GMT SRS 2 .pptx
- Количество слайдов: 38
КОРОЧЕ 3, 4, 7 СУРАКТАРДЫ ТОЛЫКТЫРАТЫНЫН ТОЛЫКТЫРУ , КОСАТЫНЫН КОСУ КЕРЕК СУРЕТТЕР САЛУ КЕРЕК БОЛГАНСОН МАГАН ЖИБЕР
Қалалық туризм географиясы. Квалификациялық туризм географиясы Орындаған: Мусалиев А. Д Жұманқұл Ж. Д. Тексерген: Алиева Ж. Н.
Тапсырмалар: 1. Қаланың бейнесі дегеніміз не? 2. Қалалар – туристік орталықтар қандай белгілер бойынша жіктеледі? 3. Жаһандық (дүниежүзілік) қала дегеніміз не? Оның белгілері қандай? Жаһандық қалалардың мысалдарын келтіріңіз 4. Халықаралық туризм орталығы ретінде дүниежүзілік қалалардың қарқынды даму факторларын атаңыз 5. Халықаралық туризм орталығы ретінде дүниежүзілік қалалардың басқа ірі туризм орталықтарынан айырмашылығы қандай? 6. Квалификациялық туризм дегеніміз не? 7. Дүниежүзіндегі таушаңғы туризмнің факторларын атаңыз 8. Квалификациялық туризм қандай түрлерін білесіз?
Қаланың бейнесі дегеніміз не? Қала-күрделі әлеуметтік –экономикалық организм, көп құрылымды шаруашылық комплекс, мәдени –тарихы білім, қоғамның тарихи үдерістерінің алаңы. Қала миллиондаған адамдарды өзіне тартатын ерекше күш. Көптеген адамдар туристтік мақсатпен ірі қалаларға ұмтылады. Әр қаланың өзіне тән бейнесі бар - шатырлар, үйлер құрылысы, сонымен қатар ескерткіштер, храмдар, вокзалдар, қала маңы аудандары т. б. Әрқайсысында қала тағдыры мен тұрғындарының таңбасы болады. Қаланың бейнесі арқылы тұрғындардың өмір тіршілігін айтуға болады. Мысалға, Зальцбург-Моцарт, Веймар-Гете, Копенгаген-Авдерсен, Санк-Петербург-Петр 1, т. б. Верона қаласы әлемнің махаббат символы Ромео мен Джулетта ретінде бейнеленеді. Мыңдаған әдеби батырларымен танымал қалалар: Лондон, Париж, Рим, Нью-Йорк, Лос-Анджелес.
Қазіргі қалалық ортаның басты белгісі – оның өспелі әртүрлілігі. Тап сол айғақ, қала сәннен(мода) шықты дегенге қарсы аргумент болып табылады. Адамдар әлі де көп жылдар бойы өзіндік ерекшеліктері бар қалаларға саяхаттауға тырысатын болады. Қалалық туризм өмір сүретін болады және өзінің мәдениеті мен дамуының арқасында биік сапалы шыңдарға шығады.
Қазіргі қалалық ортаның басты белгісі – оның өспелі әртүрлілігі. Тап сол айғақ, қала сәннен(мода) шықты дегенге қарсы аргумент болып табылады. Адамдар әлі де көп жылдар бойы өзіндік ерекшеліктері бар қалаларға саяхаттауға тырысатын болады. Қалалық туризм өмір сүретін болады және өзінің мәдениеті мен дамуының арқасында биік сапалы шыңдарға шығады.
Туризмнің дамуында қалалардың рөлі мен маңызы жоғарылауда. Туризм көбінесе қаланың даму стратегиясының маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Қаланың және оның халқының өркендеуіне өзіндік үлес қосады.
