пед шеб лек.pptx
- Количество слайдов: 16
Коммуникативті әсер ету педагогикалық қарым-қатынас түрі Орындағандар: Әділбай А. С. Құттыбек А. М Усенбаева Д. Д Тасболат Г. Т.
Жоспар: I. Кіріспе II. Негізгі бөлім q «Коммуникация» ұғымы жайлы түсінік. q Коммуникативті әсер ету дегеніміз не? q Педагогикалық қарым-қатынас q Педагогикалық әсер ету тәсілдері III. Қорытынды
Коммуникация туралы сөз болғанда ең алдымен адамдардың өзара әрекеті барысында болатын көзқарас, пікір, қызығу, көңіл-күй, сезім, бағдар алмасу деп түсінеміз. Бұлардың бәрін ақпарат деп қарастырсақ, онда коммуникация процесін информация алмасу процесі деп қарастыруға болады
Коммуникация екі құрылымның арасындағы «информацияның қозғалысы» емес, ол екі индивидтің өзара қарым-қатынасы, олардың әрқайсысы белсенді субъект, яғни коммуникативтік әрекетке қатысушылардың әрқайсысы өзінің партнерінің белсенділігін болжап отырады. Келесі қатысушы да субъект ретінде қатысады. Осыдан келіп оған информация берерде оның мотивтеріне, мақсатына, бағыт-бағдарына сүйенеді. Бірақ берілген информацияға жауап келесі партнердан шыққан жаңа информация түрінде алынатынын болжау керек. Сондықтан коммуникативтік әрекет барысында қарапайым «информация қозғалысы» ғана емес белсенді алмасу процесі болады.
Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар: 1. Информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру. 2. Интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiнезқұлқына әсер ету. 3. Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру. 4. Экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.
Коммуникация процесi жүзеге асу үшiн мынадай 4 элемент керек. 1. хабар берушi 2. мәлiмет 3. арнайы ақпарат беру құралы 4. ақпарат алушы
Информация алмасу барысында партнердің мінез-құлқына әсер етуі тиіс, яғни коммуникация қатысушылардың көңіл-
Педагогикалық қарым-қатынас «. . . оқушылардың мотивациясының дамуы мен оқу-іс-әрекетінің шығармашылық сипаты үшін, мектеп оқушысы тұлғасының дұрыс қалыптасуы үшін ең жақсы жағдай жасайтын, оқытудың эмоционалдық қолайлы климатын (жеке жағдайда, «психологиялық кедергінің» пайда болуына кедергі жасайды) қамтамасыз ететін мұғалімнің оқыту процесіндегі оқушылармен қарым-қатынасы» ретінде анықталады.
Педагогикалық қарым – қатынаста оқыту функциясы жетекші болғанымен, ол басты функция емес, бұл мұғалім мен оқушылардың, оқушылардың бір-бірімен жан –жақты әрекеттесуінің табиғи бөлігі. Педагогикалық қарым – қатынастың «Адам-Адам» типіне суреттелген адамдардың өзара әрекеттесу өзгешілігінің бейнеленуі; Қарым –қатынасты жеңілдету және фасилитация функциялары (К. Роджерс). Мұғалім қарым – қатынас фасилитаторы, демек мұғалімнің оқушыға өзін және өз бойындағы жағымды (жақсы) қасиеттерін қөрсетуге көмектесуі
Қарым – қатынас стилі адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесу тәсілдері мен құралдарының тұрақты формасы. Оқытушының қарым – қатынас стилі Оқушылардың ойлау процесіне зейін аударып, қалт еткен ойдың туындауы дереу қолдауды қажет етеді, кейде ойды байқадым деген белгінің өзі де жеткілікті; q Эмпатияның болуы – өзін оқушының орнына қоя білу ептілігі – оның іс-әрекеті мақсаттарын, түрткілерін және оның өзін түсіну, бұл белгілі бір дәрежеде оқушы іс-әрекетін болжауға, алдын ала басқаруға мүмкіндік береді; q Жақсылық тілеуші, оқушы жетістігіне әріптестің қызығушылығы позициясы; q Рефлексия – педагогикалық өз іс – әрекетін қатаң түрде үздіксіз талдау және оқу процесіне неғұрлым мол және жылдам түзетулер енгізу.
Педагогикалық қарым-қатынас кезеңдері: оқытушының модельдеуіболашақ қызметін бейнелеу сыныппен қарым-қатынасты ұйымдастыру педагогикалық процестегі қарымқатынасты басқару қарым-қатынас жүйесін, модельдеу жүйесін талдау
Педагогикалық қарым-қатынас бірліктері Педагогикалық қарым-қатынасты талдауда қарым-қатынастың педагогикалық және өзіндік коммуникативтік бірліктері түсініктерінің жігін айырып алған жөн. Педагогикалық міндет үйренушілердің белгілі бір оқу материалын игеруімен байланысты (мысалы, осы материалды түсіндіруді, оның түсініктемесін, жүйелілігін, әрекеттің жалпыланған тәсілдерін өндіруді ұйымдастыру және т. б. ), ал коммуникативтік міндет – үйренушілерге әсер етудің қандай тәсілдерімен, оны қалай тиімдірек іске асыруға болады деген сұраққа жауап. Осы жерде педагогикалық қарым-қатынастың түрлі жағдайларында белгілі бір коммуникативтік міндетті жүзеге асырушы тілдік әрекеттер жайлы сұрақ туындайды, оған педагогикалық ситуация мен коммуникативтік акт сипаты жатады.
Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз жеке тұлғанын қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық құралға: Жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы v табиғи v әлеуметтік v материалдық v рухани Әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері қарымқатынас таным ойын еңбек
Оқу әдістері оқыту процесінің негізі болып табылады (мұғалімнің баяндамасы, оқулықпен жұмыс, әр түрлі әңгіме-сұқбаттар, жаттығулар), бірақ олармен қоса мадақтау, көңіл-күй жағдайларын тудыру, сендіру, талап қою және ұялту сияқты ынталандыру әдістері де қолданылады. Сабақ — педагогикалық қарымқатынасты ұйымдастырудың басты формасы. Соңғы жылдардағы педагогикалық технологиялардың дамуы оқыту формаларын айтарлықтай байытуда: конференциялар, ғылыми айтыстар, оқуға байланысты кездесулер, пікірталастар көңінен қолданылуда.
Қорытындылай келе, педагогикалық қарым-қатынас мұғалім мен оқушылардың оқудағы өзара әрекеттесу, ынтымақтастық формасы. Педагогикалық қарым-қатынас вербалды, бейнелі, символдық және кинетикалық құралдардың бүкіл жиынтығын пайдалана отырып, бір мезгілде коммуникативтік, перцептивтік және интерактивті функцияларды жүзеге асырады. Педагогикалық қарымқатынас тиімділігі коммуникативті әсер етуге байланысты жүзеге асады. «Әлемнің кең алқабында коммуникация алып аспан денелерін бір-бірімен байланыстырады деген жорамал бар және Лермонтовтың «жұлдызбен тілдеседі» деген метафорасы осылайша жаңа күтпеген мағынаға ие болады»
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
пед шеб лек.pptx