
Консерватизм.pptx
- Количество слайдов: 11
Консерватизм Қабылдаған: Орындаған: Факультет: Топ:
Жоспар 1. 2. 3. 4. 5. 6. Консерватизмнің дамуы Консерватизм түрлері Жаңа консерватизм Психологиясы Дереккөздер
Консерватизм • Консерватизм (фр. соnservatisme, лат. conservo сақтаймын, қорғаймын) - саяси және әлеуметтік философиялық ұстаным ретінде дәстүрлі әлеуметтік институттардың сақталуын қолдайды. Бағдарлардың, ұстанымдардың, қоғамның мемлекеттік-саяси жүйелерінің өміріне қатысты, ондағы адамның орнын анықтауға байланысты құндылықтардың әлеуметтік-философиялық және идеологиялық тұжырымдар жиынтығы. Консерватизм ұғымын алғаш рет саяси мағынада Франсуа Рене де Шатобриан пайдаланған. Консерватизм жақтастарының қоғамда орнығып қалған дәстүрлер мен құндылықтарды сақтап, түбегейлі өзгерістерден бас тартатындығымен ерекшеленеді. Доктрина және идеология ретінде консерватизм өздерін консервативті деп атайтын партиялардың іс-әрекеттерінің бағыттарымен сәйкес келе бермейді.
Консерватизмнің дамуы • Консервативті ойлау әдетге әлеуметтік және саяси тұрақсыздыққа жауап болыл табылады. Оның алғышарты ежелгі дүниеден бастау алады. Консерватизм идеологиясы француз ағартушылығы мен 1789 жылғы Француз төңкерісінің идеялық ұстанымдарына жауап ретінде пай¬да болды. Консерватизм стерильді идеология емес, өйткені оның құрамында басқа доктриналардың элементтері бар. Консервативті идеологияның негізін қалаушы принциптер дәстүрлік, саяси реализм және скептицизм, абстрактылы теорияларды сынау, прагматизм және жағдайға ыңғайлану (оппортунизм). 1940 -1960 жылы неоконсерватизм ағымы нығайды. Неоконсерватизмнің көрнекті өкілдері М. Новак, Г. Розмозер, Г. К. Кальтенбруннер және т. б. Оның жақтастары - АҚШ-та Рональд Рейган және Джорж Буш, Ұлыбританияда Маргарет Тэтчер, Германияда Ф. И. Штраус, Гелмут Коль, JI. Шпет. Эдмунд Берк (1729– 1797)
• Жаңа консерваторлар 1980 -ші жылдары жетекші Батыс елдерінде елеулі экономикалық дамуға қол жеткізді. Неоконсерваторлар заңның орындалуын және азаматтар құқының қорғалуын қатаң қадағалайтын күшті мем¬лекет үшін, әлеуметтік теңсіздік қағидатынан еркіндік принципінің үстем тұруы үшін, табиғи әлеуметтік иерар¬хия арқылы және әркімнің қоғам алдын- дағы, өзінің алдындағы өз міндетін саналы түрде орындауынан орнығатын қоғамдық тәртіп үшін күреседі. Неоконсерватизмнің қазіргі түрлері жаһанданудың шынайы саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени процестерін ұлттық идеологиялар түрінде көрсетеді. Жаһандану үрдістеріне байланысты өзгерістерге консервативті реакция әртүрлі болуы мүмкін. Ол қазіргі қоғам үлгілерін барлық халықтар мен уақытқа әділетті деп қарайтын көзқарасқа сүйенетін ашық оппозиция. Дәс¬түрлі қоғамдық құрылымды қалпына келтіруге шақыру. Консерваторлардың "европеизация", "атлантизация", "евроазиатизация" және басқаларды қатаң сынға алуы осыған байланысты. Консерватизм ұлтшылдыққа да қатысты. Неоконсерватизмнің көптеген өкілдерінің пікірінше, өркениетгі елдер идеологиясы неоконсерватизм болатын "постлиберализм дәуіріне" өтті.
Консерватизм түрлері
Жаңа консерватизм
Психологиясы • Тарихи қалыптасқан саяси және қоғамдық өмірді өзгеріссіз сақтауға тырысқан әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі; • Кейбір саяси партиялардың ұстанған бағдарламалық бағыты. Консерватизм саяси идеология ретінде жаңа дәуірде пайда болды. Консерватизмнің алғашқы "идеологы" ағылшынның саяси қайраткері, философы және публицисі Эдмунд Берк (1729 — 1797) болды. "Консерватизм" терминін 1818 жылдан "Консерватор" журналын шығарып тұрған француз жазушысы Ф. Р. де Шатобриан (1768 — 1848) алғаш рет қолданған. Консерватизм идеология түрі немесе постиндустриалды қоғамның қазіргі кездегі тұжырымдамасы ретінде үш түрлі мағынада қолданылады: • дәстүршілдік.
• Ол нарықтық экономикаға тән әлеуметтік құрылымдар мен моральдық дәстүрлердің сақталуына негізделеді. Көрнекті өкілдері: Э. Берк, Ж. де Местр, JI. де Бональд Дәстүршілдік XX ғасырдың 70 — 80 жылдары АҚШ-тағы "жаңа оңшылдардың" қозғалысында көрініс тапты; • либертшілдік (неміс философы Алиберттің ілімін қолдаушылар). Олар индивидтің бостандығын шектемеуді уағыздады; • жаңа консерватизм Олар адамның саяси-әлеуметтік белсенділігін арттыру, әлеуметтік қарым-қатынастарды демократияландыру идеяларын ұстанады. Қазіргі заманғы консерваторлық күштер мен ағымдар бірқалыпты консерваторлык ойлаудан бас тартып, өз идеологиясы мен практикалық саясатын бұқара халықтың мүдделері мен қажеттіліктеріне жақындастыруға үміттенуде. Саяси консерватизм — қоғамның қалыптасқан саяси іс-әрекетінің тенденциясына айналды. Саяси консерватизмді жақтаушылар өздері өмір сүріп отырған экономикалық, әлеуметтік және саяси құрылысты сақтап тұруға мүдделі, әрі оның тұрақтылығына кепіл бола алатын сипаты мен ерекшеліктерін көрсетеді. [1]
Дереккөздер • Биекенов К. , Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965 -82210 -7 • 1. Жамбылов Д. Саясаттану. А. , 2003 • 2. Қуандық Е. Саясаттану. А. , 2001 • 3. Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А. , 2005 • 4. Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002 • 5. Рахметов Қ. Саясаттану. А. , 2005 • 6. Абдильдина Х. С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007 • 7. Антропология мировой политической мысли, в 5 -и томах
Консерватизм.pptx