Қалалар – туристік орталықтар қандай белгілер бойынша жіктеледі? Қала- туристтік орталықтар таңдалған негізге байланысты туристік орталықтардың жіктелуінің түрі көп. Географиялық тұрғыдан объекттерді былай жіктеуге болады: морфология бойынша (аудандық, сызықтық, нүктелік); туристік сұраныс пен ұсыныстың таралу аймағына, туристік аймақ шегінде орналасуына байланысты (орталық, қашықтық, эксцентрлі және т. б. ); туристік ағымдардың масштабына байланысты (орасан зор(ең ірі), ірі, орта, кіші), бағытына байланысты (жіберушілер, күтіп алушылар, кешенді), мамандадуына байланысты (көп функционалды, бифункционалды, монофункционалды) және т. б.
Туристік мамандануына байланысты қалалық туристік орталықтар келесідей түрлерге бөлінеді: v мәдени танымдық орталықтар; v іскерлік туризм орталықтары; v оқиғалы туризм орталықтары; v курортты қалалар; v емдік орталықтар; v діни орталықтар. • Көптеген қалалар әсіресе үлкен қалалар мен мегополистер көп функционалды. Онда туризмнің бірнеше түрі дамуда оның ішінде мәдени-танымдық , іскерлік және оқиғалы туризм. Париж, Лондон, Рим, Берлин, Нью- Йорк мәдени танымдық туризмнің әлемдік орталығы сонымен қатар іскерлік туризмде де алдыңғы қатарда тұр.
Қалалар – мәдени танымдық туризмнің орталығы білімін жетілдіріп, мәдени мұралармен танысу мақсатында саяхаттайтын туристерді қабылдауға маманданады. Соңғы кезде оларды тек қана қалалардағы архитектуралық ғимараттар, мәдени ескерткіштер, мұражайлар, театрлар, көрме залдар қызықтырып қана қоймай сонымен қатар қала атмосферасы, қала тұрғындарының өмірі, жаңа дизайн қызықтыруда. Жаңа дизайн танымдық туризмді дамытатын тарихи әлеуеті жоқ жас қалаларға маңызды болып табылады. Сондықтан мәдени танымдық туризмнің дамуына қалалар өз септігін тигізеді. Соңғы жылдары туристік қалада мәдени тарихи потенциалдардың болуы туризмнің дамуына септігін тигізетіні дәлелденді. Соның аркасында туристтік орталықтың қайталанбас бейнесі қаланады, туристер өздерінің рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік алады. Тарихи қалаларда мәдени туристтік зоналар құрылады, онда туристтік нысандар, қызмет көрсету мекелері(орналастыру, тамақтандыру) болады. Осындай зоналарды құру- көптеген сұрақтарға жауап іздейтін комплексті мәселе.
Қалалар- іскерлік туризмнің орталығы. Бизнес-туристер қаланың инфрақұрылым жағдайына, кездесулер мен отырыстарға арналған арнайы мекендердің болуын (медиаорталық, конрессхолдар және т. б. ), олардың техникалық қамтамасыздандырылуын (аудиовизуальді жабдықтар, байланыс қызметі, жылдам Интернетке қосылу), қызмет көрсетушінің кәсіпқойлық деңгейін, көлікпен қамтамасыздандырылуын талап етеді. Іскер туристер тек негізгілеріне емес, сондай-ақ бірге болатын, сапардың басты мақсатымен байланысты емес қосымша туристік қызметтерге де сұраныс жасайды. Олар конгресске дейінгі, одан кейінгі турларды сатып алады, өздерінің кәсіптік қызметін мәдени-танымдық және белсенді саяхатпен байланыстыра отырып, олар концерттерге, көрмелерге барады. Іскерлік туризмнің дамуына басты себепкер(потенциал) – ол қалалар, оның ішінде экономикалық жоғары дамыған елдердің , халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне қатыстырылған астаналары.
