз ету және т. б. ) мүмкіндік береді.
Купондық облигация нысанында таратылатын қарыз капиталы құнының бағасы келесі формула бойынша анықталады: СЗКко= Скп * ( 1 -Нс) / (1 - Уэз) , Уэз= ЭЗ/ ЗКко Мұнда: СЗКко- облиғация эмиссиясының есебінен тартылатын қарыз капиталының құны, % Скп- облигация бойынша купондық пайыздың ставкасы, % Уэз-эмиссия мөлшеріне қатысты эмиссиялық шығынның деңгейі, бірлік үлесі; ЭЗ- эмиссияға жұмсалған шығын, а. б. ; ЗКко- купондық облигация эмиссиясы нысанында тартылатын қарыз капитал, а. б. Дисконттық облигация нысанында тартылатын қарыз капиталы құнының бағасы келесі формула бойынша анықталады: СЗКдо= Д / ( Ндо- Д) * (1 - Уэз) *100 % , Уэз = ЭЗ/ ЗКдо , мұнда: СЗКдо – дисконттық облигация нысанында тартылатын қарыз капиталының құны, % Ндо- облигацияның номиналы, а. б. ; Д= облигация бойынша дисконттық орташа сомасы, а. б. ; ЗКдо= дисконттық облигация эмиссиясының есебінен тартылатын қаражаттың сомасы, а. б.
Қарыз капиталын облигация шығару арқылы тарту акционерлік қоғамға: Артықшылықтары : Кемшіліктері: 1. Облигация эмиссиясы қоғамды басқаруды бақылауды жоғалтуға (акция шығару жағдайындағыдай) әкеп соқтырмайды. 2. Облигация қоғамның мүлкімен қамтамасыз етіледі және пайыз төлеуде басымдығы болады(салық салынғанға дейін алынған пайданың есебінен), сондықтан облигация пайыз бойынша біршама жоғары емес қаржы мәндеттемелерімен шығарылуы мүмкін. 3. Облигация қоғамның мүлкімен қамтамасыз етілген, сондықтан акциямен салыстырғанда инвестор үшін оның тәуекел деңгейі төмен, сол себептен облигацияны тарату мүмкіндігі мол. 4. Корпоративтік облигация, әдетте, ұзақ мерзімге (510 жыл) капитал тартуды қамтамасыз етеді, бұл ірі ауқымды инвестициялық жобаны іске асыру үшін қомақты қаржы ресурсын жұмылдыруға мүмкіндік береді. 5. Корпоративтік облигация құнды қағаздың басқа түрімен салыстырғанда қор биржасында тұрақтылауы. Облигация бағамы, әдетте , қаржы нарығында іскерлік жағдай нашарлағанда акция сияқты төмендемейді. 6. Эмиссия проспектісін дайындау және облигацияны айналысқа шығару процесінде ықтимал инвестор үшін оның сапасы мен сенімділігіне басты назар аударылады. 1. Облигацияны жарғылық капиталды қалыптастыруға және ақшалай қаражаттың уақытша тапшылығының орнын толтыру үшін шығаруға болмайды; Ақша қаражатының уақытша тапшылығын банкінің қысқа мерзімді немесе коммерциялық кредитті тарту есебінен жабуға болады; 2. Облигация эмиссиясы көбінесе эмитенттің елеулі қосымша шығынымен байланысты және ақшалай қаражат тарту үшін ұзақ мерзімді қажет етеді; 3. Кредиттік рейтингінің деңгейі жоғары белгілі акционерлік қоғам (корпорация) ғана қомақты сомаға облигация орналастыруы мүмкін; 4. Акционерлік қоғамның облигацияны өтеген кезде пайызды және борыштың негізгі сомасын уақытында төлеу үшін қаржылық жауапкершілігінің деңгейі өте жоғары, өйткені төлемнің мерзімі ұзақ уақытқа өтіп кеткен жағдайда осы сома банкроттық тәртіптеме арқылы өндіріледі; 5. Облигация шығарылғаннан кейін қаржы нарығында жағдайаттың өзгеру салдарынан облигациялық қарыз бойынша белгіленген төлем пайызымен салыстырғанда несие пайызының орташа ставкасы едәуір төмен деуі де мүмкін. Бұл банкіден кредит алушымен салыстырғанда эмитентті қолайсыз қаржылық жағдайға ұрындырады
