
генетика.pptx
- Количество слайдов: 24
КОМПЛЕМЕНТАРЛЫ ЭПИСТАЗ ПОЛИМЕРИЯСЫНА ТҮСІНІК Орындаған : Рахметова Айкөз Группа: 13 -1 -22
Мазмұны Аллельді емес гендердің әрекеттесу түрлері Комплементарлық Эпистаз. Оның түрлері. Полимерия. Кумулятивті және кумулятивті емес полимерия. 5. Плейостропия. 1. 2. 3. 4.
Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің түрлері - Комплементарлық Эпистаз Полимерия Плейстропия
Комплементарлық Комплементарлық- екі не бірнеше аллельді емес доминантты гендердің бірін-бірі толықтырып, бір белгіні жарыққа шығару. Мысалы, көгілдір қауырсынды тотықұсты сары қауырсынды тотықұспен будандастырса, бірінші ұрпақтың (Ғ 1 -дің) будандары біркелкі жасыл қауырсынды болып шығады. Оларды өзара будандастырғанда екінші ұрпақта — Ғ 2 -де төрт түрлі фенотип көрініс береді. Атап айтқанда, 9 жасыл түсті, 3 көгілдір, 3 сары және 1 ақ қауырсынды ұрпақтар алынады. Ғ 2 ұрпақ дарақтарының генотипіне назар аударсақ, бұл будандастыруға екі жұп аллельді емес гендердің қатысатындығын байқауға болады. А гені — қауырсынның көгілдір түсін, ал В гені сары түсті болуын анықтаса, олардың рецессивті а және b аллельдері қауырсынның ақ түсті болуын анықтайды.
Эпистаз - бір геннің әсерін екінші геннің толық басып тежеуін, оның көрінуіне мүмкіндік бермеуін атайды Басқа гендердің әсерін басып тастайтын гендерді супрессор, немесе ингибитор деп атайды. Ондай гендер тірі организмдердің бәрінде де кездеседі. Белгінің көрінуіне мүмкіндік бермейтін гендер – эпистаздық гендер деп, ал әсері басталып тасталынатын гендер гипостаздық гендер деп атайды.
Эпистаз 2 -ге бөлінеді Рецессивті Доминантты
Рецессивті эпистаз деп егер бір геннің рецессивті аллельлі гомозиготалы күйінде екінші генннің доминантты геннің немесе рецессивті аллельінің көрінуіне мүмкіндік бермеген гендердің әрекеттесуі. Гендердің өзара комплементарлы әрекеттеуінің мысалы ретінде келтірілген 9: 3: 4 ажырауын рецессивті эпистаз ретінде де қарастыруға болады. Ол мысалда тышқандардың сұр, қара және ақ түстерінің қалайша тұқым қуалайтындығы айтылған. Мұнда бір геннің рецессивті аллельі гомозиготалы күйінде екінші доминантты генннің көрінуіне және осы геннің рецессивті гомозиготасының көрінуіңне мүмкіндік бермейді, яғни эпистаздық жасайды. Бұл мысалда, генотиптері сс. АА және ссаа тышқандардың ақ түсті болатын себебі с гені гомозиготалы күйінде пигмент түзілуін тежейді. Сөйтіп А генінің көрінуіне мүмкіндік бермейді
Доминантты эпистаз деп доминантты бір геннің қызметін оған аллельді емес басқа бір доминатты геннің басып тежеуін айтады. Тауық қауырсындарының түсінің кейбір тұқым қуалаулары доминанттық эпистазға жақсы мысал бола алады. Тауықтардың әр түрлі тұқымдарында қауырсындарының ақ болуын біренеше ген анықтайды. Мысалы, доминантты ақ түсті ССУУ гендері ал рецессивті ақ түсті ссуу гендері анықтайды. Сонда С гені пигменттің болуын яғни қауырсынның боялуын, ол оның с аллельі пигменттің болмайтын, соған сәйкес қауырсынның боялуын анықтайды. У гені С генінің әсерін тежегіш болып есептеледі де, у аллелі оны тежей алмайды. Құстардың генотипінде У генінің тіпті бір ғана дозасы болғанның өзінде де бояуды анықтайтын гендердің әсері байқалмайды
Полимерия Егер гендердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде бір белгінің көрінуіне екі, үш немесе одан да көп гендердің әсері болса, ондай құбылысты полимерия деп атайды. Мұндай гендерді полимерлік гендер дейді. Оларды бірдей әріптермен белгілейді, бірақ индексі өзгеше болады. Мысалы, А 1 А 2 немесе a 1 а 2, A 1 А 2 А 3 А 3 немесе a 1 а 2 а 3. Полимерлі гендер өсімдіктер мен жануарлардың бағалы, сапалы белгілері мен қасиеттерін бақылайды. Мысалы, өсімдік бойының биіктігі, пісу мерзімі, дәнінің орташа салмағы, майлылығы, қанттылығы, нәруыз мөлшері, т. б.
