Физ.раст. КЛЕТКА.ppt
- Количество слайдов: 80
КЛЕТКА ҚҰРЫЛЫСЫ Дайындаған: Карменова Б. К.
ЖАСУША жасуша қабыршағы протопласт микроскопиялық құрылымдар вакуоль цитоплазма ядро пластидтер митохондрия субмикроскопиялық құрылымдар эндоплазмалық тор гиалоплазма Гольджи аппараты рибосомалар т. б.
ЖАСУША
Атқаратын қызметтеріне байланысты клетканың құрылыстық бөліктерін үш топқа бөлуге болады: 1) Өзгертуші машиналар – митохондриялар, хлоропластар; 2) Белок және басқа полимерлердің синтезделуін жүзеге асыратын машиналар – рибосомалар, ядро; 3) Май қышқылдары мен холестеринді синтездеуге қатысатын метаболиттік жүйе (гранулалар).
Жануар жасушасы Өсімдік жасушасы Жануарлар жасушаларының қабықшасының сыртқы қабаты – өте жұқа, созылғыш келеді, осы қабатты гликокаликс деп атайды.
Өсімдік жасушасының құрылысы қабыршақ цитоплазма ядро митохондрия рибосомалар лизосама аппарат Гольджи хлоропласт хромопласт эндоплазмалық тор плазмодесма микротүтіктер крахмал дәндері вакуоль
Клетка (прокариоттар немесе эукариоттар) негізгі үш функциональді құрылымдар – беттік кешен, цитоплазма және ядро аппаратынан тұрады.
Беттік кешен – клетканың сыртқы ортамен және көршілес клеткалармен тікелей әрекеттесуін қамтамасыз ететін құрылым. Беттік кешеннің құрамына гликокаликс, плазматикалық мембрана (плазмалемма) кіреді. Беттік кешен цитоплазмадан аса анық шектелмейді.
Клетканың беттік кешені негізгі үш қызмет атқарады: - барьерлік; - тасымалдау; - рецепторлық. Сондай-ақ, бірқатар арнайы функцияларды да атқаруы мүмкін. Мысалы, өсімдік жасушаларында клетка қабықшасы механикалық тургор қызметін атқарады.
Клетка – өзара тығыз байланыста болатын ядро мен цитоплазмадан тұратын бүтін тірі жүйе. Сыртқы ортадан цитоплазмалемма д. а. клетка мембранасымен (лат. membrana – қабықша) шектеледі. Плазмалемма – қалыңдығы 7 -10 нм болып келетін жұқа, дегенмен тығыз, ақуыздар мен липидтердің молекулаларының белгілі бір заңдылықпен орналасуынан түзілген үлбір қабық.
Гиалоплазма – жасушаның барлық құрамдарын біріктіретін және бір-бірімен химиялық қатынасын қамтамасыз ететін орта. Аминқышқылдарының, май қыш-ң, нуклеотидтердің, қанттардың клетка ішіндегі тасымалдануын да іске асырады. . Гиалоплазма АТФ молекулаларының жинақталатын орны. Мұнда гликоген, май тамшылары сияқты қоректік заттар да жиналады
Мембраналар Биологиялық мембраналардың (лат. membrana – қабықша) неғұрлым толық құрылысын 1972 ж. Г. Никольсон мен С. Сингердің ұсынған сұйықтықмозаикалық моделі бейнелейді. Мембрана липидтері амфипатикалық молекуларларының екі қабатынан тұрады, мембрана липидтерінің молекулалары бірбіріне паралель орналасады. Оны билипидті қабат немесе биқабат деп атайды.
Әрбір липид молекуласының негізгі екі бөлігі – басы және өскіншесі болады. Өскіншелер гидрофобты болып келеді де бір-бірлеріне қарамақарсы орналасады. Липид молекулаларының бастары – гидрофильді, олар клетканың сыртқы және ішкі жағына қарап орналасады. Осындай билипидті қабатқа ақуыз молекулалары батып тұрады.
Жануарлар жасушасының мембранасының құрылысы
Ақуыз молекулалары тұтас қабат түзбейді, олардың кейбіреуі липидті бағана беткейінің екі жағын ала бір бөлігінің арасында, қалғаны мембранада гидрофильді поралар түзіп, бағана қабаттарына ене орналасады. Егер ақуыздар липидті бағаналарды қақ жарып орналасып, ақуыз молекуласының бір жағы мембрананың бір жағында, ал екінші жағы мембрананың екінші жағында орналасса, ондай ақуыздарды интегральды немесе трансмембраналы ақуыздар деп атайды.