Қаржы тұрақтысының әсері- кредиттің ақылы болуына қарамастан оны пайдаланудың арқасында кәсіпорынның меншікті қаражатының таза пайдалылығының үстелуі (МҚТП). Кәсіпорын корпоративтік салықты қай ставкамен төлейтініне байланысты қаржы тұтқасының әсер ететін күшін келесі формула бойынша есептеуге болады: ЭФР = (1 - ставка * КПН ) * ( ЭР – СРСП) * (ЗС/ СС) Дифференциал теріс болмауы тиіс. Қаржы тұтқасының әсері активінің экономикалық табыстылығына 1/3 – ½ ( 30 - 50 % )оңтайлы тең болуға тиіс. Шекті кредит ставкасының мөлшерін мына формула бойынша анықтау ұсынылады: Ксп= Ксн+ [ ЧДк – ( МС*ЧД) / И ] / ИЗ * 100 % Мұнда: Ксп- шекті кредит ставка , % ; Ксн- нормативтік ставка ( қайта қаржыландыру немесе есептік ставка, %); И- көздің жалпы сомасы (баланстың пассиві) , а. б. ; ИС- меншікті қаражат көзі ( меншікті қаражат ) ; ИЗ- қарыз қаражат көзі, а. б. ; ЧД- корпорация кредитпен пайдаланбаған базистік жағдайда алған таза кіріс, а. б. ; ЧДк- корпорацияның есепті кезеңдегі таза кірісі, а. б. Әрбір нақты кредит мәмлесі үшін банк пайызының жол берілетін ставкасын келесі формула бойынша есептеуге болады: Ксп= Ксн + (ЧДк/ИЗ * 100 %).
Кредит- кредиттік ұйымның (банкінің) қарыз алушыға кредит шартында қарастырылған мөлшер мен шартта ақша беруі, бұл жағдайда қарыз алушы алынған соманы қайтаруға және ол бойынша пайыз төлеуге міндетті. Салық кредиті. Инвестиция лық салық кредиті. Ақшалай кредиттің мына түрлері қолданылады Коммерциялық кредит. Қаржы кредиті.
Кредитті ресімдеу және кредит шарты ережесінің орындалуын бақылау Кредит алуға берілген өтінішті қарау және банк мамандарының ықтимал қарыз алушымен жеке кездесуі. Банкінің клиентпен жасайтын кредиттік қатынас мына негізгі сатылардан тұрады: Қарыз алушының кредитті өтеу қабілетін талдау және өтініштің саласын бағалау. Кредит шартын дайындау.
Кепілзатқа құқық- қарыз алушының жылжымайтын және жылжитын мүлкіне қойылатын мұліктік талап немесе егер борышқор кредит үшін банк алдындағы берешегін өтеуге қабілетсіз болған жағдайда кепілдікке салынған мүлікті сатудан алынған өтемақыны алу құқығына берілетін талап. Кепілдік- кепілгердің кепілдік жағдайы туындағанда борышқор үшін белгіленген соманы төлеу міндеттемесі. Кепілдік (кепілгерлікпен салыстырғанда) кепілдік хатпен ресімделген сондықтан кредит шартын толықтыратын құжат болып табылмайды. Кепілгерлік- кепілгер қарыз алушының қарыз берушінің (банкінің) алдындағы берешегін қажет жағдайда төлеу міндеттемесін өзіне алатын біржақты міндеттемелесі бар шарт. Кредитті өтеу қабілеті- (оның төлем қабілеттілігімен салыстырғанда) бағаланғанда өткен кезеңде төленбеген төлем саналмайды, тек жақын келешектегі оның төлемге қабілеттілігі болжанады.
