Корея Корея (кор. 한국 – хангу́к – таң
Корея
Корея (кор. 한국 – хангу́к – таң самалының елі), Корея Республикасы (кор. 대한민국 [tɛːhanminɡuk̚] – тэха́н мингу́к) — Шығыс Азиядағы Корей түбегіндеорналасқан мемлекет. Жер көлемі — 98,5 мың км2. Бұл көрсеткіш бойынша әлемде 109 орында. Халқының саны — 48.87 млн. адам (2010) [3]. Ресми тілі — корей тілі. Тұрғындары, негізінен, корейлер, 30 мыңға жуық қытайлар, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Олардың көпшілігі будда дінін, кейбір бөліктеріконфуцийшілдік пен христиан дінін ұстанады. Астанасы — Сеул қаласы (10.4 млн.). Әкімшілік бөлінісі 9 провинциядан және тікелей орталыққа бағынатын 6 қаладан тұрады. Конституциясы бойынша, елді президент басқарады (2013 жылдан Пак Кын Хё). Заң шығарушы органы — Ұлттық жиналыс (299 депутаттан тұрады). Ұлттық мерекелері: 15 тамыз — Республика жарияланған күн (1948), 3 қазан — мемлекеттің құрылған күні (Ежелгі Чосон, б.з.б. 108 ж.). Ұлттық ақшасы — уон.
Корея Республикасының құрылуы Жапонияның екінші дүниедүзілік соғыста жеңілгендігін корей халқы қуанышты хабар ретінде қабылдады. Алайда "қырғи қабақ" соғыстың басталатын уақытында АҚШ әскері корей түбегінің оғтүстігіне орналасты, ал КСРО әскері солтүстік бөлігіне иелік етті. 1947 жылдың қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы Кореяда БҰҰ Комиссиясының бақылауымен жалпы сайлау өткізу туралы қарар қабылдады. КСРО бұл шешімді қолдамады және БҰҰ комиссиясын солтүстік өңірлерге кіруге тиым салды. БҰҰ Бас Ассамблеясы жаңа қарар қабылдады. Бұл қарар бойынша сайлау тек БҰҰ Комиссиясы бара алған өңірлерде ғана өтуі тиіс болды. Кореядағы алғашқы сайлау 1948 жылы 10 мамыр күні 38-нші параллельден өңтүстікке қарай орналасқан елді мекендерде өтті. Бұл шекара елді екіге бөлді, яғни Оңтүстік және Солтүстік. Кореяның алғашқы Президенті Ли Сын Ман 1948 жылы сайланды. Ал 38-нші параллельден солтүстікке қарай Ким Ир Сен басқарған коммунистік билік орнады. 1950 жылдың 25 маусымында Солтүстік Корея Оңтүстікке қарсы әскери шабуыл бастады. Бұл екі Корея арасындағы үш жылға созылған соғысқа себепші болды. 1953 жылдың шілдесіне екі ел арасында Соғысты тоқтату туралы келісімге қол қойылды. 1960 жылдардан бастап Оңтүстік Корея қарқынды экономикалық дамуды өзіне мақсат ретінде қойды. Керемет жетістіктерге жеткен Кореяны "Ханган өзенінің бойындағы ғажайып" деп атады. Бүгінгі күні Корея Республикасы экономикалық көрсеткіші жағынан әлемде 13-нші орында.
Конституция Корея Республикасының тұңғыш Конституциясы 1948 жылдың 17 шілде күні қабылданды. Осы күнге дейін көптеген саяси дүрбелеңдер мен төңкерістер салдарыны Конституцияға тоғыз рет өзгертулер енгізілген. Ең соңғы өзгертулер 1987 жылы 29 қазан күні жасалды. Конституция Преамбуладан, 130 бап пен 6 толықтырудан тұрады. Құрылымы 10 тарауға бөлінген: Жалпы, Азаматтардың құқықтары мен міндеттері, Ұлттық жиналыс, Атқарушы билік, Соттар, Конституциялық сот, Сайлау жүйесі, Жергілікті өзін-өзі басқару, Экономика, Конституцияға толықтырулар мен өзгерістер.
Экономикасы 20 ғ-дың 60-жылдарынан бастап Корея экономикасы жағынан жедел дамыды, 1996 ж. дамыған елдер деңгейіне жетті. Бұған үкіметтің өндірісті қолдауы, экспортты дамытуға бағытталған стратегия, ең соңғы технологияны қолдану, жоғары білімді мамандар мен сауатты жұмысшылар даярлау ықпал етті. “Азия жолбарысына” айналған осы ел 1997 ж. қаржы дағдарысына ұшырап, ол 1999 — 2000 жылға дейін созылды. Экономика құлдырап, жұмыссыздық көбейді. Үкімет Халықаралық валюта қорынан көмек ала отырып, ел экономикасын қайта көтере бастады. Кореяның жылдық ұлттық табысы көл. — 485,2 млрд. АҚШ доллары, жеке адамға шаққанда — 13500 долл. шамасында. Сыртқы қарызы — 95,5 млрд. долл. Экспортқа электр тауарлары, киім-кешек, аяқ киім, кеме, химия өнімдерін шығарса, импортқа мұнай мен мұнай өнімдерін, астық және тамақ өнімдерін, химия өнімдеріне қажетті шикізаттар әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Жапония, Сауд Арабиясы, Австралия, Сингапур, Қытай, т.б. Қазақстанмен Корея арасында дипломатиялық байланыстар 1991 ж. 30 желтоқсанда орнады. 1993 ж. 30 шілдеде Алматыда Корей елшілігі, 1995 ж. мамырда Сеулде Қазақстан елшілігі ашылды. Екі ел арасындағы сауда-экон., мәдени байланыстар біршама жоғары деңгейде. Елдегі қаржы дағдарысына қарамастан Корея Қазақстанға инвестиция салушылардың көш бастаушыларының бірі.
қарымқатынасы
Солтүстік Корея - бұрыңғы Ко Гу Рё елінің орналасқан жері. Қарулы күші жақсы дамыған ел. Ресейді де жыртып ала алатындай күші бар. Оңтүстік Кореямен бұрыннан бері текетіресіп келе жатқанын білеміз. Бұл ел соғысқа дайын, бірақ бірде-бір жақтас мемлекеттер табылмай тұр. Табылса соғысып кетейін деп тұр. Оңтүстік Кореяға жақтас елдер көп. Олар: АҚШ, Жапония және Европа елдері. Алдыңғы жылдары Солтүстік Корея АҚШ-ты әскери күшімен қорқытпақ болды. Бірақ АҚШ қорықпайды да, тіпті мән бермеді. Қай бетімен қорқады, оларда Солт. Кореяны қиналмастан жоятын ядролық қару бар. Кез келген мемлекетті ойланбай жойып жібереді алады жер бетінен. АҚШ-пен соғысқысы келіп қояды, АҚШ көттерін сігіп жібереді ғо... Солт. Корея Жапонияға атом бомбасын жіберуге дайын отырғанын хабарлаған. Жалпы қазіргі таңда Солт. Корея АҚШ, Жапония, Оңтүстік Кореямен соғыспақшы. Солт. Кореяға жақтас ел шықпайды, шықса АҚШ ол елді өз орнына қойып тастайды. Мұның соңы не боларын білмеймін, бірақ Солт. Корея соғысқа көшсе, онда жер бетінен жоқ болып кетеді немесе кезіндегі Германияның күйін кешеді. Не болса да бірінші Солт. Корея бастады.
7284-camtasia_getting_started_guide.ppt
- Количество слайдов: 7