Биологиялық мембрананың құрылымы 1 – сыртқы ақуыздар; 2 – мембрана аралық ақуыздар; 3 – ішкі ақуыздар; 4 – интегральды ақуыздар; 5 – билипидті қабат.
Мембрана – цитоплазманың тірі бөлігі. Ол протопластты клетканы қоршайтын ортадан бөліп тұрады, органеллалардың сыртқы шекарасын және олардың ішкі құрылымын түзеді. Барлық мембраналарға тән қасиет – олардың тұтастығы, тұйықтылығы.
Биологиялық мембраналардың негізгі қасиеттерінің бірі – олардың жартылай өткізгіштігі. Кейбір заттар олардан өте баяу, ал кейбіреулері ерітіндінің қоюлығына қарамастан жеңіл өтеді. Сонымен мембраналар суда жақсы еритін заттардың көпшілігінің клеткаға еркін өтуіне кедергі жасайды. Сөйтіп, цитоплазманың және оның органеллаларының химиялық құрамын сақтайды. Мембраналар жеке ферменттердің және олардың кешендерінің цитоплазмада қалыптасып, клетканың тіршілігіне қажетті ең негізгі үрдіс – химиялық реакциялардың ретімен жүруін қамтамасыз етеді
Мембраналардың атқаратын қызметі: 1. Мембраналар клетканың ішкі құрамын сыртқы ортадан бөліп тұрады, 2. Жасушаға суды, 3. Қайсыбір иондарды және қажет субстраттарды өткізеді, 4. Жасушадан бөлініп шығарылатын өнімдер сыртқа мембрана арқылы шығарылады, 5. Мембрана жасушаның қорғанышы және ішкі ортаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Сыртқы қабат астында плазма мембранасы орналасады, оның құрамында белоктар және липидтер болады. Плазма мембранасында липидтер молекуласы екі қабатқа орналасқан, белоктардың молекулалары біртұтас қабат түзбей, липидтер қабатының арасында түрліше тереңдікте қалқып жүреді. Жарғақшаның шала өткізгіш қасиеті болады, ол арқылы жасушаға су молекулалары, суда еріген заттар, мысалы оттегі, азот, көмір қышқыл газы СО 2 өтеді.
Плазмалемманың сыртында рецепторлық ферменттер болады. Олар бір жасушаның ішіндегі заттарды екінші жасушаға өткізіп отырады. Кейбір макромолекулалар эндоцитоз нәтижесінде өтеді. Эндоцитоз: фагоцитоз және пиноцитоз болып екіге бөлінеді. Фагоцитоз деп жасуша мембраналары арқылы ірілеу келген түйіршіктердің өтуін айтады. Фагоцитоз процесін зертеп, терминді ғылымға алғаш енгізген орыс физиологі И. И. Мечников.
Пиноцитоз кезінде жасушаға ірірек келген су тамшылары өтеді. Эндоцитозға қарама-қарсы процесс экзоцитоз деп аталады. Экзоцитоз – биополимерлер мен органикалық қосылыстар ферменттердің жәрдемімен мембранадан тыс ыдырауы.
1. Бір жасуша екіншісінен мембраналары арқылы бөлінеді және сол арқылы өзара байланысады. Жасуша мембранасы үш түрлі қызмет атқарады: тасымалдаушы, өткізгіштік және қорғаныштық. 2. Тасымалдаушы қызметінің ішіндегі ең маңыздысы – эндоцитоз процесі, ол екіге бөлінеді: фагоцитоз және пиноцитоз. 3. Жасушалар өзара байланыстар арқылы жанасады. Байланыстардың бірнеше түрі бар, соның ішінде ерекше қызмет атқаратыны – саңылаулы байланыс.
Цитоплазма. Чех ғалымы Пуркинье 1840 ж. “протоплазма” деген терминді ұсынған. Протоплазма – кариоплазма мен цитоплазмаға бөлінеді. 1882 ж. Польша ботанигі ғылымға енгізді Цитоплазма – жасушаның ядросын қоршап жатқан қоймалжың зат. Оның түп негізін гиалоплазма түзеді. Цитоплазма клетканың метаболизмдік жұмысшы аппараты. Мұнда негізгі метаболизмдік процестер жүреді.
