клостридиялар 7.11.pptx
- Количество слайдов: 35
КЛОСТРИДИЯЛАР
Мақсат: клостридияларға жалпы сипаттама беру Жоспар: • 1. Таксономия • 2. Морфология • 3. Дақылды өсіру • 4. Патогенді факторлары • 5. Антигендік құрылымы • 6. Микробиологиялық диагностикасы • 7. Емдеу • 8. Профилактика
Таксономиясы • Тұқымдастығы: Bacillaceae • Туыстастығы: Clostridium • Түрі: C. perfringens, C. novyi, C. septicum, C. histoliticum, C. sordellii және т. б.
Clostridium Associated Human Disease
Псевдомембраналық колит (Бунова С. С. и др. )
http: //www. emdocs. net/d-list-superbugs-clostridium
Dhara P. Amin (EM Resident Physician, Keck School of Medicine/Department of Emergency Medicine, LAC+USC Medical Center)
А -- C. tetani ("барабанные палочки). Б -- C. perfringens (C. welchii). B -- C. botulinum ("теннисные ракетки").
Дақылдандыру • Clostridium perfringens сұйық және тығыз қоректік орталарда анаэробты жағдайда өседі. • Clostridium tetani бос оттегіге өте сезімтал, еттіпептонды агарда және желатинде баяу өседі. Тығыз қоректік орталарда мөлдір немесе сәл сұрлау ұзынша беткейлік колониялар құрайды. • C. botulinum – қатаң анаэроб. Өсу үшін қолайлы температура 28 -370 С, ортаның р. Н 7, 2– 7, 4 болуы қажет. Қанды агарда майда мөлдір, гемолизбен қоршалған колониялар түзеді.
Ферменттік белсенділігі • сахаролиттік белсенділігі глюкозаны, лактозаны, мальтозаны ферменттеп, қышқыл мен газға дейін ыдыратуымен байқалады, • протеолиттік белсенділігі желатинді гидролиздеуімен, сүтті ұйытып газ бөлуімен байқалады, • лецитеназалық, • гемолитикалық • тышқандарға леталдылық белгілерімен айқындалады. 15
Антигендік қасиеті • C. perfringens түрі 6 сероварларға бөлінеді: А, В, С, Д, Е, Ғ. • Н-антигені бойынша C. tetani 10 серологиялық варианттарға бөлінеді. О-антиген барлық типтерге жалпы ортақ болып келеді. • C. вotulinum–нің экзотоксин түзуі. Экзотоксиннің антигендік спецификалылығы бойынша ботулизм қоздырғышының 8 серологиялық варианттарын ажыратады. Ең көп таралған сероварлары: А, В, Е.
Патогенділік факторлары • C. perfringens-тің 5 типінің ішінде ең жиі газды гангрена қоздыратыны А типі болып табылады. • Патогенезінде негізгі патогендік үрдісті дамытатын α-токсин (С фосфолипаза) болып табылады, оны қоздырғыштар өндіріп шығарады. • Сонымен қатар C. perfringens ОЖЖ-не әсер ететін экзотоксин түзеді (мембранотоксиндер, цитотоксиндер, некротоксиндер, энтеротоксиндер), дәнекер тінді, сондай-ақ эритроциттерді ыдырататын гемолизиндік агрессия ферменттерін (коллагеназа, гиалуронидаза, ДНҚаза) бөледі.
Патогенділік факторлары • C. tetani • Тетаноспазмин, жүйке тіндерін зақымдайды (функциональдық бекітуші). • Тетанолизин, эритроциттерді ерітеді, кардиотоксикалық қабілетке ие (мембранотоксин). • Токсиннің таралу жолдары: гематогендік, нейрогендік.
Патогенділік факторлары • Cl. botulinum патогенділік факторы нейротоксиндік және гемаглютинациялаушы әсер ететін термостабильді экзотоксин.
Mechanism of Action of Botulinum Toxin
Mechanism of Action of Tetanus Toxin
Резистенттілігі • Клостридиялардың вегетативті түрлері оттегіге, қышқылға, күн сәулесіне, қышқылдың жоғары температурасына, дезинфекциялық ерітінділерге сезімтал болып келеді. • Споралары жоғары температураға, қышқылдарға, және басқа физикалық, химиялық факторларға тұрақты.
Резистенттілігі • Сіреспелік таяқша дезинфектанттарға тұрақты. Қайнатқан кезде споралар 50 -60 минуттан кейін жойылады. • C. botulinum ұзақ уақыт топырақта сақталады, оның споралары физикалық және химиялық әсерлерге төзімді (қайнатқанда 3– 5 сағат шыдайды).
Эпидемиологиясы • Адам мен жануарлар ішегінің қалыпты мекендеушісі бола отырып, нәжіспен топыраққа түседі, онда спора түрінде ұзақ жылдар бойы сақталады. Топырақтарда кейбір клостридиялар көбейе де алады. • Кең таралуына байланысты газды гангрена қоздырғыштарын жұқтыру өте жиі кездеседі, әсіресе жаппай жарақаттар алғанда (соғыс, апаттар кезінде), жараға уақытында хирургиялық өңдеу жүргізбегенде жұғу мүмкіндігі жоғары.
Патогенезінің ерекшеліктеріне • Өсу потенциалының жоғары болуының арқасында C. perfringens тіндер мен ағзаларға тез арада таралып, гистотоксикалық және ферменттік – белсенді заттардың арқасында ісіктік-некротикалық реакция береді. • Сіреспенің жұғу көзі – топырақ, шаң, жұғу механизмі – жарақаттық, артифициалдық. • Ботулизм патогенезінің ерекшеліктері: • Инкубациялық кезеңі өте қысқа (сағаттар) астан улану. • Қарқынды дамитын жалпы улану құбылысы. • Бульбарлы жүйке орталықтарының зақымдалуы. • Сал болудың дамуы.
