Tema_2.ppt
- Количество слайдов: 8
КЛЕТКА ФИЗИОЛОГИЯСЫ
ЖОСПАРЫ: Жасушаның құрылысы Жасушаның негізгі қызметтері Мембрананың құрылысы Мембрананың қасиеттері Мембрананың қызметі Мембрана арқылы тасымал
ЖАСУШАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
ЖАСУШАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ Тітіркенгіштік – әр түрлі биологиялық, физикалық, химиялық тітіркендіруге жауап беру қабілеті Қозғыштық – тітіркендіріс кезінде қозу әсерлесінің пайда болуы Жиырылғыштық – тітіркендіруге қысқарып жауап беруі Тарату – жасуша бойымен қозу толқынының өрістеуі Өткізгіштік – жасуша қабықшасы арқылы заттарды және иондарды өткізу жылдамдығы Сініру және жұту – қоректік заттарды үстіңгі қабатынан сіңіріп пайдалануы Сөлініс – басқа жасушалардың пайдалануы үшін жаңа заттарды түзу және бөліп шығаруы Экскреция – қалдық өнімдерді өз беткейі арқылы сыртқа шығару Зат алмасу – бөгде заттарды, жасуша құрылымының қалдықтарын алмастыру Тынысалу – тағамдық заттарды тотықтырып, олардан қуатты босату қабілеті Өсу – көлемін және салмағын ұлғайту Өрбу – өзі тәріздес жасушаларды көбейту қабілеті
МЕМБРАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
МЕМБРАНАНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ Ағындылық. Мембрана мызғымас құрылым емес, оның құрамына кіретін белоктар мен липидтердің көбісі ұзына бойы жазықтықта ағып қозғала алады. Бейөлшемдестік (асиметрия). Сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы әркелкі келеді. Үйектік. Мембрананың сыртқы беті оң, ішкісі – теріс зарядты болады. Таңдамалы өткізгіштік. Еріген заттардың белгілі ғана бөлшектерін және иондарды іріктеп өткізеді.
МЕМБРАНАНЫҢ ҚЫЗМЕТІ Жасушаны қоршаған ортадан және өзара оқшаулайды немесе оны бірнеше бөлікке (компартментке) бөледі. Маңызды ферменттері арқылы мембранада өтетін заттардың ағынын қадағалайды. Тіршілікке қажетті биохимиялық әсерленістер жылдамдығын және бағытын айқындайды. Өткізгіштік және арнамалы тасымал тетіктері арқылы жасуша ішіндегі әсерленгіш жерлерінің қасиеттерін реттейді. Сөйтіп эндоцитоз (ішке бөлу) және экзоцитоз (сыртқа бөлу) үрдістеріне жағдай жасайды. Беткейлік орналасқан байланыстырушы жүйелердің көмегімен тіндегі немесе ағзаның құрамындағы жасушалардың іс-әрекетін үйлестіреді. Беткейлік орналасқан арнамалы қабылдағыштар арқылы гормондар (қоздырғыштар), медиаторлар (дәнекершілер), басқа биологиялық дәртті заттардың және дәрілердің алмасуын қамтамасыз етеді. Мембрананың бетінде антигендер мен ұқсас таңбалардан құралған танитын жерлері болады, олар ішкі қадағалаушы жүйелердің таныс жасушаларды бөгде дене ретінде жоюдан қорғайды. Мембрананың кейбір жерлері көршілес жасушаларды танып, олардың жайылуын (пролиферацияны) шектейді.
МЕМБРАНА АРҚЫЛЫ ТАСЫМАЛ Диффузия – бұл заттардың мөлшері көп жағынан аз жағына қарай, яғни мөлшерлік айырмашылығына (градиенттке) сәйкес өтуі. Мембрана арқылы оттек (O 2) және көмірқышқыл газы (CO 2) осы тәсілмен өтеді. Иондар, глюкоза мен амин қышқылдары, майлар баяу өтеді. Селқос тасымал – заттарды өткізу кезінде зат алмасу энергиясын жұмсамайды. Бұл мембрананың екі жағында заттардың мөлшері бірдей болып теңескенге дейін жүреді. Осмос – (osmos - итеру) мембрана арқылы су молекуласы заттардың аз мөлшерлі жағынан көп шоғырлысына қарай ығысуы. Иондар тасымалы. Иондарды тасу арнайы маманданған белок құрылымдары жасайтын ашық арналар арқылы жүзеге асады. Ондай арналардың натрий, кальций, натрий-кальций және хлор иондарын тасымалдау үшін жасалатын түрлері болады. Жеңілдеген диффузия. Қарапайым диффузия тәсілі арқылы мембранадан судан басқа көптеген заттар (дәрілер) өте алады. Алайда, шағын үйекті (полярлы) молекулалар (моносахарид, аминқышқылы, т. б. ) тек жеңілдеген диффузия арқылы өтеді. Белсенді тасымал – заттар мен иондардың арнайы қуат пайдаланып электрохимиялық градиентке қарсы ауысуы. Беткейтін арқылы тасымал – эпителий арқылы тасымал кезінде заттар кейбір ағзаларда (асқазан, ішек, өт қабы, қуық, өкпе, т. б. ) бірнеше жасушалар қабатынан өтеді.
Tema_2.ppt