Оркен.pptx
- Количество слайдов: 11
Клиникалық және қолданбалы диагностика Орындаған: топ Саттаров Өркен 306
Жүрек қантамырлар жүйесін зерттеу. Электрокардиография Тақырыбы:
Жүрек қан-тамырлар жүйесін зерттеу әдістері: 1. 2. 3. 5. Жүрек тұсын қарау және пальпациялау. Жүрек тұсын перкуссиялау. Жүректі аускультациялау. Қан тамырларын зеттеу. Электокардиография (ЭКГ).
Жүрек тұсын карау, пальпациялау. Жүректі тексеру кезінде малдың сол аяғын барынша ілгері жылжытады. Қарау мен пальпациялау арқылы кеуденің төменгі уштен бір бөлігінде 3 -6 -шы қабырғалар аралығында кеуденің дүрсілін немесе жүрек қимылын анықтайды. Пальпация арқылы жүрек тұсында көкірек жақтауының дүрсілі сезіледі. Жүрек дүрсілі дегеніміз жүрек етінің жиырылуымен сәйкестеніп келетін көкірек жақтауының сыртқа керілуі. Жүрек дүрсілінің ең жақсы байқалатын жері: Ірі қара мен ұсақ малдарда сол жақ шынтақтан 2 -3 см жоғары, 4 ші қабырға аралығында, 5 -7 см 2 көлем аумағында; жылқыда – сол жақ иық буыны мен жауырын жалғасқан тұсының сызығынан жүргізілген түзудің бойынан 7 -8 см төмен, 4 -5 см 2 аумағы мен 5 -ші қабырға аралығында; шошқаларда сол жақ 4 -ші қабарға аралығында, 2 -4 см 2 аумағында.
Жүрек тұсын перкуссиялау. Жүрек тұсын перкуссия арқылы шекарасын және сезімталдығын анықтайды. Перкуссияны малдыңғы сол аяғын барынша алға қарай жылжытып жасайды. Перкуссия арқылы жүректің жоғарғы және артқы шекараларын анықтайты. 1 - анконеус сызығы бойынша, 2 - шынтақ буынынан сербекке қарайғы сызық. Ірі қара малда жүректің жоғарғы шекарасы иық буыны сызығы бойында, артқысы- 5 – қабырға бойында. Қойешкілерде жоғарғысы иық буыны сызығынан 1 -2 см төмен, артқысы 6 -шы қабырғаға дейін. Жылқыларда жоғарғысыиық буыны сызығынан екы саусақ төмен, артқысы- 6 -шы қабырғаға дейін.
Жүректі аускультациялау (тыңдау) Жүректің аускультациясын мал тік тұрған кезде алдыңғы сол аяғын алға қарай жылжытып, немее бүгіп жүргізеді. Жүректі тыңдау кезінде фонендоскопты жүрек дүрсілінің үстіне басып, дыбыстарды ажыратады. Жүректі тыңдаған кезде дыбыстардың- саздардың ырғағы мен күшіне, тембріне және жүрек шуылы бар немесе жоғына көңіл бөлді. Жүрек сыздарының нақты естілетін орындары. Ірі қара, қой, ешкі жүрек қақпақшалар сол жағынан 4 -ші қабырға аралығында- иық буыны сызығы деңгейінде, екі жарғақты құлақша- осы сызық деқгейінен 2 -3 см төмен 4 -ші өабырға аралығында, өкпе арткриясының жарты ай тәрізді құлақшасы-3 -ші қабырға аралығында екі жарғақты құлақша деңгейінде , оң жағынан- үш жарғаұты құлақша орны иық буынынан 2 -3 см төмен, 4 -ші қабырға аралығында.
