компенсация.ppt
- Количество слайдов: 49
Компенсациялық-бейімделу процестері Дукенбаева Б. А. Патологиялық анатомия кафедрасы
Бейімделу реакциялары –организмнің қоршаған ортаға бейімделуіне және биологиялық түрін сақтауға бағыттылған фило және онтогенез барысында қалыптасқан реакциялар. Бейімделу – бұл сыртқы ортаның өзгеріп тұратын жағдайларына организмнің адаптациясы. Компенсация реакциялары – әртүрлі зақымдаушы факторлар әсер еткен жағдайда жойылған функцияларды қалпына келтіруге бағыттылған реакциялар. Компенсациялық-бейімделу үдерістері – жойылған функциялардың орнын толтыруға арналған морфологиялық-функциялық өзгерістер.
Бейімделу (адаптацияның) түрлері: 1) атрофия; 2) гипертрофия (гиперплазия); 3) организация; 4) тіндердің қайта құрылуы; 5) метаплазия; 6) дисплазия.
Атрофия (а — жойылу; грек. trophe — қоректендіру) — жасушалар, тіндер, ағзалар көлемінің тіршілік кезінде кішіреюі және олардың функциясының нашарлауы (жойылуы). Физиологиялық атрофия. Патологиялық атрофия — қайтымды процесс: Жалпы (кахексия) Жергілікті
Жергілікті атрофияның түрлері: 1) дисфункциялық 2) қанайналымның жеткіліксіздігінен болған атрофия (ишемиялық) 3) қысымнан болған атрофия 4) физикалық және химиялық факторлардан болған атрофия 5) нейротрофикалық атрофия
ЖҮРЕКТІҢ ҚОҢЫР АТРОФИЯСЫ
БҮРІСКЕН БҮЙРЕК (АТЕРОСКЛЕРОЗДЫҚ ИШЕМИЯЛЫҚ АТРОФИЯ)
БҮРІСКЕН БҮЙРЕК (ГИПЕРТОНИЯ АУРУЫ)
БҮРІСКЕН БҮЙРЕК
ГИДРОЦЕФАЛИЯ (ҚЫСЫМНАН БОЛҒАН АТРОФИЯ)
Қалыпты жағдайдағы басми және гидроцефалия
ГИДРОНЕФРОЗ
Гидронефроз
БҰЛШЫҚЕТТІҢ НЕЙРОТРОФИКАЛЫҚ АТРОФИЯСЫ
НЕЙРОТРОФИКАЛЫҚ АТРОФИЯ
РАДИАЦИЯНЫҢ ӘСЕРІНЕН БОЛҒАН АТРОФИЯ
Гипертрофия (грек. hyper — шамадан тыс, trophe — қоректендіру) — жасушалар санының көбеюінен немесе олардың көлемінің артуынан жасушалар, тіндер немесе ағзалар көлемінің үлкеюі. Гиперплазия – жасушалардың, жасушаішілік құрылымдардың, строма компоненттері мен тамырлар санының өсуі. Гипертрофия қайтымды процесс.
Адаптациялық гипертрофияның түрлері: 1) Нейрогуморалды гипертрофия (гиперплазия) Мысалы: акромегалия, эндометрийдің безді гиперплазиясы. 2) Гипертрофиялық өсулер. Мысалы: полиптер, вакатты гипертрофия.
ЭНДОМЕТРИЙ ГИПЕРПЛАЗИЯСЫ
ЭНДОМЕТРИЙ ГИПЕРПЛАЗИЯСЫ
ҚУЫҚАСТЫ БЕЗДІҢ ГИПЕРПЛАЗИЯСЫ
ҚУЫҚАСТЫ БЕЗДІҢ ГИПЕРПЛАЗИЯСЫ
Организация дегеніміз – некроз аймақтырында, тромбтар орнында дәнекер тіннің өсуі және сол аймақтардың инкапсуляциясы (шектелуі).
КАРДИОСКЛЕРОЗ.
КАРДИОСКЛЕРОЗ
ИНКАПСУЛЯЦИЯ
ТРОМБТЫҢ ОРГАНИЗАЦИЯСЫ
Тіндердің қайта құрылуы гиперплазия, регенерация арқылы қалыптасады. Мысалы - коллатеральді қанайналым, сүйектердің қайта құрылуы.
Метаплазия (грек. metaplasso— айналдыру, ауыстыру)—тіннің бір түрінін екініші (тектес) түріне ауысуы. Жиі эпителийде кездеседі. Метаплазия неоплазия алды болып саналады.
БРОНХ ЭПИТЕЛИІНІҢ МЕТАПЛАЗИЯСЫ
БРОНХ ЭПИТЕЛИЙІНІҢ МЕТАПЛАЗИЯСЫ
ӨҢЕШ ЭПИТЕЛИІНІҢ МЕТАПЛАЗИЯСЫ
ӨКПЕ ТІНІНДЕГІ МЕТАПЛАЗИЯ
Дисплазия - эпителийдің пролиферациясы мен жетіліпжіктелуінің бұзылуынан жасушалық атипияның дамуы. Дисплазия жеке жасушаларда емес, тіндерде дамиды. Дисплазия жеңіл, орташа, ауыр дәрежелі болуы мүмкін. Дисплазия неоплазия алды болып саналады.
ДИСПЛАЗИЯ
ДИСПЛАЗИЯ
Компенсация бейімделудің негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Патогенездік фазалары: 1) тұрақталу 2) бекітілу (клиникалық – компенсация кезеңі) 3) зорығу (декомпенсация кезеңі). Компенсацияның негізгі белгісі– компенсациялық гипертрофия. Компенсациялық гипертрофияның түрлері: - Қызметтік (миокард гипертрофиясы) - Викарлы (жұп ағзаларда)
МИОКАРД ГИПЕРТРОФИЯСЫ
ЖҮРЕК ГИПЕРТРОФИЯСЫ .
МИОКАРД ГИПЕРТРОФИЯСЫ
МИОКАРД ГИПЕРТРОФИЯСЫ
МИОКАРД ГИПЕРТРОФИЯСЫ
ВИКАРЛЫ ГИПЕРТРОФИЯ
Регенерация – физиологиялық түрде немесе патологиялық әсерлерден зақымданған немесе өлген тіндердің, жасушалардың, жасушаішілік құрылымдардың қалпына келуі. Түрлері: физиологиялық патологиялық (гипорегенерация, гиперрегенерация) репаративті (реституция, субституция).
Регенерация әр түрлі ағзаларда бірдей болмайды: - жаңадан қалыптасқан жасушалар арқылы дамитын регенерация (тері, шырышты қабаттар, қан және лимфа жасау тіндері, сүйек) - жаңадан жасушалардың пайда болуы және жасушаішілік құрылымдардың қалпына келуі арқылы дамитын регенерация (бауыр, бүйрек және т. б. ) - тек қана жасушаішілік құрылымдардың қалпына келуі арқылы дамитын регенерация (басми, жүрек)
ГРАНУЛЯЦИЯЛЫҚ ТІН
компенсация.ppt