
Клетка.pptx
- Количество слайдов: 21
Клетканың құрылысы Тексерген: Чильдебаева. А Орындағандар: Баймурат. М , Шамгон. А , Жабықбаева. Р , Бердіқұлова. С.
Жоспар: Кіріспе; Эндоплазмалық тор; Гольджи комплексі; Лизосомалар; Клетка орталығы; Митохондриялар; Пластидтер; Плазмолема; Ядро; Вакуоль; Рибосома; Цитоплазма: Тірек қимыл жүйесі; Қорытынды.
Кіріспе Органоидтар (органоиды); (грек, organon — құрал, еіdos — түр) — адам мен жануарлар организмдері жасушалары цитоплазмасындагы белгілі қызмет атқаратын тұрақты құрылымдар. Органоидтар — торшаның тұракты құрылымдары. Торша тіршілігінде тән қызметтердің орындалуын қамтамасыз етеді. Эукориот торшаларының органоидтарына ядро, торша мембранасы, митохондрийлар, Гольджи комплексі, эндоплазматикалық тор, рибосомалар, лизосомалар, микротүтікшелер және микрофиламенттер жатады. Прокариоттар торшаларында саны азырақ. Олардың көпшілігінде тек торша мембранасы мен рибосомалар ғана бар.
Эндоплазмалық тор Эндоплазмалық торды 1945 жылы К. Портер электронды микроскоптың көмегімен тауық балапандарының фибробластарынан тапты. Фибробластарды бекітіп және бояп барып жарық микроскопымен қарағанда бояуды жақсы қабылдайтыны анықталды. Ал эндоплазма аумағының қуыстар мен каналдардан тұратынын және олар бірімен байланысып барып, күрделі тор түзетіні байқалды, 1950 жылдары өте жұқа кесіндіні жасау әдісә жетілгеннен кейін эндоплазманың құрылысы толық анықталды. Эндоплазмалық тор негізінде барлық эукариотты клеткаларда жақсы жетілген
Эндоплазмалық тор Түйіршікті (кедірлібұдырлы) Жазық
Гольджи комплексі Итальян ғалымы К. Гольджи 1898 жылы нерв клеткаларынан ен алғаш байкады
ГА-құрылысы мен қызметі Әр түрлі жаңа әдістерді қолдана отырып, ГА- құрылысы жан- жақты зерттелді. Негізінде бұл аппараттың құрамына цитоплазманың негізгі бөлімдеріцитозоль (гиалоплазма зонасы), түтікшелері мен көпіршіктерінен тұратын мембрана бөлігі және мембраналардың ішіндегі қосындылар жатады. Гольджи аппаратының қызметіне цитозоль аймағынан шет жататын полирибосомалардың тікелей қатысттары бар өйткені олар бұл аппараттың мембраналарына қажетті ферментті (гликозилтрансфераза) синтездейді
Лизосомдар Лизодардың кұрамында гидролаза ферменттері көп мөлшерде кездеседі. Лизосомаларды липопротеидтерден тұратын мембрана қоршап жатады. Осы мембрана бұзылған жағдайда ғана лизосомадағы ферменттер сыртқы ортаға әсер етеді. Лизосоманың құрамындағы гидролаза ферменттері белоктарды, нуклеин қышқылдарын, полисахаридтерді ыдыратады. Қазіргі уақытта лизосоманың құрамында 60 -ка жуық гидролаза ферменттерінің болатыны анықталды. Лизосомалардың құрамындағы ферменттерді гистохимиялық әдістер арқылы да байқауға болады. Ол үшін қышқылды фосфомоноэстера ферментін таңба ретінде қолданып, гистохимиялық әдіспен жарық және электронды микроскоптарды пайдаланса жеткілікті. Лизосома фракциясының кұрамында әр түрлі көпіршіктер болады, олардың көлемі 0, 2— 0, 4 мкм (бауыр клеткаларында) және олар бір кабатты мембранамен капталған (қалыңдығы 7 пм).
Мембраналы органоид, оны 1955 жылы биохимик Де Дюв ашты.