Қалалар – оқиғалы туризмның орталығы Қазіргі кездегі туристік орталықтарда көбіне мәдени, сондай-ақ әртүрлі деңгейлер мен тақырыптардағы спорттық іс-шаралар өтеді. Бұлар – халықаралық мәні бар оқиғалар (Олимпиадалық ойындар, «Әлем Аруы» сұлулық байқауы), аймақаралық (футболдан Еуропа чемпионаты), ұлттық (әуендік не кинофестивальдар, қандай бір болмасын елдің спорттық шаралары), сондай-ақ жергілікті (тарихи соғыстарды жаңғырту, Ортағасырлық мәдениет күндері) оқиғалар. Олар туристердің көптеп келуін қамтамасыз етеді. Мәселен, көптеген швед қалаларында жыл сайын мыңдаған туристерді қызықтыратын викингтердің мәдениет күндері өтеді. Сол сияқты не басқа оқиғаларға қатысты шынайы қадірлеушілер, жолын ұстаушылар мен білгіштер үшін, олардың қалаға келуі мен қалада болуы маңызды болып табылады.
Қалалар – емдік туризмның орталығы Емдік туризм орталықтары болып табылатын қалалар емдік табиғи ресурстардың қайнар көздеріне байлаулы. (минералды сулар, емдік балшықтар, т. б. ) Олардың туристік өнімі түрлі аурулармен ауыратын адамдарға бағытталған. Сонымен қатар олар экскурсанттардың көп бөлігін тартады. Мысалы, чехиялық курорт Карлови. Вариге 2008 жылы сауықтыру мақсатымен 66 мың адам және 2, 5 миллион экскурсант барды. Туристер үшін курортты қалалардың туристік ақпараттық орталықтардың болуы, жоғары деңгейлі мамандардың болуы және қолжетімді жарнама-ақпараттық материалдардың болуы маңызды.
Дәстүрлі түрде емдік туризм орталықтары болып табылатын қалаларға созылмалы аурулар асқынғанда немесе ағзаның күнделікті кездесетін үйдегі мен жұмыстағы стресске төтеп бере алмайтын егде жастағы адамдар барады. Бірақ соңғы кездері емдік туризм нарығы тез арада өзгере бастады: классикалық санаториялық курорттар егде адамдардың емделетін орны болуын тоқтата бастады және полифункциялық тұтынушылардың көптігіне бағытталған емдік орталықтарға айнала бастады.
Қалалар – діни туризмның орталығы Қажылық қала орталықтары дін ағынымен тығыз байланысты. Бұл қалалар дін уағыздаушылары үшін қасиетті болып табылады. Әсіресе діни мереке күндері бұл қалаларда дін уағыздаушыларының жоғары ағыны байқалады. Рождество күніне Рим қаласының өзіне 2 -3 млн. құлшылық етушілер келеді. Қала басшыларының ең маңызды тапсырмаларының бірі-қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Құлшылық ету ағындары діни тақырыптағы танымдық туризм формасына ие. Бұл саяхаттар әдетте дінге сенушілер саяхаттарына қарағанда ұзаққа созылмайды, бұлар жылдың кез келген кезінде ұйымдастырылады және діни мерекелерге байланысты болмайды. Туристер, әдеттегідей, көбінесе қала тарихына, ондағы музейлерге көңіл аударады.
Жаһандық (дүниежүзілік) қала дегеніміз не? Ірі қалалар тарихи мәдени адамзат мұрасына енетін көптеген объектілерге ие, сонымен қатар, мұнда жаңа туризм түрлері, заманауи жайлы демалыс үшін қажетті жаңа инфраструктура орын алады. Бірақ, миллионер қалалардың барлығы халықаралық туризм орталығы болып табылмайды. Мысалы, 17, 8 млн. халқы бар Сан- Паулу қаласы әлемнің 5 ірі агломерацияларына кірсе де, келуші шетел туристерінің саны бойынша 4 есеге 1, 6 млн. халқы бар Стокгольм қаласына орын береді.
Көпшілік қазіргі әлем қалалар – бұл «ескі формация» . Олар ұзақ эволюциялық даму жолын өтті. Олар маңызды бөлігіне адамзаттың мәденитарихи мұраны жатқызады, сондықтан да танымдық туризм дамуына көп көңіл бөледі. Халықарылық туризмде 20 -дан 13 -і танымал бағыт осы жаһандық қалаларға тиесілі.