Клиникалық көріністері • Газды гангрена. Жасырын кезеңі қысқа – 1 -3 күн, клиникалық көрінісі әрқилы және ісікке, жарақатта газдың түзілуіне, іріңнің пайда болуына, интоксикацияға байланысты. Басқа микрофлора өкілдерінің (стафилококтар, протей, ішек таяқшасы, бактероидтар) • Сіреспе. Жасырын кезеңі - 6 -14 күн. • Ботулизм. Инкубациялық кезеңі 6– 24 сағаттан 2– 6 тәулікке дейін созылуы мүмкін.
Иммунитеті • Газды гангрена. Антитоксикалық, кернеулі, тұрақты емес. Ауырғаннан кейін жеткілікті иммунитет қалыптаспайды. • Сіреспе. Кернеулі, ұзақ уақытқа созылады (вакцина егумен байланысты). • Ботулизм. Инфекциядан соң иммунитет қалыптаспайды.
Микробиологиялық диагноз қою • Экспресс-талдау1, 5 -2 сағаттан кейін негізгі қоздырғышты болжамдық түрде жобалауға мүмкіндік береді. Экспресс-талдау жарықтық микроскопта зерттеу мен ИФР-ден тұрады. Науқастың төсегінің жанында алынған жағындыларды Грам және Гинс бойынша бояйды (капсуласын анықтау үшін), тірі препараттардан «ілінген тамшы» жасап қоздырғыштың қозғалғыштығын анықтайды, жасалынған ісәрекеттер микроб морфологиясын анықтауды тездетеді. • Жеделдетілген талдау -жасалумерзімі бойынша 18 -24 сағаттан аспауы керек, экспресс талдаумен қатар жүргізіледі, ол - қысқа мерзімде байыту және селективті орталарда зерттеу затын дақылдандырып, ары қарай қоздырғыш токсинін анықтау арқылы жүргізіледі. • Бактериологиялық әдіс. Таза дақылдарын бөліп алу мақсатында осы орталарда өсіп шыққан колонпиялардан тығыз орталарға қайта себу жасайды: қантты-қанды агар, Вильсон-Блэр, Вильсон-Хоббс және биік бағаналы агарларға себеді. • Дақылдың идентификациясын ары қарай клостридиялардың биохимиялық және токсигендік сипаттамаларын анықтау арқылы жүргізеді. Қоздырғыштың түрін ажыратып, идентифифкациялау үшін 72 сағат кетеді.
Micro & Macroscopic C. perfringens NOTE: Large rectangular positive bacilli gram- NOTE: Double zone of hemolysis Inner beta-hemolysis = θ toxin Outer alpha-hemolysis = α toxin
C. perfringens Nagler Reaction NOTE: Lecithinase (α-toxin; phospholipase) hydrolyzes phospholipids in egg-yolk agar around streak on right. Antibody against α-toxin inhibits activity around left streak.
Емдеуі • Газды гангрена. Хирургиялық: жарақат айналасындағы зақымданған барлық тіндерді алып тастау. Операциядан кейін кең спектрлі антибиотиктерді, гангренаға қарсы антитоксикалық сарысуды тағайындайды. Сіреспеге қарсы антитоксикалық сарысу немесе сіреспеге қарсы адам иммундыглобулині қолданылады. • Ботулизмнің арнайы емі: А, В, Е токсиндеріне әсер ететін ботулинге қарсы сарысулар немесе гомологиялы иммундыглобулин.
Алдын алуы • Газды гангренаның жедел алдын алу және арнайы емдеуі үшін қолданылатнын препараттар: гангренаға қарсы поливалентті антитоксикалық сарысулар. • Сіреспеге қарсы белсенді иммунитет жасауға қоданылатын препарат – сіреспелік анатоксин. • Ботулизмнің арнайы белсенді алдын алу үшін қоданылатын препараттар: Трианатоксин. Құрамында А, В, Е, ботулиндік анатоксиндері бар және Тетраанатоксин.
Қолданылған әдебиеттер: • Стейнер Р. Мир микробов. – Москва, Мир, Т 1 - Т 3, 1979. • Современная микробиология. Под ред. Й. Ленглера, Г. Древса, Г. Шлегеля. Прокариоты. Т 1 -Т 2, Мир, 2005 • Борисов Л. Б. Медицинская микробиология, вирусология и иммунология. • Поздеев О. К. , Покровский В. И. Медицинская микробиология, 2001 г. • Воробьев А. А. Медицинская микробиология, 2004 • Bae C 1, Bourget D 1. Tetanus. Stat. Pearls [Internet]. Treasure Island (FL): Stat. Pearls Publishing; 2017 - 2017 Oct 18. • Jeffery IA 1, Karim S. Botulism. Stat. Pearls [Internet]. Treasure Island (FL): Stat. Pearls Publishing; 2017 - 2017 Oct 6. • Reveles KR 1, 2, Backo JL 3, Corvino FA 4, Zivkovic M 4, Broderick KC 3. Fidaxomicin versus Vancomycin as a First-Line Treatment for Clostridium difficile-Associated Diarrhea (CDAD) in Specific Patient Populations: A Pharmacoeconomic Evaluation Pharmacotherapy. 2017 Oct 17. doi: 10. 1002/phar. 2049. • Arabshahi S 1, Fasaei BN 2, Derakhshandeh A 1, Novinrooz A 1. In silico Design of a Novel Chimeric Shigella Ipa. B Fused to C Terminal of Clostridium perfringens. Enterotoxin as a Vaccine Candidate. • Bioengineered. 2017 Nov 1: 0. doi: 10. 1080/21655979. 2017. 1373535.
клостридиялар 7.11.pptx