Цитоплазманың химиялық құрымы: - түйіршікті денелер, - нәруыздар, - ферменттер, - нуклеин қышқылдары - көмірсулар - АТФ.
Цитоплазма – клетканың күрделі құрылымды кешені. Мұнда тірі клеткаға тән тіршілік белгілерінің барлығы бар. Цитоплазма клетканың барлық тірі компоненттерінің қажетті тіршілік орны, субстраты. Цитоплазмада әр түрлі қызмет атқаратын органеллалар жүйесі орналасады.
Цитоплазма бірыңғай қоймалжың, мөлдір зат. Оның мембраналық құрылымы анықталған. Цитоплазманың құрылымдық негізі – фосфолипидтер мен ақуыздардан (липопротеидтерден) тұратын жұқа, аса тығыз үлпекті биологиялық мембрана. Цитоплазманың негізгі құрылымдарына гиалоплазма (матрикс), органеллалар және қосымшалар жатады.
Органеллалар мембранасыз және мембраналы органеллаларға жіктеледі. Мембранасыз органеллларға цитоқаңқа, жасуша орталығы және рибосомалар жатады.
Цитоқаңқа немесе клетка қаңқасы үш компоненттен түзілген: - микротүтікшелер; - микрофиламенттер; - аралық филаменттер.
Микротүтікшелер М. т. кл-ның бүкіл цитоплазмасын тесіп өтеді. Әрбір микротүтікше диаметрі 20 -30 нм іші қуыс цилиндр тәрізді. М. т-лер қабырғасы спираль түрінде бірінің үстінде бірі бұралаңдаған 13 жіпше – протофиламенттерден құралған. Осындай әрбір жіпше тубулин ақуыздарының димерлерінен құралады. Әрбір димер a және b – тубулиннен түзілген.
Тубулиндер синтезі түйіршікті эндоплазмалық тордың мембраналарында жүреді, ал спираль клетка орталығында жасалады.
Микротүтікшелер өте мықты, олар цитоқаңқаның сүйеуші құрылымын құрайды. Микротүтікшелердің бір бөлігі жасушаға әсер етуші қысым және тарту күштеріне байланысты орналасады.
Рибосомалар пішіні 20 х30 нм денешіктер. Олар үлкен және кіші – екі суббірліктерден түзілген. Әрбір суббірлік рибосомалы РНҚ (р. РНҚ) мен әр түрлі құрылымды ақуыздардан тұрады.
Риб-ның үлкен суббірлігінде ақуыздың 34 түрлі молекуласымен біріккен рибосомалы РНҚ-ның 2 түрлі молекуласы болады. Ал кіші суббірлік ақуыздың 21 молекуласы мен 1 молекула рибосомалы РНҚ-дан құралған. р. РНҚ ядрошықтың хромосомдар ілгегінде синтезделеді.
Рибосомалардың негізгі қызметі – тасымалдаушы РНК-лардың (т. РНҚ) әкелген аминқыш-нан ақуыз молекулаларын жинақтау. Рибосоманың суббірліктерінің аралығында саңылау болады, сол саңылау арқылы ақпаратты РНҚ молекулалары өтеді. Ал, үлкен суббірлікте қалтарыс болады, ол қалтарыста жинақталушы ақуыз тізбегі орналасып, жылжиды. А. қ-ды жинақтау ақпаратты РНҚ (а. РНҚ) тізбегіндегі нуклеотидтердің кезектесуіне байланысты болады. Осы жолмен генетикалық ақпараттың трансляциясы жүреді.
Рибосомалар цитоплазмада бос жеке-жеке орналасуы мүмкін, кейде топтар құрайды. Осындай топтарды полирибосомалар деп атайды. Рибосомалардың көпшілігі эндоплазмалық тордың және кариотеканың сыртқы мембраналарының бетіне бекиді. Жеке бос рибосомалар клетканың тіршілігіне қажетті ақуызды синтездейді, бекінген рибосомалар клеткадан шығарылатын ақуыздарды синтездейді.