Клетка орталығы Флеминг (1875 ж) Венеден (1876 ж. ) жарық микроскопының көмегімен ұсақ тығыз денешік ретінде әр түрлі клеткалардан клетка орталығын ашты. Клетка орталығы ядроға тақау орналасады. Ол екі ұсак тығыз денешіктен (центроли) және оларды қоршаған цитоплазма ақшыл аймағынан (центросфера) және олардан бөлінген жіңішке жіпшелерден тұрады. Клетка орталығы жануарлар клеткаларында, кейбір өсімдіктерде кездеседі, бірақ жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде, төменгі сатыдағы саңырау құлақтарда және карапайымдыларда кездеспейді. Интерфазада центрольдер бір-біріне перпендикуляр орналасып дуплет немесе диплосома құрады. 2 центрольдің біреуін «аналық» , екіншісі одан пайда болган жас центроль деп анықтауға болады. Екінші центроль біріншіге перпендикуляр эрі проксимал жағы бірінші центрольдің үстіңгі бетіне қарай орналасады. Аналық центрольдің дистальды бетінде амофорты материалдар өсінді түрінде кездеседі, екінші центрольде ондай өсінділер болмайды. Диплосомада тек «аналық» центрольдердің, қосымша құрылыстары болады. Аналық центрольдердің сыртында 9 шар тәрізді тығыз заттардан тұратын сателлиттер орналасады. Центрольдер сателлиттерімен «аяқшалары» арқылы жалғасады. Әр центрольдердің сыртында құрылымсыз немесе жұка талшықты матрикс және центросфера құратын қосымша микротүтікшелер болады
Митохондриялар (грекше митос — жіп және хондрион — түйіршік) — жіпше және түйіршік тәрізді органоид. Ол автотрофты және гетеротрофты организмдердің цитоплазмасындакездесед і. Мнтохондрияларды ең бірінші 1850 жылы P. А. Келликер насекомдардың Бұлшық еттерінен байкады, оған «сарқосома» деген термин берді (Бұлшық еттегі митохондрияларды осы кезге дейін осылай атап жүр). Альтман (1890 жылы) арнаулы бояулар арқылы митохондриялардың анық көрінетінін дәлелдеп, оларды «биобластылар» деп атады. Бенде 1898 жылы Бұл органоидка митохондриялар деген ат берді. Михаэлис тірі клеткалардың митохондрияларын жасыл янус бояуымен бояп, олардың клеткадағы тотығу процестерімен байланысы бар екенін атап көрсетті.
Митохондрияның құрылысы
Пластидтер (грек тілінен plastides - жасайтын, тузейтін) - эукариотты өсімдік жасушасының органоид тары. Әрбір пластидада кос мембраналық құрылысы бар. Олар пішіні, мөлшері, құрылысы мен қызметтері бойынша әртүрлі. Түсі бойынша жасыл пластидтер, (хлоропласттар), сары-ашық қызыл және қызыл. (хромопласттар) және түссіз, (лейкопласттар) ажыратылады. Пластидтер м еристемалық жасушалардың пропластидалардан онтогенез дебіртұтас шығу тегі бар. Пластидалардың өзара айналулар мүмкін.
Пластидтер өсімдіктер клеткаларында (саңырауқұлақтар мен кейбір балдырларда болмайды) кездесетінорганоид. Пластидтерді пиг менттерінің құрамына қарай хлоропластар, хромопластар, лейкоп ластар деп үш түрге бөледі. Олар бір түрден екінші түрге ауысып отырады. Хлоропластар өзінің бойындағы хлорофилл пигменттері арқылы Күн сәулесінің жарық энергиясы арқылы бейорганикалық заттардан органикалық заттар синтездейді. Бұл процесті фотосинтез деп атайды. Фотосинтез реакциясын былайша көрсетуге болады: С 02+6 Н 20=С 6 Н 1206+602
цитоплазмамен тікелей байланысқан ішкі қабат. Қалыңдығы 10 нм. Негізгі химиялық құрамы: 60% нәруыз, 40% май, 2 -10% көмірсулардан тұрады. Қызметі: Өткізгіштік ион түріндегі заттар мен қарапайым мономер құрылысты молекулаларды өткізеді. Күрделі макромалекулаларды эндоцитоз (Мечников ашқан- фагоцитоз жолымен, Пиноцитоз- су тамшыларын өткізеді). Экзоцитоз- май тамшылары, ферменттер, нәруыз молекулалары, полисахаридтер артық мөлшерде жиналғандары жаусша сыртына шығарылады.