Халықаралық туризм орталығы ретінде дүниежүзілік қалалардың қарқынды даму факторларын атаңыз Үлкен факторлар жиынтығының әсерi нәтижесінде әлемдiк қалалар халықаралық туризм жүйесiнде маңызды элемент болып отыр. Олар туристік орталықтардың арнайы категориясын құрап отыр және де көптеген маңызды ерекшелiктерге ие. Әлемдiк қалалардың бәрi көп мәндi туристтiк орталықтардың қатарына жатады. Олар танымдық, іскерлік, көңіл көтеру және басқа да туризм түрлері үшін барлық мүмкіндіктерге ие. Туристік қызметтердің алуантүрлілігі, оларды қиыстырудың кең мүмкіндіктері қаланың тартымдылығын өсірудегі маңызды фактор болып отыр. Халықаралық туризмнің динамикалық секторының бірі болған іскерлік туризмде әлемдік қалалар генератор және локализация (ошақтар) дамуының бас эпицентрі ретінде жасайды. Соңғы онжылдықта, мысалы, Европада іскерлік туризмнің ортажылдық көлемінің өсуі – 9%-ға жетсе, онда туризм бүтіндей-5%-ды құрайды. Мамандардың айтуынша, қазір, әрбір төртінші саяхат қызмет бойынша жасалады. Бұл бағыттың дамуының ең маңызды артықшылықтарының бірі, олмаусымдылық проблемаларының болмауы. Сонымен қатар, оның дамуында барлық туристік нарық қатысушылары қызығушылық танытып отыр. Зерттеу барысы бойынша, бір жағынан, әрбір бизнес-турист, сауықтыру мақсатымен келген туристке қарағанда, 3 -4 есе кқп шығын жасайды.
Халықаралық туризм орталығы ретінде дүниежүзілік қалалардың басқа ірі туризм орталықтарынан айырмашылығы қандай? Астаналық және тарихи-мәдени орталықтарға қарағанда «халықаралық қалалар» өзінің қатаң иерархиясын ұстанады. Сондықтан ресустармен, масштабтармен, маңызды айқындамаларды жаһандық экономикада шамалы ғана орталықтар бақылайды. Олардың саны 30 -дан аспайды. Жоғарғы «топтық құрам» әлем қалаларын Лондон, Токио, Нью-Йорк құрайды. Екінші деңгейді тоғыз қала (Чикаго, Лос-Анджелес, Вашингтон, Париж, Брюссель, Франкфурт-на-Майне, Цюрих, Сингапур, Сан-Паулу), үшінші деңгейді тағы 22 агломерациялар құрайды.
Квалификациялық туризм дегеніміз не? XX ғасырдың аяғында дамыған елдердің туристік нарығында тұтынушалар әрекеті өзгере бастады. Демалыс кезінде белсенді түрде демалу тенденциясы дамыды. Туризм белсенді түрде белгілі спорт түрімен ұластырыла бастады. Тау туризмі секілді классикалық спорттық туризм түрлерімен бірге дүниеге жаңа экстремалды туризм түрлері дамыды – фрирайд, кайтсерфинг, вота – баг және т. б. олардың географиясы да арта түсті. Кавлификациялық туризм – негізінде табиғаттағы категориялы кедергілерді басып өту бойынша маршруттардағы және табиғи немесе жасанды рельефтегі дистанциялардағы жарыстар түрінде өткізілетін туризм.
Тау – шаңғы спорты ХІХ ғасырда Норвегияда туындады. Ал қазіргі заманауи шаңғы спорты бізге Австриядан келіп отыр. 1920 -1930 жж. тау шаңғы спортының дамуының жаңа дәуірі басталды. Бұл кезде аспалы жолдар пайда болды – көтерілуді жақсартатын және сағатына 1000 – нан астам тау шаңғышыларын өткізуге мүмкіндік беретін көтергіш заттар. 1950 -1960 жж. әсіресе Қысқы Олимпиада ойындарының бірінші телекөрсетілімінен кейін тау шаңғыға қызығушылық тез арта түсті. Олар жаппай демалу мен туризм атақты түріне айнала бастады. Тау шаңғы серпілісінің дәуірі бастау алды.