МЕМБРАНАЛЫ ОРГАНЕЛЛАЛАР Әрбір мембраналы органелла мембранамен қапталған цитоплазманың жеке құрылымы. Мембраналы органеллаларға: - эндоплазмалық тор (ЭПТ); - Гольджи кешені; - Митохондриялар; - Пластидтер; - Лизосомалар; - пероксисомалар жатады. ►
Эндоплазмалық тор (ЭПТ) ЭПТ немесе эндоплазмалық ретикулум (ЭР) көптеген қатпарлары түзіп жататын мембранамен қапталған біріңғай үзілмейтін органоид. ЭР көптеген түтіктер, жалпақ немесе дөңгелек цистерналар, мембраналық көпіршіктер секілденіп көрінеді.
Энлоплазмалық тордың құрылысы. ЭТ – ды 1945 жылы К. Портер ашқан. 1 – бос рибосомалар; 2 – қуыстар; 3 – мембранаға жабысқан рибосомалар; 4 – ядро қабықшасы.
ЭР мембраналарында клетканың тіршілігіне қажетті әртүрлі заттардың алғашқы синтездері жүреді. Ол заттардың алғашқы синтезі деп атауымыз шартты, өйткені эндоплазмалық ретикулумнан синезделіп шыққан заттардың молекулалары әрі қарай клетканың басқа компартменттерінде химиялық өзгерістерге ұшырайды.
Эндоплазмалық тордың қызметі 1. Кедір – бұдыр ЭТ белоктарды синтездеп қорға айналуын және тасымалдауын жүзеге асырады. 2. Белоктардың секреттенуіне де қатысады. 3. ЭТ-дың тегіс түрі көмірсулардың, липидтердің, т. б. заттардың синтезделуіне және клеткаға улы әсер ететін қосындылардың залалсыздану процесіне қатысады. Э. т. , митохондриялармен қатар, өсімдік клеткасындағы тотығу – тотықсыздану жүйелерінің негізгі бөлігі болып есептеледі. 4. Клеткадағы тітіркену әсерін таратушы және зат алмасу процестерін өзара байланыстырушылық қызмет атқарады. Э. т. ядролық және плазмалық мембраналардан пайда болады.
Гольджи жиынтығының құрылысы Бұл органоид диктиосома, везикула және цистерна аралық түтікшелер сияқты құрылымдардың жиынтығы. мембраналар қуыстар лизосамалар Камило Гольджи (1899) ашқан. Гольджи аппаратын Гольджи кешені, немесе клетка ішілік торлы аппарат деп те атайды
Көбінесе Гольджи аппараты 3 мембраналық элементтерден құралады: 1) жазық қапшықтар (цистерналар); 2) көпіршіктер және 3) вакуольдер. Г. А-ң негізгі элементі – диктиосомалар. Олардың саны әр клеткада бірден бірнеше жүзге дейін. Диктиосомалар өзара каналдармен байланысқан.
Жеке диктиосоманың пішіні пиала тәрізді. Диктиосоманың диаметрі шамамен 1 мкм, ол паралель жатқан бірнеше (4 -8) саңылаулары бар жалпақ цистерналардан түзілген. Цистерналардың ұштары кеңейген.
Гольджи аппаратының қызметі Синтезделген заттар (полисахаридтер, белоктар, липидтер және гликопротеидтер) мембранаға еніп, секретті көпіршіктер күйінде плазмалеммаға тасымалданады. Плазмалеммамен байланысқан көпіршіктер экзоцитоздық жолмен секреттік заттарды плазма айналасындағы кеңестікке шығарады. Көпіршіктік мембраналары плазмалыққа айналады. Жаңа мембраналық бөліктердің қосылуынан плазмалемма жаңарып, өсу жеделдейді. ГА мембраналық жүйесі де үздіксіз жаңарып тұрады.
Сонымен, клеткадағы ГА мембраналарды құрастырып, полисахаридтерді синтездеп, белоктар мен липидтерді гликолиздеу қызметтерін атқарады.
Митохондрияның құрылысы Сыртқы мембрана Ішкі мембрана Кристалар Митохондриялар клетканың тыныс алу үрдісіне қатысып, клетканың басқа құрылымдары пайдалана алатын түрдегі энергия бөліп шығарады. Сондықтан, митохондрияны “клетканың энергетикалық бекеті” д. а.