Кредитті өтеу қабілетін бағалайтын элементке: Құқыққа қабілеттілік- заңды тұлғалардың мемлекет таныған құқықтарының және ҚР Азаматтық кодексінде қарастырылған міндеттерін алып жүру қабілеті. Қарыз алушының құқыққа қабілеттілігі оның құрылтай құжаты атқарушы биліктің өңірлік органында тіркелген сәттен бастап пайда болады. Банк құқыққа қабілетті қарыз алушымен ғана кредит шартын жасаса алады. Қаржының тұрақтылығы- баланыстың активі мен пассивінің құрылымын талдау арқылы бағаланады. Қаржы тәуелсіздігінің коэффициенті қаржының тұрақтылығының ең маңызды көрсеткіші болып табылады. Несие алушының төлем қабілеттілігі- оның баланысының өтімділігін, яғни активті ақшалай қаражатқа жылдам ауыстыру мүмкіндігін сипаттайды. Төлем қабілеттілігі бухгалтерлік баланстың өтімділігін талдау арқылы анықталады. Іс жүзінде мына қаржы көэффициенттері пайдаланылады: абсолюттік өтімділік; ағымдағы өтімділік; жалпы өтімділік. Ø Контокоррент-бұл банкінің клиенпен жасайтын барлық операциясы ескерілетін бірыңғай актив-пассив шот.
Өтімді қаражаттың негізгі себептері: Жетіспеуі: Өткен жылдардың және есепті жылдардың залалы; Материалдық активтің арзандауы; Жинақталған қаржыландыру көзінен тыс күрделі шығын жұмсау; Ұзақ мерзімді инвестициялық артық салым салу (басқа кәсіпорынның жарғылық капиталына және т. б. ). Артық өтімді қаражаты: Күрделі капитал салымының көлемін кеңейтпей пайданы жинақтаудан; Негізгі құрал-жабдықты тиісінше ауыстырмай амортизациялық аударымды жинақтаудан және т. б. себептен пайда болды.
1. Қаржы қауырттылығы коэффициенті ( қ. қауырт) : Ққ. қауырт= қарыз қаражаты/ баланысы валютасы Осы коэффициенті қарыз алушының баланс валютасындағы қарыз қаражаттың үлесін көрсетеді. Көрсеткіштің ұсынылатын мағынасы 0, 5 -тен (50 %) аспау тиіс. 2. Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қарыз капитал арасындағы арақатынас коэффициенті (Кс) : Кс= ДЗК/КЗК Мұнда: ДЗК- соңғы есептік күнгі бухгалтерлік баланс бойынша ұзақ мерзімді қарыз капиталы (ұзақ мерзімді міндеттеме); КЗК- соңғы есептік күнгі бухгалтерлік баланс бойынша қысқа мерзімді қарыз капиталы ( қысқа мерзімді міндеттеме). 3. Қаражат тарту коэффициенті ( Кқт) : Кқт= КЗК/ОА Мұнда: ОА- қарыз алушының осы күнгі бухгалтерлік балансы бойынша айналым активі.
4. Запастың орнын толтыруда қаражат тарту коэффициенті (Кқтк) көп қолданылатын параметр болып табылады: Кқтк= ЗС/ запас ЗС- соңғы есепті күнгі баланс бойынша қарыз қаражаты. Замастың орнын толтыратын меншікті айналым қаражатының үлесі 50 % -дан кем болмау тиіс, ал қалған 50 % -банкінің қысқа мерзімді кредиті мен тауарлық операция бойынша кредиторлық берешектің есебінен өтеледі. 5. Қаржылық тұрақтылықтың қорытындылаған коэффициенті ( ОК фу) келесі формула бойынша анықталады: ОК фу= (СК+ДО) / Активтер СК- қарыз алушының балансы бойынша меншікті капиталы; ДО- қарыз алушының балансы бойынша ұзақ мерзімді міндеттеме.
6. Капиталдандыру коэффициенті ( Кк) : Кк= ДО/ (ДО+СК) Осы көрсеткіш банк мамандарының клиентінің тұрақты қаржыландыру көзін пайдалануына назар аударады. 7. Борыштың және сату мөлшерінің арақатынасының коэффициенті (Ксдп): Ксдп= жиынтық міндеттеме / сатудың таза мөлшері Жиынтық міндеттеменің құрамына ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаражат кіреді.
Тема 8.ppt