жасушасы тұрақты бөлігі болып келеді. Өсімдік 1839 ж жасушасының ядросын чех ғалымы Я. Пуркине тапқан. Толық жетілуіне байланысты экариотты организмдер және ядросы жетілмеген организмдерді прокариотты д. а. грекше «карион» ядро деген мағынаны білдіреді. 3 қабаттан тұратын 2 мембраналы. Ядро жасушаның бөлінуі мейоз, митоз, интерфаза кезеңіне қатысады, жасушалар п. б. Ядро құрамы күрделі тірі организмдердің тұқым қуалайтын белгілері мен қасиеттерін сақтайтын хромосомалар, ядро шырыны, ядрошық, РНҚ ж. е. т. б. құрамдас бөліктер болады. Ядро шырыны- ядро қабықшасы ішіндегі қуысты толтырып тұратын қоймалжың зат. Құрамында нәруыз, нуклейн қышқылы мен көмірсулар болады. Ядрошық – шар тәрізді тығыз денешік, мөлшері 1 -2 мкм-10 мкм. Құрамында 1, 5% ДНҚ, 8, 0% нәруыз болады. 70% цитоплазмалық РНҚ, 30% ядролық РНҚ синтезделеді. Жасуша бөлінгенде ядрошық жойылып кетеді. Хромосомалар д. з. - ДНҚ-ң жіпшелерінен тұратын созылыңқы тығыз денешік. Құрамында 40% ДНҚ, 40% гистон, 20% қышқылды нәруыз және өте аз мөлшерде РНҚ болады. Гистон д. з хромосомадағы құрылыс қызмет атқаратын нәруыз. Әр түрге тән хромосомалар пішіндері және сандары жөнінен айырмашалықтары болады. Мысалы: адамда 46 хр, жылқыда 66 хр, бақада 26 хр, дрозофила 8 хр, жүгеріде 20 хр, бұршақта 14 хр болады.
Вакуоль өсімдік жасушасына тән органоид симбиоз, сұйықтыққа толы қуыс. Құрамында: минералды тұз, көмірсулар, органикалық қышқылдар, танниндер, пигменттер болады Вакуоль
Рибосома нәруыз биосинтезін жүзеге асыратын органиод 180 000 есе үлкейтіп көрсететін электрондық микроскоп көмегімен көрінеді. Жұмыртқа пішінді 2 бөліктен турады: кіші суббөлік 40 S, үлкен суббөлік 60 S тұрады. Экариотты ағзада. Прокариотты ағзада керісінеше 70 S-тан, 30 S-ке дейін ауытқиды. Бірнеше рибосомалар полисома д. а -н бір нәруыз синтезіне қатысады.
Цитоплазма: Тірек қимыл жүйесі (цитоқаңқа) Цитоқаңқа немесе клетка қаңқасы үш компоненттен түзілген. Оларға микротүтікшелер, микрофиламенттер және аралық филаменттер жатады. Микротүтікшелер клетканың бүкіл цитоплазмасын тесіп өтеді. Әрбір микротүтікше диаметрі 20 -30 нм іші қуыс цилиндр тәрізді. Олардың қабырғалары 6 -8 нм. Микротүтікшелер қабырғасы спираль түрінде бірінің үстінде бірі бұралаңдаған 13 жіпше – протофиламенттерден құралған. Осындай әрбір жіпше тубулин ақуыздарының димерлерінен құралады. Әрбір димер a және b – тубулиннен түзілген. Тубулиндер синтезі түйіршікті эндоплазмалық тордың мембраналарында жүреді, ал спираль клетка орталығында жасалады.
Пайдаланылған әдебиеттер Ø Нұрышева А. , Нұрышев М, “Цитология” Алматы, “Қарасай”, 2006; Ø Рақышев А. “Организмнің нәзік құрылымы” Алмат: Санат, 1999; Ø Сапаров Қ. Ә, Алматы, «Казак университет» , 2009; Ø Ченцов Ю. С, “Введение в клеточную биологию. М. : ИКЦ “Академкнига ”, 2005 Ø www. google. ru-интернет желісі
Назарларыңызға рахмет
Клетка.pptx