Корея (한국 – хангу к – таң самалының елі), Корея Республикасы ( 대한민국 – Корея (한국 – хангу – таң самалының елі), Корея Республикасы ( 대한민국 тэха н мингу к) —Шығыс Азиядағы Корей түбегінде орналасқан мемлекет. Жер ) —Шығыс Азиядағы Корей түбегінде көлемі — 98, 5 мың км 2. Бұл көрсеткіш бойынша әлемде 109 орында. Халқының саны — 48. 87 млн. адам (2010). Ресми тілі — корей тілі. Тұрғындары, негізінен, корейлер, 30 мыңға жуық қытайлар, т. б. ұлт өкілдері тұрады. Олардың көпшілігі будда дінін, кейбір өліктері конфуцийшілдік пен христиан дінін ұстанады. Астанасы — Сеул қаласы (10. 4 млн. ). Әкімшілік бөлінісі 9 провинциядан және тікелей орталыққа бағынатын 6 қаладан тұрады. Конституциясы бойынша, елді президент басқарады (2013 жылдан Пак Кын Хё). Заң шығарушы органы — Ұлттық жиналыс (299 депутаттан тұрады). Ұлттық мерекелері: 15 тамыз — Республика жарияланған күн (1948), 3 қазан — мемлекеттің құрылған күні (Ежелгі Чосон, б. з. б. 108 ж. ). Ұлттық ақшасы — уон. Ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері Корейліктер балалардың өмірінің басталуын, оның бір жасқа толу жасын есептейді. Осы кезден бастап қана бала толыққанды адам болып есептеледі. Балалардың әрқайсысының бір жасқа толуын міндетті түрде атап өту керек, егер атап өтілмесе, онда ержеткенде баланың үйлену тойын, мерейтойын және т. б. тойларын атап өтуге болмайды. Сондықтан да ата-аналар балаларының бір жасын атап өтуге тырысады. Наным-сенімдері Корейліктердің ежелгі наным-сенімдерінің бірі Алтай мен Сібірден неолит кезеңінде келушілер алып келген шаманизм. Шаманизмнің біраз өзгерген түрі бүгінгі күнге дейін сақталып қалған. Қазіргі Кореяда бірнеше ондаған мың мудан-шамандар бар.