Солтүстік Американың тау-шаңғы аудандары 1. 2. 3. Елдің солтүстік-шығысы – Атлант мұхиты жағалауындағы Аппалач таулары (Нью-Иорк, Пенсильвания, Вермонт, Мэн, Массачусетс, Нью-Гэмпшир штаттары). Бұл жер қазан айынан мамыр айына дейінгі ұзақ мерзімді сырғанау мүмкіндігімен ерекшеленеді. Ең үлкен тау-шаңғы орталығы – Киллингтон курорты, олимпиядалық Лейк-Плесид те өте танымал. Елдің батысы – тік таулы аудандар(Колорадо, Юта, Айдахо штаттары). Бұл ауданда шамамен 100 қыстық курорт жұмыс істеуде. Оның ішінде 30 -ы Коларадо штатында орналасқан. Бұл жерде өте танымал Аспен және Вейл қысқы курорттарымен танымал. Тынық мұхиты жағалауы (Калифорния, Вашингтон штаттары) – Тахо көлінің аудаында орналасқан 15 тау-шаңғы курорттары. Оның ішінде олимпиядалық курорт Скво-Вэлли бірден көзге түседі. Ол бақандай 6 тауда орналасып, 190 трассамен жабдықталған.
Еуропаның тау шаңғы аудандары. 1. Альпі тау шаңғы ауданы алты мемлекет аумағында орналасқан: Франция, Австрия, Италия, Швейцария, Словения және Германия. Бұлар әлем бойынша алдыңғы орындарды иеленеді. Францияда әлемдегі ең үлкен «Три Долины» тау шаңғы зонасы орналасқан. Оның визит картасы болып Куршевель курорты есептеледі. Австрияда Тироль облысы тау шаңғы спорт түрінен танымал. Италияда тау шаңғы туризмінң бірнеше ауданы әйгілі. Елдің солтүстік-шығыс жағында Альпі, онда 1956 жылғы қысқы Олимпияда ойындарының астанасы болған Кортина-д Ампеццо таукурорты орналасқан. Сонымен қатар жақсы дайындалған көп шаңғы трассалары бар Валь-ди-Фас-са, Кронплатц, Араба және т. б. Швейцарияда әлемге әйгілі бірнеші курортар бар. Олар: Альпінің басты қыратының 36 төртмыңдық шыңдарымен қоршалған Церматт, мерекелік Верьбе, Еуропаның ең күншуақ жері – курорт Кран. Монтана, Давос және Санкт-Моррис. Германияда ең танымал - Гармиш-Партенкирхен тау шаңғы орталығы, ал Словенияда – Планица.
2. 3. 4. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропаның орташа биік таулары – Судет, Карпат таулары және Рила-Родоп. Бұл аудан әлемдік талаптарға сай курорттар арқасында танымал болды, олар Закопане (Польша), Ясна, Штребске Плесо, Ескі Смоквец және Татранска Ломница (Словакия), Көк және Браш полянасы (Румыния), Боровец және Пампорово (Болгария), Шпиндлеров Млин және Гаррахов (Чехия). Туристерге ерекше қызығушылық тудыратын Польша мен Словакияның шекарасында орналасқан Биік Татры. Бұл жерде жыл сайын 7 -8 млн келуші турист тіркеледі. Скандинавиялық. Соңғы кездері тау шаңғы туризмі Норвегия мен Финляндия қарқынды дамуда. Тау шаңғы отаны Норвегияда халықаралық қыстық курорттар елдің оңтүстігінде, таулы Гейлода, олимпиядалық Лиллехаммерде және Скандинавиядағы ең жоғарғы жылдамдықты құлмасы бар Хемседаледе орналасқан. Финляндияда 140 жуық шаңғы курорты бар. Пиреней – өте жас және құрылымы әлі бітпеген аудан. Оған Испанияның және Андорраның қысқы курорттары жатады.