Полимерия құбылысын алғаш рет 1908 жылы швед ғалымы Нельсон-Эле бидай дәні түсінің тұқым қуалауын зерттегенде ашқан. Ол түсі қою қызыл бидай дәні мен ақ түсті бидай дәнін будандастырғанда, бірінші ұрпақта өсімдіктер дәнінің түсі аралық ашық қызыл болған. Ал екінші ұрпақта 64 өсімдіктің ішінде бір ғана ақ түсті дәнді өсімдік, қалған дәндердің түсі қою қызылдан, ақшыл қызылға дейін болған. Сонымен белгілердің ажырауы 63 : 1 сан қатынасында жүрген.
Полимерлік гендер қызметіне қарай 2 -ге бөлінеді Кумулятивті полимерия кезінде белгінің даму дәрежесі генотиптегі полиме риялық гендердің доминанттық аллельдерінің санына тікелей тәуелді болады. Кумулятивті полимерияда екінші ұрпақта белгілердің өзгеру қатары үзіліссіз жүреді. . Кумулятивті емес полимерия кезінде белгінің дамуы генотиптегі полимериялық гендердің доминантты аллеліне байланысты. Бұл жағдайда белгілердің фенотиптік көрінуіне полимерлік гендердің бір ғана доминантты аллелі жеткілікті болады. Мұнда белгілердің екінші ұрпақта ажырауы 15: 1; 63: 1 қатынасында және полимерлік гендердің жұп санына байланысты болады.
Кумулятивті полимерия
Бұл құбылысқа мысал ретінде жүгері собығының ұзындығының өзгеруі мен бидай дәнінің түсінің өзгеруін және адам терісінің түсін алуға болады Мысалы, адам терісінің түсін аллельді емес екі доминантты ген А 1 және А 2 анықтайды. Терісінің түсі қою қара адамдардың (негроидтер) генотипі А 1 А 1 А 2 А 2 болса, ақ адамдардың генотипі а 1 а 1 а 2 а 2 болып келеді. Ал генотиптері А 1 А 1 А 2 a 2; А 1 a 1 А 2 a 2; А 1 a 1 a 2 a 2 адамдардың терісінің түсі қарадан — ақшылға дейін болады.
Кумулятивті емес полимерия
Мысалы, аяғы балақсыз тауық пен аяғы балақты қоразды будандастырғанда, бірінші ұрпақтағы шөжелердің барлығының аяғы балақты болады. Енді бірінші ұрпақ шөжелерін өзара будандастырғанда, екінші ұрпқкта (F 2) белгілер ажырап, фенотип бойынша 15/16 шөже балақты, 1/16 шөже аяғы балақсыз болып туады.
Белгілердаң полимерлік тұқым қуалау жағдайында, екінші ұрпақта пайда болған организмдер, белгілері жағынан ата-аналық түрлерімен салыстырғанда не басым, не әлсіз болуы мүмкін. Мұндай құбылысты трансгрессия деп атайды
Плейстропия Гендердің көп жақты әсері деп бір геннің бір белгінің дамуына ғана емес, бір мезгілде бірнеше белгінің фенотиптік көрінуіне әсерін айтады. Бұл құбылысты Мендельдің тәжірибелерінен байқауға болады. Мысалы, бұршақ өсімдігінде А гені үш белгінің дамуын бақылайды: тұқымның қабығының қара түсін, гүлінің қара қошқыл түсін және сабағының қызыл түсін.
Плейстропия
Қорытынды Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы мен дамуында тұқымқуалаушылық шешуші рөл атқарады. Өйткені эволюция барысында қалыптасқан тіршілікке қажетті жаңа белгілермен басқа да өзгерістер осы тұқымқуалаушылыққа байланысты ұрпақтан ұрпаққа беріліп, бекітіліп отырады. Тұқымқуалаушылықтың негізінде органдардың алуан түрлі топтары қалыптасты, дербес және біртұтас жүйелер (популяциялар, түрлер) құрылып, олардың тіршілік етуіне және қоршаған орта жағдайларына сай бейімділіктің сақталуына мүмкіндік туды. Сондықтан да тұқымқуалаушылық эвол. әрекеттің негізгі қозғаушы күшінің бірі болып табылады. Табиғатта тұқымқуалаушылық өзгергіштікпен қатар жүреді. Ауыл шаруашылығы мен медицина үшін тұқымқуалаушылықтың заңдылықтарын зерттеп білудің маңызы зор.
Назрларыңызға рахмет!!!