Жүрек-тамыр жүйесін зерттеу үлгісі. Жүрек аймағы. Жүрек дүмпілі (түрткісі) күшті, орта дәрежеде, әлсіз бөлінген (сезіледі), бөлінбеген (сезілмейді) анықталады. Сипалағанда, қысым жасағанда ауырсынуы байқалады. Жүрек дүмпілі (түрткісі). Орны , оның алға, артқа, үстіне, астына, оңға жылжуы. Ұалыпты шамада жүрек дүмпілі ірі қара малда- 4 -ші, жылқыда 5 -ші, шошқада 4 -ші, иттерде 5 -ші қабырға аралығында қарқындырақ естіледі. Тамыр соғуы (Пульс). Ырғақты – тамыр соғуы ырғақты, ырғақсыз. Тамыр қабырғасынан ширығуы бойыншажұмсақ, дөрекілеу, дөрекі, сым тәрізді. Толысуы бойынша – толық, орташа, бос. Тамыр соғу толқыны бойынша – үлкен, орташа, кішкене, жіпше тәрізді. Тамыр соғу толқынының төмендеуі бойынша – орташа төмендеген, кенет өзгеруі, бәсең
Артерия қан тамырын зерттеу. Тақ тұяқты малдардың артерия қан тамырларын сыртқы жақ, көлденең беті, сыртқы самай және құйрықтың орта қан тамырларында анықтайды. Ірі қара малда- бет тамыры, сафен және орталық құйрық тамырларында. Түйе тамырларының соғуын артқы сан жілік және орталық құйрық тамырларында анықтайды, ал иттерде- сан тамырларынан, Құстарда жүрек дыбыстарын тыңдау арқылы анықтайды. Алқызыл қан тамырларды зерттеу кезінде ең бірінші артериялық тамырсоғуы жиілігін тексереді. Алқызыл қан тамыр соғуының жиіленуі немесе тахикардиябезгекте, уланғанда, жүрек ақауында, қан азайғанда кездеседі. Тамыр соғуының бәсеңдеуі немесе брадикардия – уремия, холемия және уланғанда кездеседі. Тамыр қабырғасының кернеулеріне байланысты тамыр соғуының түрлері мынадай: - жұмсақ тамыр- жүректің ақауында, коллапста кездеседі. - қатты тамыр- бүйрек ауруында, ішек түйілгенде, уланғанда кездеседі.
Сыртқы вена тамырларын зеттеу. Ірі қара малда, қой-ешкілерде куре тамыр, сүтті көк тамыры, жылқыларда бас көк тамыры, күре тамыр, сыртқы кеуде көк тамырлары зерттеледі. Вена қан тамыр соғуын күре тамыр үстінде зерттеу қажет, оның мынадай түрлері болады: теріс соғу (физиологиялық, персистолалық вена пульсі)- вена қан тамырларының уақытша қан тоқтау салдарынан бірінші дүрсіл соққан кезде пайда болады. Оң соғу (патологиялық, систолалық вена пульсі)- қанның систола уақытында оң құлақшасына қайтқан кезде пайда болады. Вена ундуляциясы дегеніміз, бұл ұйқы артерияларының қатты соғуының әсерінен күре веналардың пульсі тәрізді қозғалуы.
Электрокардиография. Жүректің жұмыс ырғағының бұзылуын аритмия деп атайды. Жүрек аритмияларын балаудағы ең негізгі әдісэлектрокардиография Жүректің электрлік белсенділігін зерттеудің В. Эйтховен, А. Ф. Самойлов, Т. Льюис, В. Ф. Зеленин және т. б. ұсынған осындай әдістемесі электрокардиография деген атқа ие болды, ал оның көмегімен тіркелетін қисық электрокардиограмма (ЭКГ) деп аталады. Электрокардиография - жүректе қозудың таралу динамикасын бағалауға және ЭКГ-ң өзгеруі кезінде жүрек қызметінің бұзылуын жорамалдауға мүмкіндік беретін медицинада кең таралған диагностикалық әдіс болып табылады. Қазіргі кезде арнайы құралдар – электронды қүшейткіштері және осцилографтары бар электрокардиографтар қоланылады.
Оркен.pptx