Қазіргі таңдағы қысқы курорттардың даму бағыттары. Жаңа мақсатты аудитория іздеу жолында курорттар сноубордқа әуесқой жастарға және мынадай тау шаңғы спорт түрлеріне көңіл бөлді, олар – фристайл (ерікті шаңғы тебу стилі) – төбелермен сырғанау, мәнерлеп сырғанау, шаңғы акробатикасы, сонымен қатар карвинг, фри-райд және хели-ски. Соңғы уақытта бұл нарық сегменті жоғары қарқынмен өсуде. Тау шаңғы курорттары жастардың көңілін аудару үшін арнайы таудан түсу жолдарын (аспалы жолдар), трамплинмен және сноубордистерге арналған басқа да құрылыстармен жабдықталған парктер ашуда. Әр түрлі жастағы және әр түрлі қызығушылығы бар тұтынушылар есебінен тау шаңғы курорттары туристік ұсынысты әртараптандырады. Олар рекреациялық мүмкіндік пен қызмет көрсету спектрін ұлғайтады, қолайлы және жеңіл оқытатын бағдарлама істейді, барлық отбасы мүшелері үшін жайлы жағдай жасайды, мысалы, балалар алаңын қарастырады және ата-аналардың балаларымен сырғанауы үшін арнайы зона ұсынады.
Тау-шаңғы курорттарына кездесетін негізгі проблемалардың бірі – мерзімділік. Олар бір жылдың 100 күнінде ғана жұмыс істеп пайда табуға мүмкіндіктері бар, бірақ шығынға 365 күннің барлығында батып отырады. Мерзімді ұзарту үшін курорттар көптеген шаралар қолданады. Таудағы негізгі ресурс көзі – қар болып табылады. Оның жағдайы негізінен рекреациялық қажеттілікті пайдалануға(эксплуатацияға) байланысты.
Дайв-туризм. Жеке аквалангтың ойлап табылуы дайвингтің спорт әрі ойын-сауық түрінде дамуына жол салды. 3 өлшемдік кеңістікте-жоғары-төмен, оңғасолға, алға-артқа орын алмастыру мүмкіндігі; су астындағы іс-әрекеттер мен әсерлер; қолжетімділігі -осы және өзгелері дайвингтің танымалдылық себептерін түсіндіреді. Әлемдегі дайверлер саны куннен күнге өсуде. Егер 40 жыл бұрын олар бірнеше жүз ғана болса, қазіргі кезде 20 млн-ға жуық сертификатталған әуесқой-дайверлер бар. 2004 ж жазғы олимпиада ойындарында аквалангпен жүзу тәжірибелік көрсетілім тізіміне енгізілді.
Дайвинг түрлері Дайвингтын бірнеше түрі бар. Оның біреуі мамандандырылған кәсіп ретінде, ал қалғандарысауықтыру және туризм түрі ретінде қарастырылады. 2 - тобына техникалық және спорттық дайвинг. Бұл туристік нарық сегменті әртүрлі болып келеді: жылы тропикалық теңіздегі кораллды риф ауданындағы аз тереңдікке қыдырудан техникалық қиындықтағы тереңдікке түсуге дейін. Суасты спелеологиясы, мұзасты дайвингі, танымдық дайвинг, суасты фотокино-видиотүсірілімі, спорттық аңшылық, суасты археологиясы ( қазына іздеушілер) және т. б. ерекшеленеді. Түнгі дайвинг көп сұранысқа ие.