Митохондрияның құрылысы Ішкі мембрана Сыртқы мембрана
Митохондриялардың мөлшері: ұзындығы 2 -5 мкм, көлденеңі 0, 5 - 1 мкм. Митохондриялардың пішіні сопақша жіп, майда дән, таяқша тәрізді, сирек жағдайда митохондриялар күрделі пішінді – гантель, табақша және бұтақша тәрізді болып келеді. Әрбір митохондрия екі – ішкі және сыртқы мембраналардан түзілген. Олардың арасында ені 1020 нм мембранааралық кеңістік болады. .
► Сыртқы мембранасы тегіс, ал ішкі мембранасы митохондрия қуысына бағытталған ұзындығы әр түрлі тарақтың жүзі тәрізді көптеген өскіншелер – кристер түзеді
Кристер митохондриялардың ішкі мембраналық бетін ұлғайтады, олардың аралығындағы кеңістік гомогенді зат – матрикспен толып тұрады. Оның құрылымы ұсақ түйіршікті және құрамында әр түрлі ферменттер болады. Митохондрияның матриксінде өзінің генетикалық ақпараты болады.
Митохондрияның матриксінде өзінің генетикалық ақпараты болады. Ұсақ рибосомалар мен митохондриялы ДНҚ фибрилдерінен тұратын мөлдір аймақтар кездеседі
Кристердің матрикске қараған жағына көптеген электронды тығыз субмитохондриальді бөлшектер орналасады. Олардың әрқайсысы саңырауқұлақ пішіндес болады. Диаметрі 9 -10 нм болатын шар тәрізді басы диаметрі 3 -4 нм аяқшаның көмегімен ішкі мембранаға орналасады. Осы бөлшектерде АТФ-аза ферменттері бар, бұл ферменттер АТФ синтезі мен ыдырауын қамтамасыз етеді.
Кристінің құрылысы: 5 – ішкі мембрананың қатпары; 6 – саңырауқұлақ тәрізді денешіктер
Митохондрияның негізгі қызметі – АДФ-тан АТФ-ты синтездеп алу, яғни клетканың энергетикалық қажеттілігін қамтамасыз ету. Бұл энергия митохондриядан бөлініп, клетканың тіршілік әрекеттеріне жұмсалады. Осының барысында АТФ қайтадан АДФ-қа айналып митохондрияға енеді. Митохондрияларда ДНҚ және белок синтезі де жүреді. Митохондрияның ішкі мембранасында электрон тасымалдаушы тізбік жайғасқан
Пластидтер Түссіз пластидтер (протопластидтер, лейкопластар, этиопластар) және боялған (хлоропластар, хромопластар).
Меристемада протопластидтер, олардың ішкі мембранасы жай ғана ішке иілген. Лейкопластарда қор заттары жиналады. Егер крахмал жиналса – амилопласттар, майлар – элайопласттар, белоктар – протеинопласттар т. б. Сыртынан қос қабатты мембраналармен қапталған. Қабықтың ішкі мембранасы әр жерінен иіліп, гомогенді стромаға еніп жатады. Барлық кл-ң ішкі құрылымында, ламеллалар д. а. , мембраналы жүйелер бар. Осы мембраналық құрылымның негізгі бөлігі қалташық сияқты тилакоид д. а. түзінді. Осы тилокоидтардың құрамында фотосинтездің фотохимиялық реакцияларына қажетті хлорофилл, қосымша пигменттер және ферменттер болады.
► Хлоропластты қосқабатты мембрана қаптап тұрады. Мембрананың жартылай өткізгіштік, сұрыптаулық қасиеттері бар. Мембрана арқылы хлоропласт цитоплазмадан бөлінеді. Ал ондағы саңылаулар арқылы цитоплазма мен хлоропласт арасында үнемі зат алмасу үрдісі жүріп тұрады. Хлоропластың сыртқы және ішкі мембрана аралығындағы қуысының ені 10 -30 нм.
Хлоропластардың ішкі құрылысы неғұрлым күрделі. Мембрананың іші түссіз строма толтырылған. Хлоропластың строма немесе матрикс деп аталатын денесі гидрофильді ақуызды-липоидты қосылыстан тұрады. ►
Хлоропластың ішкі мембранасының қатпарларынан стромада оған кесе көлденең орналасқан ламеллалар немесе тилакоидтар деп аталатын қос мембраналы тақталы құрылымдар түзіледі. Әрбір тилакоид хлоропластың қабықшасы секілді екі мембранадан тұрады
Ламеллалар бір-біріне паралель жанаса келіп, топтасып аса ұсақ денелер – грандар түзеді. Грандардағы ламеллалар ұштары бірбірімен жалғасып, тұйықталуынан диск пайда болады. Стромадағы грандар гранаралық тилакоидтар арқылы байланысады. Хлоропластың пигменттері стромада шашырамай ламеллаларда жинақталған.