Мұзасты көңіл көтеру мен ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қолданады. Ол мұздың әртүрлі ерекше формаларын және суық аймақтардағы жануарларды зерттеп тамашалауға мүмкіндік береді. Мұзасты дайвингте тәуекелдің жоғары болуымен ерекшелінеді. Бұл түрі көп дайындықты, техникалық қауіпсіздік пен орынды дұрыс таңдауды, суастына түсуді ұйымдастыруды қажет етеді. Су асты археологиясы (қазына іздеу)- көмілген нысандарға саяхат және зерттеу- дайвтуризмнің қызықты түрі. Ол өткен өмірге көз тастауға, өткен өркениетке сапар шектіреді. Барлық су асты нысандары «су асты мұражайының» асқан мейірімділік пен үлкен сақтықты қажет ететін баға жетпес қазынасы болып табылады.
Су асты спелеологиясы - судың астындағы үңгірлерге зерттеу жүргізеді. Дайвингтың аса қауіпті түріне жатады. Суастына түсу белгілі бір аймақты қамту керек. Танымдық дайвинг көңіл көтеру, теңіз бен мұхиттың фаунасы және флорасымен танысу үшін жасалынады. Танымдық дайвинг арнайы дайындықты және құралдарды талап етпейді. Ол басқаларға қарағанда қауіпсіз. Су асты спорттық аң аулау кәсіби және әуесқой болып бөлінеді. Кәсіпқойлар қандай-да бір спорттық аң аулау нәтижесіне жетумен айналысады: ату жылдамығы және оның нәтижелілігі, су астында дем алмай тұрудың ұзақтығы. Әуесқой су асты аңшылығында нәтиже емес, іздеу, аңду, торуыл, ату секілді аң аулау барысы маңызды.
Экстремальді туризм – бұл үздіксіз қауіп пен мақсатқа жету, бұл адам мүмкіндіктері шегіндегі өмір, бұл қоршаған әлемді көру және сезіну. Экстремалды туризмнің тарихы экстремальдық спорт түрлерінің соның ішінде скайсерфинг, трекинг, хели-ски, фрирайд рафтинг т. б түрлерінің тарихымен тығыз байланысты. Қазіргі таңда экстремалды туризмге әртүрлі спорттық демалыс түрлерін, қауіпіті және жылдам түрлері кіреді.
Сноубординг. 1981 жылы АҚШ-та сноуборд бойынша алғашқы жарыстың ашылуы өткізілді. 1990 жылдардың басында сноубордтың Халықаралық федерациясы құрылды. 1998 жылы Нагояда сноуборд олимпиядалық спорт түрі ретінде сынға түсті. Болжам бойынша, сноубордта сырғанайтын әлемдегі халық саны жақында 5 млн-ға өседі. Скайсерфинг маңызды даму кезеңі 1990 жылы болды. Техаста фристайл бойынша Әлемнің бірінші чемпионаты болды. Сол кезеңнен бастап парашютты спорт түрі дами басталады. Жаңа бағыттың негізгі тұжырымдамасы – парашютшының еркін максимальды қозғалысындағы еркін құлауы болып табылады.
Каякинг- белсенді су туризмінің түрі болып табылады. Қазіргі таңда каякинг өте белсенді түрде дамуда. Бағыттардың санына , стилдің, қайықтардың әртүрлілігіне байланысты ол бір қарағанда құрақ көрпені елестетеді. Оның дамуының үш бағытын анықтайды: еспелі слалом, родео, сплав. Еспелі слалом-ағынның жоғары техникалық түрі. Слаломдық техника каякингтің негізі болып табылады. Еспелі слалом босағамен асылып тұратын слаломдық трассаның шығу тегінде сипатталады. Спортсмен қысқа уақыт ішінде мүмкіндігінше белгілерге тиіп кетпей, дистанцияны өтуі керек. Слаломистер қатаң тәртіппен бағындырылған габариттермен, 4 метрлік арнайы қайықтармен сырғанайды.
Родео. Егер слалом нақтылықты, жылдамдықты, есепті үйретсе, ал родео бұл ойын, көңіл көтеру болып табылады. Сырт келбеті келесідей көрінеді. Алдымен адамдар өздеріне кішкентай және ыңғайлы қайықтарды киеді. Кейін 20 метр қашықтықтағы бөшкеге дейін жүзіп барып, сол жерде адам айтқысыз фигуралар мен айналымдар, секірулерді орындайды. Басты міндет белгіленген уақыт ішінде (әдетте 30 -60 секунд) бөшкеде әртүрлі акробаттық элементтерді орындауы қажет. Сплав долы суда ең қызықты қозғалыстың бір түрі. Өзіне келер болсақ сплав бір текті емес, яғни оның түрлерін ажыратып көрсетуге болады : ойын, экспедициялық және экстермалдық.
Геокэшинг немесе геошинг жаңа тартымды ойын сауық түрі, яғни кунннен кунге қарқынды дамып келеді. Ойын шарты бойынша, қарапайым және құпия жерлерді іздестіру болып табылады. Құпия жерледрің көптеген түрлері де кездеседі. Көбіне кең тараған түрі ұлттық құпия орындар. Бұл жағдайда жасырын тұрған құрал жабдық контейнерде жабдықталады. Ойыншы болса, құпия жерді тапқан кезде жәшітің ішіндегісін алады, бірақ та сол бағаға сәйкес тең затты қалдырып кетеді. Хели-ски – тікұшақ көмегімен шаңғы тебу 40 жыл бұрын басталған. Бұл спорт түрінің мәні – тікұшақ туристті тау шыңына көтереді, ал сол жақтан турист өзі шаңғының көмегімен төмен түседі.
Спелеотуризм шыдамдықты, күшті, ептілікті, жер астында тіршілікті қамтамасыз ететін жабдықтар мен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрал-саймандарды қолдануды, жақсы жүзе алу дағдылығын (керек кезде аквалангпен бирге) , тауға шығу дағдылығының болуын талап етеді. Маршрут, ереже бойынша, 2 бөліктен тұрады – жер асты және жер үсті. Бірінші бөліктің қиындық пен шарттары (жаяу, шаңғымен, қайықпен немесе басқа да тәсілмен) оның ұзақтығы, үңгірдің орналасуына, елдімекеннен орналасу қашықтығы, тәсілдің күрделілілігіне, жыл мезгіліне және т. б. тәуелді. Екінші бөлік , негізінде, рельефпен, үңгір ұзындығы мен ондағы климаттық жағдайлар мен күрделілік категориясымен сипатталып анықталады.
Фри-райд – шаңғымен немесе сноубордпен дайын емес тау баурайы трассаларынан еркін түсу жатады. Фри-райдерлер жоғары жылдамдықпен қауіпті тау баурайларынан еркін түсіп, жартас (құз) пен карниздерден құлап, орманда тау шаңғыларын тебеді. Оның шеберлігі маршрутты өту техникасының стиліне, құлаудың жоқтығы, қозғалысының (жүріс) тоқтаусыздығы мен түсуінің жылдамдығына қарап бағаланады. Кайтсерфинг - универсалды, оның маңызы – ұшу. Қайықтарда , шаңғы, скейтбордтарда, роликтерде, сноубордтарда, баггиде және т. б. ұшуға болады. Кәсіби кайтсерфингистер 10 м биіктікке секіре алады және қашықтықты жарты жүз метрге дейін жаба алады.
Каньонинг - белсенді туризмнің жаңа түрі, таудан тау өзендері мен жартастарынан қосымша көмексіз құралдар арқылы түсуді қамтиды. Вейкбординг (вейкборд) - өзімен тау шаңғылары, серфинг, сноуборд және скейтбордтан "коктейльді" ұсынады. Олардың барлығы сырғанаудың техникасы, іс-әрекеттері мен құралсаймандарға әсер етіп қана қоймады, вейкбордингке өз мәдениетінің бөлігін берді. Америкада туылған бұл су қызығушылығы Европаға жетті. Ондаған жылдың ішінде энтузиасттар тобының хоббиінен вейкбординг өте танымал және көрушілік спорттың түріне айналды.