Хлоропластар стромасындағы тилакоидтар жүйесінен басқа рибосомалар, крахмал дәндері, ДНҚ жіпшелері және пластоглобулдар бар. Крахмал дәндері фотосинтез өнімдерін уақытша жинайтын орын.
Ж. с. ө-де тилокоидтар бірінің үстіне бірі қабаттасып жатқан тиындар үйіндісі сияқты граналар д. а. топтар түзеп бірігеді. Граналар аралығындағы бос кеңестікті құрамында СО 2 игерілуі үшін қажетті ферменттері бар, түссіз строма жайлап жатады.
Вакуольдер Вакуоль - өсімдіктер мен кейбір жануарлар клеткаларының цитоплазмасындағы сұйықтыққа толы қуыс. Вакуольдің сұйықтығының құрамына ерітінді күйінде мин. тұздар, көмірсулар, клетканың тіршілігіне қажетті әр түрлі орг. қышр, таниндер, пигменттер және тағы да басқа заттар болады. Онда қор заттармен қатар клеткаға қатерлі улы заттар, сондай-ақ екінші реттік метоболиттер жинақталады.
Вакуольдердің пішіні көпіршік, жіңішке түтікшелер тәрізді. Олар тонопласт деп аталатын мембранамен шектелген. Тонопласт басқа мембраналар секілді билипидті, липопротеидті құрылым. Ол заттарды белсенді, сұрыптай өткізгіш қабілетке ие. Тонопласт тасымалдағыш ақуыздар мен АТФаза тектес ферменттермен жабдықталған. Вакуоль клетканың осмос қысымын анықтап, зат алмасу, секреттеу және қорғаныш қызметтерін атқарады.
Клетка ядросы Ядроның ішінде сұйық бөлігі – сөлі нуклеоплазма. Нуклеоплазманың құрамында ДНК, РНК және белоктардан құралған хроматиндік бөлігі болады.
Қабықша саңылаулары арқылы ядроға белоктар, рибонуклеаза енеді, ал ядродан цитоплазмаға и. РНҚ, т. РНҚ және рибосома бөліктері шығады. Ядродағы негізгі құрылысты бөлікке хромосомалар жатады. Ядродағы рибосома бөліктері пайда болатын аймақты ядрошықтар деп атайды. Ядрошықта пішіндеріне сәйкес хроматинмен байланысқан диаметрі 10 нм-ге дейін жететін талшықты, түйіршік тәріздес нуклеонема және өте жіңішке талшықты бөліктер болады. Ядрошықтарда екі рибосомалық РНҚ-ның (25 S және 18 S) синтезделу, цитоплазмалық рибосомалардың (80 S) бөліктерінің (60 S және 40 S) қалыптасу процестері жүзеге асады.
Ядро қабықшасы қалыңдығы 8 нм қос мембранадан құралған. Ішкі мембрана нуклеоплазмаға, сыртқысы цитоплазмаға жанасып жатады. Екі мембрана арасында ені 10 – 20 нм құрайтын перинуклеарлы кеңестік болады. Қабыршақта диаметрі 40 – 50 нм болатын, толып жатқан саңылаулар кездеседі. Ішкі мембрана нуклеоплазмамен тығыз байланысқан. Оған гетерохроматин қабаты жанаса орналасып, қабықшаның мықтылығын арттырады.
Ядроның қызметі 1. Ядро клетканың генетикалық ақпараты сақталатын және ДНҚ молекуласының өздігінен құрылуын қамтамасыз ететін органоид. 2. Ядрода РНҚ-ның әр түрлі ДНҚ-ларға ауысу процесі жүзеге асады. 3. Ядро цитоплазмамен тығыз байланыса отырып, генетикалық информацияның дәлдігін қамтамасыз етуге қатысады және клетканың тіршілік әрекеттерін қадағалайды.
Физ.раст. КЛЕТКА.ppt